Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 11:29, реферат

Описание работы

1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.

2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.

3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Файлы: 1 файл

Баяндама тақырыбы.docx

— 79.66 Кб (Скачать файл)

        Мектеп  кітапханасы  кішкентай  болғанымен, атқарар

қызметі үлкен.  Кітапханаға  оқушылар  келіп, қажетті  әдебиеттерін  жазғызып  алып  отырады,  білімдерін  толықтырады.Бұл  орын  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарымен  шұғылдануына  көп ықпалын  тигізеді.

Кітапханада  көптеген  іс-шаралар өткізіліп , көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы «Сыр сүлейі – жыр дүлейі», «Жалағашым- жасыл бағым»,    «Кітапхана  рухани қазына».

  Өткізіліп жатқан  іс-шаралар,кітап  көрмелері   баршылық, ал біздің мақсатымыз- оларды тек бір атқарылды деген  белгі үшін емес, жалпы оқырмандар  сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай  етіп өткізу. Кітапхананы шынайы  мәдениет ошағына айналдыру. 

         Бүгінде балаларға арналған көркем  әдебиеттермен мектеп кітапханасының  қоры толықтырылуда. 

Еліміздің азаматтары қазіргі  заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы тиіс қажет. Ол үшін терең  білім, ғылым жаңалықтарын, өткен  тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты  көп оқу керек.

        Кітап-  адам өмірінде маңызды роль  атқарады. Ол енді жерді сүюге,  талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман  әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың  әрбір адамы күнделікті тұрмысында  пайдаланады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге  алады.Кітап – біздің рухани  жан-азығымыз.Балаларды тәрбиелеу  процесінің негізгі бөлігі.Олардың  кітп оуына басшылық ету болып  табылады.Ол кітап оқуға басшылық  ету:оқырмандарды кітап оқу өнерне,оқыған  кітаптардың дүниетанымын кеңейутуге,білімдерді  сарқып білуге,көркем шығармалардың  тамашалығын сезінкге оқығандарын  дұрыс бағалай алуға,өмірде,еңбекте,оқуда  кітапты пайдалануға баулу мақсатын  көздейді.

Блалалармен тәрбие жұмысын  жүргізуде кітахананын ерекше маңызды  болатын себебі,бала кезде оқыған кітап көңілге ұялап қалады,бүкіл  өмір бойына өзінің ізін қалдырады,ғылым  мен мәдениеттің көптеген аса  көрнекті қайраткерлері өздеріне балалық  шақта оқыған кітаптардың қаншама  үлкен әсер еткенін айтады.Мектепте өткізілген конференция,кештерде оқушылар да өздерінің кішкентай кездерінде оқыған кітаптары туралы көбірек  пікірлерін айтады.Әсіресе,жерлес жазушыларымыздың жазған кіиаптары жайлы.

Кітап оқу дегеніміз-балалардың рухани өмірінің бір жағы.Сондықтанда  мектеп оқушысы қалай оқиды және нені оқиды,кітапты қалай түсінеді,кітап  оның қандай ойын оята алады,кітапқа  деген ықыласының түсу себептері  қандай екенін сынып жетекшілеріменен бірлесіп жүргіземін.Оырмандар кітапханасы  мен байланыс кітапшасын жүргізеді.Онда әр оқырманның кітапханада немесе басқа  жерлерден алып оқыған кітаптарынын есебі жүргізіледі.Ал кітапханада  әр сынып бойынша   әр  тоқсаның  аяғында  реитинг  жасалады.

Кітапхана  - дүниеде ештеңеге  теңестірмейтін  білім  білім  бұлағының  көзі. Қоғамның  өсуі, адамзаттың  өсіп  -өркендеуі   кітаппен  тығыз  байланысты.

«Кітап –білім  бұлағы »  демекші,  осынау  білімнің  тұнық та  мөлдір  бұлағынан  шәкірттерді  сусындатып, олардың  рухани  дүниесын  молайтып,  тағылымы мол  тәрбие  ошағына айналып  отырған кітапхананың  мектепте алар орны  орасан зор.     

 Кітапхананың  қазіргі   кезде, жас жеткіншектердің   өскелең  талабын  қанағаттандыруда, жалпы  қабілетін, ой-өрісін  дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын  қалыптастыруда  оқырманның  қызығушылығын   арттыруда, алатын  орны  ерекше.  Сонымен  қатар,кітапханамызда  оқырмандарымызды  қызықтыру   үшін  сынып  жетекшілерімен, пән   мұғалумдерімен  бірлесе көптеген  іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кітапханада  Елбасы Жолдауына  байланысты 

«Жолдаудың  Жарқын  Жолдары» атты кең колемде кітап кормесі  жасалынып, Н.Ә.Назарбаевтың  кітаптары,барлық жылдардағы  Жолдауларды биылғы жолдаудың  ерекшелігі  жөнінде  оқушылар  арасында баяндамалар  оқылып, талқыланды.Қазақстан  Республикасының  рәміздерін  қстерлеу ,құрметтеу  бағытында «Ел рәміздері »  атты   дауыстап оқу 3-4 сыныптармен  өтілді. «Менің  елім -Қазақстан» атты кітап көрмесі көрмесі жасалынып,

«Егемен елдің  ұрпағым\ыз » атты  библиографиалық  шолу өтті.

«Темекінің  адам  ағзасына  зияны» туралы лекция, «»           

Баяндама:"Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы "

 

 

 Егеменді еліміздің талабына сай  мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді  де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға  тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін  дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде  көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс  сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға  болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды  қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында  балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста  қолдана білуге жаттықтыру ісіне  ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың  негізгі бір міндеттері болып  есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы  заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас  жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: - балалардың сөздік қорларын дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту; - үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты  міндет саналады. Осы аталған міндеттерді  тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде  басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның  ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын  тигізіп, таным белсенділігінің  дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының  өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз  барлық дамудың баспалдағы, бәрін  білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру  жұмысында ойын сабағы ең негізгі  орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру  барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ  мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен  салыстыруға, оларды қасиетіне қарай  ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі  жетекші бола отырып, балаларды ойнай  білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі  оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра  отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен  қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз  болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды  таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі  етіп өткізуіне болады. Заттармен  ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың  жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел  үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Тәуелсіздік мерекесі  
 
1. Баяндама  
 
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  
 
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.  
 
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  
 
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.  
 
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

БАЯНДАМА: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы»

«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі  жауапкершілігі»

Ата-ананың мектептегі алатын орны         

 Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы  да, ілгері апарушы да-балалар,  яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің  болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс  ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім  емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз  берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне  апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім  және ата-ананың орны бөлек.

Мақсаты:

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты  ұрпақ тәрбиелеу.  

1.     Сынып жетекшінің атқаратын міндеті

2.     Ата-ананың атқаратын міндеті

3.     Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже

Сынып жетекшінің міндеті:  

1. Ата-аналармен тығыз байланыста  болу;

2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық  және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына  тарту;

3. Әр оқушының жеке басының  қасиетін, психологиялық ерекшелігін,  жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың  кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік  көзқарасын қалыптастыру, қабілетін  және танымдық қасиетін дамыту;

4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын  өткізу;

5. Ата-аналар комитетімен кездесу;

6. Оқушылардың құқықтарын және  әлеуметтік жағдайын қорғауға  көмек көрсету;

7. Өз сыныбында сабаққа қатысып  отыру және  пән мұғалімдерімен жұмыс;

8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды  дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

Ата-ананың міндеті:

1.     Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2.     Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3.     Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4.     Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5.     Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6.     Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;        

 Ата-аналармен жүргізілетін  жұмыс неғұрлым тиімді болуы  үшін олармен байланыстың әрқилы  түрлерін қолдану қажет. Кейбір  сынып жетекшілері тоқсанның  аяғында үлгерім қорытындылары  туралы ата-аналар жиналыстарын  өткізуімен және оқуға үлгермеуші  немесе тәртіпсіз балалардың  ата-аналарын барлық уақытта бірдей  келісіп әрекет жасамауы мүмкін.

Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын  кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші  қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып  жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез  келген мәселенің жауабы ата-аналармен  шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл  мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя  білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер  байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын  өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі  жайлы шешілетін көптеген жолдары  бар.         

1. Оқушының жанұясына  барып тұру.

Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі  өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.     

 Ата-аналарын мектепке тек  баласы тәртіп бұзғанда немесе  жаман оқи бастағанда ғана  шақырмау керек. Кейде оқушы  өзін жаман ұстамайды, жақсы  оқиды, бірақ сынып жетекшісі  оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру,  оны қандай да бір қоғамдық  пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет  те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя  арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер  кезінде шара қолдануға мүмкіндік  береді.  

 

1.     Ата-аналармен хат алмасу.

Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып  тұру  түрін қолданады.     

     Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.     

     Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.     

     Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.  

2.     Сыныптық ата-аналар жиналысы.

Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.

Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен  және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының  басында және әрбір тоқсанның  аяғында өткізіледі.

Информация о работе Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі