Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 11:24, реферат
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі
2.2Ғұламаның педагогикадағы оқыту теориясы мәселелері
2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар
III.Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Платон және басқа грек даналарының педагогикалық идеяларын жаңғыртып, дамытып Фараби шәкірттері ақыл және теориялық тәрбиені біріктіретін рухани тәрбиелеу проблемасына ерекше мән берген. Бұл тұрғыда толыққанды, пайдасы, берері мол шынайы ғылыми білімдерді игерудің шешуші мәні бар. Мұндай білімдер математика, физика, метафизика салаларын қамтитын жалпы философия болып табылады. Философияны, яғни барлық білім бағыттарын дұрыс түсініп, пайымдаудан логика, грамматика, риторика тәріздес оқытушы ғылымдар бірінші орында тұрады.
Рухани және ақылы тәрбие беруде Фараби арифметика, геометрия, астрономия және музыка ғылымдарының тәлім-тәрбиелік жақтарын оқытуға көп көңіл бөледі, өйткені олар шәкірттерді нәзіктікке, зеректікке баулиды және басқа ғылымдарды игеруге төте жол көрсетеді.
Фарабидің философиялық еңбектерінде "мінез-құлық", "адамгершілік", "еңбек ету", "оқу", "білім", "таным", т.б. педагогикалық пікірлер кездеседі. Бұл пікірлер ғылыми немесе классикалық педагогиканың "Тәрбие теориясы" мен "Оқыту теориясына" тікелей қатысты пікірлер екендігін және педагогика ғылымы философияның бір бөлімі ретінде дамығандығын айқындайды.
Әл-Фараби өз заманында дарынды педагог - әдіскср болған екен. Ол тоғызыншы ғасырдың 40-жылдарында "Философтардың қойған сауалдарына жауаптар" деп аталатын еңбегінде оқыту, білім беру ісіне тоқталған. Ал оқу, оқыту, білім беру қазіргі кездегі классикалық немесе ғылыми педагогиканың негізгі бөлімі - дидактиканың (оқыту теориясының) категориялары.
Ол оқытудың сөздік практикалық әдістері мен көрнекілік, жүйелілік принциптеріне тоқталып, олар туралы диалектикалық, логикалық ой-тұжырымдар жасаған. Сонымен бірге бұл әдістер мен принциптерді оқушылардың (шәкірттердің) жас ерекшеліктеріне қарай біртұтас педагогикалық процесте іске асыру қажеттігін ұсынған.
Фарабидің пікірінше ғылымдарды оқып -үйрену көп тәсілдермен жүзеге асады, бірақ қайсысын басшылыққа алғанда да ғылымдағы бастапқы ұғымдарды, қағидаларды, алғышарттарды біліп алудан бастау қажет. Осының нәтижесінде түпкі шындық-болмыс оның көріністері танып білінеді. Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылған қорытындылар-ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы болады.
Ғұлама білім алудың, оқудың методологиялық, философиялық және методикалық, педагогикалық мәселелерін біріктіре, байланыстыра тұтастай алып қарастырады. Өйткені зерттеліп, қарастырылып отырған нәрселердің, ұғымдардың шығу төркінін, гносеологиялық түп-тамырын білу, оларды жемісті түрде оқып- білудің методикалық тура жолын табуға жәрдемдеседі. Мұндай білім алудың тиімділігінің өлшем-таразысы оқу бастаулары мен болмыс бастауларының сайма-сай келуі болып табылады. Фарабидің еңбектерінде қазіргі педагогикалық ғылымның жүйелілік және бірізділік, көрнекілік, қонымдылық, тәрбиелік, оқу т.б. дидактикалық принциптерінің нышандары бой көрсетеді.
Әл-Фараби "оқып үйренуде жаттам алу дұрыс па, жоқ түсініп алу дұрыс бола ма?" деген сұрақка "түсініп алған дұрыс, өйткені барлығьн жаттап алу мүмкін емес, ал олардың белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастырып түсініп, тоқып алған жөн" деп жауап береді. Оның "белгілі бір байланыстары" дегені - таным, қабылдау, ұғыну, бекіту, іскерлік, дағды, яғни осы буындар арасындағы байланысты айтқаны.
Оқу, білім - ғылымды игерудің алғашқы сатылары. Оку - объективті шындықты табудың ерекше формасы. Осыны жақсы түсінген Фараби өздігінше оқып, білімге ие болып, ғылымды меңгерген, дағдысы мен іскерлігін қалыптастырған. Оқу, білім арқылы ғалымға жетуге болатынын жақсы түсінген және осылар арқылы өзінің байқағыштығын, зейінін, қиялын, ойлауын дамытқан, материалды дүниені тани білген, осыларды да ол шәкірттерге уағыздаған. Өздігімен, ұстаз басшылығымен оқып, білім игеру - қазіргі дидактикада "Оқытудың білім беру функциясы" деп аталынады.
Ғұлама өзінің педагогикалық іс-әрекеттерінде ойлаудың әртүрлі әдістері мен формаларын кеңінен, белсенді түрде қолданғаны анықталып отыр. Олар: абстракциялау дерексіздендіру, анализ және синтез, индукция, үшіншісін теріске шығару, моделдеу т.б. Әсіресе, ол анализ бен синтез, индукция мен дедукция арасындағы диалектикалық, дидактикалық байланысты терең ашады.
Фарабидің көзқарасы бойынша, оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік, ақлақ (мораль) және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. Мысалы, "Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу керек" деген трактатында ол ғылым мен философияны жетік меңгеру үшін бірінші алғышарт етіп адамның жан тазалығы, ар тазалығын қойған.
Ежелгі грек ойшылдарына сілтеме жасай отырып ғұлама балаларды белсенді түрде оқытуды 7-8 жасынан бастауды нұсқайды.
Фараби оқыту, білім беру мәселелеріне басқа трактаттарында да үнемі тоқталып осы заманғы педагогика тұрғысынан қарағанда өте дұрыс көптеген түбегейлі де терең пікірлер айтқан.
Фараби ғылымдарды меңгерудің, үйренудің қажеттігін дәріптеп қана қоймай, бұл мақсатқа жеткізуге тиісті проблемаларды шешуге көп күш жұмсаған.
Дидактиканың оқыту мен білім беру мазмұнын, оқыту әдістсрі мен принциптерін, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттейтінін түсінгендігі байқалады, себебі Фараби дидактиканың «жүйелілік» пен «көрнекілік» принциптерін геометрия, математика, музыка т.б. пәндерді оқытуда қолдануды ұсынған. Оқудың бұл принциптерін біртұтас педогогикалық процесте қалай іске асыру керектігін айқындайтын әдістемелік нұсқаулар, көмекші оқу құралдары мен оқулықтар жазған.
Педагог-ғұлама, Фарабидің педагогикасында оқытудың негізгі екі формасы: біріншісі зерек шәкірттерге арналған абстракциялық қиялдау, көз жеткізу;екіншісі орташа оқушыларға арналған көрнекілік, яғни бейнелеу. Ол былай дейді: "Теориялық нәрселерді сендіру, көз жеткізу методтарымен оқыту керек, олардың көпшілігі қиялдау арқылы қабылданады. Мұндай білімдерді меңгеру тек ақылмен көптеген ұғымдарды - ең алыс жатқан бастамаларды, денесіз бастамаларды (негіздерді) игергеннен кейін барып мүмкін болады. Қалың қауым оларды бейнелі түрде қабылдап, зерделеріне сендіру әдісі арқылы бекітеді". Сендіру, көз жеткізу әдісі, біздіңше, қазіргі жай әңгіме, эвристикалық әңгіме, пікір таластыру, лекция әдістеріне жақын келетін сияқты. Фараби осыған байланысты практикалық өнер, қолөнерлерін үйрету методикасы мәселелеріне де тоқталып, мұнда педагогикалық мұрасын атап айтып кеткен. Бастауыш сыныптарындағы ауызша сабақты шәкірттің жаттығу, машықтану әрекеттерімен ұштастыра жүргізуді ұсынды. Бұл әдістер екі жолмен - сендіру, иландыру және зорлау, мәжбүрлеу арқылы жүргізіледі. Ұлы педагог шәкіртттерді оқытуда дәріс берудің қаңдай түрін қолданғаны туралы анық дерек жоқ. Алайда ол жоғары бағалап, құрмет тұтқан Ежелгі Грециядағы Сократ, Платон, Аристотель мектептерінде білім беру, оқыту кейде Сократтық әңгіме түрінде жүргізілгені мәлім. Мәселен, Фараби пір тұтқан Аристотель өз шәкірттерін көлеңкелі бақтың саясында сайрандап жүріп оқытады екен. Ол сабақтар күніне екі рет-таңертеңгілік және кешкілік болып өткен. Ертеңгі оқылатын лекциялар дайындығы мол зерделі зерек оқушыларға түсінікті болатын қиын мәселелерге арналып, кешкілері көпшілік шәкірттерге жалпы білім беретін, көпке түсінікті де қызық тақырыптарға (мысалы, поэзия, музыка) бағышталған. Фараби де ұстазына еліктеп Бағдат маңындағы бір баққа күзетші бола жүріп, сонда шәкірттеріне әңгіме, лекция түрінде сабақ бергенін көрсететін деректер бар. Әрине, ғұлама бұлардан өзгеше өз тарапынан ашқаны және сол кездегі Шығыс педагогикасында қалыптасқан басқа да оқыту формаларын пайдалануы табиғи нәрсе. Фараби педагогика тарихында алғашқылардың бірі болып өзінің ең әйгілі ғылыми-дидактикалық шығармасы "Ғылымдар энциклопедиясын" жазды.
Бұл еңбек жан-жақты білімді, тәлім-тәрбиені, шын бақытқа жетуді көздеген, адам меңгеруге тиісті барша ғылым тарауларын және оны оқып-үйрену реті мен мазмұнын қысқаша тезис түрінде баяндап, талдап беруді көздеген бірегей дидактикалық шығарма. Фарабидің бұл еңбекте келтірілген ғылымдарды талдау, оларды оқу ретін белгілеп, бір жүйеге келтіру жөнінде ұстанған принциптері мен негіздері оның "Бақытқа жету туралы" трактатында баяндалады. Мәселен, ғұламаның тіл білімін бірінші қоятын себебі, тіл ғылыми ойлаудың тіршілік ету, өмір сүру формасы болып табылады, яғни тіл-ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылыми-педагогикалық терминология тіл арқылы өрнектеледі. Осы арқылы ғылым баяндалады, білім алынады. Тіл біліміне тікелей, байланысы бар логика басқа ғылымдарды игеруге оған іле-шала екінші орында тұруға тиіс. Бүл тұрғыда бір ескеретін жайт, логиканы міндетті түрде оқыту керек деген ғұлама талабы бүгінгі күн педагогикасында да зәру мәселе.
Фарабидің ілімі бойынша математиканы оқу кезінде ой қозғалысы дерексізден деректіге, абстрактылыдан нақтылыққа бағытталуы, яғни арифметикадан геометрияға, геометриядан оптикаға, содан кейін астрономияға, музыкаға, статикаға, айла-әрекеттер жайлы ғылымға көшуі қажет. Мұнда ғұлама бұл ғылымдардың негізгі бастамаларын, іргетасын түсіну әдістерінің оңай-қиындығын еске алған болу керек. Ол былай деп жазады: "Өмірдегі заттардың зерттелетін, адам ақыл-ойының ауытқуы мен абыржуынан кұтқаратын бірінші тегі-сан мен шама. Сан мен шамаларды қамтитын ғылым -математика. Ең алдымен біз саннан бастаймыз. Оқушының сан жөніңдегі білім - мағлұматы бар, осының нәтижесінде есептеу жүргізіледі, сонымен қатар есептеуге, санаулыға тиісті басқа шамалардың қалай есептелетіндігі жөнінде білім алынады. Онан соң ол шама, кескін, жағдай, реттілік, үйлесімділікпен жүйелілік жөнінде білім алынады, ол саны бар шамаларды оқып-зерттейді, санның арқасында болатын барлық қасиеттер тұрғысынан осы шамаларды: аумалығын, реттілігін, үйлесімдігін, жүйелілігін қарастырады. Аумақтылық, реттілік, үйлесімділік және жүйелілік қасиетін ол екі тұрғыдан: олардың шамалар ретінде шамаларға жататындығы тұрғысынан (яғни геометриялық тұрғыдан) және сан ретінде шамаларға жататындығы тұрғысынан анықтайды. Мұнан соң ол шамалық сипаты бар басқа заттарды қарастырып, бұларға шамалап ретіндегі шамаларға тән кескін, жағдай, аумақ, реттілік, үйлесімін жүйе сияқты қасиеттерді де, сондай-ақ әрі сан, әрі шамалар ретіндегі қасиеттерді де телиді. Бұдан екі тектегі нәрселер мен шамалар ретіндегі осы заттар жатқызылатын өмірдегі нәрсе біткенді қамту мақсаты көзделеді.
Қарастырылып отырған текте математикалық бастамалары болып табылатын барлық нәрселерді оқушы сан мен шама түрінде алады да, жоғарыда айтылған ретпен орналастырады, сонан осы өнердің негіздерін тұжырымдауға жеткілікті білім алғанша осылай ете береді". /19/.
Математикадан кейін Фараби физиканы, сонан соң метафизиканы оқып-үйренуді ұсынды. Мұнда ол математикалық білімдерге арқа сүйеу қажет болатынын ескертеді. Сонымен Фарабидің физикасы бүкіл жаратылыстануды қамтиды, ол денелер мен заттардың құрылысын, олардың қасиеттерін, қозғалысы мен өзгеру процестерін зерттейді, минерологияны, ботаниканы, зоологияны, анатомияны және физиологияны қамтиды. .
Мұнан кейін Фараби метафизика ғылымын оқу тәртібіне негіздейді, одан соң "адамдар туралы ғылым", яғни азаматтық ғылымдарға көшеді (этика, педагогика, саясат, дін ғылымы, заң ғылымы) мәселелерін қамтыған үлкен кіріспе тарауын беруі болып табылады. Кіріспенің алғы сөзінде ғылымды жасаудың, оны баяндаудың методы егжей-тегжейлі әңгіме болды. Оқулыққа, оқу құралдарына қысқа да келте емес, толық та терең кіріспе жазу қажеттілігі қазіргі педагогика талаптарына да сай келеді.
Фарабидің педагогикалық системасындағы бір ерекшелік ол методология мен методика мәселелерін тығыз байланыстырып, тұтастырып отырады. Мұндағы оның ұстанған дидактикаклық кредосы: "білімнің бастамасы-болмыстың бастамасына сай келу" туралы қағида. Бұл қағида оны логикалық ойлау әдістерімен бірігіп теориялық білім жасауда, оны дидактикалық түрде орналастыруда жаңа ғылыми педагогикалық әдіске әкеледі. Бұл метод бойынша ол музыка сияқты күрделі пәнді методикалық тұрғыда дұрыс баяндау үшін оның негізгі принциптерін - бастамаларын ашып беруді бірінші кезекке қояды. Оның пікірі бойынша ол бастамалар үш топқа бөлінеді. Олар: халықтың музыкалық практикасынан туындайтын принциптер: басқа ғылымдардан (физика, математика т.б.) ауысатын принциптер; эксперимент, тікелей тәжірибеден алынатын принциптер. Бұл принциптердің бірсыпырасын ол индукция әдісін қолданып шығарады. Олардан қорытындылар, салдарлар шығарып алу үшін дедукция әдісі керек болады. Бұл екі әдіс жеке-дара қолданылмайды, теорияны жасау, баяндау барысында қосарлана жүреді.
Ұлы ғұлама музыка теориясының мазмұнын баяндауда анализ бен синтез әдістерін ұштастырып шебер пайдаланғаны екінші тарауда оның ғылым жасау әдісімен байланысты айтылды. "Музыканың ұлы кітабында" күні бүгінге дейін мәні, бағасы кемімеген бірсыпыра дидактикалық жаңалықтар бар. Солардың бірі — оқыту процесінде жүйелілік және қайталап отыру қажеттілігі. Бұған музыка өнерін музыка шығаруда қалай меңгеру жөніндегі ұсынған әдісі мен нұсқауы айқын дәлел бола алады.
Фараби ғылымдар қатарында математиканың алатын орнын дұрыс бағалаған алғашқы оқымыстылар қатарына жатады. Ол өзінің еңбектерінде математикалық ғылымдардың методологиялық және методикалық мәселелеріне көп көңіл бөледі.
Ол ғылыми еңбектер,оқулықтар,оқу құралдарын,әдістемелік нұсқаулар жазғанда (өзі ұсынған) жүйелілік принципінен ауытқымаған.Сонымен бірге оқу материалдарын жүйелі қайталап отырудың маңызын жоғары бағалаған.
Дидактиканың негізгі принциптерінің бірі-теория мен практиканың бірлігі.Әл-Фараби бұл принципті өзінің «Музыканың ұлы кітабы» атты трактатында тікелей іске асырған.Бұған дәлел осы кітабының бірінші бөлімі (теориялық және практикалық музыка мәселелерін қамтыған) «Музыка ғылымына кіріспе» деп аталады.
Әл-Фарабидің он тоғызыншы ғасырдың 40- жылдарында ұсынған оқыту әдістері, принциптері 21-ғасырдағы ғылыми педагогиканың жүйесінде көрініс тауып отыр.
Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар.
Әбу Насыр Әл – Фараби өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл араб халифатында ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның Оңтүстік өлкесі сол кездері үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын. Тарих бізге IX –X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолы – атақты Жібек жолының бойына орналасқан дейді. Ол сондай –ақ өнер – білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен кезінде көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар болғандығы жайлы сыр шертеді. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға болмайды.