Диалог туралы жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 18:17, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты . Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым - қатынас арқылы өзін - өзі реттеп, технологияларды пайдалана білетін белсенді де білімді тұлға қалыптасып шығады.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Диалог туралы жалпы сипаттама
1.2. Диалогтік оқытудың тиімділігі
1.3. Диалогтік оқыту тәсілі біздің тәжірибемізде
2.1. Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диалог.docx

— 59.58 Кб (Скачать файл)

Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе

1.1. Диалог туралы жалпы сипаттама

1.2. Диалогтік оқытудың тиімділігі

1.3. Диалогтік оқыту тәсілі біздің тәжірибемізде

2.1. Жаңа тәсілмен сабақ  өткізу кезіндегі менің ойларым.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты . Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым - қатынас арқылы өзін - өзі реттеп, технологияларды пайдалана білетін белсенді де білімді тұлға қалыптасып шығады. 
     Тақырыптың өзектілігі: 
1. Мектептегі дәстүрлі сабақтардың балаларды жалықтыруы; 
2. Оқушылардың тіл байлықтарының төмендігінен ойларын анық жеткізе алмауы; 
3. Қазіргі техника заманы дамыған кезеңде, оқушылар интернетті пайдалана білгенімен, жұппен, топпен жұмыс істей алмауы;

     Көкейкестілігі:Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады. Ауызша қатысым адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйретуде сөйлеу әрекетіне жаттықтырылады. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» Бастауыш сынып оқытудың мақсаты былайша анықталған: ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген

       Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат):

1) тыңдалым. Ауызша сөйлеуде  немесе мәтін оқуда сөйлеушіні  немесе мұғалімді (сыныптастарын) аяғына  дейін зейін қоя тыңдай білу. Тыңдау барысында ақпаратты дұрыс  қабылдау, ондағы негізгі ойды  түсіну, тиісті жауап қайтару;

2) айтылым. Сөйлеу ортасына, сөйлеу мақсаты мен сөйлеу тақырыбына сәйкес диалог құру.

3) тіл дамыту. сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту, әңгімелесу барысында өз ой-пікірін білдіру, пікірін дәлелдеу, сұрақ қою біліктілігін қалыптастыру; сөйлеудің  диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту (сурет бойынша диалог құру).

       Мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптастыру - бүгінгі күннің талабы болып отыр. Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, тиімділігін анықтау мақсатын көздедік. Осы мақсат негізінде  жоспар құрып, диалогтік әдіс - тәсіл арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйретуді, сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін арттыруды міндеттедік.  
        Болжам: «Егер сабақтарға диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптасады, оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады

Жобаның мақсаты: Сабақта диалогтіқ әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету.Диалогтің оқу процессіндегі маңыздылығын көрсету. 

Сондықтан  міндеттерім: 
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс - тәжірибе алмасу; 
- Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу; 
- Оқушылардың іс - әрекетін зерттеу. Осы мақсат - міндет негізінде күтілетін нәтиже: 
«Диалогтік оқытудың  тиімді жолдары анықталады»деп күтілетін нәтижені анықтап алдым.

Зерттеу объектісі: диалогтік оқытудың түрлері

Күтілетін нәтиже 1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді. 
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады. 
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі. 
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады. 
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады. 
6.Әңгіме түрлерінің айырмашылық біліп, тәжірибеде қолдана алады. 
 

 
1.1. Диалог туралы жалпы сипаттама

 

Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақтылы мақсатына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осыған байланысты сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар іштей және сырттай болып бөлінеді. Сырттай сөйлесу, ауызша сөйлесу және жазбаша сөйлесу болып, ал ауызша сөйлесудің өзі диалогты, монологты болып екіге бөлінеді.

Диалогты сөйлеу екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Бұл – сөйлеудің қарапайым түрі. Біріншіден, диалог – қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде түсінбеген нәрсесін анықтау мақсатында қолма-қол сұрақ қояды. Бұл жағдайда сөйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін толық түсіндіре алуына мүмкіншілік туады. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебіреніп сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкету жағдайында өтеді.

Диалогты сөйлеу синтаксистік құрамы жағынан жай, толымсыз, сұраулы және лепті сөйлемдер мол қамтылады. Сөз тотарынан одағай шылаулар көп кездеседі.

Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасты жоғарыда көрсетілген сөйлеу формалары арқылы жасайды. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктеріде бар. Мысалы, бірден белсенділік (диалог, пікірталас, айтыс т.б.) көрсетеді. Ауызша сөйлеуде айтушымен тыңдаушының ойды, пікірді айту үстінде түсінуді талап етеді. Кең ойланып отыруға, пікір қорытып отыруына ұзақ уақыт берілмейді. Ауызша сөйлеуде, айтқанда екінші рет қайталауға мүмкіншілік бар. Тыңдаушыға әсерлі болуы үшін интонация, мимика (бет қозғалыстары), понтомимика (дене қозғалыстары) т.б. әсерлі қимылдар пайдаланылады.

     Диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді . Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық  түсінігін  тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру  ұсынылады.

        Сыныпта сұхбаттасудың үлкен пайдасы болатындығы жайлы Мерсер мен Ходжкинсон пікірлерін толықтай құптаймыз. Олар:

• оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысындағы деңгейлерін анықтау үшін көмектеседі.

     Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзеді.

      Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер  зерттеуіне әңгімелеу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.                                       

     Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды меңгергенін тексереді. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.

      Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды, олар өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды.   Диалогтық оқытудың нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты, оның артықшылықтары:

•    ес пен тілді дамытуы;

•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;

•    жақсы диагностикалық құрал;

•    үлкен тәрбиелік күші бар;

•    оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

     Педагог Александер тәжірибеде зерттелген диалогтың бес үлгісін анықтады:

1.механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы  фактілерді, ойларды және күнделікті  іс — әрекеттерді жаттау);

2.декламация – (тестілеу  үшін дайындалған сұрақтар арқылы  немесе бұрын өткендерді еске  түсіруге ынталандыру үшін жауапты  ойлауға жол сілтеу арқылы  жинақталған білім мен ұғымдарды  толықтыру);

3. нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға  не істеу керектігін түсіндіру  немесе ақпаратты жеткізу, сонымен  бірге фактілерді, қағидаттар мен  рәсімдерді түсіндіру);

4.талқылау (ақпараттарды  тарату және мәселелерді шешу  мақсатында ой бөлісу);

5.диалог (қателіктер мен  тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды  қысқартуға және түсініктер мен  қағидаттарды «жеткізуге» тездетуге  ықпал ететін саулнама мен  талқылаудың жиынтығы арқылы  өзара түсіністікке қол жеткізу)

       Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастырылады. Диалогтік оқыту ұжымдық, өзара білім алмасуға жағдай туғызатын және қолдаушы болып табылады.

 

 

 

 

1.2.Диалогтік оқытудың тиімділігі . 

     Бүгін тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның  білім беру жүйесінің алдында  басты проблеманың бірі ретінде : «Ел азаматын қалай тәрбиелеу керек?» деген сұрақ тұрды. Неге? Проблема  өзектілігі неде? Біз азаматтық қоғамда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын тіршілік етудің табысты негізі деп анықтаймыз, сондықтан құқықтық мемлекетте  нарықтық қатынас  жағдайында, мына сан құбылып  тұрған  әлемде сол себепті  азаматтарды нақ осы аспектіде  тәрбиелеуге тоқталамыз. Әсіресе, Қазақстан Республикасындағы білімнің мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтауда соңғы ғылыми-теориялық, методологиялық құжаттардың  талдауы бойынша, «адамды  ойлауға үйрету үшін» өсіп келе жатқан  ұрпақтың  сыни тұрғыдан ойлауын дамыту-қазіргі кезде білім беру ісінде басты қажеттіліктердің  бірі болып табылады.Білімнің  қажеттілігіне көңіл бөлемізде, ал қалай оқыту  қажеттілігі  назардан тыс қалып жатады. Қазіргі  коғам   өз іс-әрекетіне өзі басшылық  жасап, шұғыл  шешім қабылдай  алатын,тұлғаны  қажет   етеді. Ондай  тұлға оқытудың жаңа  технологиясының  нәтижесінде  қалыптасатынын  тәжірибе  көрсетіп  отыр. Мұғалім  тек  ақпарат жеткізуші ғана емес, ол- оқушының  білім алу  кезеңідегі  өмір  жолын  анықтаудағы  сенімді  серігі. Қазіргі  оқыту  үдерісі  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  ынтымақтастыққа, түсіністікке,  сыйластыққа  негізделіп,  оқушының  ізденушілігін  дамытуға  бағытталуы  тиіс.   Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.

      Заман талабы тудырған озық әдістер мен әдістемелер елімізде қанатын кеңге жаюда. Соның бірі – сабақта диалогтік оқыту әдістемесі.

      Диалогтік оқыту әдістемесі барысында оқушылар талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларын жетілдіре алады. Оқушыларға сұрақтар қою тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік береді, өзара талқылау түрлі ойлардың болатынын, бір-бірін түсінуге жағдай туғызады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына ықпал етеді.

 Сұрақ қою арқылы мұғалім:

-            оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

-            оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

-            білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

-            оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

      Диалог арқылы оқытудың  сабақта алатын орны ерекше. Топтық, жұптық жұмыс барысында диалогтік оқыту өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға өзінің серіктесін түсінуге, онымен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Идеяларын ортаға салуға, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік алады.  Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруде ізденіс жасайды, жалпы диалог оқушының сыни тұрғыдан ойлауына жетелейді. Осы жерде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы мен диалогтік оқыту әдістемесі ұштасып жатқанын айқын көруге болады.

      Диалогтік оқытудың тиімділігі, әсіресе, топпен жұмыс жасауда көрінеді:

     Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуде диалогтік оқытудың маңызы зор. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

     Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді.

      Қалай оқу керектігін үйретудің идеялары осы диолог арқылы оқытумен тығыз байланысты.  Яғни мұнда оқушылар өздігінен білім алуға жауапкершілігін түсінеді. Өзара әңгімелесу арқылы өзінің пікірі қалыптасады.

     Диалогтік оқытудың маңызды бір бөлшегі – оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өз жұбын бағалауы және өзара топ мүшелерін бағалауы. Мысалы, диалогтік оқыту әдістемесі негізінде жүргізілген алғашқы сабақтарымда оқушылар өздерін, жұбын, тобын бағалаған кезде жаймашуақ бағаласа, келесі сабақтарда балалар бағалау кезеңінде мұғалімнің кеңесі бойынша берілген критерийлерге жүгініп, толық мағыналы және әділ бағалады. Балалардың ойлау деңгейлері олардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне беріледі.

Информация о работе Диалог туралы жалпы сипаттама