Дидактика туралы тусінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде
Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері
Дидактиканың ғылымилық принципінің жүзеге асыру жолдарының ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

Дидактика туралы түсінік.docx

— 63.65 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                 4

1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде

    1. Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы

1.2 Оқу процесінің мəні жəне  дидактика жөнінде түсінік

1.3 Оқу процесінің қызметтері  мен принциптері

Дидактиканың  ғылымилық принципінің жүзеге асыру  жолдарының ерекшеліктері

 

Кіріспе

 

Дидактикалық, әдістемелік  зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың  дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.

В.А. Крутецкий ойлау қабілетін  дамытуды екі категорияға жіктейді:

1) жинақталған білімдер  қоры; 2) білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.

Бұл мәселеге қатысты терең  пайым-тұжырымдармен ғаламға танымал  бірқатар зерттеушілердің еңбектері ерекше. Мәселен, Л. Хей, Н. Хил, С.Н. Лазарев, Н. Семенова, Алан Лео. Ерекшелігі неде? Ол - адамды субъекті ретінде жан-жақты қарастырып, ойлау мүмкіндігін шарықтау шегіне дейін дамыта алудың (эзотерикалық) мәні ішкі ұстанымдағы құбылыстың ізігілікті Нұрға бағытталуы екендігіне дәйектеме беру.

Дидактика (грек тілінен  ауд. Didaktiras – зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды.

Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси  жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі  таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын  дамып отырған оқушы тұлғасына  қойылатын талаптармен детерминделеді.

Қазақстан Республикасында  оқытудың алға тартар платформасын жасауда  ізгіліксіз ғылымды меңгерудің нәтижесіздігі  дәлелденді. Оған көптеген ғалымдар зерделі зерттеулер жүргізді. Жеке-жеке саралап айтсақ, А.Ш. Абдраман жоғары техникалық оқу орнында болашақ инженердің моделін ғаламдық құпияны ашуға, зерделеуге ынталану өзін Басқарып Тұрған Құдірет ісіне бағыну заңдылығының негізінде жүзеге асуы жайлы Құран Кәрімнен үзінді келтіру сапасында ой түйеді.

«Ғылымның ғарышты пайдалануы жер қойнауындағы кейбір құбылыстардың космос арқылы анықталуы осыдан және бұл Құран Кәрімде айтылған Жер - ғарыштың біртұтастығының дәлелі», - дейді зерттеуші.

Автор бұндай түйінге келуіне себепші болған зерттеулерге сілтеме жасайды, олар: П.К. Анохин, Д.Н. Узнадзе және т.б. еңбектері.

Бұл Құмашқызы Нүрғалиева тұлғаны құндылыққа бағдарлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері жүйесінің тұжырымын құрып берген. Бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерделеп, стратегиялық шешілімнің міндеттерін былайша жіктейді:

- тұғырнамалы, халқына  қызмет етерлік мықты президенттік мемлекет құрылуы;

- жеке адамның бағалы  бағдарламасы әрбір істің нәтижелілігіне ыңғайлануы;

- жеке адамды әлеуметтік  өмірге араластыру проблемасын шешуі;

- кез-келген мамандықты  еркін таңдауға үйренуі;

- іс-әрекеттің түрлерін туғызатын, жүйе жасайтын интеграцияның мәнін дәлелдеуі.

Оқытудың әдіснамалық  біліктілігін дамытудың заңдылығын И.Я. Лернер, Б.И. Коротяев, П.И. Пидкасистый  секілді ғалымдардың ілгерішіл  тұжырымдарына негіздеп, өзінің ұстаным-тұғырнамасын алыс болашаққа ыңғайлы келерлік студенттердің моделін сомдауға бағыттайды.

Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский,В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. 
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат — адамшылық, оған жету жолы — білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді.» Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика туралы жалпы түсінік бере отырып, оның өзге елдерде және Қазақстандағы дамуымен таныстыру.

Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстандағы дидактиканын даму тарихын
  • Дидактиканын мәні мен маңызын
  • Дидактиканын әдістері мен формаларын нактылау

  

1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде

 

 

1.1 Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы

 

 

«Дидактика» - бұл ежелгі грек  сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәләлдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш  енгізген неміс педагогы Вольфганг  Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін  жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай  оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап  береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.

Дидактиканың ғылыми негізін  салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592—1670). Оның «Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен  принциптері және сынып сабақ  жүйесі баяндалған.

XVII ғ. швейцар педагогы  Иоганм Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің  жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім  беру әдістерінін, негізін жасады.

XIX ғ. неміс псдагогы  Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек  (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын  баяндады. Оқыту процесінде әр  түрлі ережелерді қолдана білуді  атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес  ерекшеліктерін есксру, жағынан  қашыққа, оңайдан күрделіліке  кошу т.б.

К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупска П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың  Б.П.Есипов, М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин  т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері  жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді

Педагогика ғылымының  «Дидактика» саласында белгілі  қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен  еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін  косты.

Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын  оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту  әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім  алуға ынталарын арттыратын, сөзімін  оятатын жол.

Ы. Алтынсарин бірнеше оқу  құралдарының, солардың ішінде рус  тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. Осы оқулықтар мен оқу  құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды  ұйымдастырған алғашқы қазақ  педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен  өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген  педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тошкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика»  және әдістеме мәселелерін оқыту  мен білім берудің негізі деп  карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабйдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту  процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары  Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің (1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың  еңбектері игі әсер етті.

Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың  дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері практикалық проблемаларды  шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен. нені оқыту керек, қалай  оқыту керек, не үшін оқыту керек  деген дидактика сұрақтарына  қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім  шеңберімен қаруландыру, олардың бойында  адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым нгзінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Оқыту мен тбілім теориясының дамуына Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтың қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех  педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

•оқушыларды мектепке белгілі бір  уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

•оқушыларды сыныптарға бөлу;

•әр сыныпқа бір бөлме беру;

•күніне 4 сабақ өткізу;

• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

•қоңыраудық соғылуы;

•тәртіп;

• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;

•сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.

Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.

Оның  оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы  үшін маңызы зор болды.

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Информация о работе Дидактика туралы тусінік