Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 10:27, реферат

Описание работы

Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп-жетілуі балалық шақта қалыптасады. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады.

Файлы: 1 файл

Диплом доклад.doc

— 156.00 Кб (Скачать файл)

Дене тәрбиесінің  міндеттер мен мақсаттары тек қана сабақ түрінде өтетін жұмыстармен іске асырылады және сабақ мемлекеттік бағдарлама бойынша өтеді.

Дене тәрбиесі сабақтарын өткізуде дидактикалық қағидалар  толық орындалуын, әсіресе сапалылық және белсенділік қағидасын қадағалау қажет.  Мектепте өтетін дене тәрбиесі сабақтары өзінің шешетін мақсаттарына қарай 4 типке бөлінеді:

үйрету  сабақтары - алғашқы қимыл-қозғалыс жаттығуларын айтып түсіндіруден көрсетіп, оқушылардың жаттығуларды өз бетінше алғашқы орындауға бағытталған жұмыстарынан тұрады;

қайталау, жетілдіру - өткен сабақ тапсырмаларын қайталау немесе кезекті қайталау сабағының тапсырмаларын жетілдіру;

аралас  сабақ - жаңа тапсырманы үйретіп, сабақтың екінші жартысында өткен тапсырмаларды қайталау немесе жетілдіру;

бақылау сабағы - өткен сабақтар тапсырмасы бойынша әр тоқсанның аяғында немесе сабақтың дайындық түрлерін жоспарлы уақыттары біткен кезде өтіледі. Мысалы: шаңғы дайындығында соңғы 1-2 сабақта 3-5 шақырым қашықтықты уақытқа өту.

Сабақтың түрлеріне  гимнастика сабағы, жеңіл атлетика, шаңғы, спорттық ойындар сабағы т.с.с. жатады.

Дене  тәрбиесі  сабағының  құрылысы  үш  бөлімнен  тұрады:   дайындық бөлімі, негізгі бөлім, аяқтау бөлімі.

Дене тәрбиесі сабағының мазмұны аталған үш бөлімнің әрқайсысына мінездеме береді.

1. Дайындық бөлімінің  мақсаты – оқушының денесін жүгіру және денені жалпы дамытатын жаттығулар аркылы бойын қыздырып, негізгі бөлімде атқарылатын қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындауға дайындау.

2. Негізгі бөлімде  жалпы және жеке міндеттер  шешіледі.

3. Сабақтың аяқтау  бөлімінде денеге түсірілетін  ауыртпалықты біртіндеп төмен  түсіру үшін баяу орындалатын  жаттығуларды жасатып, оқушының демалысын қалыпты жағдайға келтіреді.

Мұғалімнің сабаққа  дайындығы мұғалімнің сабақ өткізуге алдын-ала дайындалуы жоспарланған сабақтың жоғағы дәрежеде өтуінің кепілі бола алады.  Әрбір сабаққа конспект жоспары жасалады, ал сабақтың мақсаты қысқа тұжырымдалып, түсінікті түрде оқушыларға айтылады. Сабақтың мақсаты анықталып болған соң ғана сабақтың конспект жоспары жасалады. Сабақ жоспары негізгі бөлімдегі орындалатын тапсырмаларды жинақтаудан басталады. Негізгі бөлімнен кейін дайындық және аяқтау бөлімдерінің жаттығулары жазылып, олардың орындалу мөлшері мен қайталау саны көрсетіледі.

Дене тәрбиесі сабағындағы денеге түсетін ауырлықты  оқушылар дайындығының деңгейі, жынысы, жасы, денсаулығы, күш шамасының  көрсеткіштеріне байланысты бағдарлы түрдегі жоспарланған жаттығулар құрастырылады. Жаттығуларды орындағанда олардың қайталануы мен соған бөлінен уақыт мөлшері анықталады. Себебі, жаттығулардың денеге тигізетін әсері әр түрлі болып келеді. Сондықтан, денеге түскен ауырлықты реттей отыруда дәрігерлік тексеру жолдары қолданылады. Олар: қан қысымын, дененің ыстығын өлшеу, қан тамырларының соғуы, қанның құрамын тексеру...

Бұдан басқа мұғалімнің байқағыштық қабілеті мен іс-тәжірибесі үлкен орын алады, атап айтқанда ауырлықты  шектен тыс түсірудің нәтижесінде қол мен аяқтың дірілдеуі, беттің шаршағандығы, кескіні, денесін тік ұстай алмауы, белсенділіктің төмендеуі сияқты белгілермен анықталады. Мұндай жағдайларды болдырмауды негізгі орындалатын жаттығулардың жалпы көлемі мен орындалу қарқынын реттеп отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

Сабақты өткізуде бөлімдеріне жұмсалатын уақыт мөлшері

 

Өткізілетін сабақтың

құрамдас бөлімдері

оқушылардың жасына,

сабақ түрлеріне

байланысты бөлінетін

мөлшері төмендегідей

болуы мүмкін

Дайындық 

бөліміне

бөлінетін

уақыт

(минут есебімен)

Негізгі бөлімге

Аяқталу

бөліміне

І-ІІ- сынып

ІІІ-ІV- сынып

13±2

13±1

20±6

20±5

12±2

11±1

 



 

 

Оқу жұмыстарын жоспарлау

Оқу жұмыстарын жоспарлау - бағдарламада белгіленген жұмыстардың болашақ нәтижелерін алдын ала білу, оқушыларға білім мен іскерлік, дағдылардың берілген көлемін тиянақты меңгеріп, жүйелі өтуіне көмегін тигізеді.

Дене тәрбиесі жұмысын алғашқы жоспарлау, алдымен 1-4, сынып оқушыларына жыл бойына бөлінген жалпы сағат мөлшеріне (102) байланысты дене тәрбиесінің сабақ түріне бөлінеді. Қазақстанның Солтүстік және Орталық аймақтарында міндетті түрде сабақтың негізі өзгермейтін түріне гимнастика, жеңіл атлетика және шаңғы дайындығы жоспарланады, ал қар шағын түсіп, қыс айлары аз болатын аймақтарда шаңғы дайындығының орнына – басқа ойындар жоспарланады. (1-қосымша).

Дене тәрбиесі сабағын жоспарлауда мектептің  материалдық жағдайына, құрал-жабдықтармен қандай дәрежеде қамсыздандырғанын еске алуы қажет.  Кейбір мектептерде суға жүзу бассейіндері немесе жүзу үйретуге жақсы жағдайлар болатын жерлерде міндетті түрде суда жүзу сабағы жоспарланып, кем дегенде 24 сағат бөлінеді. Бұл сағаттар бағдарламадағы берілген өзгермелі сағаттардан жетпеген уақытта сабақтың өзгермейтін түрлерінен 1-2 сағаттан алып қосады. Дене тәрбиесі жұмысының жылдық жоспарлы сағат кестесі жасалған соң, дене тәрбиесі пәні бойынша оқу процесінің кестесі жасалады.

  1-сызықша сыныптар, яғни 1-4 сыныптар

  2-сызықшада сыныптарда өтілетін сабақ түрлері

  3-сызықшадағы ең жоғарғысы: ай аттары, одан төмені әр айдағы жетілер саны, ең соңғысы сабақтардың төрт тоқсандағы реттік саны, яғни, 1,2,3,4- 102 сабақ. Теориялық дайындыққа әр сабақтың алдында жаңа сабақ түрлерін оқуды бастағанда 5-10 минут шамасындай уақыт бөлініп отырады.

 

Қосымша 1

 

Дене  тәрбиесі жұмысының жылдық сағат кестесінің

Сыныптар

Жоспарланған  сағат саны

Білім негіздері

Қозғалмалы  ойындар

Гимнастика

Шаңғы дайындығы

Жеңіл атлетика

Ұлттық ойындар

Жоспарлы барлық сағат саны

1-4

2

30

15

19

30

6

102




ЖОСПАРЫ

 

 

2.2.1. Сабақ түрлеріне сипаттама

 

Сапқа тұру жаттығулары сыныптағы барлық оқушы тұтас немесе топ-топқа бөлініп, бір орында тұрып не қозғалыс кезінде сапта орындайтын жаттығуларды сапқа тұру жаттығулары деп атайды.

Гимнастика

Сапқа тұру және сапта жүру тәсілдері негізімен  барлық сабақ түрлерінің ұйымдастыру негізінде пайдаланылады. Дегенменде саптық жаттығулар гимнастика сабағына тән қимыл-қозғалыс. Әдетте сабақ сапқа тұрудан басталып, сапқа тұрумен аяқталады.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Дене  тәрбиесінің барлық түрінде қолданылатын гимнастикалық жаттығулар жалпы дамыту жаттығулары деп аталады.

Дене  жаттығуларының негізгі мақсаты  – дененің дамып-жетілуіне көмектесу, денсаулықты нығайту.

Акробатикалық жаттығулар.

Қимыл-қозғалысытың үйлесімін арттыру үшін және дене дұрыс, сымбатты болып өсіп, қалыптысу үшін гимнастиканың бір түрі акробатикалық жаттығулар пайдаланылады.

Би  жаттығулары

Би  қимылдары негізінен күнделікті жасап жүрген қимыл-қозғалыстардан тұратындықтан және олар неше түрлі ырғаққа құрылған сәнді қимылдардан құралғандықтан, би жаттығуларын адам тез үйреніп алады.

Балалар халық билерінің классикалық  және әсем ырғаққа құрылған сәнді жаттығулары арқылы желпіне түсіп, өз қимылдарын музыка әуенімен үйлестіруге тырысады.

Секіртпемен секіру жаттығулар

Көркем  гимнастиканың негізгі бір түрі – секіртпемен секіру жаттығулары.

2- сыныптағы  дене тәрбиесі сабақтарында секіртпемен  секірудің қарапайым түрлерін  қыздар ғана емес, ұлдар да жақсы меңгеруі қажет. Өйткені боксшылар негізінен секіртпемен секіріп жаттыққанда ғана жақсы нәтижелерге жететін спортшы бола алады.

Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика адам өмірімен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан спорттың ең көне түрі болып есептеледі. Жеңіл атлетиканың жеткен жетістіктері басқа спорт түрлеріне үлкен ықпал тигізіп келеді.

Жеңіл атлетика спортта орындалуға тиісті қимыл-қозғалыстардың ерекшелігіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Жүру;
  • Жүгіру;
  • Секіру;
  • Лақтыру;

Жүру жаттығулары.

Жүру – күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі.

Жүру күнделікті жаттығу адам денесінің бүкіл негізгі мүшелері мен системаларының функцияларына әсерін тигізеді, жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, тыныс алу аппаратының қызметін жақсартуды, бүкіл ағзаның төзімділігін арттырады.

Жүгіру  жаттығулары

Жүгіру  – адамның табиғи қозғалыстарының бірі. Жүгіру төзімді болуға тәрбиелейді. Жүгіргенде бала өз қуат күшін жақсы білуге үйренеді.

Секіру жаттығулары

Адамның негізгі қимыл-қозғалыстарына жататын  секіру жаттығулары – оның жалпы қимыл-қозғалысы қаншалықты жетілгенінің айқындайтын көрсеткіш. Секіру жаттығулары өте дене жаттығулары өте қызықты, жиі пайдаланылатын, дененің дамуына үлкен септігін тигізетін жаттығулар болып табылады.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары.

Әрқандай  заттарды лақтыру және оларды қағып  алу жаттығулары адамның жан-жақты дамып-жетілуіне игі әсерін тигізеді. Мәселен, лақтыру, қағып алу қимылдары дене, қол және аяқ буындары мен бұлшық еттерін жетілдіреді. Қимылдар үйлесімін жақсартып дәл көздей білуге машықтандырады.

Қозғалмалы  ойындар.

Ойын – өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қалыптасқан құралы. Тәрбиелік міндеттерінің кең ауқымын шешу үшін арнайы ұйымдастырылған ойындар окушылардың болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлайды.

Спорттық ойындар.

Ойынға тән  белгілі қимыл-қозғалыс әрекеттерін нақты ереже бойынша орындау спорт ойындары деп аталады. Спорт ойындарына әр түрлі спорт құралдары пайдаланылады. Мұндай ойындар өте қызықты болумен қатар, адамның қимыл-қозғалысын жетілдіріп, ақыл ойын өсіреді.

 

2.3.    Бастауыш сыныптардағы дененің сапалық қасиетін дамыту және жетілдіру

Оқушылардың сапалық қасиеттерін дамыту негізгі  талаптардың бірі болып есептеледі. Оның ішінде:

Жылдамдық    белгілі    бір   уақыт   ішіндегі   жылдам   қозғалыс    әрекеті.

Ептілік кеңістікте өз қозғалысын басқара алатын, қандай да болмасын жаттығулардың жаңа түрін тез игеретін, жағдайдың өзгеруіне байланысы өз жылдамдығын қолдана алатын дененің сапалық қасиеті.

Тепе-теңдікті сақтау – адам бір орнында немесе қозғалыс үстінде белгілі бір уақыт бойы өз денесін бір қалыпты ұстай алуы.

Иілгіштік - дене мүшелерінің жаттығуы жоғары амплитуда да орындау қабілеттілігі. Иілгіштік буындардың қозғалмалылығына байланысты енжар және белсенді болып екіге бөлінеді.

 

2.4. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың ерекшеліктері

Адам  өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кездеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері  дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш  сынып жасындағы баланың салмағы  бір жылда 2-27 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа  дейінгі аралықта бала дененің салмағы екі есе артып,18 килограммнан 38 килограммға дейін артады. Осы жаста бала миының дамуы 90 пайыз болса, 10 жаста 95 пайыз болады.

Жүйке жүйесінің жетілуі  де жалғасады. Жүйке жүйесі жасушалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап түрған жүйке талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндей бүл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады[15].

Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған  дейінгі іс-әрекеттер сияқты, оған ену тәжірбиесі бірте- бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың  өзіне бағытталған іс-әрекетінен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және т.б. үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни ол іс-әрекеттік және ақыл-ойдың қажетті әдістерін меңгереді.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндей, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту балаға жеңіл тиеді.

Баланың дұрыс  психикасының ерекшелігі – танып  білуге деген белсенділігі. Баланың  құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған.

Информация о работе Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері