Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 09:16, курсовая работа
Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды.
Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды.
Кіріспе
Казақстан Республикасының «Білім туралы»
заңында мемлекеттік саясаттың негізгі
принциптерін және Қазақстан Ресгубликасы
азаматтарының білім алуға конституциялық
құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
Тоғыз тараудан, 50 баптан тұратын бұл заң:
жалпы ережелерден басталып, білім беру
ұйымдары, білім беру бағдарламалары мен
білім деңгейлері, білім беру жүйесін
басқару, Білім беру процесін субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік
кепілдіктері, білім беру экономикасы,
білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны
үшін жауапкершілік және өтпелі ережелерді
қамтиды.
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі
ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы
үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі
ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу
жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық
құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда
мектепке дейінгі жастағы балалардың
тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі,
сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына
жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.
Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқытудың негізгі мәселелеріне тоқталатын
болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:
1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және
мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен
қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
мен оқытудың, олардың дене және психикалық
денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында
ауықтуы бар балалардың жеке қабілеттерін
дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті
түзету жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық
сақтауды басқару орыындары мектепке
дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті
әдістемелік және конституциялық көмек
көрсетуді ұйымдастырады.
4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке
барар алдында даярлау міндеті және ол
отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе
мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының
шеңберіңде жүзеге асырылады.
Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында
тегін жасалады,-деп тұжырымдалған.
Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті
мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге
асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін
іс-шаралар ұйымдастырылуы шарт.
Атап айтқанда:
- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың
арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып,
ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие
жұмысын жақсарту,
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін
шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына
орнықтыратын алғашқы білім негіздерін
қалауға баса назар аудару;
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын
нығайту, өз ойын жинақтай біліп, жаңа
мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе
білуге қызығушылықтарын арттыру,
- баланың өздігінен дербес іс-әрекет жасау,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын
бағдарламалар мазмұнын айқындап, қалыптастыру;
- мектепалды даярлау топтарында 5-7 жастағы
балаларды мектепке даярлау;
- білім беру жүйесінің басты мідеті - ұлттық
сана және адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды калыптастыру;
- педагог-тәрбиешілерді кәсіби шыңдауга
қажетті мүмкіндіктерді толық пайдалану.
Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып
жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың
ұлт болуы үшін бірінші шарт—тілі болуы
қажет. Ұлттың тілі кеми бастауы үлттың
құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың
тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы,
мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ
тілінде қазақтың сары сайран даласы,
біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай
екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы
мінезі - бәрі көрініп тұр. Осы күнге түркі
тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай,
оралымды, терең тіл жоқ. Түркі балалары
күндерде бір күн айналып қазақ тіліне
келмекші, қазақ тілін қолданбақшы, күндерде
бір күн түркі балаларының тілі біріксе,
ол біріккен тілдің негізгісі қазақ тілі
болса, сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында
қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің
осылай болуына біздің иманымыз берік
- дей келе:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Таралған түркі балаларын бауырына
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім,
- деп елдің болашағымен астастырып, жаны
құрақ ұшып, жүрек жарды сөзін айтқан ұлы
Мағжан Жұмабаевтың ойы еңсемізді езер
ауыр шындық.
Әрине, тіл - әр ұлттың қасиетті белгісі,
анасындай асыл, қымбат, аяулы. Ұлы Мұхтар
Әуезов: «Бұл дәуірде өз ана тілін, әдебиетін
білмеген, қадірлемеген адам, толық мәнді
интеллигент емес деуге болады. Себебі,
ол қандайлық мамандық білімі болса да,
рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат
болады», - деген ой түйеді.
Тіл - рухани байлықтың қайнар
көзі. Неғұрлым тілді терең ұғып, терең
түсінсең, соғұрлым қоршаған ортаға деген
көзқарасыңның молайып адамдарға ілтипатың
өсіп отырады.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы осы кезде
өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Сөйлеу
мәдениетінің түп тамыры ертедегі грек
және римдіктердің шешендік өнерінде,
одан бері қазақ ойшылдарының, данышпандарының,
ақын-жырау, билердің туындыларында жатыр.
Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау,
сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу
т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін
меңгеру барысында тілдік қатынастың
аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп
жатады, ол сөздерді байланыстырып айту
арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты
айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен
біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының
тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра
сөйлеуін дамытуда Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский,
СЛ.Рубенштейн, А.М.Леушина, Т.Тихеева және
т.б. зерттеулерді бала тілін дамытуға
көмек болатын еңбектер.
Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер
жүргізіп ғалымдар Б.Баймұратова, А.Меңжанова,
М.Мұқанов, Х.Т. Дебелбаева және т.б. еңбектері
де назар аудартуға тұрарлық.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі
дегеніміз — сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі
ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста
келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала
ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу
барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан
баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған
әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта
білуін байқаймыз. Осындай басты-басты
мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу
жолдарын тексеру мақсатында, балалар
психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға
арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың
байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге
ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін
қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші
педагогтың атқарар ісі.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып
сөйлеуде қазақ балалар әдебиетінің көркем
шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде
қазақ халқының ұмытылып бара жатқан парасатты,
сөзге шешен адамдар туралы естіген, білгендерімізді
пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ.
Ұзақ жылдар салып ортаға қайта оралған
М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,
Ш. Құдайбердиев және т.б. еңбектерін бала
тәрбиесінде жан-жақты пайдалану - бүгінгі
күннің парызы.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып
сөйлеуде, ертегі, аңыз-әңгімелердің, мақал-мәтел,
жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының
әсері әлдеқайда басым.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің әдістері
04.03.2011 Просмотров: 2327 Комментариев: 1
Балаларды байланыстыра
сөйлеуге үйретуден бұрын біз
балаларды бағдарламада белгіленіп берілген
жоспар бойынша кішкентай (сәбилер) тобынан
бастап тіл үйретудің 2 әдістерімен таныстыруымыз
қажет. 1,5 - 2 жастар аралығында сәбилер
тобынан еліктеу әдісі
көп пайдаланылады.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші
екеуі де бір сөзді бірақ әр түрлі етіп
айтады, үйретуші ересек адамдармен сөйлеседі.
Сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің
дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші
тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді,
сөйлеу қимылын үйренуге және мағынасын
түсінуге тырысады.
Ойыншықтармен ойын ойнау кезінде балалар
оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады,
лақтырады, кәрсетеді, итереді, бұрайды,
шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды
және олардың қимылын атайды. Мұнда тәрбиеші
немесе ата-ана баламен сөйлесуге, оны
жетелейтін сұрақтар қоюға тиіс. Мына
машина жүре ме? Шар қандай? Паравоз, машина
қандай дыбыс береді? Осындай сұрақтарға
жауап бере отырып, баланың тілі сөйлеуге
үйренеді.
Сюжетті драмалық, рольдік режиссерлік,
драматизациялық ойындарда балалар таныс
ертегідерден, бір кейіпкердің ролін алып,
ойын процесінде өз кейіпкерлерінің сөзін
қайталайды сол арқылы бала өзінің сөзін
байытады. Сюжетті ойындар үйренген тілдік
қүралды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру
болып табылады. Баланың ойын кезіндегі
сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты,
тәрбиешінің кейбір тұрмыстық, әрекеті
орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың
еліктеуі мүмкін.
Балалардың тілін үйрету әдісі - сөйлеу
әдісі, сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу
деп те аталады.
Әңгімелесу әдісі
үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің
жауап беруінен тұрады. Демек олардың
екеуі де сөйлейді, бір-ақ бір сөзді емес
еліктеу әдісіндегідей, әр түрлі сөздер
сөйлейді, тәрбиеші немесе ата-ана өзінің
сүрағымен баланың өзіне таныс сөздерді,
дыбыстарды немесе тақырыпты еске түсіруге
және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Бұл әдіс заттар мен немесе дидактикалық,
логикалық ойындармен, ойыншықтармен
шектеледі. Мысалы: Ойын-сабақтың белгілі
бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан
соң балалардың өз беттерімен ойнауға
мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындарда
баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер
бар, өйткені дидактикалық ойын арқылы
берілетін кез келген білімді бала сөйлеу
түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу
тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық
ойындар да бар. Бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық
ойындар. Мысалы мектепке даярлық топтарда
балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады.
(О) - Отан, орақ, ожау, ою т.б. сөздерді еркін
ойлап тауып, сосын сөзге сөйлем ойластырады.
Менің атам орақпен шөп шапты. Әжем әдемі
ою ойды т.б. бұл жастағы балалар жұмбақтарды
айтып немесе өздері жүмбақ ойлап табады.
Бұл дидактикалық ойынның басты ережесі
жұмбаққа арқау болған затты көріп, қолмен
ұстап, дыбыс шығаратын болса тыңдаулары
керек. Байланыстыра сөйлеуге жаттығу
үшін тәрбиеші белігілі бір тақырыпты
белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше
сүрақтар қойып, балалардың тілін дамытуды
ұйымдастыра алады. Балаға сұрақтың бәрін
бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып оны екеу
ара әңгімеге шақыру керек.
Сөйлесу әдісі
- балаға тәрбиеші өзінің сөздік қорын
орынды пайдалануға және сол арқылы тілін
жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу
әдісі - сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Еліктеу әдісінен кейін қайталап айту әдісімен
сөйлесуге үйретеді. Қайталап айту әдісі
тәрбиеші балаларға көркем әдебиет шығарманы
айтып береді немесе серуендегенде саяхатта
болғанда өздері көрген нәрселерді олардың
есіне салады, немесе белгілі бір тақырыпта
жоспар бойынша айтып баяндайды. Қайталау
әдісі - еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің
арасындағы айырмашылық мынада тәрбиеші
тақырыптың кейбір жерін қайталайды, еліктейді,
біршама уақыт өткеннен кейін қайталап
айтады.
Қайталап айту әдісі көбінесе көркем әдебиет
пен байланысты. Өйткені кейіпкерлерді
ойнау, ертегілерді, әңгімелерде айтқанда
көп қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде
құрастыру, әңгімелеп беру әдісіне көп
көңіл бөлінеді. Соның мәні балалардың
ертегілерді өз бетінше құрастыруын, олардың
өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды
әңгімелеп беруін, таныс көркем әдебиеттегі
тақырыптарды байланыстыра айтуын, суреттерді,
заттарды, жануарларды, өсімдіктерді сипаттап
әңгімелесу кезінде тәрбиеші балаға міндетті
түрде бағыттаушы сұрақтар қойып көтермелеп
отыруы қажет.
Байланыстыра сөйлеудің екі түрі диалог,
монологты түрлері бар. Диалог - екі не
одан да көп адамның әңгімесі. Әңгіменің
мақсаты - бәр нәрсе жайлы сұрап оған жауап
беру.
Монолог - бір адамның белгілі бір тақырыпта
байланыстыра сөйлеген сөзі. Диалогтық
тілді балалар оңай үйренеді, өйткені
күнделікті түрмыста жиі естіп жүреді.
Монологты - тілді үйрену балалар үшін
өте қиын, өйткені олар монологтың тілді
күнделікті өмірдегі үлкендердің сөзінен
өте сирек естиді, үлкендер балалармен
сөйлесу кезінде көбінесе диалогты түрде
пайдаланады. Солай бола тұрса да монологқа
үйрету қажет. Суреттеуді, баяндауды, пікір
айтуды үйрету үшін, мақсатқа сәйкес көркем
әдебиет, тіл дамыту, айнала қоршаған орта
т.б. сабақтарда тартымды көрнекіліктерді
тақырып-
қа сай алып, балалардың сұрақтарға анық,
толық жауап берулерін талап ету қажет.
Балалардан серуенде, өмірмен байланысты
әңгімелерді, ертегілерді, шағын әңгімелерді
түсініктері бойынша өз сөздерімен, әдеби
тілде айта білуге үйрету қажет.
Қай жастағы балалар болмасын балалардың
сөйлеу дағдысы тамақтанғанда, киіндіргенде,
ойнаған кездерінде, көркем шығармаларды
оқу үстінде, арнайы ойын - сабақтарда
қалыптасады.
Донбаева Бақыт Әділбекқызы 1965 жылы 5 қантарда
туылған. Білімі жоғары. 1986 жылы Талдықорған
І. Жансүгіров атындағы педагогикалық
институты тамамдаған.
1-ші санаттағы №4 ясли – бақшасының тәрбиешісі.
Педагогиканың еңбек стажы – 19 жыл.
Автор: Саутова Б.К.
Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар
Кіріспе:
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Сәлемдесу.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
Жобаның мақсаты:
• Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Жобаның тапсырмалары:
Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар
Сабақтың түрлері
Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау
Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.
Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Жұмбақтар
Қызықтырып әркімді-ақ
Суда жүзер жылтылдап.
“Б”әрпінен басталар,
Сол жәндіктің атын тап. (...............)
. Отыз екі мықты.
Қаз-қатар боп шықты
Он алтысы үсті
Он алтысы асты (...............)
Математика
сабағындағы шығармашылық қабілетін
дамыту.
Логикалық есеп
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?
Ойлан, тап
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.
Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу
дағдыларын дамыта түсу.
• Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.
(14 * 6)*10=10
Математикалық
тест
4 + 3 9,10,7 10 - 3 7,8,9
6 + 3 9, 6, 4 9 - 2 5, 6,7
Логикалық ойын
1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Маймылдың не айтқысы келетінін білгің келе ме?
• Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.
Сергіту сәті
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Санамақтар
Тауық, жөнін тауып,
Он жұмыртқа басты,
Өэдерінше мықты
Төрт балапан шықты
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Он екі үйрек көріп ем,
Үшеуі ұшып кетті
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнынан қозғалмады?
Үш алманы бақтағы
• Кірпі алып жинады
• Ең әдемі біреуін
• Ақ тиінге сыйлады.
• Ыдыстағы алманың
• Санап көрші қалғанын
Суреттегі үшбұрыштың санын табу
Әріптердің құпиясы
• Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.
• САҚНМДПОЛРБЖ
• О – ел
• Н – Қазақстанның
• Д – құдіретті
• Ж – жатыр
• А – әлемдегі