Кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 01:32, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының мақсаты – кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формаларымен танысу.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- кәсіби білім беру жүйесін оқу;
- кәсіби бағдар беру қажеттілігімен танысып талқылау;
- кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формаларын білу.

Файлы: 1 файл

Аскар Утешов курсовая работа.docx

— 37.44 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Сапалы білім беру - қай  кезде де болмасын қоғамның басты  құндылықтарының бірінен саналады. Ал бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның  интеллектуалдық еңбек үлесі  өсіп, білім деңгейіне және әрбір  жеке тұлғаның шығармашылық даралығының  дамуы мен кәсіби бағыттылығына  қойылатын талаптар арта түсуде.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған  білім алу үшін қажетті жағдайлар  жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен  мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [1].

Сонымен бірге Қазақстан  Республикасының Конститутциясында  еліміздің әрбір азаматына еңбек  етуге тең дәрежеде құқық берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-бабы бойынша «Әркімнің  еңбек ету бостандығына, қызмет пен  кәсіп түрін еркін таңдауына  құқығы бар» делінген.

Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек, бүгінгі Егемен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының құқықтық негізде  қол жетімділігіне сәйкес атқарылуы  тиіс. Дегенмен Кеңестік дәуір кезеңінен  бастап жалпы білім беретін орта мектептерде оқыту, еңбек пен  адамгершілік тәрбиесін берудің  сапасын арттыру, мұғалімдер мен  оқушылардың еңбек нәтижелерін  бағалаудағы келеңсіздік жағдайларды (формализмін) жою, оқытудың өмірмен  байланысын іс жүзінде нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке  даярлауды жақсарту қажеттігі атап көрсетілген [2]. Сол кездерден бастап мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды, оларға кәсіптік бағдар беруді жақсарту және олардың қоғамдық пайдалы, өнімді еңбегін ұйымдастыру туралы арнаулы өкімет қаулысы шыққаны  белгілі.

Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік  жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ  белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу  – ең көкейкесті мәселеге айналып  отырғаны дәлелденді.

Зерттеу тақырыбының мақсаты  – кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формаларымен танысу.

Зерттеу тақырыбының міндеттері:

  • кәсіби білім беру жүйесін оқу;
  • кәсіби бағдар беру қажеттілігімен танысып талқылау;
  • кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формаларын білу.

 

 

 

  1. Кәсіптік білім беру жүйесі

 

 

1.1 Кәсіби бағдар берудің қажеттілігі

 

 

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның  интеллектуалдық еңбек үлесі  өсіп, білім деңгейіне және әрбір  жеке тұлғаның шығармашылық даралығының  дамуы мен кәсіби бағыттылығына  қойылатын талаптар арта түсуде.

Кәсіби бағдар беру –  шешімі табылуға тиісті өте күрделі  кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар  кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс  күшін қайта өндірудің маңызды  құралы болып табылады.

Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіби бағдар беру оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады.    

Кәсіби бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен - педагогикалық, мазмұны жөнінен - әлеуметтік, қорытындысы жөнінен - экономикалық, масштабы (көлемі) жөнінен - мемлекеттік болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептердегі  кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами  алғышарттары жоғары сыныптарда туындайды. Олардың бойында танымдық қызығушылық  дами отырып, жеке мәнді мақсат қою  талабы, кәсіби мүддесі пайда бола бастайды. Алайда, көптеген мектеп түлектері  өзін-өзі және таңдаған мамандығын өз деңгейінде біле бермейді. Соңғы  кездерде жастар арасында ғылыми қызмет беделі төмендеп, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтары  баяу өсуде. Мұндай құбылыстарды жою  үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары  қажет болып отыр.

ҚР «Білім туралы» заңына және Заңнамалық актілерге сәйкес тәрбие жұмысының ортасына әрбір адам қоғам  пайдасына адал қызмет етуге, терең  түсінуге және дайындықты ой немесе дене еңбегін қалыптастыруды алға қояды. Демек, еңбек тәрбиесі адам дамуында шешуші рөл атқарады. Еңбек –  қоғамның материалдық немесе рухани байлығының негізгі қайнар көзі, адамның  әлеуметтік абыройының басты шарты, оның асыл міндеті, тұлға тәрбиесінің  ірге тасы.

Білім беру жүйесі бұдан  әрі де адал, жоғары өнімділік еңбектің абыройын асқақтатуға, жұмыстағы шығармашылық пен ой бөлісуді дамытуға, еңбекке  деген жағымды қатынастардың  бастамаларын нығайтуға басымдық береді. Аталған мәселенің өмірге тәжірибелік  тұрғыдан енуі жастармен жүргізілетін кәсіби бағдар беретін жұмыста сапалы түрде алға жылжуды қажет етеді.

Соңғы кездерде кәсіби бағдар беру жұмыстары қажетті теориялық  және тәжірибе деңгейде жүргізілмейді  және де еңбектің іс-әрекет саласына аяқ  басқан жастарға заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап бере алмайды. Атап айтар болсақ, осы кезге дейін  орта мектепті бітіретін ұлдар мен  қыздардың көпшілігінің таңдаған мамандықтары олардың мүмкіндіктері мен ынтасына сәйкес келмейді, олар еңбектің заманауи түрлері туралы толық түсіне бермейді. Мектеп бітірушілерінің өзіндік  өмірлік жоспарлары, олардың кәсіби идеалдары өте сирек халық  шаруашылығына қажетті кадрларға  қарама-қайшы келеді. Соның нәтижесінде  жұмыс күшінің бөлінуінде үйлеспеушіліктер туады, мемлекеттің еңбек ресурстарын  басқару қиындайды.

Жастардың кәсіби бағыттылығының қалыптасу процесі жалпы бағыттылықтың  бір бөлшегі ретінде күрделі  көп деңгейлі, көптеген әлеуметтік және жеке факторлар мен шарттарға  бағынышты процесс. Зерттеуші П.А.Шавир  бұл процесс субъектінің қызметі  мен оны кәсіби бағдарлар факторларымен  байланысын іске асыратынын дәлелдеді. Өз-өзін танудың психологиялық алғышарттары кәсіби бағыттылық компоненттері деп  санайды.

Кәсіби бағыттылық дегеніміз  – адам бағыттылығының бір бөлшегі, оның ерекше формасы. Кәсіби бағыттылық жалпы бағыттылық аясында қалыптасады  және адамның дамуына қарай оның құрылымында мәнді, жетекші орын алады.

Жастардың кәсіби бағыттылығына  түрткі болатын компоненті ретінде  олардың танымдық қызығушылығы, кәсіпке  қызығуы, белгілі бір іс-әрекет түріне бейімділігі, мамандықты таңдау мотиві, мақсаттық компоненті ретінде –  кәсіби құштарлық, ол мақсат қою және соған сәйкес құрал, жеткіншек осылардың  көмегімен кәсіби мақсатына жетеді.

Білім беру бағытындағы кәсіби бағдар беру мынадай талапқа жауап беруі тиіс: біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық училищелердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және мазмұны органикалық байланыста болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және әдістерімен қамтамасыз етуі керек; екіншіден, ол жүйе бір класта жүргізілетін кейбір тәрбие істері мен оқушылардың жеке қызметін ғана байланыстырмай, ондай байланысты бүкіл мектеп бойынша қамтамасыз етуге тиіс; үшіншіден, ол мектептер мен  оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-техникалық училищелердің бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмыстарын нақты ұйымдастыруға міндетті; төртіншіден, кәсіптік бағдар беру жүйесі оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек.  

Бүгінгі таңда жастардың  көпшілігі жоғары білімді талап  ететін мамандықтарды алуға талпынып жатады. Соңғы кездерде Республикамызда  жоғары оқу орын жүйесі даралана түсіп, мамандық иелері сұрыпталуда. Сонымен  қатар, жоғары оқу орындарына түсушілер  қатары көбейе түсуде.

Қазіргі кезеңде жалпы  білімнің міндеті – баланың жалпылама  дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі  бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Адамның белгілі бір әрекетке бейімделуіне негіз болатын факторлар  бөлігіне мыналар кіреді:

-  азаматтық қасиеті;

-  еңбекке деген қарым-қатынасы, мамандыққа қызығуы;

-  тұлғаның кәсіби еңбек бағыттылығы;

-  дене және ақыл-ой өрісінің жарамдылығы;

-  арнайы қабілеттері (белгілі бір іс-әрекетіне қажетті сапалар);

-  білім, дағды, тәжірибе.

Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік  сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов  алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап саралап білім  беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір  оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын  жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профильдік және оқушылардың  өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» - дейді. Демек, ол елдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бір-біріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады.

Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ  мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді  өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана  білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан  қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің  бірі - әлеуметтік-экономикалық өзгермелі  жағдайларда өмір сүруге дайын болып  қана қоймай, сонымен қатар оны  жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі  нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Осы орайда жеке тұлғаға  бағдарланған оқытудың тұжырымдамасының негізгі бағыты баланы жан-жақты  дамытуымен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім  даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Саналы түрде таңдалған  мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне  әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен  бейімділігі белгілі бір кәсіп  саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт.

 

 

    1. Оқушыларды кәсіби бағдарға баулу

 

 

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады. 

Кәсіби бағдар берудің  негізгі мақсаты жас ұрпақты  саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. 

Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде  білім беру жүйесі Үкіметіміздің  қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың  жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына  лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке  тікелей қатысуымен тығыз өзара  байланысты қамтамасыз етілсін – деп міндеттелген.

Әсіресе өкіметтің қабылданған  қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен 2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі  бағыттарындағы білім беру саласында  мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке тәрбиелеу  ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті алға қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы  да қажет екендігі белгіленді.

Осы орайда Республикамызда  орналасқан әрбір мектептің, өндірістік ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін, политехникалық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жаңғырту міндетін қойып отыр. 

Дегенмен, жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ  ғасырдың өзінде-ақ ше-телдерде де пайда  бола бастады. Атап айтқанда, Францияда «Мамандық таңдауға басшылық» ту-ралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе, ағылшын психологы Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тест-тік байқауды ұсынды. 1968 жылы Гарвард университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон қаласында «Бағдарлау бюросын» ұйымдастырды. Ол оқушыларға өмірде өз орнын таңдауға көмектесуге тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке көшірілді. Мұндай кеңес беретін орталықтар Англияда, Бельгияда, Чехославакияда, Швецарияда, т.б. елдерде дамыды. Ондай орталықтарда негізінен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға кеңес беру мәселесі қойылды.

Информация о работе Кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формалары