Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Августа 2014 в 18:54, курсовая работа

Описание работы

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды..

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

I Тарау. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.

1.1 Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теория...................4

1.2 Мемлекеттік білім стандарттары.................................................................8

II Тарау. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.

2.1 Оқу формасы түсінігі..................................................................................10

2.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы...............................17

Қортынды…………………………………………………...............................25

Қолданылған әдебтеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                              

 

                                                                                                             Орындаған:

                                                                                                       

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................3

 

 I Тарау. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.

 

1.1 Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теория...................4

 

1.2 Мемлекеттік білім стандарттары.................................................................8

 

II Тарау. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.

 

2.1 Оқу формасы түсінігі..................................................................................10

 

2.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы...............................17

 

Қортынды…………………………………………………...............................25

 

Қолданылған әдебтеттер...................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды..

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың сабақта оқу мәдениетін.

Зерттеу пәні: Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің міндеттері:

1) мұғалімнің социумдағы орны  мен қызметін және оған қойылатын талаптарды теориялық тұрғыдан қарастыру;

2) мұғалімнің оқушылардың оқу  мәдениетін қалыптастырудағы рөлін  ашып көрсету;

3) мұғалімнің сабақ үстінде оқушылардың  оқу мәдениетін қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін негіздеу;

4) оқу мәдениетін қалыптастыруда әр оқушының жеке дамуын зерттеу тәсілдерін нақтылау.

Зерттеу әдістері.  Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық әдебиеттерге талдау, мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып үйрену, оқу процесін бақылау, әңгімелесу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін педагогтар мен психологтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттеудегі көзқарастарын ашып көрсететін тұжырымдамалар  құрайды.

Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағиадалармен зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу нәтижелерін қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектепте олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыздандырылады.

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.

1.1 Білім мазмұнын қалыптастыруға  байланысты негізгі теориялар.

 

Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.

Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады.

Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру – жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.

Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно-ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.

Оқу-тəрбие барысында ең алдымен шəкірттерде құндылықты- мəнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім. Болашақ қоғам мүшесі –тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет – қылықтарына, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.

Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді:

- нəтижелік  формасы –білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;

- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу;

- проблемді  жағдайларда қалыптан тыс шешімдер  қабылдау ептіліктері формасындағы  – шығармашыл іс-əрекет, қызмет;

- тұлғалық  бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық  идеяларға жəне т.б.) формасындағы  көңіл-күй құндылықты қатынастарды  орындай білу.

Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты жəне өзара шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады.Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі.

Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді.

Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?).

Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін жəне қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика жəне классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж. Локк, И.Г.Петалоцци, Н.Гербарг жəне т.б.).

Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тəрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты- адамның ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды. (К.Д.Ушинский).

XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің дидактикалық прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г. Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол оқушының қоғамдық жəне дара іс-əрекеттерінде. Білім мазмұны оқушылардың сол білімді меңгеруге бағышталған ұжымдық еңбегі жəне белгіленген мəселені шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет ететін пəнаралық біліктер жүйесімен белгіленуі тиіс. Осы теорияға орай оқушылар мейлінше еркіндікпен оқу пəндерін таңдауға құқылы, оқу-тəрбие жұмысы оқушылардың субъектив сұраныстары мен қызығуларына икемдестіріледі.

Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде кең енген бұл теория нəтижесі білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Өткен ғасырдың 20-жылдары Қазақстан оқу –жүйесінде “Төте оқу” атымен қабылданған бұл əдіс өз жалғасын таппады.

Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім мазмұнын қалыптастырудың осы заманғы бағыттарының өркендеуіне үлкен ықпал жасады.

Белгілі поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды.[179 б]Оның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол оқушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне негіз болуы шарт, яғни таным мен іс-əрекет ажырамас бірігімді байланысқа келуі қажет. Жеке пəндер мазмұнында да сол пəннің жетекші ұғымы басты назарға алынуы тиіс. Мысалы, биологияда – эволюция теориясы, математикада – функционалды тəуелсізділік, тарихта – тарихи шарттылық жəне т.б., яғни білім мазмұнын таңдастыруда дүниетанымдық көзқарастарды басшылыққа алған жөн. Дəрістер барысында оқушылар өз меңгерген білімдерін практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс.

Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып, шəкірт табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін қайта қарап, өзгертуге үйренеді.

В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын жəне оқушылардың жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР “Білім заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңызды жағдайаттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту.

Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру.

Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мəдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, əлемге, еңбекке жəне қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады.

Кəсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-əрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.

Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий) жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:

- тұлғаның  жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету;

- оқу пəндері  мен қоғамдық практикаға енетін  білім материалдарының ғылыми  жəне тұрмыстық маңызға ие  болуы;

- əрқилы  жас деңгейіндегі оқушылардың  нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы;

- материал  мазмұны көлемінің оқушының мүмкін  болған игеру уақытына сəйкес  келуі;

- жалпы орта  білімді құрастыруда халықаралық  тəжірибені ескеру;

- осы заманғы  мектепте бар оқу -əдістемелік  жəне материалдық базаға сəйкес  болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мемлекеттік білім стандарты.

 

ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.

Информация о работе Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері