Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Августа 2015 в 21:51, реферат

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1. ҚИЫН БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
1.1. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі...................................................................7
1.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны ............................9
2. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі........................................................................................................18
2.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар........................................25
Қорытынды....................................................................................28
Әдебиеттер тізімі............................................................................29

Файлы: 1 файл

гульназ.docx

— 54.70 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе................................................................................................3

1.  ҚИЫН БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ

1.1. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі...................................................................7

1.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық  
іс шаралар мазмұны ............................9

2. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ 
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

2.1. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі........................................................................................................18

2.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар........................................25

Қорытынды....................................................................................28

Әдебиеттер тізімі............................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: 

«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.  
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филиологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады. 
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді. 
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

а) адамгершілік сананы қалыптастыру;

ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;

б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру. 
Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны. 
«Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.

      Қиын балалардың басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез- құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді. Қиындықпен тәрбиелену- баланың теріс мінез- құлқы, дау- жанжал. Дау- жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез- бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады.

Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі біздің Қазақстанның жарқын болашағының тағдыры бүгінгі таңда талқыланып отырған өте өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, мен осы тақырыпты таңдадым.

Сондықтан  қазір жалпы білім беретін  мектепте «қиын»  баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса өзекті педагогикалық  әрі  әлеуметтік проблемаға айналды. Қиын  бала  ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық  тәртіп сақшылары үшін – ол  тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер  ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді бағынбайтын  сотқар бала.  Бұл  баланы қалай түзетеміз?  Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі  әлеуметтік педагогтар «қиын»  бала тәрбисі  төңірегінде мектептің  тәрбие ісінде басшылыққа  алуына  болатындай бір сыпыра оң ұсыныстар беруде. Атап    айтсақ, олар.

  • оқушы  баладағы  құндылық  бағдарының  мазмұнын  анықтау;
  • отбасы  тұрмысындағы  қарым-қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы  ата-ананың  іс-әрекеттерін зерделеу;
  • баланың  сабақтан тысқары уақытын қадағалау;
  • баланың  шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық немесе басқадай рөлін, көшеге  қызығушылық деңгейін зерттеу;
  • баланың  девиантты тәртібінің себептерін  анықтау;
  • «қиын»  баланың  болу  себебін педагогикалық тұрғыдан анықтап  алу;
  • «қиын»  балаға  көмек  көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде  тәрбие жұмысын жүргізу  және т.б. Ал  орыс  халқының  ұлы  педагогы әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші -  ұстазы

А.С.  Макаренконың  әрбір жас өспірімнің өзіндік ерекшеліктеріне сай жеке қайта  тәрбиелеу  әдісі бұл күндері мектептегі тәрбие ісінде ерекше орын алады. Ол әр сынып жетекшісіне, тәлімгерге төмендегідей ақыл-кеңес  береді.

  • қиын  баланың  пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие  жағдайын  айқындау;
  • мінез-құлқында  аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;
  • отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты  жүйеге  түсіру;
  • «қиын»  баланың  ынта-ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы  еңбектерге  қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінмен орындауға бетбұрыс жасату;
  • өзін-өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететіндігіне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге  үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық  ынтымақтастық  қатынаста болу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі 
Зерттеу міндеттері: 
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу; 
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу; 
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау; 
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу; 
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету; 
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау; 
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну

Зерттеу объектісі: қиын балалар 
Зерттеу пәні қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер 
Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық. 
Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде

    1. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі

 

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Блонский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.[7]

 Қазіргі уақытта балалар  мінез-құлқының бұзылу себеп-салдары  әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон, Г.П.Медведев  т.б.), клиникалық (Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В.Ковалев, Г.Е.Сухарев т.б.), криминологиялық (М.М.Бабаев, К.Е.Легошев, В.Н.Кудрявцевт.б.)  аспектіде зерттелуде.

Қиын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды. Соның ішінде мектеп оқушыларын қазақтың халық педагогикасы арқылы этикалық-адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері педагог-ғалымдар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж..Наурызбай, Қ.Бөлеев, Қ..Қожахметова, Ж.Намазбаева, Ә.Қамақ, Н.Көшеров т.б. еңбектерінде ерекшеленген. Біздің проблемамыз тұрғысынан О..Нұсқабаевтың, Г.Аңламасованың ғылыми-педагогикалық еңбектерінің мазмұны аса құнды.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік формадағы  антиқоғамдық мінез-құлқы тән  балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық  агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен  қарым-қатынасы жаман, эмоциялары  бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі  кекшіл балалар.[1]

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының әлеуметтік  және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала  немесе шектен тыс қамқорлық.

Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады. [9]

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны