Карым-катнас педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады [1].

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі
1.1 Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік 5
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері 11
1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері 14
2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары
2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы 18
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара туындау
себептері 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

карым катнаспедагог.docx

— 75.43 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық белсендiлiктi былай  қарастыруға болады; 1) басқару қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен оқушының санасын түсiну ретiнде педагогтың жұмысындағы маңызды жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым – қатынас  болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады. [7, 32 б.].

Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз ересектер  арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік  компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден  түзілетін құрылымдық-мазмұндық  моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды ұтымды қолдана білу арқылы ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды

 

 

 

1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері

 

 

Мектеп өміріндегі мұғалім  – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды  оқытып қана қоймайды, сонымен бірге  оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі  бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер  ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу  керек./5/

Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға  деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Мұғалім-басшы. Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой  ұсынуды талап етеді. Ол үнемі  өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың  жасырын кемшіліктерін және құпия  қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім  кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір  ғана дұрыс көзқарас болу керек деп  санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың  реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас  жасауда шыншылдықтың жоқтығына  әкеліп соғады. 2.Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір аймақтағы  негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел  талап етеді. Ол түсі суық, белгілі  жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай  ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте  суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта  жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін  оқушылар). Соңында оқушылардың оқу  мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді  жек көрушілік пайда болады. 3.Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 4.Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі» - әйгілілік. Оқушылардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы[8, 16 б.].

Қарым-қатынас мәселесі бұл  әлеуметтік психологияның негізгі  проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас  проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар  педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім  болса да балалармен қарым-қатынас  жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс  емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен  қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

Оның себептері:

-өз сыныбындағы әр  баланың психологиясын өте жақсы  білуінде;

-баланың ішкі жан дүниесін  оятатындай жылы сөздер айтуында;

-мұғалімнің этикасы мен  психологиясының дұрыс қалыптасуында; 

-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде,  жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;

-оқу-тәрбие үрдісінде  мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас  түрлерін пайдалана білуінде.

Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі  қиын. Оның себептері бірінші топта  көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен  қарым-қатынасқа түсе алмауының  және оқушымен қарым-қатынастарының өте  қиын болу себептері:

- авторитарлық стильді  пайдалануында; 

-балаларға салқындық  танытуы; 

-балаларды әлеуметтік  жағынан бөлуі; 

-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;

-бала бойынан үнемі  кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы  дер едік. Әлеуметтік психология  ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім»  және «Балалардың өзара қарым-қатынасы»  және қарым-қатынас барысында  болатын қиындықтар біршама зерттелінген.

Қарым-қатынас қиындықтары  эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас  жасауда кедергі келтіретін аталмыш  қиындықтардың пайда болуының өзіндік  себептері бар. Сондай негізгі себептердің  бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі  акселераттар. Психикасы тез дамыған  балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа  тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің  бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын  айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын  сөздер айтылады. 2.Оқу үрдісінде  кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені  уақытты пайдаланам деп тек мұғалім  өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен  санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде  диалогтың жоқ екені де жасырын  емес. 3.Оқушылардың іс-әрекеттерін  әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас  барысында мұғалім мен оқушы  арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас  барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы оқушылардың өзіне  тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;

-мұғалім өзінің жағымсыз  көңіл-күйінің болмауын қадағалау;

-қарым-қатынаста педагогикаға  жатсөздер айтпау;

-бұйрық емес, өтініш деңгейінде  қарым-қатынас жасау; 

-қарым-қатынаста дау-жанжалға  жол бермеу;

-сұхбаттасуда жеке оқушының  пікірін сыйлау;

-қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен  жеке дара қарым-қатынас орнатып,  олармен тіл табысу;

-қарым-қатынаста мұғалімнің  – оқушыға, оқушының мұғалімге  сенуі; 

-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста  болу.

Мысалы, класс жетекші  және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А  класс ұжымына психологиялық  тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың  сабаққа деген ынтасы жақсы, кез  келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез  келген ортада өзгелермен тез тіл  табыса біледі. Сонда да сол класты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы  жеке тұлғалар – лидерлер – бар. Атап айтсақ, Карибаев Ерғазы, Құрмаш Бексұлтан, Айтбекова Жансая, Нұрлаби Талшын. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен  тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді [3, 10 б.].

Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1.Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Оқушыны қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр мұғалім психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық.

 

 

 

 

 

2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары

 

 

2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы

 

 

 

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас  жасау мәселесі-психология ғылымындағы  және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра  зерттеулер мен осы бағытта жинақталған  тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер  мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер  арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін  көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер  арасындағы қарым-қатынас жасауда  әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

Егер кіші мектеп жасындағы  балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын  болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті  мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге  қоятын түрлі талаптарына өздерінше  іштей сын көзімен қарайды. Осы  мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі  сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне  құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек  зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды  мәселе болып саналады.

Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен  арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен  шәкірттер арасындағы қарым-қатынас  орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық  тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен  шәкірттер арасындағы қатынасты  іздестірудегі ғылыми-педагогикалық  бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда  тек ұстазға қажетті сапаларды  сөз етумен шектеледі. Осы кезде  тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып  отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны  жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген  міндет қойылады[9, 28 б.].

Ұстаздар мен шәкірттер  арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра  жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы  бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік  зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары  іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі  мәселе-мұғалімдік мамандыққа қойылатын  жасөспірімдердің талабын психологиялық  тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар  мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық  және методикалық жағынан алып талдау.

Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай  тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін  оқушылардың ой-пікірлері бойынша  қалайша бағаланатынын анықтау  ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары  деп екі жікке бөлінді. Осы  сапалар мен ерекшеліктерден  мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық  қасиеттері мен мамандық біліктілігіне  қойылатын талаптар айқындала түсер  деген жорамал жасалды. Соның  нәтижесінде шәкірттер тарапынан  мұғалімге қойылатын талаптар мен  тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

Бірінші топқа ұстаз бен  шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы  мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше  ықыласты көмек көрсету, олардың  жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді  шәкірттер өз ұстаздарының бойынан  көргісі келеді. Ал, ұстаздардың  бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз  қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз  қасиеттері деп санайды./6/

Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын  талап-тілектер. Мұғалімнің өз пәнін  жетік білетіндігі балаларға  оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты  етіп өткізетіндігі.

Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің  өзара қарым-қатынасына, олардың  өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары  мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл  бөліп, мән беруі, ұстаздың класс  жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.

Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Шәкірттердің ұстаз бойындағы  сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап  көрсетейік:

1. Мұғалімнің адамгершілік  сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;

2. Мұғалімнің өз пәнін  жетік меңгеруі мен ұстаздық  шеберлігі; 

3. Мұғалімнің класс ұжымын  басқарып,оған жетекшілік ете  алуы;

4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы  даралық сапалары, бойындағы қасиет  ерекшеліктері.Арнайы зерттеу нәтижелерін  талдай отырып, мұғалім жайындағы  шәкірттердің пікірлерін топтастыра  отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:

Информация о работе Карым-катнас педагогикасы