Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Августа 2015 в 21:51, реферат

Описание работы

Зерттеу міндеттері:
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1. ҚИЫН БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
1.1. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі...................................................................7
1.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны ............................9
2. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі........................................................................................................18
2.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар........................................25
Қорытынды....................................................................................28
Әдебиеттер тізімі............................................................................29

Файлы: 1 файл

гульназ.docx

— 54.70 Кб (Скачать файл)

Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.

Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.

Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.

Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.

Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. [6]

Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.

Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген. [10]

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және  жан жарақаты бар оқушылар;

2.Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз. [11]

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақта бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагогтың оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс істеуде біршама қиындықтарға кезігеді.

Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті

Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.

Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.

«Қиын» оқушыларда адамгершілік  қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді. [1]

Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.

 

    1. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық  
      іс шаралар мазмұны

 

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, күні бүгінгі дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келе жатыр. 

Зерттеушілер В.И.Куфаев, И.А.Невский, Л.К.Керімов қиын оқушыларға тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге тырысты.

В.И.Куфаев өз еңбегінде «... өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әртүрлі себептерге байланысты»  қиын оқушылардың әрқайсысына тән ерекшеліктері болатынын, сондықтан «мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуды талап етеді» - дей отырып,  қиын оқушыларға мақсатқа бағытталған адамгершілік тәрбие  беру мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай мәселелердің шешімін табу қажеттілігін көрсетті:

- балалардың өз бетімен  жүруіне қарсы күрес жүргізу  мәселелері;

- оқу орындарын балалардың  денсаулығына, әлеуметтік және педагогикалық  бақылаусыз бетімен кетуіне және  сонымен қатар тәрбиеленуі қиын  балалармен жүргізілетін тәрбие  жұмыстарының түрлері мен тәсілдеріне  қарай айырып бөлу қажеттілігі;

- тәртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін тәрбиешілердің арнайы білімі болуы;

- тәртібі қиын балаларға адамгершілік тәрбие беруді қоғамдық пайдалы еңбек барысында жүзеге асыруды белсендіру [7].

 И.А.Невский тәрбиеленуі қиын оқушыларды топтарға бөліп, оны үш жағдаймен түсіндіреді:

а) педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы;

ә) әлеуметтік тәрбиесінің дұрыс болмауы;

б) психикалық қалыпты нормадан ауытқуы.

Ал тәрбиеленуі қиын оқушыларға тән ерекшеліктерді мынадай үш топқа бөледі:

1. Білімі. Тәртібі қиын оқушылардың оқу және әлеуметтік-этикалық білімі өзінің өте кемдігімен, жүйесіздігімен және түсінігінің қателігімен ерекшеленеді.

2. Дамуы. «Қиын» оқушылар әдетте өзінің ақыл-ой қабілеттілігі, сана-сезімінің өсіп-жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып, жұмыс істеуге қабілеттіліг төмендеп, кейбір психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі, еркі, сөйлеуі, сезімі, т.б.) байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-ойы, психикалық қасиеттері өз деңгейінде дамыған да болып келеді, керісінше, теріс бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды жағдайларда аса қырағы, байқағыш, көреген болып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін қойып тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан мұндай оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, өзінің айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, тәртібін жақсартуға болады.

3. Қатынасы. Тәртібі «қиын» оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктері сабаққа, ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетсіз болып келетіндіктері. Ал бұл жағдай олардың оқудан әр уақытта да үлгермеушіліктері, еңбек ету дағдыларының жоқтығы, оқу пәндеріне, жалпы білімге, оның нәтижесіне қызықпаулары, еңбектенуге қабілетсіздігі және осыларға байланысты болатын жағымсыз жағдайларды олардың әр уақытта да уайымдауынан болады. Мұның барлығы да олардың басқалардың еңбегінің нәтижесін пайдалануға дағдылануынан, басқаның еңбегін қадірлемеуінен келіп шығады. Тәрбиеленуі қиындар кейде мектептің мүлкін алып кетеді, терезені, мектеп мүлкін қиратады, өсімдіктерді бүлдіреді. Олардың тек қана оқу пәндеріне, еңбектенуге, басқалардың еңбегінің пайдалы нәтижесіне қызықпаушылық қабілеттері ғана төмен емес, тіпті, кейде жалпы адамды рухани бай ететін, адамның адамгершілік қасиетін жақсартатын әдебиетке, өнерге, тарихқа, жаратылыстануға, табиғатқа деген қызығушылықтары да төмен болып келеді [8].

Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан қазақстандық белгілі ғалым Л.Керімов әлеуметтану мен заң ғылымдарында, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, «қиын» балалар сиқты терминдік ұғымдарды анықтайды. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп, жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындарды жатқызады. Олардың мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әртүрлі ұрлықтар жасау, т.б. қылықтар кездесіп отырады.

Педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарда жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, мұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады. «Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балаларды жатқызады [9].

Сонымен қатар Л.Керімов қиын оқушылардың адамгершілік сапаларының төмендеуіне отбасы тәрбиесінде кеткен қателіктермен қатар, мұғалім мен олардың арасындағы қарым-қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді де бөліп көрсетеді:

1. Мораль белгілері мен  заң ережелерін ұстамауға бейімділігі  бар оқушыларды  алдын-ала айқындай  алмау.

Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының  дара ерекшеліктеріне, адамгершілік  тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне көңіл аудармаған. Мектеп ұжымы тәрбие жұмыстарын жоспарлы қадағаламаған.

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны