Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 01:32, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының мақсаты – кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формаларымен танысу.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
- кәсіби білім беру жүйесін оқу;
- кәсіби бағдар беру қажеттілігімен танысып талқылау;
- кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру формаларын білу.
Осындай идеялар Кеңес
Одағына кіретін елдерде
Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше мамандықтарды иегеріп отырды. Ондай өндірістік орындарында істейтін негізгі күш – жастар болды. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс жолға қойып, нәтижелі ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады.
Ал, бүгінгі күні еліміздің мектеп реформасына орай мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар екенін бірқатар ғалымдар мынандай қасиеттердің болуын дәлелдейді.
Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік қажеттіліктерімен икемділіктерін, қызығушылығын және басқа да қасиеттерін тұрақтандыруда мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап айтқанда «жеке адамның бағыты», яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі.
Сондықтан мамандық таңдауда
жеке адамның психологиялық
Шындығында еңбекке
В.В.Водзинская мамандық таңдаудағы ең бірінші фактор мамандыққа деген қызығушылық деп есептейді.
Сондықтан баланың мамандыққа деген қызығушылығын арттырудың өзі, оның танымдық қызметін, яғни сол мамандыққа байланысты танымдық қызметін арттыру болып табылады. Кейде оқушылар өзінің алдына белгілі міндеттер қоя алмайды, еңбекті сүю қасиеті нашар, немесе мамандық тандауды өз бетінше шеше алмайды. Сондай-ақ, көпшілігі бір істі аяғына жеткізе алмай, екіншісін бастайды. Сондықтан да мұғалімнің шешетін міндеті – оқушының өзінің қызметіне жол көрсету, көмек беру, бір істі тындырымды атқаруына кеңес беру болып есептеледі.
Мектеп оқушыларын еңбекке
кәсіптік қызығушылығын тәрбиелеудің
күрделілігі сол, бір қарағанда
оқушылардың көпшілігі халық
шаруашылығындағы мамандықтарына қызықпайтын
сияқты байқалады. Сондықтан, мамандық
таңдауда басшылыққа алынатын маңызды
мәселенің бірі ол – мамандық таңдау
жұмысын оқушылардың жалпы
Демек, бұл қазіргі мамандықтардың ғылыми негізі ғылым мен техникаға байланысты болғандықтан, көптеген мамандықтар белгілі бір ғылымға байланысты болады. Ал ғылым салалары әрбір өндіріс салаларымен тығыз байланысты.
Мамандық таңдауға даярлықта оқушылардың мамандық таңдау жоспарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар. Жоспар болашаққа ой жіберу, адамның ой жүйесінің көрінісі болып табылады. Сондықтан мамандық таңдауда оқушылардың болашақта кім болам деген мәселені өзінше шешуге үлкен көңіл бөлінеді.
Оқушылардың мамандық таңдау үшін өзіндік жоспар жасауында мамандық олардың өзінің жеке білімділігі мен икемділігіне байланысты және қоғамның қажетіне байланысты болу жағы қарастырылады.
Ол үшін балалармен, олардың, ата-аналарымен үнемі жүйелі түрде әңгіме өткізіледі. Сондықтан мамандық таңдаудағы психологиялық, сенімділік мәселесін еске алуда жеке адамның мамандық таңдаудағы қоғамның позициядағы рөлін ұмытуға болмайды. Оның жақсы өмір сүру ортасын құрудағы, өзінің сезімін, жоғары адамгершілік қасиетін, еңбек сүйгіштігін, сенімі мен идеялын арттыру көзделеді. Мұндай қасиеттерсіз – олардың мамандық таңдауы мүмкін емес.
Сол себепті де оқушылардың кәсіпті таңдаудағы өзіндік айқындалуының төмендегідей принциптері бар:
- кәсіпті таңдау мәселесіндегі
жеке тұлғаның белсенділік
- таңдаған кәсіптің
- кәсіпті таңдауда қоғамға
едәуір пайда келтіруге
Сонымен бірге оқушылардың мамандық таңдауына және кәсіптік ойының қалыптасуына көптеген факторлар ықпал етеді. Олардың қатарына мыналар жатады: достары, жолдастары, достық қарым-қатынас сферасы.
Осылардың ішінде басты рөл атқаратыны отбасы және отбасы дәстүрі. Олар оң немесе теріс де ықпал етуі мүмкін. Кәсіптік ойдың қалыптасуына еңбек тәрбиесі басты мәнге ие болып табылады.
Кеңестік жүйеде өкіметіміздің кәсіптік білім беру жұмыстарында жас ұрпақты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жұмысшы мамандықтарына кәсіптік бағдарлауға ерекше мән берілді. Бұл мәселені шешуге өндірістік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, мектеп, отбасы жаңа өмірге аяқ басқалы отырған жас жігіттер мен қыздар мүдделі болды
Оқушылардың кәсіп таңдауында көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда:
- еліміздің халық шаруашылық
саласындағы өнеркәсіп
- заман талабына сай
мәдени және өндірістік
- оқу мекемелерінің қайта құрылуы;
- сыныптан және мектептен тыс жұмыстар;
- ақпараттық құралдардың қарқынды дамуы,
- кәсіптік бағдар берудегі
мектеп пен басқада білім
Осы аталып өтілген факторларға орай мектеп оқушыларын кәсіби бағдар беру шараларын жүйелі ұйымдастыруды бүгінгі күні қатты талап етіп отыр.
Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең – бастауыш сыныптарда, екінші кезең – V-VІІ, үшінші кезең – VІІІ-ІХ, төртінші кезең – X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті – оқып жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы жастарымыз халық шаруашылығының өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандықтың бүгіні мен ертеңін, оның сан алуан сырларын, жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, топ серуен, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін кәсіби мамандар туралы стенд, альбом, фотосуреттер баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсіптің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Олардың негізгілері өндірістік шеберханалар мен оқу-тәжірибе алаңдарында жұмыс істеу, факультативтік оқу, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.
Кәсіби насихат жұмысын және кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, баспа орындары арқылы да жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Кәсіби кеңес – мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты – жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға мамандық таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеттерінде жекелей және топтық конференциялар мен кездесулер ұйымдастырады.
Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі мынадан туады. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары. Демек, мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай келуі шарт.
Екіншіден, үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында қызметкерлерді босатудың ауқымы едәуір өсе түседі. Жаңа шаруашылық механизмі де осыған құлшындыратын болады және оны дұрыс жүргізу қажеттілігін күшейтеді деп түсіндіреді.
Оқушылардың мамандық таңдау кезінде оқыту үдерісіндегі сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырылуының әсері бар. Сондықтан бұл жұмыстар оқушылардың кәсіптік, мамандық қызығушылығын арттыра отырып, танымдық қызметін дамыту барысында жүргізіледі. Оқушылардың кәсіпті саналы таңдауға даярлау жұмыстарын ұйымдастыруда, оқыту жұмысының тиімділігін арттыру басшылыққа алынады. Әсіресе мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарта отырып, окушылардың кәсіпке, мамандыққа қызығушылығын арттыруға жағдай жасауға көңіл бөлінеді.
Мектеп окушыларының пән жағынан өсуі мен адамгершілік және интеллектуальдық жағынан қалыптасудың факторлары мынадай болып есептеледі:
- дұрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі,
- еңбекке үйрету және кәсіптік бағдар,
- өнімді еңбекке мектеп оқушыларының тікелей қатысуы т.б. болып есептеледі.
Сондай-ақ өнімді еңбекпен ұштастыру оқушыларды кіші сыныптардан бастап, жүйелі ұйымдасқан, өздерінің денсаулығы мен жас мөлшеріне сай қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру көзделеді.
Ал мектепте еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің негізгі мақсаты:
- еңбекке деген сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына деген кұрметке баулу;
- оқушыларды қазіргі
- оқу мен қоғамдық пайдалы
жұмыс барысында олардың
- саналы түрде мамандық
таңдауға ұмтылдыру. Сондықтан
оқушыларды еңбекке үйрету
Бүгінгі таңда, мектептердің алдына халық шаруашылық қажеттерін және шаруашылықта нақты жағдайларын ескере отырып кәсіптік бағдар беруді жүйелі түрде жүргізу міндеті қойылып отыр. Бұл мақсаттар үшін «технология» пәнін оқып үйренудің барысында практикалық сабақтарда іске асырылып отырылады. Мұғалім окушыларға ғылым негіздерін терең, сапалы бере отырып, оқушының сол ғылымдардың кейбір бөлім мен тараулары бойынша қызығушылығын туғызу жағын қарастырады.
Оқушыларға кәсіптік бағыт беруде гуманитарлық-техникалық пәндерді оқыту негізінде оқушыларды жан-жақты дамыту әсіресе, ағарту мен мәдениетін арттыру жағы көзделеді. Негізінде тіл білімі, әдебиеттану, тарих, мектепке дейінгі тәрбие, педагогтық қызмет, жане кітапханалық қызмет, мәдени-ағарту жұмыстары және әкімшілік басқару, т.б. жұмыстарына икемділігі тәрбиеленеді. Өйткені қазіргі еңбек жұмысшы мен қызметкерден ауызша да, жазбаша да жоғарғы тіл мәдениетін талап етеді. Ал, ол мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан да мектепте әр пәндерден сабақ өткізіле отырып, еңбек туралы, онда қызмет ететін адамдар туралы мәліметтер беріледі. Әсіресе, қоғамдағы еңбектің рөлі оның дамуы, жұмысшылардың еңбек және әскери даңқтарын мектеп оқушылары пәндерді оқыту арқылы игереді.
Мектепте кәсіптік бағдар
беруді ойдағыдай іске асыру үшін
мұғалім оқушыларды таныстыра алатын
кәсіптердің үлгі тізімін белгілейді
және әрбір пәннің ерекшеліктерін еске
алып, жалпы жоспар негізінде барлық
мұғалімдердің күш-жігерін
Бұл жұмысты іске асырудың басты шарты мұғалімді әзірлеу болып табылады. Өз пәніне байланысты ең алдымен болашағы бар және қоғамға керекті басты кәсіптерді білу, кәсіптік бағыт беру және оқушыларды зерттеу мәселелері жөнінде мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық даярлық беру болып табылады.
Республикамызда мектеп реформасына сай Х-ХІ сынып оқушылары үшін кәсіптік оқыту ұйымдастырылады. Бұл оқудың мақсаты, оқушыға белгілі бір кәсіп туралы білім мен дағды беру. Ал ол үшін мектепте сол кәсіпке байланысты түрлі мүмкіндіктер мен жағдайлары болуы тиіс. Бұл оқытуда оқушыға белгілі бір кәсіпке қажетті білім мен дағды беріледі. Сонда да болса, политехникалық, технологиялық оқу мен кәсіптік оқу бір-бірімен байланысты болғанмен, бір-бірінен ерекшеліктері де бар деп түсіндіреді.
Мамандық таңдауда еңбекке оқытудың өте үлкен маңызы бар. Онда оқушылардың:
1) еңбекке өмірлік қажеттілік тұрғысынан дұрыс қатынасын;
2) өзінің сол еңбекке
саналы түрде араласуы
3) жалпы еңбектік икемі мен дағдысын қалыптастыру;
Информация о работе Кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру формалары