Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Августа 2015 в 21:51, реферат
Зерттеу міндеттері:
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну
Кіріспе................................................................................................3
1. ҚИЫН БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ
1.1. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі...................................................................7
1.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны ............................9
2. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ОТБАСЫНЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі........................................................................................................18
2.2. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар........................................25
Қорытынды....................................................................................28
Әдебиеттер тізімі............................................................................29
2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмай, яғни жеке психологиялық ықпалдар жасай алмаудан барып, этикаға жатпайтын тәсілдерді: ұрысу, әрбір «қылықтарын» талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай да бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б қолданған. Дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімнің ыза-кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.
3. Кейбір педагогтардың
кәсіптік деңгейлерінің төмен
болуы және психологиялық
Сонымен адамгершілік - адамның рухани арқауы демекші , оны тәртібі қиын оқушылар тәрбиесінде қалыптастыруда ғалым - педагогтардың , қиын балаларды зерттеуші -ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып , жұмыс істеудің маңызы зор. Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, педагогтар тәртібі қиын балаларды адамгершілікке тәрбиелеу - әлеуметтік - педагогикалық проблема екендігін түсіне отырып, балалармен, олардың ата - аналарымен , қоғамдық мекемелермен тығыз байланыста болып тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет.
ІІ-тарау. Қиын балалармен
жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі
Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі
және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ
тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің
негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды
орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын
зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ
үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының
мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл
бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін
бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан
кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек
кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең
екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен
сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі
адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан
қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек,
адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық
, сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда
басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен,
оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты
дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің
өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген
ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін
,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс
қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы
келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес
беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап,
құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала
да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі
болып өсуіне берекелі отбасының әсері
мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне
арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны
зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие
жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың
жетіліп қалыптасуында отбасының орны
ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға
қиын атануға алып келетін ата-аналардың
балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы
бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл
қиындықты шешудің негізгі бірден-бір
жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды
орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен
тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог
И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа
бөледі:ұрпақжалғастырушылық,
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді
барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе
және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық
әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы
ахуал ерекше болмақ.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін
жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда
күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда
болуына бірден – бір себепті болатын
және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы
тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті
жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның
көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал,
ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің
көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң
– мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау,
баланың жан дүниесіне көңіл аудармау,
отбасындағы ажырасу және жаңа адамның
отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады.
Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей
тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі
ата аналардың моральға жат қылықтарымен
өз балаларына теріс әсерлер жасаған.
Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз
жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал),
бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің
сезбейтіндігі аян.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Тәрбиесі қиын балалар бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай қиын тәрбиелі балаларды тудыратын себептердің бірі-үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімділікті, яғни қатыгездікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерінің, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата-аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қаиғыларын, ойларын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, кітаптарды бірлесе отырып талдайды. Мұндай отбасы балаларын халқының тамаша рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді. Осылардың бәрі баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік тағы басқа тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, бала білімнен құлықтық сенімге, сенімнен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, отбасы жеке адамның тәртібі мен мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәртібі қиын балалар сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата-аналарын мектепке шақыру, олардың ата-аналары істейтін жеріне хабарлау, т.б. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәртібі қиын балаларды жан-жақты білу мүмкін емес. Оларды жете білу үшін тәртібі қиын балалардың диагноздық белгілерін анықтау қажет.
Ғылыми деректерге қарағанда ондай балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, аномальды қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, т.б.); екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейрімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік, т.б.); үшіншіден, ата-аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары; төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәртібі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:
а) тәртібі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген өнегесін озат мектептердің іс-тәжірибесінен болады.
Біріншіден, педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.
Екіншіден, мектептегі тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырады. Бұл күнделіктер сыныптан-сыныпқа беріліп, ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістері мен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы балаларды әртүрлі жұмыстарға, жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге өздігімен іс-әрекетіне белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.
Сонымен, әртүрлі жұмыстар тәрбиесі қиын балалардың бірігіп, топтасуына және тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара қатынастың жақсаруына мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытттағы ең күрделі мәселелерінің бірі – жеткіншектер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаушылық.
Қоғамға жат осындай қылықтар кейінгі 20-25 жыл аралығында психологтар мен тәрбиеші-педагогтардың зерттеулерінің негізгі объектісі болып отыр. Мысалы, американдық психолог Сирил Берд «Жасы толмаған заң бұзушы» атты монографиясында тәртіп бұзушыларды үш топқа бөлді:
Американдық заңгер А.Бэндура барлық жас заң бұзушыларды негізгі екі түрге жатқызады:
1) Әлеуметтік ортаға
бағынбайтын, қастандық жасауға
бейім жеке жүретін
2) Топтасып қылмыс жасауға бейім тұратындар.
Қазіргі «тәрбиесі қиын» балаларды зерттеуші АҚШ, Англия, Германия педагогтары «қылмыскер балалардың келешегіне тұтқа болатын факторлар, алдымен психобиалогиялық қалып, ал әлеуметтік жағдай екінші орында» деген тоқтамға келіп отыр.
Сондай-ақ, оқушыларға адамгершілік құндылықтарды игеру арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптасу компоненттерін қамтитын белсенді прцесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттер барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалы мен көрініс табатын жағымсыз, яғни девианттық мінез-құлықтан арылуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды да талап
2.1. Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.1
Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы отбасы , мектеп, жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және педагогикалық әдебиеттерде кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар «қиын» балалар сияқты терминдік ұғымдар кездеседі. Біріншісіне кәмелетке жасы толмаған құқық тәртібін бұзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжалдар шығаратын, арақ-шарап ішіп жеке меншік пен қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар жатады. Олардың мінез-құлықтарында , жүріс-тұрыстарында жалқаулық, қатігездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, әр түрлі ұрлық жасау т.б. қылықтар кездесіп отырады.
Ал педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарында жоғарыда айтылған жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар көрсеткенімен, бұндай ерекшеліктер мінез-құлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады.
«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі – дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап – тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.
Қиын балалардың
жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп,
мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын
айқындау, оның ішіндегі адамгершілік
типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің
құра біліп, соның негізінде тәртіпті,
айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық
қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды
ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен
мүмкіндіктеріне және творчестволық талап
– тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін
дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие
процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында
ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде
өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын
әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие
процесінде ең қажетті құралы. Оқушының
жеке басына түскен жағдай, оны ортаға
салуға болмайтындай болса, онда мұғалім
тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу
арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу
кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан
педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып,
әрбір оның баланың бейім қабілетіне,
мінез – құлқына сай онды шығармашылық
қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет.
Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір
әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен
жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті
іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар.
Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру,
мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата –
ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің
күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының
теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде
моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде
моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету.
Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін,
тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей
айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын,
мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің
құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну
өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына
колма береді. Мектептегі нерв жүйесі
нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын
жүргізу көптеген қиындықтар туғызады.
Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері
мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері
бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын
оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік
– тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы
тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне
себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен көш
жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың
дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген
қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде
өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің
мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар
мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті
сапалардың арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын
оқушы мінез құлқындағы адамгершілік
мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін -
өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді
дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу,
алдын ала олармен бірге атқарылатын іс
шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық
нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре
отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны