Диалог туралы жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 18:17, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты . Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым - қатынас арқылы өзін - өзі реттеп, технологияларды пайдалана білетін белсенді де білімді тұлға қалыптасып шығады.

Содержание работы

Кіріспе
1.1. Диалог туралы жалпы сипаттама
1.2. Диалогтік оқытудың тиімділігі
1.3. Диалогтік оқыту тәсілі біздің тәжірибемізде
2.1. Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

диалог.docx

— 59.58 Кб (Скачать файл)

Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?

Бәрінен де неге риза болдың?

Сізге ең оңайы не болды?

Сізге не ерекше қиын болды?

Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?

     Осы сұрақтарға жауап алу үшін мұғалім оқушылармен барынша көп сөйлесуі қажет.

а) Сабақта сөйлесуге қанша уақыт бөлінгенін зерттедім. Бұл орайда оқушылар мен мұғалім айтқан сөздердің ара-қатынасын ескеру қажет.

·Жалпы сабақта әңгімеге қанша уақыт беріледі?

·Әңгіме кезінде кімнің рөлі бастаушы болып табылады?

·Қай оқушы әңгімеге көп қатынасады?

-Белсенділігі төмен немесе мүлде әңгімеге қатыспаған кім?

·Қай кезде мұғалім көп сөйлейді?

·Қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүреді?

б) Оқушылардың өзара қарым-қатынасы

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін терең зерттеу қажет. Бұл зерттеу түрлі қатынас түрлерінің толық тiзiмін жасауды талап етедi. «Білім алу», «ұйымдастырушылық», «әлеуметтік» және т.б. санаттарды пайдалана отырып, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жіктеуге болады.

      Зерттеуге мен үш оқушыны алдым: Аяулым – дарынды оқушы, Әсем – жақсы, талапты, Санжар – орташа, сәл пәл тілінде тұтықпасы бар. Санжарды сабақта топтық жұмыс арқылы белсенділігін арттыруға, оқушылармен қарым-қатынасын жиілетуге тырыстым. Оны дебатқа ұшінші спикер ретінде қатыстырып жұмысымның нәтижесін көрдім. Сабақ айтуға ұялатын Санжар дебатта көпшілік алдына шығып, өз тобының пікірін қолдауы, оны дәлелдеуі менің жұмысымның нәтижесі болды. Әсемді өз пәніме қызығушылығын ояту үшін ғылыми жобаға қатыстырдым.

 

 

Қорытынды

     Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, олардың білім деңгейі көтеріліп, сөйлеу мәдениеті қалыптастасады. Диалог екі үш адамның қарым- қатынастағы сөзі, сұрақ жауап әдісі. Менің тәжірибемде диалогты оқытудың маңызы мен рөлі көп.

     Диалогтық әдіс тәсілдің сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтық әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Бұл әдіс материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет ала алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда нашар оқитын оқушылар жақсы жауап берді. Оқушылар бір –бірін білім алуға жетелейді.

     «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» К.Д.Ушинский сөзін ескере отырып, диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.

    Бұл әдіс мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.

    Күнделікті жұмыс нәтижесінде, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, білімге құштарлықтары артты, әр күнгі өткізілетін сабақтар балалардың көңіл күйлеріне оң әсерін берді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жетудің маңыздылығын сезінді. Оны 1 жартыжылдық бойынша орта буынның білім сапасының көрсеткіші бойынша байқауға болады. Алдағы уақытта оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, тіл байлығын дамытып , сөздік қорын молайтуға топтық жұмыстың , рөлдік ойындардың, диалогтың және жаңа технологиялық әдіс- тәсілдердің, стратегиялардың көптен- көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

     Қорыта айтарым, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Өз ойларымды қорыта келе, диологтық оқыту жүйесін сабақта қолданғанда оқушылардың ой – пікірлерін білуге, олардың көзқарастарының алуан түрлілігі мен өзара ынтымақтасуға әкелетініне сөзсіз сенемін. Сұрақ қоя отырып, оқушылар бір-бірімен түрлі ой алмаса отырып, білімдерін тереңдете алуға мүмкіндік алады. Сабақтардың мазмұнды, сапалы  өткізілуіне  барлық күш-жігерді, білімді, біліктілікті   болашақ  ұрпақ  үшін  жұмсау ол барлық педагогтың міндеті деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПРИЛОЖ

 

Диалогтық  бөлімдегі  ойындар дамытушылық мақсатты  көздейді. Өзінің  ғана  еңбегі емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралады. Әр оқушы түсінген басқаға меңгергенінше түсіндіреді. Өзі  оқи отырып, өзгені оқытады.  Өзін-өзі  басқару  жүзеге  асады.   Рөлдік ойындар мен пікірталас ойындарының берері  мол. Мысалы,  «оптимисттер», «пессимисттер», «реалисттер» рөлдік ойында оқушылар 5 топқа  бөлінеді.  

      Сегізінші  сынып  әдебиетіндегі Қ.Мырзалиевтің  «Қазақтарды шетелдік қонақтарға  таныстыру»  атты өлеңін  таңдағанда  пайдаланамыз. «Оптимисттік» топтағы  оқушылар болашаққа сеніммен  қарап, өлеңдегі аталған қасиеттерімен  қазақ  халқының  келешегі жарқын  болатындығын дәлелдейді. «Пессимисттер»  керісінше сенімсіздік танытады. «Реалисттер» шынайы дәлелді  жеріне тоқталып, шындықты  айтады.  Төртінші  топ –«Талдаушылар». Олар  әр топ өз рөлдерін қалай  ойнап шықты? Дәлелдеулері анық  па?  Соған талдау жасайды.  Бесінші топ – «Бақылаушылар». Олар  әр баланың  білімін бағалайды.  Ал, үй  тапсырмасын тексергенде  төмендегі  ойын тиімді. Мұғалім  алдын-ала «сыншы», «қорғаушы», «талдаушы»  деген  үлестірмеден 10 дана   дайындап  қояды. 4 адамнан топқа  бөледі. 3 адамның  біріншісі – «қорғаушы», екіншісі  – «талдаушы», үшіншісі – «сыншы».  Төртінші балаға  үлестірме берілмейді. Ол үй  тапсырмаларына жауап  береді.  Тақырыпты  айтып болғаннан  кейін  міндетті түрде «қорғаушы»  сөйлейді.  Жауаптың  ұтымды тұстарын  іздеп мақтайды. «Талдаушылар»  естігендерінің  бәріне талдау жасайды. «Сыншылар»  өз тобындағы  оқушының жауабына  сыни  көзқараспен қарап, айтпай,  ашпай кеткен  мәселелерін  көлденең  тартады.

 
Көршісінің маңдайына сурет немесе сөз жазып, сұрақ беру арқылы маңдайында жабысып тұрған суреттің не екенін біледі. Көршісінің салған суретін сұрақ бере арқылы тауып алу керек. 
 
«6 неліктен?» Берілген мәтінге сұрақтар қояды. Әрбір сұрақ алдынғы жауаптан туындап отырады. 
Сұрақ: бұл әңгіменің қай түріне жатады? Сіздердің қойған сұрақтарыңыз қандай? Жуан ба немесе жіңішке ма? 
Мәтінді оқып, әр топ өз сұрақтарын құрастырады.  
Түйін жасайды: "бұл- куммулятивтік әңгіме" 
Жауап береді. 
"Ұялы телефонды жақтаушылар және даттаушылар."Аргументтері басым болған жақ жеңіске ие.  
Сұрақ: бұл әңгіменің қай түріне жатады? 2 топ жақтаса, 2 топ даттайды. 
Әрбір қарсылас жақ түйін жасайды. 
Әңгіме - дебат. 
Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. 
- Бұл проблеманы қалай шешуге болады?  
Әр топ осы проблемаға қатысты шешу жолын іздейсіздер. Өздеріңіздің шешу жолын көрсетесіздер.  
 
Сұрақ: бұл қандай әңгімеге жатады? 
-Осы әңгіме түрлерінің қайсысын сабақтарыңызда қолданар едіңіз? Топта пікірлесіп, шешу жолын іздейді.  
Бір- бірінің пікірін талқыға салады.  
 
Зерттеушілік әңгіме. 
Сұраққа жауап береді. 
 
Бөлтірік шешен: «Бала деген артта қалған із емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе? Бұл өмірдің мәні – сіз бен біз емес пе?!» деген екен. Олай болса, бүгінгі коучингіміздің тақырыбына сай мақсатқа жету үшін сіз бен біз болып табысқа жетуге атсалысайық демекпін.  
 
Кері байланыс:  
-Сіз үшін сабақтың құнды жайттары қандай болды? 
-Бүгін не нәрсе үйрендіңіз? 
-Көңіліңізден шықпаған не болды?

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

 

  1. Alexander, R. Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну]. Cambridge: Dialogos UK, 2004.
  2. Barnes, D. Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл және оқыту]. Journal of Curriculum Studies,1971, 3(1), 27–38.
  3. Barnes, D. From communication to curriculum. [Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына дейін]. Harmondsworth: Penguin, 1976.
  4. Galton, M. & Hargreaves, L. Transfer from the Primary School: 20 Years On. [Бастауыш мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge, 2002.
  5. Hargreaves, L. and Galton, M. Transfer from the Primary School: 20 Years On [Бастауыш мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge, 2002.
  6. Mercer, N. The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners. [Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер]. Clevedon: Multilingual Matters, 1995.
  7. Mercer, N. Words and Minds: how we use language to think together. [Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?] London: Routledge, 2000.
  8. Mercer, N., and Hodgkinson, S. Exploring talk in school: inspired by the work of Douglas Barnes. London: Sage, 2008.
  9. Mercer, N. and Littleton, K. Dialogue and the development of thinking. A sociocultural approach. [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл]. NY: Routledge, 2007.
  10. Vygotsky, L.S. Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University Press), 1978. 
  11. Wragg, E. and Brown, G. Questioning, 2001.
  12. «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары, Семей, 2006 ж., 2 том.
  13. « Әдіскер – мұғалім» журналдары.
  14. «Қазақ тілін іргелі және қолданбалы тұрғыдан зерттеудің инновациялық мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары, Семей, 2011 ж., 1 том.
  15. Әлметова Ә. «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007.
  16. ҚР –ң 2011-2020ж арналған Білім беру бағдарламасы. 2011ж.
  17. ҚР Білім туралы Заңы
  18. ҚР Конституциясы. 1995ж.
  19. Мирсеитова С. «Оқыту әзденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері», Қарағанды, 2011.
  20. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2012ж (ІІІ деңгей).

 

 


Информация о работе Диалог туралы жалпы сипаттама