Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 11:29, реферат

Описание работы

1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.

2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.

3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Файлы: 1 файл

Баяндама тақырыбы.docx

— 79.66 Кб (Скачать файл)

Баяндама  тақырыбы: 
 
Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі. 
 
 
Баяндама мақсаты: 
 
 
1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту. 
 
2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру. 
 
3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу. 
 
 
Баяндама барысы: 
 
 
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге 
 
оның шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс.  
 
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.  
 
Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым - қатысына байланысты екені анықталды. 
 
Кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі. 
 
Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді. 
 
«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: 
 
> Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар. 
 
> Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар. 
 
«Қиын» оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай - күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте , ата - аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата -  
 
аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар).  
 
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы , яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек? 
 
-Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау. 
 
• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау. 
 
-Танымдық қызығын арттыру. 
 
• Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау. 
 
-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез - құлықты талап етпеу. 
 
• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.

  •  
    Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.

 
• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну. 
 
• Баламен әдепті сөйлесу. 
 
• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды. 
 
«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский айтқандай , « Ата – ана - өз баласының тәрбиесі үшін ел , халық алдында жауапкер». 
 
Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша « қиын » оқушылардың тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір материалдың байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөпірімдер арасында « анау да керек , мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін. 
 
Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік – педагогикалық , психологиялық әдістерді қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз түрде іске асыру керек. Ата – аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің жеке басын сыйламау , адам қатарына санамау) , негіссіз жазалау , көп сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің қатыгез , қатал , ашықтан - ашық отбасы талабын орындамай , өз білгенің істеуге бейім болып өсуіне әкеліп соқтырады. Ымырашылдық жол – бұл , керісінше , баланың барлық талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда қолданылатын әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы баланың барлық іс - әрекеттерін жақтау , балаға жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі қажет: 
 
- Бұрынғысы; 
 
- Қазіргісі; 
 
- Болашағы; 
 
Оқушының мінез – құқының ерекшеліктерін анықтау барысында төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн: 
 
- Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау; 
 
- Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау жұмыстары , шығармалары , т.б.); 
 
- Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтарын жөнінде әңгімелесу; 
 
- Достарымен , ата – анасымен әңгіме жүргізу; 
 
Жазалау мен көтермелеу әдістерін қатар қолдану – педогогтің негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып , мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы мен педагог қарым – қатынас жақсартатыны сөзсіз. 
 
 
Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты? 
 
 
Ата - ана 
 
 
 
 
Мұғалім Оқушы 
 
 
Мұғалімге қандай талап қойылады? 
 
 
 
 
Кәсіби шебер болу Жеке бас ерекшелігі 
 
 
білімді білім дағдыларын бағалау 
 
 
Оқушыға қандай талап қойылады? 
 
 
Зейінді Білімді 
 
 
Өз бетімен жұмыс 
 
Стандарт талаптарын орындау  
 
Сыныптан тыс шараларға қатысу. 
 
Ата – аналарға қандай талап қойылады? 
 
 
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге , балаға , ата – анаға байланысты екенін талдадық , соның ішінде білім негізі – стандрат талаптарын орындау , ал стандарт талаптарын орындау – күнделікті дайындық пен қатемен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады, қатемен  
 
 
жұмыс кезінде оқушыға мұғалім мен ата – ана көмегі , қадағалауы , уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.  
 
«Тек қана ата – аналармен бірге , жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.  
 
Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі.  
 
 
Стандарт талаптарын орындау кімге жүктеледі? 
 
 
Осыған жүгінсек – ата – анамен істелетін жұмыстың сапалылығы.  
 
Ол үшін ата – аналарды әртүрлі ерекшелікутеріне қарай топтарға бөліп алу қажет. 
 
Мектепте жүргізілген тест қорытындысы бойынша ата – ана мен баланың бірін – бірі қаншалықты жақсы білетіндігі анықталды.  
 
Баласын үнемі қадағалап , бағыт – бағдар беруді мақсат тұтатын 
 
ата – аналар жауабы дәл келіп , ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын  
 
ата – аналар жауаптары бала жауабымен үлеспей тұрды .  
 
Оны мынадай түрде талдауға болады. 
 
 
** 
 
 
Осындай шаралардан соң қиын баламен де жалпы сынып оқушыларымен жұмыс атқару жалпының ісі екені сөзсіз.  
 
Осыған байланысты өз сынбында өткізген «Баланың бас ұстазы – ата – ана » атты жиылысындағы бірнеше элементтерді сіздермен өткізбекпін. 
 
 
1.Педагогикалық ойын. (2минут ішінде жазып оқу). 
 
1 топ: Мақтау сөздерін жазу . 
 
2 топ : Ұрсу сөздерін жазу. 
 
2. Педагогикалық сұрақ .( Балаға мақтау сөздер айтып , 2 – ден жарысады). 
 
Сіздің баланыз сізді қатты қуантты? 
 
Сіз не айтасыз? 
 
Қалай қолдайсыз? 
 
3. Ата – ана пікір ойыны.(Төмендегі кестедегі ойдың қайсысымен келісесіз?) 
 
Бала тәртіпсіздік жасай қалса , төмен баға алып келсе ата – ана не істейді? 
 
 
Ештеңе сатып алмайсың! Неге оқымайсың? 
 
 
Ақылсызсың! Қолыңнан ештеңн кемейді. 
 
 
Ұятқа қалдырасың! Енді ешқайда бармайсың! 
 
 
Ата – анлар жиналысында жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты мынандай сұрақтар қойдым. 
 
1.Баланың еркін тәрбиелеген дұрыс па? , әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па? 
 
2.Сіз қандай ата – анасыз? 
 
3.Қайтсек ұлымыз – ұлағатты , қызымыз инабаты болады? 
 
4.Отбасыңызда ұлттық салт – дәстүріңізді қалай насихатсыз? 
 
5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз? 
 
Қорытындылай келсек , бала , ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана нәтежеге қол жеткізе аламыз. 
 
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысың осылай ата – анамен бірлескен әрекеттер негізінде құру – білімнің жаңа түріне көшуге әзірлік ретінде оқыту үрдісінде жаңа құрлымның түзіліуіне негіз болды 
 
Қазіргі құрылым: 
 
*Өзін – өзі тани білу; 
 
*Сенім почтасы(көкейінде 
 
жүрген сұрақтармен бөлісу); 
 
*Үйлестіру кеңесі  
 
сұрақтарға жауап береді. 
 
 
Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл ата – ана екеніне көз жеткізеді. 
 
Ата – ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық? 
 
1.Ата – ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба білді. 
 
2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді. 
 
3.Жантану ерекшеліктері , қабілеттерінің әр түрлі болатыны туралы ата – ананың әуел өзін тануы туралы мағлұмат берілді.  
 
4.Мектепке , педаготарға деген сенімі күшейді. 
 
5.Тәрбие шараларын өздерінің өткізуі (тәрбие сағаттары , мұражайға бару , серуенге шығу, шырша тойы , сынып бөлмесін безендіру , қосымша әдебиеттер , ақпараттар әкелу). 
 
6.Тікелей жұмысына араласуы арқылы ата – ананың педагогикалық – психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды. 
 
7.Ата – ананың жиналысқа қатысуы , белсенділік деңгейінің өсуі байқалды.

Баяндама: Бала және отбасы.

Опубликовал inust в 28 Май 2013 – 18:52Нет комментариев

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Мөңке би ауылы М. Тәжин  атындағы орта мектебі Шағын орталық  тәрбиешісі Ешмағанбетова Жеңісгүл Қорғанбекқызы.

Отбасы – адам баласының  өсіп, өнер алатын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы  отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана  өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмыстарын атқаруға кіріседі.

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі  міндеттерінің өзі ең алдымен  дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер  қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп  көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні, отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі, ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды міне-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне және сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап, жағдайларын біліп отыруы қажет. Мысалы: Кейбір ата-аналар өздері жұмыстан шарашап келіп, балаларына көп көңіл бөлмейді. – Баршы, қазір қолым бос емес! – Қарашы тағы бүлдірдің? – Сенің бірдеңені үйренетін күнің бар ма? – деген сияқты ескерту, шектеу сөздерді айтуы, яғни баланың келешекте тұйық, жасық болып өсуіне әкеледі. Баланы кіналап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Оның орнына балаңыздың әр ісі, қылығына түсіністікпен қарап, өз-өзінің бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.

Баланы еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата-ана балаларын  шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейді, тек өз ойын ғана іске асырып, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай жақсы  көрудің өзі баланың дұрыс  тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұның  нәтижесі кейін баланы да, тәрбиелеген  ата-анасын да түрлі әбігерге салады. Сондықтан ата-аналар баланы әлі  жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп кетеді деп, теріс қылықтарына мән  бермейді. Негізгі баланы мектепке дейінгі шақта көңіл бөліп, әдепті бала болуына ықпал жасауымыз  қажет. Туған баласын кім жек  көреді. Баланы сүю керек, бірақ сүю  мен ерткелетудің үлкен айырмасы бар. Сондықтан ата-аналар шектен тыс  еркелетуден сақ болайық.

Балалар үйде көрген тәрбиесін  мектепте алған білім тәрбиесімен  толықтырады. Отбасында күнделікті болып жатқан үлкен кішілі оқиғалар ата-ананың өмірге, еңбекке көзқарасы, туыстары мен достарына ықыласы, қонақ күтуі, демалыс күнін ұйымдастыруы, баламен қарым-қатынасы барлығы  балаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Бала іс-әрекеті жағынан ата-анасына  үлкенге қарап еліктеп өседеі. Ал үлкендердің үлгісі әрқашанда  жағымды ыңғайда бола бермейтіні шындық. Үлкендер кей кездері орынсыз  дөрекілік немесе жағымсыз мінез  көрсетіп қалады. Әлі кішкентай сәби жақсы мен жаманды айыра білмейтін  бала үшін ондай қылықтар балаға кері кері әсерін тигізеді. Сондықтанда  баланың көзінше артық мінез  көрсету, оларға орынсыз жағымсыз сөйлеуден  сақ болғанжөн. Кішкентай кезінен  бастап ақ бала бойында тәртіптілік  пен ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу, ақиқатшылдық және адалдыққа бағыттау, өзінің мінез құлқына сын көзбен қарай білуге үйретуге тәрбиелеген  дұрыс. Ата-аналардың өзара және баламен қарым-қатынасы жалпы отбасы ішіндегі жағдайдың, қарым-қатынастың маңызы зор. Сондықтан да сөз бен  іс-әрекет қисындылығы зор тәрбие құралы екенін ұмытпауымыз қажет. Абайдың  қара сөздерінде бала туралы «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам  деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем, көрсем, үйренсем. Мұның  бәрі жан құмары, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесінде негзгі көмекші  бірдей бір ата-ана екендігі айдан  анық. Бала болашағына негіз салушы ата-ана. Сондықтан ата-аналар жас  ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті  жүрекпен сезінейік.

Баяндама тақырыбы: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісін дамыту».

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен  еңбегі.Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский тео-риаларын басшылыққа алады.  
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап.екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үй-рету.Біздің елімізде «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мек-теп тәжірибелеріне ене бастады.  
«Сын тұрғысынан ойлау жобасының»ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отыр-ып,оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.  
Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес.Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайджа өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым.Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.  
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:  
1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып,кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-ен-жарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,тобында тал-қылайды.Яғни,айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашыла-ды.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.  
2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орын-дайды.Оның өзен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақы-рыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.  
3.Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі.Күнделікті сабақ барысында оқ-ушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс.Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түй-іп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады.Әр түрлі шығармашы-лықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жете-лейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диог-раммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.  
Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады.Мысалы:  
Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлініп,1,2,3,4-кесанау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 жеке «жұмыс»тобын құрай-ды.Оқуға ұсынылатын тапсырманың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 логикалық бөлікке бөлінеді, мәтіннің 1-бөлігін 1-лер,2-бөлігін2 санын алғандар,3,4 топтарға оқуға тапсырма беріледі.  
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсінуәр оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет.Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек.Осылайша оқушылар бір-бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді.  
Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту,оқығанды есте сақтау үшін тиімдіоқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінудұрыс көзқарас береді.Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Сол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланыңалдына мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.Бұл жобаның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту»бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.


Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі»

Опубликовал inust в 5 Сентябрь 2011 – 20:45Один комментарий

«Жаңа Ғасыр» №175 мектеп-гимназия информатика пәні мұғалімі Шажабаева Гульжан Сауытқызы

Жоспар: 
1. Компьютерлік сауаттылық – өмір талабы. 
2. Бастауыш сынып оқушыларын компьютер әлеміне баулу. 
3. Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту әдістері. 
4. Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. 
5. Қорытынды.

Қазіргі өмір талабына сай  компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық  әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика  пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып  оқушыларына информатика мен  жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу  жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты  қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен  таныса отырып, алдымен теориялық  материалдар жиналады, кейін осы  жиналған материалдарға қатысты  бағдарлама жасалды осы жасаған  бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір  тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге  арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық  – психологиялық теорияға негізделген  көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т  осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика  пәні бойынша өткізілетін сабақтардың  жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.

Оқушылар информатика  пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына  деген көзқарастарының жан-жақты  жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген  пікірлер ұсынылуда.

Информатикалық қоғамда  балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым  – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі  логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы  оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән  ретінде емес, орыс, қазақ тілдері  мен математикаға қолдаушы пән ретінде  жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны  төмендегідей:

- Математика мен орыс  тілі курстарының сабақтастығы;

- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды  мақсатты түрде енгізу, дидактикалық  ойындар мен дәстүрлі емес  мақсаттарды биік деңгейде шеше  білуге үйрету.

Информация о работе Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі