Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Августа 2014 в 18:54, курсовая работа

Описание работы

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды..

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

I Тарау. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні.

1.1 Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теория...................4

1.2 Мемлекеттік білім стандарттары.................................................................8

II Тарау. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.

2.1 Оқу формасы түсінігі..................................................................................10

2.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы...............................17

Қортынды…………………………………………………...............................25

Қолданылған әдебтеттер...................................................................................27

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.

Тұлғалық бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі іске қосылады.

Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дəл əрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.

Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің – модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады.

Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.

Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.

Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.

Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.

Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.

Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.

Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:

дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:

- жаңа білім  материалын хабарлау;

- білімді  бекіту;

- ептіліктер  мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;

- қорытындылау;

- білім, ептілік  жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.

Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:

- оқу саяхаттары;

- кино-теле-сабақтар;

- өзіндік  жұмыс сабақтары жəне т.б.

Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:

- жаңа материалды  игеру;

- бекіту;

- қайталау;

- білімді  бақылау, тексеру.

Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.

Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).

Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.

Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.

Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:

- ақпараттық  дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік  əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;

- проблемді  дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы  шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар  қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;

- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын  техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме  бере отырып, оқыту жүйесі;

- бинарлы  дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) –  оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;

- шатастыру  дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай  дəрістер алдын ала жоспарланған  қателіктермен беріледі. Мұндағы  мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;

- дəрісбаян  –конференция – ғылыми-практикалық  сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;

- Кеңес дəрісбаяндар  «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;

- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не  тақырып бойынша екі маман  бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы  рейтингі анықталады.

Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:

- жалпы мақсаттарына  байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары  ажыралады;

- мазмұны  бойынша; академиялық жəне ғылыми  көпшілік дəрісбаяндары белгілі;

- ықпал-əсеріне  орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда.

Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады.[123 б] Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.

Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады əрі толықтырылады.

 

2.2 Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы.

 

Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.

Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке–дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда.

Репетиторлық, əдетте, оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.

Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін арттыруда өте пайдалы. Ментор немесе ұстаз –оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді. Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.

Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.

Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты-топтық оқыту формасымен ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір тобымен оқу жұмысын алып барады, бірақ дəріс жеке оқушымен жұмыс сипатын жоймайды. Мұғалім дайындығы əр деңгейлі, əр жастағы 10-15 баламен шұғылданады. Ол кезегімен əр оқушыдан өтілген материалды сұрастырып, əрқайсысына жаңа оқу материалын жеке түсіндіріп, дара тапсырмалар беріп отырады. Балалардың бəрі бірдей, мұғалім пайымдауынша, дəріске байланысты ғылым негізін, кəсіп не өнерге тиесілі материалды меңгергенше аталған оқу жұмыстары қайталанады. Дəрістің басталуы мен аяқталуы, оқу мерзімі əр оқушы үшін даралықты сипатымен ерекшеленеді. Осыдан оқушы мектепке оқу жылының өзі қалаған мерзімінде, күннің өзі таңдаған мезетінде келуге құқылы болды.

Даралықты-топтық оқу əрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте аз бастауыш мектептер мұның айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала, бірнешесі-екінші сынып материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін.

Орта ғасырларда қоғамның əлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сынып-сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе XVI ғ. Белорусия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” кітабында тапты.

Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында – дəрісте өткізілуінен.

Сабақ теориясына Я.А. Коменский дəуірінен кейінгі кезеңде елеулі үлес қосқан белгілі орыс педагогі К.Д. Ушинский болды.

Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан өзінің негізгі белгілерімен əлі күнге дейін сақталуда.

Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына қолданылғандай оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын ұлғайту жəне оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.

Сынып-сабақтық жүйені реформалаудың алғашқы қадамын XVIІІ ғ. аяғында- XIХ ғ. басында ағылшын священнигі А. Белл мен мұғалімі Дж. Ланкастер жасады. Олардың ниеті- жұмысшылар арасында бастау білімдерді кеңінен ен жайдыру қажеттігі мен оқыту жəне мұғалім дайындығына жұмсалатын қаржыны көбейтпеу аралығындағы қарама-қайшылықты үйлестіру еді.

Жаңа жүйе өзара оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен Англияда бірдей уақытта тəжірибеге енді. Бұл жүйенің мəні-ересек оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, соң қажетті көрсетпе –нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нəтижеде аз оқытушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу сапасы ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл-ланкастерлік оқу жүйесі кең өрістей алмады.

Ғалымдар мен практиктердің оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіргендегі мақсаты-сабақ жүйесінде кезігетін кемшіліктерді, атап айтсақ, оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербес дамуына тұсау болып келген оқудың орташа білімді оқушыға бағдарлануы, оқу мазмұнының біртектілігі мен оқу игеру қарқынының дараланбауы, оқу процесі құрылымының өзгермеуін талап ету сияқты педагогикалық олқылықтардың орнын толтыру болды.

Информация о работе Білім мазмұны - оқушының қалыптасу формасының түрлері