Карым-катнас педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады [1].

Содержание работы

Кіріспе 4
1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі
1.1 Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік 5
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері 11
1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері 14
2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары
2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы 18
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара туындау
себептері 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

карым катнаспедагог.docx

— 75.43 Кб (Скачать файл)

Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын  табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан  мұғалімге қойылатын талаптар, олардың  рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім  оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ  ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына  сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық  пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға  деген наразылық, қанағаттанбау  сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады[11, 29 б.].

Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне  тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына  орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы  ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері  тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар.Олардың  сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай  балалармен қарым-қатынас жасау  мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі  мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты  қатынас орнатудың тиімді әдісі  – оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен  үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым шығатын жәйттер жиі болып  тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда  шәкірттермен тиімді қарым-қатынас  орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір  оқушының даралық ерекшеліктеріне  баса көңіл аударады.

Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара  келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер  кездеседі. Мұндайда баланың даралық  ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.

Ұстаздар мен шәкірттер  арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті  жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді. Мұндай жәйттер арнайы іздестірілген  тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден, бір кластағы оқушылардың жеке пән  мұғалімдеріне қатынасы; екіншіден, сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері; үшіншіден, оқушылардың  жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;төртіншіден,мұғалімдердің  класс ұжымымен қарым-қатынасының  сипат Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен  дау-дамайдың туындау себептерін психологиялық  тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне жете түсініп, мектеп тәжірибесінен  жинақталған материалдарды топтастыра отырып іздестірілді. Осы мақсатқа орай мектепте жүргізілген бақылау  нәтижелері 4-кластан бастап, олар 6-класқа көшкенге дейінгі мерзім арасында іздестірілді. Мұндай бақылаудан тиісті қорытындылар жасау үшін 4-клас оқушылары таңдап алынды. Осы клас ұжымымен жүргізілген  бақылау бойынша оқушылардың  бәрін қамтып, олардың мұғалімдеріне  де түрліше көзқараста екенін байқатты. Мысалы, кейбір пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты етіп ұйымдастырып өткізетін болса, онда сабақтарға оқушылар да белсене қатысып, өтілген материалдарды  тиянақты меңгеруге ұмтылады. Ал, кейбір сабақтарда оқушылардың бірсыпырасы  оларға енжарлықпен қатысып, кейбір реттерде оғаш қылық көрсетті. Әдетте мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасында наразылық тудыруға себеп  болады. Мәселен, осы мектептің 5-класында өтілген орыс тілі сабағында кластағы оқушылардың басым көпшілігі  бөгде нәрселермен шұғылданып, өзара  дабырлап сөйлеп отырды. Мұғалімнің тәртіпке шақырған ескертуіне де миығынан қарап  немқұрайлы күйін байқатты./10/

Сабақты талдап, оқушылардың  оғаш мінездерін көрсетудің басты себептері  неде екеніне келсек, біріншіден, мұғалім  класқа басшылық ету ролін көрсете  алмады. Бұл оның даярлығындағы методикалық  елеулі олқылылығын аңғартты. Екіншіден, мұғалімнің өз қызметіне немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Үшіншіден, оқушылардың  бағдарламалық материалдарды тиянақты меңгеруінің тиімді жолдарын іздестірмейтінін сездірді. Керісінше, бұл сабақта  оқушылардың ықылас-зейіні сабақтың бітуіне де бағытталды. Төртіншіден, оқушылардың мінез-құлқына байланысты көтермелеу мен кінәләу талаптары  да орындалмады. Сөзі мен ісі бір  жерден шықпады. Содан келіп мұғалім  мен оқушылар арасында дау-дамай  етек алады. Өйткені, бұл сабақта  мұғалімнің білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұқтаж-тілектерін қанағаттандыра алмады[12, 19 б.].

Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен  керіс-жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы  мінез-құлық мен қызметіндегі кәсіби олқылықтарына байланысты екенін аңғартты.

Мұғалімнің мінез-құлқы  өз мамандығының талаптарына сай  болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар  мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай  жәйттер кімге де болса абырой әпермейді. Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап түсінгені дұрыс.

 

Қорытынды

 

 

Іс-әрекет пен қарым-қатынас  бірлігі жайлы пікір, сонымен  бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын  ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас  іс-әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында  болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы  жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық  па әлде ұжымдық па деген сұрақ  туындайды. Біз іс-әрекеттің екі  формасы да мүмкін дегенді негізге  аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі  іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста  әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын  адамдардың өзара әрекеттесу формалары  болып табылады.

Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - «бір-бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің өзара әрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі  айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы  болып табылады.

Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы ашық көрінеді не жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен  суықтықтан көрінеді. Жоғары моральдық  жауапкершілік бала болашағының  ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын  ата-аналар балаға отбасының басқа  мүшелеріне қамқоршы, қорғаншы болуды жүктейді.

Адамның қоғамдық болмысы  жан-жақты əрi көп деңгейлi аралық қатынастардан құралады. Ал осы қатынастар арасында өзiнiң ерекше мəнi мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс - бұл тiлдестiк қатынастар.

Тiлдесу барысында адамдар  өзара əрекеттiк байланысқа келiп, тұрмыс-еңбек тəсiлдерi мен нəтижелерiн, əрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерiн, қызығулары мен сезiмдерiн жəне т.б. өзара белiседi, алмасады. Тiлдестік қатынас бiршама дербес құбылыс ретiнде қабылдануымен, субъектi белсендiлiгiнiң ерекше бiр формасы ретiнде көрiнедi. Тiлдесу қызметiнiң нəтижесi - өзгертiлген, болмаса қайта жасалған дүниелк не идеалдық өнiм емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.

Тiлдесудiң жеке адам деңгейiндегi сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызмет үш түрге бөлi недi: ақпараттьың тiлдесу, реттеу тiлдестгi жəне сезiм бiлдiру тiлдестiгi. Осыдан тiлдестiк қатынастң ұш түрлi мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал жəне адамдарды   бiрiн-бiрi түсiнуi.

Қарым-қатынас мәселесі бұл  әлеуметтік психологияның негізгі  проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас  проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады.

Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар  педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген.

Күнделікті өмірде адамдар  келесі адамның мінез-құлқының негізгі  себебін білмейді немесе аз біледі. Мәліметтің аздығына байланысты  адамдардың мінез-құлқының себебін, кейде үлгі мінез-құлықты немесе жалпы мінездемелерді бір-біріне жапсыра бастайды. Әлеуметтік психологияның ерекше бір саласы каузальды атрибуция осы процестерді талдайды. Атрибуция теориясы өзіміздің және басқа адамдардың мінез-құлқының, жүріс-тұрысының себебін қалай түсінетіндігімізді түсіндіреді..

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.
  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
  3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
  4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б
  5. М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Ана тілі», 1992 - 65б.
  6. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
  7. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
  8. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
  9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
  10. Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.А.С.Макаренко . Шығармалар . 5 том М.РСФСФР АПН Баспасы 195. 210 бет Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.
  11. В.Сухомлинский Коллективтің құдіреті күші Алматы «Мектеп»

1989

  1. Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.

 


Информация о работе Карым-катнас педагогикасы