Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 11:29, реферат

Описание работы

1.Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп , ұстаз , ата - ана қарым - қатынасын нығайту.

2. Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру.

3. Адамгершілік , сыйластық , инабаттылық тәрбиеге баулу.

Файлы: 1 файл

Баяндама тақырыбы.docx

— 79.66 Кб (Скачать файл)

Жаңа ақпараттық технологияның  жылдан жылға кең құлаш жайып  дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында  көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер  жинақталуда. Қазірден бастап балаларды  кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың  логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан  дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс  мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер  әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы  мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу  іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1. Бастауыш мектепте оқытылатын  сабақтарда компьютерді жиі пайдалану; 
2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту; 
3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда көрсетілген  әдістердің барлығы бір бірімен  ұштастырылса, жас жеткіншектердің  компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен  дамуы, білімнің негізі болып табылатын  – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат – әрбір оқушыны  информатика ғылымының алғашқы  фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру  мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану  және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика  пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен  үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен  қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның  басты тиімділігі – бұл мұғалімге  бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын  түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық  байланысты күшейте отырып, оқушылардың  дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының  нәтижесін көріп, өз- өзіне сын  көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен  ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі  әдістермен оқытып, осы пәнге деген  бала қызығушылығын арттыратын түрлі  оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ  мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан  бастауыш сынып оқушыларына информатика  сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан  байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бастауыш сыныпта информатиканы  оқыту.

Информатика пәнінің пропедевтикалық  курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға  болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик –  мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз  болатын факторлар мыналар:

- бастауыш мектеп оқушысын  ақпараттық қоғамға бейімдеу; 
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; 
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғылымдарының соңғы  зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы  информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар  компьютермен алғаш танысып, оқу,  ойындық және бастауыштағы пәндер  мазмұнына құралған жаттықтырушы  бағдарламалар негізінде компьютерлік  сауаттылықтары қалыптасады. Бұл  бағытты қолданушылардың пікірінше,  баланың компьютерлік сауаттылықты  меңгеруі – бұл сабақта және  сабақтан тыс кезде компьютерді  өз қажетіне қарай еркін пайдалана  білуі, сондай ақ техникаға  сауатты ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттары  пропедивтикалық информатиканы  меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

- оқу ойын бағдарламалары  мен жұмыс істей білу; 
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану; 
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.

2. Ақпаратты – логикалық.  Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның  элементтерін танып, оларды ажырата  білу қабілеттерін дамытса, екіншіден,  ойлау, есте сақтау қабілеттерімен  қатар байқағыштығын зейінін,  берілген тапсырманы орындаудың  оңтайлы, тиімді жолдарын таба  білу қабілетінің дамуына әсері  мол. Психологтардың зерттеуінше,  ойлаудың логикалық құрылымының  негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.  Сондықтанда алгоритмдік даму  қабілеттерін барынша ерте жастан  қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі  туындайды.

3. Шығармашылық. Бағыт бойынша  оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін  қолдану арқылы баланың кішкентай  кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының  қалыптасуына жол ашу, үздіксіз  білім алуға дайындаудың тиімді  жолдарын іздестіру. Басты мақсаты  – оқушы зерттеуші есебінде.

4. Дәстүрлі курсқа информатика  элементтерін қосу. Ғылымдардың  зерттеулері бойынша, оқу процесінің  тиімділігін арттыруда ақпараттық  технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі  күні психологтар мен педагогтар  оқу процесінің тиімділігін арттырудың  негізгі тәсілі ретінде төмендегі  шарттарды ұсынады.:

1. Проблемалық оқытуды  қолдану; 
2. Алгоритмдік оқыту; 
3. Оқытуды ақпараттандыру; 
4. Пәнаралық кіріктіру.

Информатика пәні баланың  техника құлағында ойлап отырған  өз замандастарынан кем болмауы  үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің  әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту  формасы. Информатика үшін қазір  әдістерінің жолдары жаңаруда.

Бастауыш сыныптарда информатика  курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

1. Компьютерлік сауат  ашудың бастау негізі; 
2. Ойды логикалы түрде дамыту; 
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; 
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып  табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың  жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге  әртүрлі педагогикалық мәселелерді  шешуге көмектеседі. Информатиканы  ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне  барлық жұмыс түрлерін қосып баланың  шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік  береді.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен  шектелмейді. Бүгінгі таңда демек  болашақта да білім қажеттілігі  адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан  жастардың бүгінгі білімі – болашақта  өз білімін жетілдірудің және өз бетімен  білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды –  оқушыларды үздіксіз білім алуға  дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

                                      Білім кілті-кітапхана.

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен  білім ошақтары-бірінен- бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Кітап-рухани прагресстің  кепілі,ел мен елді, мемлекет пен  мемлекетті жақындастырар,түсінікке  бастар аса маңызды  рухани фактор. Кітап- әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға  бөлеуші. Кітапқа қызықтыру –білімге қызықтыру.

  Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады. Соның бірі айғағы кейінгі жылдары «Мектеп»,«Жазушы», «Алматыкітап»  баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып,жаасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде.

Әр кітап- Отан байлығы  екенін түсіндіре отырып, кітапты  лас қолмен ұстауға, жыртып,жазуға болмайтынын  ұғындыру үшін бастауыш сыныптар арасында «Кітапты күтіп ұстайық» ертеңгілігін бастаймыз.

 Мақсаты:

  1. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғымдыру.
  2. Кітап жасаудағы адам еңбектері.
  3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету,

Көрнекіліктер: білім,кітап туралы жпзылған плакаттар, кітап көрмесі, жазышулар суреттері.

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп  отырмын:

      Балалар,  бұл жол басы жаңалыққа.

      Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

      Соларды  көре тұра калалық па?

      Даналық  -өшпес жарық, кетпес байлық,

      Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?

Осы кезде үлкен кітап  ұстаған оқушы кіреді:

-Балалар мен сәл кешігіп  қалдымау, деймін, кешіріңдер! Сендермен  дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз. Кітап жоғары шығыңыз.

Ән «Елімізді сүйеміз!».

      1-жүргізуші:Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.

  1. Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақша беремін.

            Жақсы көрсе мені кім,

            Мен оны жақсы көремін.

  1. Тілі бар, үні жоқ , 

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

  1. Қабат –қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның алабер,

Айытқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді).

2 –жүргізуші:Тәрбие сағатын жұмбақпен тегіннен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ  «Кітап» деген сөз қайдан шыққан қандай мағына береді, кім айтады?

       Кітапханашы: біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар. Білім туралы Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік,оларды басып шығаруға аға, апаларымыз көп еңбек етті.

  1. оқушы:

Орманшының аялы,

Алақайы өсірген.

Сансыз ағам саялы,

Қағаз үшін кесілген.

  1. оқушы:

Баспаларды күн –түні,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам, кім үшін,

Маңдай тері тамады.

  1. оқушы:

Кітаптарды баршаға,

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

Ән «Ұланымыз ұлы елдің».

  1. оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып әр түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

  1. оқушы:

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

  1. оқушы:

Оқулықты мектебім,

Бекер саған теп –тегін .

Білмейсің –ау сен бірақ.

Қаншама еңбек кеткенін.

  1. оқушы:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Ән «Туған ел».

  1. оқушы:

 –Кітап –ел мен жерді сүю,талапты кішпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

  1. оқушы:

 –Кітаптан әркім ақыл  –кеңес, тәлім –тәрбие,үлгі -өнеге  алады. Кітап біздің рухани  жаи азығымыз.

  1. оқушы:

–Ия, құбылыстарым, кітаптардың да арманы бар. Ол –лас, ұқыпсыз оқушы қолына түспеу.

  1. оқушы:

-Бәріміздің де арманымыз  сол, білімге қызығатын, ұқыпты  балалардың қолына түссек екен!

  1. оқушы:

 –Ия достар, кітап  қадірін білетін, жақсы балалар  көбейе берсін!

      Кітапханашы: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және оған ұқыпсыз қарайтын балаларда кездеседі. Кітапты ерінбей оқысаң , ол саған ақыл айтудан ерінбейтін, жалықпайтын шебер ұстаз.

      Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. 

     

2- баяндама

   Қазіргі кезеңде  мәдениет саласы адамдардың өскелең  талабын қанағаттандыруға, рухани  байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын  қалыптастыруға тиісті болса,  бұл міндеттерді іске асыруда  кітапханалардың алатын орны  ерекше.

       Қазақстанда  кітапхана ісінің дамуы еліміздегі  мәдени құрылыстың жарқын беттері  болып табылады. Мәселен, біздің  №114 орта мектеп кітапханасында 12000- ның үстінде кітап қоры  жинақталған. 

       Уақыт  талабына байланысты кітапхана  ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат  хабарларға деген өскелең талаптарға  сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

       Жас  ұрпақтың санасында туған халқына  деген құрмет пен мақтаныш  сезімін ұялатып, ұлттық рухты  сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен  әдебиетін, тарихи мен өнерін  қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін  аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу  кітаптың еншісінде.

Информация о работе Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі