Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 16:31, реферат
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр, деп бастады сөзін Мемлекет басшысы. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы Қазақстан халқына биылғы Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер.
І.КІРІСПЕ.
1. Демократияландырудың мемлекеттік бағдарламасын
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қазақстанда білім беру жүйесі.
2.Білім берудің мазмұны
3.Білім жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері.
ІІІ.Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Есте болатын жай, Қазақстанда ислам діні дәстүр, қажет десеңіз, ұлттық дәстүр, ғұрып арқылы сақталды. Сондықтан, бүгінде дінді дәстүрден ажыратуға тырысушылық ел санасына дағдарыс әкелетін іс. Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарастырсақ, өткен тарихта – ешқандай қоғам дінсіз болмаған. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Дінсіз қоғамның өзі дінге қатысын атеизм арқылы білдіріп отырды. Турасын айтсақ, атеизмнің өзі де дінді жоққа шығара алмағандықтың бір шарасы. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен ажыратылған, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Яғни, біз сөз етіп отырған қыркүйек айындағы әлемдік дін жетекшілерінің басқосуы ең алдымен – қоғамның мәселесі.
Дүние жүзінің әртүрлі діни конфессиялары өкілдерінің қоғам туралы пікірлері қандай болмақ? Бұл Құрылтайдың мақсаты – мұнда әр дін басшысы әрі өкілдері, өз діндерін насихаттау үшін келмеген, оны әркім өз елінде, өз жерінде атқарады. Әлемнің дін жетекшілері жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелер бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген келелі тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Діндер бойында қоғамдағы өркениеттік үрдістерді қабылдай алатын, бір ортақ түсініктерге келе алатын жағдайлар бар ма екен, осындай мәселелерге қатысты дін жетекшілері не айта алар екен? Жер – біреу, күн – біреу, ай – біреу, жұлдыздар ортақ. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп, оның дене мүшелері бірдей, сөз сөйлеудің жүйесі ортақ, тек тілдері мен түрлері ғана басқа. Айта берсек, адамзатқа ортақ нәрсе көп. Біз қазір ортақ көліктерді пайдаланамыз, ақпараттық қоғам жағдайында электрондық пошта, ұялы телефон – соның бәрі ортақ. Олай болса, біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Адамзатқа мұндай істердің қазіргі заманда мәнісі бар ма? Осындай қасіреттерді азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ түсінікке келудің уақыты туды, оның басты себебі, адам қолында күллі адамзатты жер бетінен мүлдем жойып жіберетін қаруы бар, оны қолдану не қолданбау да адамның еркінде. Осындай жағдайда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек.
Адамзаттық келісім – адам баласына нендей нәрсе құндылық, соны анықтап алу деген сөз. Адамзатқа қандай құндылықтар ортақ, мен оның басты-бастыларын атап берейін, ол – достық, жолдастық, махаббат, отбасы, бала тәрбиесі, әйелді қадірлеу, қарт адамдарды құрметтеу, ғаріп-қасірлерге қамқорлық көрсету, білім-ғылымға ұмтылған адамдарға құрмет, үй хайуанаттарын қазына деп бағалау, табиғатты, суды, орманыңды қадір тұтып сақтау, өмір сүріп жатқан әлеуметтік кеңістігің – қалаңды, ауылыңды, үйіңді күту, оларды мақтанышқа, қуаныш орындарына айналдыру... Мұның бәрі бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтар. Кім болсын, ол қай дінде болсын, қай халық болсын бұл оларға ортақ. Енді осы ортақ мәселеге ортақ түсінік керек. Мысалы, католиктердің аборт мәселесін күн тәртібіне қоюы құптарлық іс, ендеше неге баршамыз бірігіп, тізе қосып осы істе бірікпеске? Қазіргі кезде ерлер мен ерлердің, әйелдер мен әйелдердің некелесуін кейбір мемлекеттер демократиялық үрдіс деп, заңдандыра бастады. Бұған діндер келісе отырып, неге тыйым салмасқа. Мұндай демократияның, атап айтқанда, мұсылман елдеріне керегі шамалы. Бұл құндылықты өсіретін емес, оны өшіретін демократия. Бұл адамзаттың табиғи болмысын қирату, отбасы институтын құрту деген мәселе. Осындай қоғамдағы кесепатты әрекеттерге діндер жағынан тоқтау салынып отырса нұр үстіне нұр.
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан — 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселссі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігеріп қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабынн сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді дс салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбск адам баяасы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардыц мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алупі конституциялық құқығын қамтамасыз етуге мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында. Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде блаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне байланысты мектепке дейіпгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау, қайта даярлаужәнеолардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;
Жоғары оқу орындары рейтинггерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннсн белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқүғын беру жөнініде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы:
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқталады. Жалпы білім маңызды бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім). Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінің төртінші деңгейде ұсынылатын мазмұны едәуір тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі: оқудың жалпы ұзақтығы; біліктілік турі (университеттік дәреже немесе оған теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген); ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірініш дәреже, екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім туралы, Жоғары білім туралы заңцарды қоса алғанда, нормативтік актілерді халықаралық практикаға сәйкестевдіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді қажет етеді.
Халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі .
Білімнің мазмұны оқу процесі компоненттерінің бірі, ол ғылым білім, іскерлік, дағдылардың жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқулылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды,ғылыми-материалистік қарым-қатынасы, мінезі қалыптасады .
Білім мазмұны мына мәселелерді қамтуы керек:
- табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;
— диалектикалық-материалистік көзқарасты тәрбиелеу;
- адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешу;
— жастарды өмірге, еңбекке мамандық тандауға даярлау.
Білім мазмұынына қойылатын критериилер:
5. Оқу-әдістемелік және материалдық базасына білім мазмұнының сәйкестігі.
Білім берудің құрамдас белігі
1. Жалпы білім. Жалпы білім мазмұнына пәндердің үш
циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық,
еңбек және
дене дайындығы.
а) ғылыми-жаратылыс пәндері - табиғат заңдары
жайында
оқушыларға терең білім береді, олардың
ойлау қабілеттерін
дамытудың негізгі құралы болып табылады
.
ә) гуманитарлық пәндер — оқушыларды педагогикалық даму заңдарымен таныстырады, ойлау аппаратын дамыіудың, қарым-қатынас жасаудың құралы, оқушылардың эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады, дүние тарихымен, мадениетімен, рухани байлықтар мен таныстырады.
б) еңбек, дене шынықтыру пәндері ~~ оқушылардың
денсаулығын нығайтады, түрлі
іс-әрекеттер процестерінде олар
іскерлікке, дағдыға иемденеді,
кәсіптік бағдар береді.
2. Политехникалық білім — оқытудың әр түрлі сатысында,яғни еңбек сабақтарының процестерінде қарастырылады,өндіріс негіздері, "есептеу техникасы", "информатика" сабақтары,әр түрлі құраддар, шеберханалар т.б.
Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
1. Оқу жоспары ~ оқу пәндерінің құрамын, әрбір курс, сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
2 Оқу бағдарламалары — мұнда білім мазмұны сипатталадық пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Әр пән бойынша түсінік хат жазылады, онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп, мұғалімдерін әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
3. Оқулықтар-оқу бағдарламасының негізінде жасалады, олар білім берудің негізгі кезі.
Білім беру ұғымы — өте күрделі, көпжақты ұғым. Жалпы түрде бұған адамның жүйелі білім, дағды, іскерліктерді меңгеруі және сезім мен ақыл-ойдың дамуы, танымдық процестер мен дүниетанымның қалыптасуы деген анықтама беруге болады.
Білімді адам деп көптеген фактілер мен құбылыстардың қағидасын, әдіс-тәсілін меңгерген, өте жоғары дәрежеде қабілеті жетілген, іскерлігі бар, тез және дұрыс пайымдап, тұжырым жасай алатын адамды айтады. Сонымен бірге адамгершілік тұрғысынан дұрыс сын айта алатын, ойлай білетін, жаңалыққа жаны құмар, бағалай алатын, қарым-қатынас пен іс-әрекет іскерлігі қалыптасқан адам.
Білім беру — мектептен басталады. Мектеп — жалпы білім беретін, жан-жақты дамудың негізін қалайтын, алғашқы мамандық таңдау мен мамандыққа даярлаудың бастауы болып табылатын, жалпы дамудың баспалдағы. Мектептегі жалпы білім берудің мазмұны ~ жалпы әдіснамалық қағидалармен, ғылым, өнер, еңбек, дене шынықтыруды қалыптастырудың қағидаларымен анықталады.
Жалпы орта білім берудің мазмұның қалыптастырудың жалпы әдіснамалық қағидалары:
1. Оқу материалының жалпы білім берушілік сипаты;
2. Білім мазмұнының азаматтық және гуманистік бағыттылығы;
Жалпы білім баланың адамгершіліктік қасиеттері мен сенімін жетілдіруге ықпал етеді, жеке адамның рухани жан дүниесінің неғізін қалайды. Азаматтық-гуманистік бағыт ғылыми дүниетанымның негізгі және басты шарты.
Әрбір пән өз зерттеу мәселесіне байланысты диалекгикалық атериалистік ұғымды қалыптастырады.
Соның салдары бүгінгі күні табиғи тепе-тендіктің сақталуына, адамзаттың даму болашағына қатер төндіретіндей жаһандық дәрежедегі көптеген гуманитарлық, экономикалық, энергетикалық, экологиялық қара-ма-қайшьшықтар мен өзекті мәселелерді туыңдатып отыр.
Қазіргі қоғамның тағы бір басты сипаты: адамзат тіршілігінің барлық салаларына, қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастарға өрісін жайып келе жатқан жаһандану құбылысы. Жаһандану ғылым мен техниканьщ жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің және адамдардың "тіршілік ету кеңістігінің кішірейіп", "ара қашықтың қысқаруын", ақпараттық шекара-лардың жойьілып кетуін тудырған ақпараттық-коммуникациялық революция-ның нәтижесівде, сонымен қатар әлемдік саяси-экономикалық қатынастарын реттестіру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі міңдеттердің алдын алу, халық-аралық демографиялық және тендерлік ділгірліктер сияқты аса күрделі мәселелерді бірлесіп шешу қажеттілігінен туып отыр.
Информация о работе Демократияландырудың мемлекеттік бағдарламасын