Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 20:24, курсовая работа
Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.
Кіріспе 4
1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде
Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері
Дидактиканың ғылымилық принципінің жүзеге асыру жолдарының ерекшеліктері
- Оқыту әдістері арқылы
оқушыларды ғылыми әдістермен
таныстыру, оларды
Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
Ғылымдағы жаңалықтардың
жан-жақты байланыс-тарын
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.
Жүйелілік пен бірізділік принципі
Бұл принциптің өзекті негіздері:
адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін
өзара байланысты түсініктер жүйесі
қалыптасқанда ғана, оның білімі толық
және шынайы болады; оқылатын оқу материалын
белгілі реттілікпен оқушыларға
жеткізгенде, олардың санасында
ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі;
ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының
ішкі логикасына және әрбір оқушының
таным мүмкіндіктеріне
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.
Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыс-тарды пайдалану.
Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытын-дылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
- Табиғатына байланысты,
шәкірттер бірнеше сабақта
- Оқушылардан әр тарау
мен бүкіл бағдарлама бойынша
білім, дағды,білік жүйесін
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдің ''бүгінгі оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады'' өсиетін нақтылай түседі. Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның ''тәжірибе - танымның ілкі бұлағы'' қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе - ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.
''Алтын ереже'': көруге
болатынды - көрсету, есіте алатынды
- естірту, сезіне алатынның
Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету.
Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады.
- Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады.
Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.
Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.
Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. - Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
Көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек.
Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.
-Көрнекі құралдарын оқу
пәндерінде нақтылы өз орнында
оқушылардың жас, таным
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.
Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы қажет.
Оқушылар білімдерін сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру.
Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету. Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы білімді жадында сақтату.
Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге машықтандыру.
Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқуға, білімге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі болса, оқушылардың оқу-таным әрекеті ерікті, қуанышты болып, білімдері ұзақ уақытқа дейін сақталады. - Білімнің беріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу, сабақ кезінде бос не басқа нәрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
Логикалық түрде берілген, алынған, қайталанған білімдер мен біліктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берік екенін ұмытпау.
Оқушылардың ерікті және еріксіз зейінін тиімді пайдалану: тікелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына мысал, мақал-мәтелдерді қолдану.
Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін нығайту-дың әр түрлі әдіс-тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру.
Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар шаршауының алдын-алу.
Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру.
Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу. Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар білімінің ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын қамтамасыз ету.
Сәйкестік принципі
Бұл принцип ғасырлар бойы
жинақталған педагог-тық
Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен нәтижелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп оқыту.
Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.
Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескере оқыту.
Оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену.
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әдістерді анықтау.
Оқушылардан мүмкін еместі талап етпеу, тапсырма өте жеңіл де, өте қиын да болмауын ойластыру.
Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу.
Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа және нашар оқушыға сүйеніп оқыту.
Сәйкестік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына тәуелділігін ұмытпау.
Сәйкестік - жеңілдік емес, оқушы
еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ
оқушыға өздігінен білім
- Сәйкестік еңбекқорлықпен
байланысты, еңбекқорлық күшейген
сайын оқу сәйкестігі
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы
Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың ішінде аса кең танымал болғандары: 1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты; 2) Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты; 3) қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты.
Тəрбиелік
оқу бағыты. Негізін салған неміс
философы жəне педагогы И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің
дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы
түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін
көрсетті, онымен бірге этика мен
психологияның соңғы
- тұлға
ұмтылыстарының бағытын,
- өз
еркін басқалардың еркіне
- адамдар
арасындағы дау-дамайдың
- басқалар
тарапынан болған көңіл
- адамның
ерік сезімін оның ниеттері
мен наным-сенімдеріне
Бұл жүйенің
негізгі ерекшеліктері
Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы – оқу сатыларын бөлектеу болды. Оның дидактикасындағы схема келесідей: түсініктілік – байланыс – жүйе-əдіс. Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту жəне түсініктерден теориялық сипаттағы ептіліктерге жету жолымен жүргізіледі. Бұл схемада, байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу мазмұнынан ажыралып, барша сабақтарда жəне барлық пəндерге арналған оқу процесінің желісін айқындайды.