Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 18:17, реферат
Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу – барша мұғалімдердің басты мақсаты . Сабақ қызықты да мазмұнды болып өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Егер де мұғалім күнделікті өтілетін сабағын өз дәрежесінде өткісі келсе, жаңа заманның талабына сай инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен тиімді қолдана алуы шарт. Сонда ғана оқушы сапалы білім алып, өз бетімен ізденіп, диалогтік қарым - қатынас арқылы өзін - өзі реттеп, технологияларды пайдалана білетін белсенді де білімді тұлға қалыптасып шығады.
Кіріспе
1.1. Диалог туралы жалпы сипаттама
1.2. Диалогтік оқытудың тиімділігі
1.3. Диалогтік оқыту тәсілі біздің тәжірибемізде
2.1. Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Диалог бойынша талдау жұмыстары балалардың білім деңгейінің қаншалықты дамуының дәрежесін анықтауға көмектеседі. Топ ішінде әңгімелесу оқушының өзін-өзі іріктеу үдерісіне әкеледі. Олар түсіну, бақылау және өзін-өзі бақылауды реттеу қабілеттерін дамытады.
Жалпы алғанда, оқушылардың қаншалықты білетіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдылар және оқушылардың бір-біріне түсіністікпен қарауы талап етіледі. Оқушылардың қысқа жауап беретін сұрақтарымен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Бастауыш
сыныптар сабақтарында диалог
арқылы оқытудың басты
Дәстүрлі сабақ барысында:
Мұғалімнің әдістері.
1. Жаңа тақырып бойынша ақын - жазушылардың
өмірі мен шығармашылығы туралы айтып
түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді
талдайды.
2. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын
анықтайды.
3. Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.
4. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.
5. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізе алмайды.
Диалог арқылы оқыту
әдісі бойынша өткізілген сабақтардағы
өзгерістер мен нәтижесі.
1. Оқушылар өзара сұхбаттасады,
ойын дамытып келесі оқушымен ой бөліседі.
Мұғалім мен оқушы арасында көпірше орнатылады.
2. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай
алады, білімі жоғарылайды. Әдеби шығармадағы
кейіпкерлерді талдап, сөздік қорлары
молаяды.
3. Оқушының сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті,
ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті
жақсарады.
4. Білімге деген көзқарасы қалыптасып,
қызығушылығы мен талпынысы артады. Топта
сыныптастарын бар назарымен тыңдап, өзінің
жауабымен салыстыра отырып түйінді ой
немесе пікір айтуға дағдыланады.
5. Диалог арқылы оқушылар бір - бірлерінен
үйренуіне жағдай жасалады. Мұғалім аз
сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Диалогтік әдістерді қолдану саласындағы теориялық білім, оларды жауап алу, шағын топтардағы жұмыс сияқты түрлерде қолдану балалардың білімін жақсартуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Егер де сұрақ дұрыс қойылған болса сабақ берудің, білім берудің тиімді құралына айналып, оқушылардың білім алуына жағдай жасайды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар: төмен дәрежелі сұрақ қою және жоғары дәрежелі сұрақ қою болып табылады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес құр , іс қажет және түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқушылардың білім деңгейіне қарай сұрақтарды саралауға болады. Сұрақты қарапайым етіп қою өткен тақырыпқа оралу ойға салу, дұрысын қабылдап және толық жауап беруге жол сілтейді. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойын дамытуға көмектесетіндей болып құрылады. Қайта бағыттау сұрақтары басқа оқушыларға сұрақты қайта бағыттау.
Диалогты әңгімеде мұғалім сұрақтары және оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Алайда, оқушылардың тақырыпты, мәтін бойынша өз ойларын айтуда өз ойларын толық жеткізе алмағандығы, сөздік қорларының аздығы байқалып жатты. Соның әсерінен балалар өз ойларын айтуға ортаға шығып айтпай жүрді. Оқушылардың бұл кемшіліктерін сабақта сұрақ – жауап және диолог құру арқылы жоятын болдым. Дәстүрлі сабақтарда сабақты қорыту, бекіту кезінде сұрақтарды өзіміз қоятын болсақ, бұл бағдарлама бойынша жаңаша сабақта оқушылар сұрақты өздері қоятын болды. Сұрақтарды жеңілден күрделендіре түсу керек екендігі ескертілді. Алайда өзге ұлт өкілдері болғандықтан оларға күрделі сұрақтар қою қиындық туғызды. Жеңіл болса да сұрақ қоя білгендері және оған жауап бергендері сабақтағы оқушылардың жеткен жетістігі деп ойлаймын, өйткені жаңа тақырыпты түсінбесе бір-біріне сұрақ қоя алмас еді. Сабақты мен сыни тұрғыдан ойлаудың қызығушылықты ояту, мағынаны тану кезеңдері бойынша құрылымдадым.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ: бірінші түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақта қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сұрақ қоюдың келесі техникасы, сынақтан өткізу сұрағы деп аталады. Мұнда оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Қайта бағыттау сұрағында сұрақты басқа оқушыларға қайта қою, толықтырулар жүреді. Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша
және сындарлы сөйлеуге
- оқушылардың шынайы
- білімге құштарлықты
дамытады және зерттеуге
- оқушыларға білімін
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын СТО модулінің «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар қою, жаңа тақырыпты ашуда, бекіту кезеңінде «Блиц» турнир өткізу, рөлдік ойындар кезінде диологқа түсу, бағалау, рефлексия өткізуде сұрақ-жауап әдісі арқылы жүзеге асады.
1.3.Диалогтік оқыту тәсілі біздің тәжірибемізде
Осы оқыту технологиясы оқушыларды оқытуда өте тиімді және қолайлы деп ойлаймыз.
Оқушылармен ең алдымен психологиялық дайындық жасап алып , сабағымды бастарда:
Сәлеметсіздер, ме ?
• Көңіл- күйлеріңіз қалай?
• Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыздар ма ?
• Сабақ бастауға дайынсыздар ма?
• Үйренуге дайынсыздар ма?
• Жаңалыққа дайынсыздар ма?
деген сұрақтарды қойғанымда оқушылардың көңіл- күйлері көтеріліп, сабақты белсенді түрде бастауға мүмкіндіктер берді.
Дәстүрлі сабақта оқушылар тек мұғалімнің ойымен санасатын, бір- бірімен пікір алмаспайтын, қарым- қатынасқа түспейтін. Сабақта сыныптастарының пікірін тыңдау, онымен келісу немесе келіспеу, ойларын дәлелдеу көбінесе топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме түрлерінде айқын көрініп отырды.. Сол себепті топ ішінде келіспеушілік, тартыс, реніш те болды. Оқушыларыма әркімнің өз ойы болатынын, өз ойларын дәлелдеп айта алатындарын және бір-бірін тыңдай білуі, ешкімге дұрыс емес деп айтпайтын, ол балаға өз қатесін табуға мүмкіндік беретінін түсіндірдім. Басқалардың ойына келісуге немесе келіспеуге құқылы екендерін де білген соң,туындаған мәселелерді жан- жақты талқылап, ізденіп шешу жолдарын тапқанда жұмысымыз нәтижесін бере бастайтынын түсіндім.Ең алғашқы сабағымнан бастап, оқушылардың арасында диалогтік оқытуды қалыптастыру үшін жұптық, топтық жұмыстарды беріп отырдым. Әрбір жұмысты орындаған кезде көшбасшылықты өз қолыма алып отырдым. Оқушының білім алуына қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Осы жобамыз бойынша дилог арқылы оқушылардың сабақта еркін сөйлеуге ынталандырамыз. Мысалға мына сабақты алайық. «Қайда барамыз?» деген тақырыпта 4 сыныбында сабақ болды. Сергіту сәтінде, тақырыпты ашып ашу үшін, түрткі болу сұрақтары қойылған соң оқушылар өз еркімен алған қағаздарына сәйкес демалатын орындарын белгілеп, соған сәйкес топқа бөлінді. Топтың аттарына сәйкес демалыс орнын қызықты, әрі тартымды етіп жарнамалады. Осы кезде оқушылар өз ойын еркін айтты. Сосын «Болжау» кестесін толтыруға текстті бердік, олар оны оқып өз болжамдарын жазды. Бір-біріне сынақтан өткізу сұрақтарын қойды, талқылады. Келер шақты пайдалана отырып ойын ойнады. Тыңдаған диалогты үлгі ретінде қарап, өздері диалог құрды. Рөлге кіріп ойнады.
«Әйгілі зерттеушілер, жазушылар және саяхаттаушылар» атты сабақта сергіту сәтінен бастадым, тақырыпты ашып алу үшін оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға еркін жауап берді.Топтың аттарына сәйкес демалыс орнын қызықты, әрі тартымды етіп жарнамалады сосын инсерт кестені толтырып, талқылады. «Егерде сен саяхатшы болсаң не істер едің» деген сұраққа жауап берді , сұраққа еркін өз жауаптарын әрқайсысы берді. Олар армандап қайда баратын қиялдап қағазға түсірді. Әрбір сабақтын соңында рефлексия жазылып, келесі сабақта талқыланып отырылды.
Сонымен қатар, диалогпен жұмыс істей отырып, жаңа тақырыпты өткен материалдармен тығыз байланыстыра отыру қажет. Егер тақырып отбасы болса, барлық тірек сөздер осы тақырып төңірегінде болу қажет. Диалогқа үйретуде оқушылардың алдына қойылған міндеттер төмендегідей болу қажет.
- әңгімені толық тыңдап, сөйлесушімен арадағы әңгіме белсенді араласу, өз ойын, өз пікірін айту, басқалардың әңгімесін қолдай білу;
- жаттанды диалогты ғана емес, кез келген жағдайды әңгімеге араласа білу;
- өз елінің, өз отбасың туралы еркін сөйлесе алуға үйрету.
Диалог тек оқушы мен оқушы арасында ғана емес, мұғалім мен оқушы арасында да болады, мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушыдан дұрыс жауап алады. Оқушыға «сенін айытқанын дұрыс емес» деуге болмайды. Оған мұғалім: «Мүмкін тағы ойланарсың, тағы да ізденіп көр» деп қолдау көрсетілсе оқушының өзіне деген және мұғалімге деген сенімділігі артады да, сабаққа деген қызығушылығы жоғарлап, ана тілінде еркін сөйлейге үйренеді
Қорыта айтқанда, диалогтық сұхпаттасу мұғалімдермен оқушыларға білім алуға үлкен үлес қосатынын зерттеулер арқылы байқадым. Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативті дағдылар және түсініктікпен қарау талап етіледі.
Сұрақтардан кейн байқағаным алғашқы сабақтарымда оқушыларға сұрақ қойсам жауапсыз отыра беретін, немесе бір-екі оқушы ғана жауап беретін. Ал қазір әдетте үнсіз отыратын оқушылар да пікірлерін ортаға салуға дайын болды. Көтеріңкі көңіл күймен белсенділікпен сабаққа кірісіп кеттік. Осы әрекеттен кейін байқағаным, оқушылар тағы да пікірлерін ортаға салғысы келді әрі қарым-қатынасқа ашық болды.
Оқушылар диалогтық қатынасқа түсе отырып бөлінген рөлдерін өзара талқылай бастады. Осылай тақырыпқа қызығушылығын оятып, диалогтік қатынасқа түсті.
Келесі әрекетім топтық жұмыс болды. Топтар өзара диалог құру арқылы берілген эпизодтарды зерттеу барысында анықтады.Сыныпта диалогтік оқыту тәсілінде оқушылар мен мұғалімдердің әрекеттерін талдай отырып, «үйретуші мен үйренуші, үйренуші мен үйренуші» арасындағы байланысты ажырата, шешім шығара білді.
«Неліктен» әдісін үнемі қолданудың нәтижесінде оқушылардың келесі біліктіліктері дамиды:
Әрбір сабаққа барардың алдында
қалай сабағымды қызықты, мағыналы өткізуге
болады екен деп ойландым. Бірінші сабақтан
бастап балалармен сабақта оқыған әдіс-тәсілдерді
пайдалана бастадым. Сыныпта топқа бөлінген
кездері оқушылар қайда барарын білмей
жатты, өз достарымен отырғысы келіп жатты.
Кейін топпен жұмыс істеген әрі оңай, әрі
жеңіл екенін түсінді. Оқушылар топта
жұмыс істеуді, бір-бірінің ойларын тыңдап,
сыни тұрғыдан сұрақтар қоя алуға жақындады,
ынтымақтастық атмосфера нығайды. Диалог
әдісінде оқушылар ойын толық айта алды.
Осы оқу оқытуда біраз өзгерістер енгізді,
оқушыларға бағыт-бағдар берем, олар өздері
зерттеп. Өз ойларын еркін айта алды. Мұғалім
мен оқушылар арасында жақын қарым-қатынас
орнатылды, еркіндік байқалды.
Бұл қарым- қатынас
«мұғалім-оқушы», «оқушы- оқушы», оқушылардың
шағын топтары арасында өтеді.
2.1.Эксперименттік бөлім
Жаңа тәсілмен сабақ өткізу кезіндегі менің ойларым.
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты мүмкіндігінше кеңейту.
Мұғалімдер оқушыларға олар қолдауды қажетсінетін салалардағы олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға және өздерінің табысты болғандығын сезінген салаларда көмектесетін мәселелердің бар екендігі туралы тоқтамға келді. Бұл мынадай мәселелер: