Дидактика туралы тусінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:- арнайы;- жалпы логикалық білімдер.

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы ретінде
Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы
1.2 Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері
Дидактиканың ғылымилық принципінің жүзеге асыру жолдарының ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

Дидактика туралы түсінік.docx

— 63.65 Кб (Скачать файл)

Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

мұғалімнің қатты сөйлеуі;

• суреттердің бояуының ашықтығы;

•әсердің күштілігі;

• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.

Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ  заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге  түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.

 

 

 

1.2 Оқу процесінің мəні жəне  дидактика жөнінде түсінік

 

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген  ұғымды білдіреді. Дидактика білім  беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен  оқытудың   мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.

Дидактиканың негізгі  категориялары: білім беру, оқьггу, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі жәнс оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім  беру мен оқыту проблемаларын  терең зерттеуге, педагогикалық  озат төжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне  енгізуге байланысты.

Дидактика коптеген проблсмаларды  зерітейді. Солардың інінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады,

  1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
  2. Әрбір пән бойынша сабак берудің сапасын арттыру.
  3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиемен оқыту, косіптік бағдар беру.
  4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастарды жан жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне жәнс кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оку бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі цикілдері кіреді: гылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пондерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқып баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысты  болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғалым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұгалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік озара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И.П. Волковтың «Творчестваға баулимыз», В.Ф. Шаталовтың «Баршаны да, әркімді де оқыта білейік» еңбектерімде сабақты өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердін идеяларын сабақ үстінде шығармашылықпен пайдалану окыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі.

Қәзіргі кезде еңбек тирбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы-мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, шеберханалар оқу тәжірибе учаскелері, окушылардың өндірістік бригадалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т.с.с.

Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне йгі істер етеді.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. 

Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялык, процесс т.б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не?

Процесс бұл ілгері қарай  қозғалыс және қандай болса да нәтижесінің  жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.

Оқыту процесі терең берік  және дәл білім алу таным жолындағы  оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі — бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған озара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың озара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады.

Оқыту процесін іске асыру  белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады.

Құбылыстар мен процестер  арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын  өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң  деп білеміз.

Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны,  сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам  талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика  ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.

Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным  әрекетін ұйымдастыру.

Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.

Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары:

Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға  ықпал етуі туралы заң.

Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара  байланысы туралы заң.

Педагогикалық процестің  бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.

Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы  туралы заң.

- Оқу іс-әрекетінің жеке  және ұжымдық түрлерінің бірлігі  және өзара байланысы туралы  заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

 

 

 

1.3 Оқу процесінің қызметтері мен принциптері

 

Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.  Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.

Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге  жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.

Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін  оқытудың мақсаты мен  заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың  категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.

Дидактикалық принциптердің  қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін  білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген   қызығушылықтар пайда болады.

Дидактика принциптері оқыту  процесінің негізгі буыны ретінде   ірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар  бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі: ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы.

Осы принциптерді талдаудан  алдын принциптер мен ережелер байланысына  тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы  принциптерге негізделген белгілі  жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту  принциптерін қолданудың тәжірибелік  жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Осы жерде айта кететін  жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау  ұстаздың қолын байлап қояды; ереже-лерге  немқұрайлы қарау оқыту сапасын  төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.

Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.

Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған  принцип-тер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық ролі; ынталан-дыру; проблемалық  оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеу  бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру  принциптері.

Енді принциптер мен ережелердің  мәнін ашу жолдарын қарастырайық. Ғылымилық принципі

Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен  ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.

Аталмыш принципті іске асыру  үшін педагог орындайтын негізгі  талаптар:

- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазіргі  даму дәрежесіне сәйкестендіру,  жаңа әдіс-темелер мен жаңашыл  ұстаздардың тәжірибесін қолдану. 

- Оқушылардың ғылыми диалектикалық  ойлау қабілетін дамыту, бастауыш  мектептің өзінде тек индук-циялық  ғана емес, дедукциялық оқытуды  енгізу.

-Шәкірттерге жаңа ғылыми  ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде  қайталау, пайдалану, қолдану, іске  асыру. 

Информация о работе Дидактика туралы тусінік