Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 10:27, реферат

Описание работы

Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп-жетілуі балалық шақта қалыптасады. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады.

Файлы: 1 файл

Диплом доклад.doc

— 156.00 Кб (Скачать файл)

Бастауыш сынып  жасындағы бала белгілі деңгейдегі өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керектігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жұмыс жоспарлау, сөз  жоқ, баланың назарын жүйелеп ұйымдастырады.

Алайда бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайы көбірек болады. Балаларды бір тектес, жалықтыратын, немесе қызғылықты болса да ойлануды қажет ететін жұмыста тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан сақтайды.

2.5. Дене тәрбиесі сабақтарын  өткізудегі негізгі қағидалардың орындалу барысы

Дене  тәрбиесі жүйесінде көптеген қағидалар  бар, олар заңдылықты тек қана педагогикалық істе ғана бейнеленеді. Дене тәрбиесінің ілімінде оларды «дене тәрбиесінің қағидалары» деп атайды.

Саналық пен белсенділік  қағидасы.

Саналық пен белсенділік қағидасы оқылатын, үйренетін қимыл-қозғалыс жұмыстарды саналы түрде белсене қабылдап алуға бағытталған.

Беріктік қағидасы.

Беріктік  қағидасы білімді, қимыл-қозғалыс дағдысын орнықты меңгеру деген мағынада қарастырылады. Оқушылардың білімді жете меңгеріп алып, оны оқуда күнделікті өмірге пайдаланып, іс жүзінде жүзеге асыруы тиіс.

Қайталау қағидасы.

Қайталау – бұл оқушының сабақты жақсы түсініп саналы игерудегі және жоғарғы нәтижеге жетудегі басты ерекше түрі.

Жүйелік қағидасы.

Дене  тәрбиесі жаттығуларын үйретудің барлық жұмысы белгілі бір жүйемен өтуін талап етеді.

Сабақты өткізудегі қолданылатын тәсілдерге сипаттама.

Әртүрлі педагогикалық  құралдардың тиімді әсер ету оқыту тәсілдерінің дұрыс пайдалануына байланысты дене тәрбиесінің де арнайы тәсілдері жаттығулармен өте тығыз байланыста болады.

1.  Сөзбен әсер ету тәсілі.

Тәжірибе  жүзінде дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі жұмысы жан-жақты болғанымен сөзбен әсер ету тәсілі жұмыс барысында үлкен орын алады. Сөз арқылы оқушылардың білімі көтеріліп, ойлау қабілеті нығайып, істеген жұмысына талдау жасап, өз ісіне баға кояды. Осы жағдайлардың дұрыс жасалуы тек қана сөз арқылы қабылданады.

2. Ойын тәсілі

Қоғам өмірінің көп қырлы құбылысы сияқты ойын тәсілі тек қана дене тәрбиесі емес, болашақ азаматтарға жалпы тәрбие беруде үлкен мәні бар негізгі тәсілдердің бірі ретінде қолданылады.

Ойын  тәсілінің табиғи мәнін түсіну үшін ойынның негізін түсіну керек, өйткені оның негізгі, әртүрлі белгілері мен сипаты оны кең түрде көрсете алады. Кез-келген білетін ойынды қолданса, оның ойын тәсіліне тән белгілері болады. Олар мыналар:

1. өзара  көмек пен тапжылмай қарсыласу ойыншылар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіруге кең мүмкіншілік жасайды.

2.  Көңіл-күйінің  (оқушылардын)  көтеріңкі  болуы,  ойыншылар

арасындағы қарым-қатынасты мұқият түрде тәртіпке келтіру және қалыптастырудың қажеттілігі ескеріледі.

       3. Жағдайдың тез өзгергіштігі ойыншылардың іс-әрекеттерінде берілген тапсырманы шұғыл шешу мақсатында әрдайым сыпайылылықты сақтауды керек етеді.

       4. Ойынға қатысушылардың жұмыс көлемінің ауыртпалығын алуы, тапсырманы орындау белсенділігіне орай ойын барысының сипатына байланысты алдағы қойылған мақсатқа жету үшін дененің еркін, күш және адамгершілік сапаларының көрінуі, ойыншылардың денесіне жалпылай әсер етуіне жағдай жасайды.

3. Жарыс тәсілі.

Жарыс тәсілі көптеген өзіндік белгілермен  баяндалады. Бұл тәсіл мен кез-келген дене жаттығуларын, яғни сапқа тұрудан бастап залдан шығуға дейінгі біршама өзіне тән белгілері болады. Атап айтсақ:

1. Жеңімпаздарды айқындау мақсатында  оқып үйренушілердің күшін салыстыру, олардың іс-әрекетін белгіленген бір ережеге сәйкестендіреді.

2. Жарыс тәсілі оқушылардың функционалдық және психикалық мүмкіншіліктерін толық ашуға және олардың дайындау дәрежесімен тапсырмаларын тәртіпке келтіруге шектеулі мүмкіндіктер беріп жаттығуларды жетілдіру және дене сапасын тәрбиелеу барысында шектеулі жағдайлар қажет болғанда қолданылады.

Дене тәрбиесі процесінде көру, есту және қозғалу сезімдерінің атқаратын жұмыстары орасан зор. Көрнекілік тәсілі көрсету жүзінде берілген жаттығулардың көлемдік бейнесін көріп орындау мен түсіндіру мақсатына бағытталады.

Түсіндіруде оқушыларға қимыл-қозғалыс жаттығуларын қалай орындайтынынын, алдымен қандай жаттығулар жасау керек екенін айтып, үйренуші-оқушылардың ойланып орындауына көңіл бөлінеді.

Әңгімелеу, түсіндіру және суреттеп айту тәсілдерін қолданғанда оқушылардың ой-өрісінің даму кезеңдерін еске алу қажет. Сондықтан осы айтылған тәсілдерді төменгі сынып оқушыларына қолдану біршама аз болу керек.

Қорытынды

 

Дипломдық жұмысты  қорытындылай келе, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сағатын жоспарлау мен өткізу әдістемелерінің оңай еместігіне көзіміз жеткен сияқты.

  1. Оқушылардың жас шамасына байланысты жалпы денені дамыту жаттығуларының санын көбейту керек. Өйткені, жаттығуларды орындау барысында оқушылардың денсаулықтарының жақсы болуына көп септігін тигізеді.
  2. Бастауыш сынып оқушыларына жалпы дамыту жаттығуларын орындатқан да дұрыс, әрі сапалы орындау тәсілдерін дер кезінде меңгеру қажет.
  3. Бастауыш сыныптарда жылдамдық, иілгіштік, ептілік және тепе-теңдік сапаларын дамытуға зор көңіл бөлу керек. Осы сапаларды еске алсақ бұл адамның бүкіл тіршілік тұрмысында өзінің маңызын жоғалтпайды.
  4. Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын өткізген кезде оқушылардың спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру жолдарын алдын-ала қарастыруымыз керек.

Жалпы дене тәрбиесі сабағы оқушылардың мықты болып  өсуіне септігін тигізеді. «Денсаулық – зор байлық», «Жаны саудың –  тәні сау» демекші адамның ең баға жетпес байлығы – денсаулық. Сондықтан, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың денсаулығына зор көңіл бөлген дұрыс.

Өскелең ұрпақты дені сау, шыныққан, жан-жақты  жетілген тұлға  етіп тәрбиелеу, оларды өмірге, Отанды қорғауға, еңбек етуге  дайындау – білім беру мен тәрбиелеу  жүйесінің мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы - әлемдік спорт жетістіктерімен әйгілі болған ел. Тәуелсіз еліміздің спорты жоғары қарқынмен дамып келеді. Кеңестер Одағы кезеңінде де республикамыздың спортшылары тамаша жетістіктерге жетті. Біздің спортшыларымыз еуропалық және әлем рекордтарын да жаңартуда. Қазіргі кезде Қазақстан Азия континенті елдеріндегі жарыстарда спорттың кейбір түрлерінен алдыңғы орындарға ие болып жүр. Қазір сол жетістіктердің қорытындылары талқыланып алдағы Олимпиадаларға қатысуға жоспарлар жасалуда. Бұл жоспарлардың жүзеге асуы осы салада қызмет атқаратын мамандардың адамгершілік қасиеттері мен кәсіби біліміне тығыз байланысты. Қазір бұл мақсатты іске асыруда алдымызда көптеген қиыншылықтар тұр. Соның бірі дене шынықтыру мамандарын ана тілінде оқытып дәріс беру, мемлекеттік тілде жазылған оқулықтардың және оқу құралдарының аздығы. Дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырып өткізуші мамандар, спорт бапкерлерін дайындаудағы мәселелерді қарастыратын еңбектер өте аз. Бұл жұмыс сондай мамандарға аз да болса себі тию мақсатында жазылған. Жұмыс барысында көптеген еңбектерді оқып-талдап көп мәліметтерді қазақшаға аударуға мәжбүр болдық. Келешекте осы проблемалардан құтылу үшін бізге өте қажетті пәндерді орталықтандырылған кәсіби тілде аударылғанын дұрыс деп есептейміз. Мектепте өз ісіне берілген білікті мамандардың шешуші роль атқаратынын естен шығармағанымыз жөн.  Осы «Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысымды жазу барысында алға қойған мақсат, міндетіме жеттім деп ойлаймын.

 

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері