Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 16:31, реферат
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр, деп бастады сөзін Мемлекет басшысы. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы Қазақстан халқына биылғы Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер.
І.КІРІСПЕ.
1. Демократияландырудың мемлекеттік бағдарламасын
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қазақстанда білім беру жүйесі.
2.Білім берудің мазмұны
3.Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері.
ІІІ.Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЖОСПАР
І.КІРІСПЕ.
1. Демократияландырудың мемлекеттік бағдарламасын
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қазақстанда білім беру жүйесі.
2.Білім берудің мазмұны
3.Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері.
ІІІ.Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз,
жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі
жаңа сатысының алдында тұр, деп
бастады сөзін Мемлекет басшысы.
Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің
негізін қалап, қуатты нарықтық экономика
құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары,
бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған
елдер қатарына қосылу міндетін қойып
отырмыз. Бұл туралы Қазақстан халқына
биылғы Жолдауымда жан-жақты айтылғанын
білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты
даму кезеңі келді.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің
бірі – саяси саланы реформалау. Демократия
– әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы,
яғни біздің де таңдауымыз, деп атап көрсетті
Елбасы.
Мен саяси жүйені демократияландырудың
Мемлекеттік бағдарламасын
Мен жаңа Мемлекеттік комиссия өзіне
жүктелген міндеттерді толық
игеретініне, елде демократиялық өзгерістер
кезең-кезеңімен жүзеге асырыла
бастайтынына толық сенімдімін. Соңғы
екі жылда саяси реформаларға қатысты
талай әңгіме қозғалды. Оның ішінде, саяси
жүйе экономика қажеттіліктерінен артта
қалып қойды деген пікірталастар да орын
алды. Алайда, өмірдің өзі бұл мәселелерді
күн тәртібінен шығарып тастады. Біз еліміздің
тұрақты экономикалық өркендеуіне қолданыстағы
саяси құрылым негізінде-ақ қол жеткіздік.
Қазір біз саяси жаңғыртуды жүзеге асыруға
бекем бел буып отырмыз. Сөзден іске көшетін
кез жетті.
Қазақстан халқына Жолдауымда мен біздің
даму стратегиямыздың басты басымдықтарын
атадым, оларды іске асыру Қазақстанға
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдердің
қатарында лайықты орын алуға мүмкіндік
береді.
Ең алдымен, бұл – Қазақстанның экономикалық
дамуында сапалы “серпінді секіріске”
негізделген елдің дәйекті экономикалық
жаңғыруы. Мұндай “серпінді секіріс”
Қазақстан экономикасының сыртқы дүниеге
ашық жағдайларында ғана қамтамасыз етіле
алады, ол тауарлар, қызмет көрсетулер,
еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы
идеялар мен технологиялар жөніндегі
әлемдік рыноктардың табысты және серпінді
бөлігі бола алады және болуға тиіс.
Одан әрі, бұл – ең жоғары халықаралық
стандарттарға сай келетін осы
заманғы білім беру мен әлеуметтік
саясат.
Әлбетте, бұл – Қазақстанның ұлттық мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ететін әрі өңірлік
және әлемдік дамудың басты “қыр көрсетулерін”
ескеретін ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
мен сыртқы саясат бағыты.
Мен осыншалықты ауқымды міндеттерге
мемлекеттік биліктің тиімді орган¬дары,
дамыған саяси институттар, сындарлы саяси
партиялар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық
қоғам институттары, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтары кепілдігінің іске
қосылған тетіктері ғана сәйкес келеді
және жәрдемдесе алады десем, сіздер менімен
келісетін боларсыздар деп кәміл сенемін
және солай ойлаймын.
Сондықтан біз дәйекті демократиялық
өзгерістер мен елді саяси жаңғыртуды
одан әрі жүргізуге бекем ниет етіп отырмыз.
Біздің басты мақсатымыз бұлжымастан
қала береді: бұл – ашық, демократиялық
және құқықтық мемлекеттің негіздерін
нығайту, онда жалпыға ортақ демократиялық
заңдылықтар, сондай-ақ біздің көп ұлтты
және көп конфессиялы қоғамымыздың дәстүрлері
үйлесімді ұштасады.
Президент елді одан әрі саяси жаңғыртудың нақ осы арнасын нығайтуға комиссия мүшелері лайықты үлес қосады деп есептейтінін айта келіп, соңғы бір жарым жыл ішінде Ұлттық комиссия реформалардың аса маңызды форумдарының бірі болғанын еске салды. Оларда әртүрлі саяси және қоғамдық күштердің мүдделері келісілді, өзара қолайлы шешімдер табылды. Сонымен бірге осындай үнқатысуды дамыту және, бастысы, саяси жаңғыртудың аса маңызды мәселелері бойынша қол жеткен уағдаластықтарды нақты іске асыру бүгінде ерекше көкейкесті сипат алып отыр. Сондықтан комиссияның мәртебесі өзгертіліп, оның құрамы мен өкілеттіктері ұлғайтылды. Ал ендігі жерде комиссияны мен басқаратын боламын.
Бірінші. Демократиялық реформалардың
жалпыұлттық бағдарламасын
Өткен жылдың ішінде елімізде Демократиялық
реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын
талқылау кең өріс алды, мен бұдан Қазақстанның
мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарын
реформалаудың тұтас пакеті ретіндегі
оның басты мақсатын – осы заманғы жаһандық
қыр көрсетулерге қарсы тұруға, демократиялық
ресімдер негізінде бүкіл қоғамның мүдделерін
іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті
мемлекеттік құрылыстың тиімді жүйесін
жасауды көрдім.
Саяси реформаларды бүкілхалықтық талқылау
белгіленген реформаларды баршаның қолдауын
айқын көрсетті.
Мына мәселелер мен ұсыныстар,
деді одан әрі Елбасы, басты орын
алды:
– мемлекеттің негізгі саяси институттарын
одан әрі дамыту мен нығайту;
– биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым
тиімді өзара ықпалдасуы;
– биліктің түрлі тармақтарының қызметіне
тәуелсіз қоғамдық бақылау, сондай-ақ
олардың есептілігін, ашықтығын және тиімділігін
күшейту;
– Парламенттің жауапкершілігін ұлғайту
және рөлін нығайту;
– саяси тежемелік және тепе-теңдік жүйесін
дамыту;
– саяси партиялардың елдің саяси өміріне
әлдеқайда белсене қатысуы;
– біздің қоғамымыздың өмірінде ҮЕҰ өзінің
нақты орнын алуы тиіс;
– азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
кепілдендіру үдерісін нығайту.
Бұрынғысынша мына мәселелер көкейкесті
болып отырды:
– биліктің халық алдында есептілігі,
оның ішінде, халық қалаулыларының есептілігі
мәселелері;
Алайда, ең бастысы, қоғамдық пікірталас мынаны көрсетті: демократиялық реформалар үдерісі қарышты болуы тиіс және қандай да бір ішкі қауіп-қатерлер мен қоғамдық жанжалдар салдарынан тоқтап қалуға тиіс емес. Бұл біздің баршамызға байланысты болады, деп қадап айтты Мемлекет басшысы.
Келіп түскен ұсыныстардың бүкіл ауқымына
тағы да мұқият талдау жасап, қоғамдық-саяси
аса маңызды болып табылатын
бастамаларды құқықтық тұрғыдан ресімдеу
жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Мұның өзі конституциялық реформа жүргізуді
талап ететінін де жоққа шығармаймын,
оның мүмкін екендігі туралы мен бұдан
бұрын, өткен жылдың қыркүйек айында Парламентке
жолдаған үндеуімде айтқан болатынмын.
Бұл ретте саяси реформаларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі біздің барлық іс-әрекеттерімізге “халықтық сараптаманың”, қоғамымыздың басым көпшілік бөлігі тарапынан олардың түсінілуі мен қолдау білдірілуі қажет екендігін тағы да атап көрсеткім келеді. Қоғамдық өзге¬рістер мен демократиялық қоғам құруды біздің дәстүрлі құндылықтарымызды ескере отырып, сондай-ақ дамыған демократия елдеріндегі біздің достарымыздың озық тәжірибесі мен кеңестерін пайдалана отырып жүргізуіміз керек.
Азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап, баспасөзде талқылауға ұсынған болатын. Бұл тұжырымдаманы биылғы жылы Демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия қайта қарап, оған түзетулер мен өзгерістер енгізіп, Елбасының қарауына ұсынды.
Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында күшейіп отыр. Олар еліміздегі демократияландыру үдерісін осы азаматтық қоғамның дамуымен байланыстыруда. Мұның себебі, азаматтық қоғамды демократияның негізгі атрибуты ретінде қарау қазір кеңінен қолдау тауып отыр.
Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам дегеніміздің өзі не? Бұған деген түсінік бір ізге түскен бе? Оның ғылыми-теориялық, практикалық жағы жан-жақты зерттелген бе? Жалпы түсінік қалай? Осы мәселелер жайы бүгін әркімді-ақ толғандырып жүр.
Көпшілікке мәлім, бұл күнде біз азаматтық қоғам құруды мақсат етіп отырмыз. Шындығына салсақ, мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынасты азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, жеке меншікті туғызды. Осы меншікті қорғау, оған деген меншік иелерінің құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттары нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды. Қоғамды басқару мемлекет қолына көшті. Мемлекет нығая келе, азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағыт ұсталып отыр. Азаматтық қоғам құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгін берік қалыптасты.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да – ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт-феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Кез келген адам белгілі аумаққа иелік еткен елде өмір сүреді. Бұл ел демократиялық, жартылай демократиялық, монархиялық немесе авторитарлық, империялық немесе тоталитарлық мемлекет болуы мүмкін. Мемлекеттің өз конституциясы, рәміздік белгілері бар. Мемлекеттік билік жүргізетін әкімшілік аппараты – бюрократиясы бар. Ол Конституция негізінде елді, қоғамды басқарады, оның қалыпты өмір сүруін, еңбек етіп, материалдық, рухани игіліктерді дүниеге келтіруін, жасампаздық істерді жүзеге асыруын, елдің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың өркениетті өмір сүруін қамтамасыз етуге басшылық етеді.
Қоғамда мемлекет билігінен, оның институттарынан басқа құрылымдар, топтар, қауымдастықтар да өмір сүреді. Өйткені адамдар мемлекет қабылдаған заңдар мен жарлықтарға сәйкес өмір сүргенімен, олардың бәрі бірдей мемлекеттік институттармен тегіс қамтыла бермейтіні белгілі. Қоғам мүшелерінің бәрі бірдей мемлекеттік қызметшілер немесе шенеуніктер емес, олардың көбі – қарапайым азаматтар. Олардың өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін, ерік-жігерін, саяси-адами сұраныстарын, өз талаптарын іске қосу үшін мемлекеттік институттардан басқа азаматтық қоғам құрылымдарын қажет етеді. Осы өмірлік қажеттіліктер азаматтық қоғамды талап етеді. Адамдардың арман-қиялынан емес, күнделікті тұрмыс-тіршілік қажеттіліктерінен туған феномен – бұл азаматтық қоғам болып табылады.
Саясаттану сөздіктерінде
Гегель кезінде мемлекеттің әрекет ететін аумағы – ортақ мүдделерді қорғау болса, ал азаматтық қоғамның аясы жеке мүдделерді қорғаумен ерекшеленеді деген болатын
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі өткені туралы әртүрлі деңгейдегі мәжіліс, кеңестерде айтылып, басылым беттерінде жазылуда. Бұл әлемдік деңгейдегі өркениеттік шара. Ол кеңес заманындағыдай “тек қана бір жиын өтті” деп қоя салатын іс емес, мұнда терең мағына бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрылтайдың елге, мемлекетке, қоғамға берер пайдасы мен парқын терең түсініп, осы істің жанашыры әрі ұйытқысы болғанын мәжіліске қатысып, сөз сөйлеген, дін басшыларының бәрі атап айтып, бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа
тән ойлау жүйесінен шет
Информация о работе Демократияландырудың мемлекеттік бағдарламасын