Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Августа 2014 в 18:54, курсовая работа
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды..
Кіріспе..................................................................................................................3
I Тарау. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.
1.1 Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теория...................4
1.2 Мемлекеттік білім стандарттары.................................................................8
II Тарау. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.
2.1 Оқу формасы түсінігі..................................................................................10
2.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы...............................17
Қортынды…………………………………………………...............................25
Қолданылған әдебтеттер...................................................................................27
ХІХ ғ. ақырында АҚШ-та батав жүйесі, ал Батыс Европада мангейм жүйесі аталған таңдамалы оқу формалары пайда болды. Біріншісінің мəні-мұғалім уақыты екі бөліктен тұрады: алғашқысы-бүкіл сыныпен ұжымдық оқу ісіне арналады да, ал екінші бөлімінде қажетсінген оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Мангейм (Европада) қаласында қолданылған мангейм оқу формасы негізінен сынып сабақтық оқу талаптарын сақтай отырып, оқушылардың қабілеттеріне, ақыл-парасат даму деңгейі мен дайындық дəрежесіне қарай əртүрлі сыныпқа бөліп отыруды көздеді.
Оқу жүктемесі мен оқу əдістерін балалардың нақты қабілеттері мен мүмкіндіктеріне орайластыру принципін сақтай отырып, бұл жүйенің негізін қалаушы Й. Зиккингер төрт типті сынып оқуын ұсынды; аса дарындылар үшін, орташа қабілетті балаларға арналған негізгі сыныптар, қабілеті төмен балалар сыныбы мен ақылы кем оқушыларға арналған көмекші сыныптар. Мұндай сыныптарға балаларды іріктеу психометриялық барлау, мұғалімдер мінездемелері мен емтихандар негізінде жүргізілді. Й. Зиккингердің пайымдауынша , мұндай оқуларға тартылған шəкірттер дамуына орай сыныптан сыныпқа ауысып отыруына мүмкін еді, алайда бұлай болмай шықты, себебі оқу бағдарламаларындағы шектен тыс алшақтық бұған жол бермеді.
1905 ж. Дальтон (АҚШ) қаласында алғашқы рет Елена Праксхерт қолданып, дальтон-план аталған жекеленген оқу жүйесі пайда болды. Бұл жүйе педагогикада көбіне зертханалық немесе шеберханалық оқу жүйесі деп те аталады. Жүйенің алға қойған мақсаты-оқушыға өзіне тиімді шапшаңдық жəне қарқынмен оқып, өз қабілетіне орай білім игеруге мүмкіндік беру. Оқушылар əр пəнге байланысты жылдық тапсырмаларын алу мен белгіленген мерзімде олар бойынша есеп беріп отырды. Дəстүрлі сабақ формасындағы оқу шегерілді, баршаға ортақ дəрістер кестесі болмады. Оқушылар табысты оқуы үшін қажетті оқулықтардың, əдістемелік нұсқаулардың бəрімен қамтамасыз етілмеді. Ұжымдық оқу жұмысы күніне бір сағат өтіліп, қалған уақытта олар пəн шеберханалары мен зертханаларында өзіндік жеке дəріспен айналысты.
Жұмыс тəжірибесі көрсеткендей, оқушылардың көбінің мұғалім жəрдемінсіз дербес білім игеруге шамасы жетпейтіні белгілі болды. Сонымен дальтон –план педагогикалық іс-тəжірибеде кең өріс жая алмады.
1920-жылдары
дальтон-план ғалымдар мен
Əмбебап оқу жүйесі ретінде қабылданған бригадалы-зертхана оқуына тəн сипаттар: мұғалімнің жетекші ролі мойындалмады, оның қызметі оқушыларға ретті кеңес берумен шегерілді.
Шəкірттердің оқу мүмкіндіктері мен білім жинақтаудың өзіндік дербес əдісін əсірелеуден үлгерім күрт төмендеді, білім игеруде жүйелілік болмай, жалпы білімдік маңызды ептіліктер қаланудан қалды. 1932 жылы бұл жүйе бойынша оқу мүлде тоқтады.
1920 жылдар
кеңестік мектеп тəжірибесінде
жобалап оқыту жүйесі (жобалау
əдісі) қолданыла бастады. Орта Азия
жəне Қазақстан аймағында бұл
жүйе төте оқу атамасымен
Жүйе авторы американдық мектеп мұғалімі - У.Килпатрик. Бұл педагогтың ойынша, мектеп бағдарламасының негізіне баланың өмір барысында топтаған, нақты дүниемен байланысты тəжірибелік іс-əрекеттері жəне оның ұмтылыс, қызығулары арқау болуы шарт. Мемлекет не мұғалім оқу бағдарламасын жасауға құқылы емес, ол оқу процесінде балалардың мұғаліммен бірлікті ісі нəтижесінде түзілуі əрі оның мазмұны баланы тікелей қоршаған болмыстан алынуы тиіс. Жоба түзуге қажет тақырыптарды оқушылар өздері таңдайды. Оқу тобының мамандануына (бағытына) орай жоба шынайы болмыстың қоғамдық-саяси, шаруашылық-өндіріс, мəдени-тұрмыстық салаларына сəйкес болуы міндетті, яғни оқу-жобаларын құрастырудағы мақсат- баланы өз өмір желісінде туындайтын проблемаларды зерттеп, тануға үйретіп, оларды шешу жолдары жəне құралдарымен қамсыздандыру. Алайда, бұл əдіске əсіре əмбебап сипат беру жəне оқу пəндерін жүйелестіріп меңгеруден бас тарту балалардың жалпы білімдік дайындығына орасан нұқсан келтіріп, үлгерімді өте төмендетіп жіберді. Жүйе сонымен түгелдей дағдарысқа ұшырап, келмеске кетті.
1960 жылдары американдық педагогика профессоры Л.Трамп ізденісіне байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу жүйесі үлкен маңызға ие болды. Оқуды ұйымдастырудың бұл формасында үлкен дəрісханалардағы (100-150 адам) оқуды 10-15 адамдық шағын топтар мен жеке оқушылар жұмыстарын байланыстыра жүргізу көзделді. Əрқилы техникалық жабдықтармен өтілетін жалпы дəрісбаяндарға оқу уақытының 40%, дəрісбаяндарды талқылау жəне кей бөлімдерді тереңдей меңгеру мен ептілік жəне дағдылар қалыптастыру семинарларына 20% бөлініп, ал қалған уақытты (40%) оқушылар мұғалім не жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне пайдаланды. Бұл жүйеде сынып шегеріліп, шағын топтар құрамы тұрақсыз болды.
Қазіргі уақытта Трамп жоспары бойынша аз санды жеке меншікті мектептер ғана жұмыс істейді, ал көпшілік оқу орындарында бұл жүйенің кейбір элементтері сақталған, атап айтсақ, олар – бір пəнді оқытушылар бригадасы алып барады (біреулері дəрісбаяндар жүргізсе, басқалары семинарлар ұйымдастырады); үлкен топ оқушыларымен дəріс жүргізу үшін арнайы білімі болмаған жəрдемшілер тартылады; кіші топтарда өзіндік жұмыстар ұймдастырылады. Жалпы білім беретін мектепке жоғары оқу орындарындағы білім жүйесін қарадүрсін енгізумен бірге Трамп жоспары даралықты оқу принципін ұстана отырып, оқушыға білім мазмұны мен оны игеру əдістерін таңдауда толық еркіндік береді. Бұл жоғарыда аталған кей жүйелердегі мұғалімнің жетекшілігін мойындамай, білім стандартынан бас тартудың əлі де сақталуына жол қойып отыр.
Осы заманғы кей мектептер тəжірибесінде оқуды ұйымдастырудың басқа да формалары қабылданған. Батыс елдерінде шектері нақтыланбаған (неградуированные) сыныптар сақталған: кей оқушы бір пəн бойынша жетінші сынып бағдарламасымен оқыса, қалған пəндерден алтыншы не бесінші сыныптық білім алып жүруі мүмкін.
Жер-жерде ашық мектептер ұйымдастыру эксперименттеріде жүріп жатыр. Оқу мұндай мектеп жағдайында қоры бай кітапханалар, шеберханалар орталықтарында өткізіледі, яғни бұл болашақта “мектеп” деген жүйенің жалпы керек болмасына мегзеп тұр.
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): оқушы белгілі уақыт (бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді игерумен ғана айналысады. Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған.
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша.
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тəжірибесінің аса құндылықты жемісі. [58 б]
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне талқыланады.
Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.
Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады.
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция –экологиялық жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі əдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес білім орындарының оқушылары курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай жұмыстар жалпығылымдық , математикалық не арнайы пəндер бойынша дайындалады. Оларды орындау барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды шешеді.
Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кəсіби жəне арнайы пəндер бойынша жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу сипатындағы мəселе, міндеттермен айналысады.
Дипломдық жоба- білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды.
Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі.
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.
Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сəйкес кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.
Үйдегі өзіндік жұмыстар - дəрісхана оқуларынан тыс білім игеру процесінің құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі таңда өте жоғары, себебі қазіргі нарықтық кезең əрбір оқушыдан үздіксіз өзіндік білім жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп баруды талап етуде.
Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қасиеттерінің дамуы осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.
Кеңес – оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан жəне сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады.
Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері ажыралады.
Емтихан- оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. Емтихандардың білім игерудегі маңызы – көп күш-қуат талап ететін қиыншылық жағдайларында оқушының ақыл-парасат, ерік, мінез қабілеттерін жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру.
Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға қатысу, зерттеу нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – қолданылады.
Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады.
Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар жəне т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.
Информация о работе Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері