Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 17:36, курсовая работа
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады [1].
Кіріспе 4
1 Білім процесінде мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынаспен іс-әрекетің ролі
1.1 Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік 5
1.2 Педагогикалық қарым-қатынас негіздері 11
1.3 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері 14
2 Тәрбие процесіндегі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынастын анықтау жолдары
2.1 Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастын педагогикалық маңызы 18
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара туындау
себептері 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:
а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;
б) оқушыларға сенім білдіру;
в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;
г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;
ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі;
е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;
ж) шәкірттердің табысы мен
ықылас-ынтасын тез
з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы;
б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі;
ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.
Үшінші топтағы сапалар: а)қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;
ә) оқушылардың белсенділігі
мен дербестігін бағалап,
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;
в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;
ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;
д) әрбір нәрсені істей
білетін шебер ұстаз
Төртінші топтағы сапалар:
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі;
ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген
сапалар шәкірттердің ұстаздары
жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді.
Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар
өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-
Бірінші топтағы ерекшеліктер:
а)шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды;
ә)ақыл-есі жетілмеген деп санап,оқушыларға көбінесе ақыл айтады;
б)оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;
в)оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды;
г)шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды;
ғ)оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді;
д)шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е)кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;
ж)оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды;
з)оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер:
а)оқу материалдарын оқулық
шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі:
ә)оқушылардың бағдарламадан
б)сабақты нақты түсіндіре алмайды;
в)сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;
г)оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді;
ғ)оқушыларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.
Үшінші топқа жататын кемшіліктер:
а)мектептегі және кластағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;
ә)балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп,оқушыларға сенімсіздік білдіреді;
б)оқушылардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді; в)класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г)балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз жұмыстары деп санайды;
ғ)ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады; д)қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне берме
Төртінші топқа жатын кемшіліктер:
а)ашуланшақ, күйгелек;
ә)тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын;
б)жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.
Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс[10, 35 б.].
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы
қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің
нақтылы фактілерінен алынып, оларды
салыстыра отырып, өзара топтастырып
көрсетілді. Осындай аталған ұнамды,
ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер
шәкірттер тарапынан
2.2Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара қайшылықтын туындау себептері және шешілу жолдары
Баламен ата-ана арасында
түсінбеушілік туындаған
Өзіңді-өзің тәрбиелеу тәрбиеден де қиынырақ. Тәрбиелеумен миллиондаған адамдар айналысады, ал өзің-өзі тәрбиелеумен саусақпен санарлық адамдар ғана айналысады және өзін-өзі тәрбиелеу ұраны, тәжірибе көрсеткендей ұран болып қала береді.
Баланы - өзгерту қажет емес. Өзіңді де өзгерту керек емес. Біздің күшіміз өзімізге емес, балаға ғана бағытталуы керек, бастысы – баланың қарым-қатынасына жұмсалуы керек. Адам әртүрлі әсерлер мен алаяқтықтардан өзгермейді, адам қарым-қатынас жасаған кезде пайда болған өзіндік рухани әрекеттерден өзгереді. Антуан де Сент-Экзюпери бойынша, адам ол қарым-қатынас түйіні. Ертеректе, Антон Семенов Макаренко былай депті, кеңес педогогикасы - ол қарым-қатынас педагогикасы
Тәрбие құралының түпнұсқасы - өзімізде, яғни өзіміздің жүрегімізде. Ол қызмет етеді, ол тәрбиелейді, тәулігіне жиырма төрт сағат қайталайды. Анасы жұмыста, ал ұлы мектепте немесе аулада болса да анасының ұлына деген әсері тұрақты болады.
Кәсіпкер мұғалімге балаға
қандай дауыспен «бері кел» деп шақыру
керектігін, ырғақ реңдерін көрсетуге,
баламен қарым-қатынас ету
Балаға деген қарым-қатынастың маңыздылығын түсіну үшін, неліктен бір отбасында тәрбиеленген балалар әртүрлі болып өседі, деген сұрақты талқылап көрейік.
Өйткені ата-аналар, өздері байқамай , әрбір балаға әртүрлі қарайды. Тумасынан болған айырмашылық қарым-қатынас айырмашылығына әкеледі. Ата-аналардың өздері де балаға жиырма үш жасында жиырма жасындағыдай қарамайды, сол себептен екінші балаға бірінші баладан өзгеше қарайды. "Соғыс және бейбітшілік" кітабында былай делінген: ата-аналар "Әрқашанда тұңғыш балаларын ақылды көреді".
Қарым--қатынас күшейткіш сияқты. Кішкене өзгешелеу бала, оған деген қарым - қатынас өзгешелеу болған кезде ол бала басқаша дами бастайды. Ата-аналардың барлығы балаларға бірдей қараймын деп ойлайды, олар біреуін мақтап екіншісін одан да күштірек мақтап кеткендерін байқамайды.
Кеңес психологы Алексей Николаевич Леонтьев туғаннан аяғын сылтып басатын ұл туралы мысал келтіреді, Ғалым "Оның тұлғасы қалай қалыптасады?" - деп сұрақ қойып, оның жағдайын айтып жеткізу мүмкін емес дейді. Ақсақтық өз-өзінен тұйықтыққа, көңілсіздікке және басқа да психологиялық қажеттіліктерді тудыруы мүмкін емес.
Шынында да, барлық адамдар ақсақ деп ойласақ - онда ақсақтықтың ұл бала үшін ешқандай мәні болмас еді. Көз алдымызға елестететін болсақ, егер аяғы ақсақтардан ғана патшаны таңдап алатын болса-онда ұл бала патшаға лайықты мінез болып өседі. Егер де барлық аяғы ақсақтарды қуатын болсақ, онда балада басқа мінез пайда болады.. Мінез ақсақтыққа байланысты емес, керісінше ол балаға қалай қарайтындығына байланысты. Адам - өмірге, жұмысқа, адамдарға деген қосымша қарым-қатынас қабілеттілігі; егер мен адамды адам үшін өсіргім келсе, мен балаға адам сияқты қарауға міндеттімін және тапсырманы жүзеге асыратын ешқандай әдістер жоқ деп есептеймін. Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік.
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруына әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардың болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді.
Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1.Орта жастағы мектеп
оқушылары өздеріне ерекше
2.Өтпелі кезең жасындағы
балаларға дұрыс қалып
Мұғалім мен оқушы арасындағы
тартысты туғызатын себептерге оқушылар
тобы, олардың жас және өзіндік
ерекшеліктері, мұғалім мен оның
оқушылар ұжымына басшылық ету стилі
де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында
жүргізілген зерттеу
Оқу ісін жүзеге асырып, оны
бірізділікпен жүргізуде
Жеке бастың өзі ұстанған
адамгершілік қасиеттерге байланысты
кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар.
Баланың өз басына талап қоюы, айналасына
зер салып, әрбір нәрсеге мән
беруі баланың өсіп жетіле бастағанын
көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың
ересек адамдармен қарым-қатынас жасап,
өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық
жағынан да талап-тілегінің өскендігі
деп санау керек. Ересек адамдармен
салыстырғанды мұғалім мен