Дамыту ойындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 09:16, курсовая работа

Описание работы

Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды.

Файлы: 1 файл

сойлеу калыптастыру.docx

— 77.74 Кб (Скачать файл)

•         Л – бірлігінде

•         Б – татулығында

•         Р – ұлт

•         М – бүгінгі

•         Қ – жаңа

•         С – Жаңа

•         П – күші

Сабақты бекіту 
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
Не үйрендік? 
Қандай тапсырмалар орындадық?

Дамыту  жолдары:

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың  жолдары.

Ойлау процесі объект пен субъектінің  өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың  елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін  және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

•         1.Практикалық іс-әрекеттілік.

•         2. Көрнекі-бейнелік

•         3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді    
                            қамтиды.

•       1  / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

•         2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

•         3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

•         4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

•         5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

•         6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

•         7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

•         8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

•         9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

•         10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру

Қорытынды:

•         Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

3-5 жастағы баланың ағзасындағы болып жатқан өзгерiстер 1-ден 3-ке дейiнгi жастағыға қарағанда барлық процесстер баяу жүредi. Ми өседi, ми қабығы күн сайын мидың жаңа иiрiмдерi пайда болады. Баланың басқа мүшелерiне қарағанда миы тезiрек дамиды. 5-6 жаста ми 90% қалыптасқан болады.

2 жасқа дейiнгi шыққан сүт тiстерi 4-5 жаста түсе бастайды, ал нақты тiстерi 6 жастан кейiн қалыптаса бастайды. Сүйек құрылымы да дамиды, құрылымы да дамиды, бұлшық еттерiнiң өсуiне байланысты баланың салмағы да өседi. Бала iс-әрекеттiң қиын түрлерiн үйрене бастайды: велосипед, шаңғы, коньки тебу, доп ойнау. Бұл уақытта спорт түрлi секцияларда жаттығуларды бастауға болады.

Осы жасқа келгенде балалар өздерiне қызмет ете алады: өз бетiмен тамақ iшу, жуыну, киiну, түймесiн  ағыту, бауын байлау, есiк тұтқасын бұрап ашу. Олар түзу сызық, шеңбер сыза алады, сюжеттiк суреттер сала алады, үлгi бойынша қайшымен қия алады. Бұл жаста баланың ұсақ моторикасы дамиды. 3-тен 6 жасқа дейiнгi уақытта ол бiрте-бiрте дамиды.

3-6 жас аралығындағы  баланың ойлау қабiлетiнiң және  эмоционалды дамуының өтпелi кезеңi. 3 жасқа дейiнгi балалар ойдан шығарылған объектiлердi шындықтан қиындықпен ажыратады. Себебi, балалар ертегi кейiпкерлерiнiң көбiн рас өмiр сүредi деп ойлайды.

Өмiрiнiң 4 жылында  бала практикалық iс-әрекеттерде негiзгi дағды қалыптастырады. Ол абстракциялық схемаларды қолдана бастайды, заттарды бiрiктiредi. Бұл жастағы балаларға заттар арасындағы түсiнiктермен қарым-қатынастарды, олардың қасиеттерiн ойын барысында түсiну үшiн қажеттi ойындармен жаттығуларды қолдану керек.

Мектепалды даярлық  топ оқушыларының

Құзырлылығын  дамытуда ойын технологияларын пайдалану  

 

 

    Қазақстанның білім беру  жүйесін модернизациялау стратегиясында  білім беруде құзырлылық тәсілді  енгізу қажеттілігі жөнінде айтылған, өткени ол мұғалімнен оқушыға білім, білік, дағдыны қарапайым түрде ғана беру емес, ол педагогтың кәсіптік құзырлылығын қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі педагогтардың ойынша өмірлік маңызы бар құзырлылықтардың әр адамға болуы оларға қазіргі қоғамда бағдар жасауға көмектеседі, тұлғаның қазіргі уақыт талабына сай әрекет ету қабілеттерін қалыптастырады.   

 «Құзырлылық» ұғымы  жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық  табиғаты – тұлғаның өзіндік  дамуында» атты еңбегінде былай  деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалым Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.»    

 «Құзырлылық» түсінігі  – бұл оқыту үрдісінің тұлғаның  басты (базалық, негізгі) және  пәндік құзырлылықтарының қалыптасуына бағдарланған. Бұл үрдістің нәтижесі ретінде адамның жалпы құзырлылығының қалыптасуын айтуға болады, ол басты құзырлылықтарының жиынтығы, түлғаның кіріктендірілген сипаттамасы болып табылады.   

 Құзырлылыққа бағдарланған тәсілдері:

Танымдық құзырлылық:

  • оқудағы жетістіктер;
  • интеллектуалдық тапсырмалар;
  • оқи алу білігі және білімді пайдалана білуі.

Тұлғалық құзырлылық:

  • жеке қабілеттері мен талантын дамыту;
  • өзінің күшті және әлсіз жақтарын білуі;
  • рефлексия жасау қабілеті;
  • білімнің үдемелілігі.

Өзіндік білім алу құзырлылығы:

  • өзіндік білім алу қабілеті, өзін – өзі оқытудың өзіндік тәсілдерін ұйымдастыру;
  • жеке білім алу қызметінің деңгейіне жауаптылығы;
  • тез өзгеру жағдайында білім, білік, дағдыларды пайдалану икемділігі;
  • үнемі өзіндік талдау, өз қызметін бақылау.

Әлеуметтік құзырлылық:

  • ынтымақтастық, командада жұмыс істей білу, коммуникативтік дағдылар;
  • өзіндік шешім қабылдау қабілеті өзінің қажеттіліктері мен мақсаттарын түсінуге ұмтылу;
  • әлеуметтік тұтастық, қоғамда тұлғаның рөлін анықтау білігі;
  • тұлғаның сапалық қасиеттерінің дамуы, өзін – өзі реттеу.

 

  

 

Өзінің денсаулығына құзырлы  қатынас:

  • Соматикалық денсаулық;
  • Клиникалық денсаулық;
  • Денінің сау болуы (физическое здоровье);
  • Валеологиялық білімдерінің деңгейі.

Құзырлылық міндеті:

  • оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;
  • өнімді білім, білікті игеру;
  • бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту.

 

  Оларды орындауда мұғалім  төмендегі келтірілген ережелерді есіне сақтау қерек:

Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді аямаңыз. Бүгінгі белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.

Оқушы білім алуға, оқу – таным қызметің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз.

Әңгімелеп айтқан білмейтінін, практикада қолданатын адам білетінін есіңізге сақтаңыз.

Оқушыларды және өздігінен  әрекет етуге үйретіңіз.

Шығармашылық ойлауды  проблеманы жан – жақты талдаумен дамытыңыз, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі шығармашылық есептерді жоспарлаңыз.

Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз.

Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз.

Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз.   

 Білім беру саласында  оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан қазіргі педагогика ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.   

 Сол технологиялардың  бірі – ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін – өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.   

 Мектепалды даярлық  сыныптарында сабақтың өн бойы  ойын әрекерін ұйымдастыру арқылы  жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар  бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза,жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.   

 В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.   

 Ойын барысында оқушылар  өздеріде байқамай әр түрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.   

 Ойындарда, әсіресе  топтық ойындарда жеке тұлғаның  адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік  толық сезімдері қалыптасады,  тәртіп, күш жігер, мінез – құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары,сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.   

 Даярлық топ оқушыларының  білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін  толық пайдалану және оларды  оқу үрдісінде үздіксіз дамытып  отыру сабақ барысында алған  білімдерін тәжірибеде қолдану  дағдыларын қалыптастыру үшін  өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін  көп пайдаланамын.   

 Кей бала ойында  шынайы өмірді бейнелесе, кей  бала ішкі сезімін білдіреді.  Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.»     

 Ойын тек әрекет  емес, балалардың да, үлкендердің  де қызығушылық ермегі адамды  рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс – әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: сюжеттік, рөлдік, қимыл – қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әркайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.    

Информация о работе Дамыту ойындары