Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 11:24, реферат

Описание работы

Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі
2.2Ғұламаның педагогикадағы оқыту теориясы мәселелері
2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық идеялар
III.Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 73.95 Кб (Скачать файл)

VIII – XII  ғасырларда  философиядағы  басты идеялар  араб тілінде сөйлейтін  халықтардың  еншісіне  тиген еді.  Осы кездері  Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері Орта Азиядан  Индияға, одан сонау  Испаниядағы  Пиреней  түбегіне  дейін араб  тіліне  сан рет  аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жәйт  Орта және Таяу  Шығыс елдерінде физика, математика,  медицина, химия, астрономия  тағы басқа  жаратылыс  тану  ғылымдарының дами түсуіне, бұлар Шығыс философиясы мен мәдениетінің  қалыптасуна зор  әсер етті. Ғалымдар  өз зерттеулерінде  табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе  жүзінде ашуға талаптанды, олар әрмен Платоннан гөрі  Аристотель  іліміне  ден қойып, оны әрмен  қарай дамыта  түсті. Ортағасырлық  Шығыс философиясында сол кезде басты  үш бағыт  болды. Мұның біріншісі – ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі – неаплатондық  ағым (суфизм), үшіншісі -  перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотель  жолын қуушылар.     Соңғысы қоғамның  прогрессивтік  топтарының  көзқарасын  бейнелейді.  Осы  ағымдағы  ағылшын өкілдері философиялық  мәселелерді зерттеуде  алдымен табиғаттану   заңдарына  жүгінді, прогреске қатысты мәселелердің  бәрін  табиғат  заңдарынан  іздеді.  Осы ағымның  көрнекті  өкілдерінің бірі Әл – Фараби  болды. 

Ол Аристотельдің пантеистік пікірлерін  қайта  қарастыры, мұның  негізінде   натуралистік пантеизм  деп аталатын ілім жасады.Фараби мұрасын  зерттеушілердің айтуынша  оның пәлсапалық  концепциясы  дүниені  пантеистік тұрғыдан  түсіндіретін «Алла тағаланың ақыл - парасаты» - дейтін ілімге негізделген.  Ұлы ғұлама өзінің нәлсапалық пайымдауларын  негізінен идеалистік  сарында  өрбіткенмен, оның еңбектерінде  сол дәуірдегі  ғылым жетістіктерін  қорытындылайтын  прогрессивтік,  материалистік идеялар  баршылық. Мәселен, ол  дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат құбылыстарын детерминистік (себептілік) принципі  бойынша  түсіндірді, жанның мәңгі-бақи жасамайтындығын, өліп- өшіп  отыратындығын  мойындайды. Оның ғылыми – материалистік идеялары, әсіресе оның  таным мәселесі мен  логика  ғылым туралы  айтқандарында, сондай-ақ  адамның жан қуаттарының  әрқилы  жақтарын түсіндіруге  ерекше  байқалады.  Кезінде  ол болжам  жасап,  пікір айтпаған  ғылым – білім  саласы  кемде – кем. Мәселен, тек психология  саласында  ғана ол жеті  еңсек («Жанның мәні туралы», «Түс көру  туралы  сөз», «Жан туралы », «Ақыл және ұғым», « Жасөспірімнің ақылы туралы  кітап», «Ересектердің  ақылы туралы  кітап», «Темперамент туралы ») жазған екен.  Бірақ  бұлары  біздің заманымызға жетпеген. Оның жан дүниесі  туралы  толғаныс – тебіреністері бізге басқа  еңбектері («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары  жайындағы трактат», «Азаматтық саясат»,  «Даналық таңба тастар», « Бақыт жолын сілтеу», «Мәселелердің мәні», т.б.)  арқылы біршама  мәлім болып отыр.

Психология  үшін  іргетасы  мәселе  болып табылатын  жан мен тәннің  ара қатынасы,  бұл екеуінің бір – бірімен  байланысы жайлы  мәселеде  Фараби  өзін сол кездегі ғылыми  ой –пікірдің  биігінен көрсете білді.  Ол жанның  мәңгі өлмейтіндігін  уағыздаған  грек ғалымы Платонға  қарсы дау  айтып,  оның «Жан тәннен  бұрын пайда болады,  жан мәңгі - бақи өлмейді деуі  қате түсінік» -  деп түйді.  Оның пікірінше, «жан  мен тән  бірге дамиды, тәнсіз жан  жоқ,  жан тәннің  тірлік қасиеті,адамда  екі  жан болмайды, адамның  тәні де,  жаны да  өткінші, уақытша.  Тән жанның дамуына, оның біртіндеп  қалыптасып, жетілуіне  әсер  етіп  отырады. Жанның дамуы үшін  тәннің саулығы  қажет. Тәннің  саулығы жоқ жерде жан  саулығы  да жоқ. Шыққан жан  еш уақытта  қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге  көшіп   жүрмейді, бірақ көңілі мен  рухы  кіршіксіз таза, көзі ашық оқыған адамның жаны  мәңгі- бақи өмір сүреді де,  надан залым, зымиян  адамның  жаны өшіп кетіп отырады».

Фараби адам  жанының  табиғатын қазіргі  термин бойынша (психикалық құбылыстары)  тәннің құрылысына  орайлас түсіндіруге тырысады.  «Тәннің де, жанның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері  сияқты ми да жүреккке  бағынышты». Жүрек -  тіршілік тірегі, ол қан айналысы  мен қимыл- қозғалыстың орталығы. Жүрекпен байланысты  мүше жоқ, ми да қорек  алып, сонан  кейін ғана  адамның  жан дүниесін  басқарады.     Жан туралы  ілімде Фараби  ұстазы Аристотельдің  ықпалында  болды. Ұлы грек ойшылы өзінің «Жан туралы»  еңбегінде  өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда  үш түрлі жан болады десе, түрлеріне ғана  ерекше мән береді. Мұның бірі -  қозғалдыратын қуат бүкіл организмге  ортақ. Ал  танып – білу  қуаты жануарлар  мен адамдарға  ғана тән,  бұлар сыртқы дүниені  түйсіне, сезіне алуға қабілетті.  Өсімдіктерде мұндай қабілеті жоқ. Сондықтан  да олар  бұл топқа кірмейді. Адамда ең алдымен қоректену  қуаты  пайда болады. Бұл оның тәні, яғни  өсіп - өнуге  негіз болатын дене бітімі. Адамның танып – білу  қуаты да  екіге бөлінеді. Мұның біріншісі – сыртқы жан немесе  түйсіктену  қуаты деп аталады. Мұндай  қабілет сыртқы  дүние  заттарының  сезім мүшелеріне  тікелей әсер етуінен пайда болады. Сыртқы жан қуаты  беске бөлінеді. Олар:  көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері. Екіншісі -  ішкі жан қуаты. Бұларға еске түсіру, талпыну  қабілеттері жатады. Адамды жануарлардан ерекше бөліп  тұрған қуат – оның ақыл –парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу  қабілеті. Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат»  дейтін еңбегінде  сипаттама  береді. Мәселен, .... «қиял -  адамға аса қажетті жан қуаты. Ол екі түрлі  міндет атқарады. Біріншіден, мұнда  сыртқы  дүние заттарының бейнелері өңделіп, сұрыпталады, бірі  екіншісіне  қосылып, одан жаңа бейнелер жасалады. Екіншіден, ол ойлауға  материал  жинастырады, түйсікпен екеуі  адам ойлауының терең, жан жақты, орамды   болуына  жәрдем береді. Ол түс көру  құбылысын  қиялмен байланысты  түсіндіреді. Түс көру  - адамның   ояу  кезінде  шындықта көрген, білген, естіген нәрселерінің мидағы бейнесі. Ұйқы кезінде , мұндай бейнелер адам  ырқынан  тыс жүріп жатады, бұл қиялдың  енжар көріністері. Фарабидің түс көру  туралы тұжырымдарының  қазіргі  ғылыми  психологиялық  айтқандарымен үндесіп жатқаны  жақсы байқалады.

Ғұлама адамның тану процестері  екі басқыштан тұратындығын айтады. Оның біріншісі -  сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес проестері жатады. Түйсік -  дүние танудың алғашқы көзі, бірінші баспалдағы. Адамның есі мен елесінің сапалы, әрі нәтижелі болуы оның  дұрыс түйсіктене алуына  байланысты. Ойлау дүниені әр  қырынан тануға, мәселені тереңірек түсінуге  мүмкіндік  береді, бұл танымның екінші  басқышы, оның ең жоғарғы сатысы. Ойлау сөйлеумен тығыз байланысты, ол жалпы  адамзатқа  тән құбылыс, ал  тіл болса әр ұлттың,  халықтың өзіндік  өрнегі. Жаттағаннан түсінген артығырақ, өйткені жаттауда  шала түсінікті сөздер  көбейіп кетеді, барлық нәрсені  жаттап алуға болмайды. Түсіну  әр нәрсенің тегін ашып, жалпы ережелер  мен қисындар  жөнінде талдау жасауға  мүмкіндік береді.

Фараби  эмоция , сезім процестерін жан қуатының дербес  көрінісі деп санамайды. Бұл психиканың  қалған түрлеріне  бояу береді,  оларды қозғалысқа  итермелейді. Талпыну,  әсерлену қуаты  адамның мәнерлі қозғалыстарынан жақсы байқалады. Мәселен, адам ұялғанда  қызарса, қорыққан кезде сұп – сұр  болып, түсі қашады.

Жан қуаттары  туралы ілімінде  Фараби  адамның ерік – жігер, қажыр – қайратын да жеке процесс ретінде  пікірлерінде жол- жөнекей сөз етеді. Ол ізгі  қала, ондағы  адамдардың қажыр – қайраты, ерік – жігері -   рухани  қасиеттерді қалыптастырудың  негізгі  факторлары  дейді.  Қылық пен іс - әрекеттің  саналылығы, тоқтамға  келушілік, батырлық пен ерлік, рухани жағынан жетіле түсу т.б.  ерік – жігердің жақсы сапалары болса, мейірімсіздік,  қорқақтық, дүниеқоңыздық,нәпсіқұмарлық т.б.  адамның ұнамсыз  қасиеттері болып табылады.

Фараби танымның  бірініші  басқышы – түйсіктер  табиғатын дұрыс түсіндіргенімен ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке  жол береді. Ол ойлау материядан  тыс  тұрған ерекше рухани  күштің  әсерінен туып отырады дейді.  Бірақ оның түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы  дүние заттары мен құбылыстарының денедегі (жүйкедегі) түрлі бейнелер деуі -  ғылыми өте байсалды түсінік еді. Мәселен,  көз айна  тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі  түсіп отыратын алғаш саңылау. Көру түйсігі көзге  зат әсер еткенде  ғана пайда болады.  Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер  әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің  қай- қайсысы да  адамды сыртқы дүниемен  байланысқа түсіретін аспап. «Сыртқы нәрселердің,- деп жазады ол  әсерімен... заттардың образдары пайда болады» -. Көру  түйсігі көзден  шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей – ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та  оның бояуы да  анық көрінбейді- деп жазды ол, көзге сырттан күшті әсер  келіп түскенде ғана адамда түйсік пайда болады. Бұл жерде  ғұлама  психологияны  іргелі  теориялық қисыны «бейнелеу теориясының»  төңірегінде сөз қозғап отыр.Ол психикалық  процестердің (жан қуаттарының)  бәрінде (тек түйсіктену ғана емес)  дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір  материалдық,  физиологиялық  құбылыстармен байланысты  қарайды.

Фараби жан қуаттарының басты түрлеріне  сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да  іргелі  проблемалары жөнінде сөз қозғайды. Мәселен, ол психиканың  қалайша  дамып жетілетіндігі жайлы мәселеге де ерекше  мән береді. Жан -  айрықша  сапада  тұрған қасиет.  Жануар  мен адамның тән құрылысының  өзгешілігіне  қарай олардың  жан қуаттары  да өзгеше болады. Материалдық  элементтердің қосындысынан  (ыстық,  суық,  дымқыл, құрғақ) жануар психикасы түзілген.   Осы элементтердің  ең  жоғарғы  қосындысынан барып  адам   психикасы  пайда  болған. Адам -  жанды  дүниенің  теңдесі жоқ  туындысы.  Оның жануарлардан  негізгі айырмашылығы  ақыл – парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналысуы. Адам қоғамнан, әртүрлі  топтардан  тыс өмір  сүре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында  өтеді. Жеке адам  өзінің тілек –талпынысы мен мұң- мұқтажын жеке жүріп қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ол басқа  адамдармен қарым – қатынасқа  түседі.  Өйткені, жекелеген адамың тәні де, жаны да  ойдағыдай дамымайды./34,8/

Ұлы ойшылдың еңбектерінде  бала психикасының  қалайша дамып жетілетіндігі жөнінде  де қызғылықты  пікірлер көп. Баланың жасы  өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен  бірге  жаны  да өсіп отырады. Мұның бәрі  оның тіршілік  қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп -өну қуаты  пайда болады. Бұл оның  дене бітімінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ана құрсағында- ақ  тән түйсігі, біртіндеп дәм  түйсігі, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін  түйсіне алу  қабілеті  қалыптасады. Жан қуаттары  өмір барысында, оқу  тәрбие үстінде  дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше  әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның  өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті  болып келмейді, мұның бәрі де жүре  пайда болады.

Фарабидің адамның жан қуаттарының жеке – дара өзгешіліктері туралы  айтқан пікірлері  де көңіл  қоярлықтай.  Бұлар адамның жеке өмір сүру  тәжірибесінен, оның  дене бітімінен , өзіндік белсенділігінен туындап жатады, яғни  адам бір – бірінен тән жөнінен қандай өзгеше болса,  жан жөнінен де сондай өзгеше болды, яғни жан қуаты біреуде мол, біреуде аз мөлшерде келеді, бұл жағдай оның темпераментіне  де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сиқты жанды жаттығулар арқылы жетілдіреді.

Фарабидің  психологияның түрлі салалары (әлеумет, музыка, өнер, медицина т.б.) жайлы айтқан салиқалы  пікірлері, сондай- ақ психологиялық  терминдердің жүйесін жасағандығы  жайлы мәселе өз алдына бір төбе.

Әл – Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы» трактатында  қала адамдарының  әр түрлі топтарына жеке – жеке  сипаттама беріп,   бұларды  қоғамдық (әлеуметтік) психологияның   негізгі категориялары ретінде  ұсынып талдау жасады./13,4/

Адам -  қоғамның ажырамас  бір бөлшегі. Ол қоғамнан тыс өмір сүре  алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір сүру үшін көптеген нәрсеге мұқтаж  болады. Мұның бәрі  ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан да ол  басқалармен  қарым – қатынасқа  түсуі қажет. Адам өсіп - өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа  бірігеді. Осындай  қоғамдардың бірі -  толық, екіншісі – толымсыз, яғни толық емес  қоғам  деп аталатын. Толық қоғамның  өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта  және  кіші қоғам. Үлкен қоғам -  жер бетін мекендеуші  барлық адамдардың  қауымдастығы.  Орта қоғамға- белгілі бір халық, тайпалар кіреді. Ал кіші, шағын  қоғамға - жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы  көшелер  мен жеке үй тұрғындары  кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне  отбасы, үйелмендер де жатады.

Ғұлама  қайырымды, қайырымсыз  қала тұрғындарына талдау жасап, ондағы  жекелеген топтардың  нендей кәсіппен айналысатындығын, тұрмыс -салтын, өмір сүру  ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтар  көрсетпекші болады.  Сөйтіп, Әл – Фараби  әр алуан топтың өкілдері  туралы сөз қозғап, қоғамдық психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне  тұңғыш қоя білген Шығыс ғұламасы. Орта ғасырларда  қала тұрғындары  өздерінің тікелей айналысқан кәсібіне, әлеуметтік  жағдайына  қарай  бір жерге  шоғырланып, бір топтан екіншісіне бөлек орналасса керек. Осынау топтардың өздеріне тән ортақ моральдық – психологиялық  қасиет – сипаттары болғанға ұқсайды. Мәселен, олардың (әр түрлі қала  тұрғындарының) бақытқа жету  жайлы түсініктері де түрліше. Бұған «ізгі қаланың»  тұрғындары бір түрлі  жолмен,  ал надан  қаланың тұрғындары басқаша жолмен жетуді көздейді. Егер ізгі қала  адамдары  тату – тәтті өмір сүрумен, ғылым - білімді дамытып,  көркею жолымен бақытқа жеткілері келсе, надан қаланың адамдары  бақытқа  жұртты алдап, арбап, неше түрлі  қулық – сұмдық   істер жасап, жетуді  аңсайды. « Адамдар,-деп жазды Фараби – бақытты болуы үшін  біріне – бірі көмектесіп отыру мақсатымен  бірлескен  қала  ізгі қала  болады.  Халқы  бақытқа  жету үшін  өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың  бәрі бақытқа жету жолында біріне бірі  көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты  халықтардың бәрі бақытқа ұмытылып, біріне – бірі  көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі  ізгі болар еді».

Ол ізгі қаланы  ауыр – сырқауы жоқ адаммен салыстырады. Тән мүшелерінің  бірімен – бірі  тығыз байланыста болатындығы және олардың  белгілі тәртіппен   денеден орын алатындығы сияқты ізгі қаланың тұрғындары да бір- бірмен ынтымақты  байланыста  болады./51/

Ізгілік,  бақыт туралы (надан қала тұрғындарының ) білетіні байлыққа рақаттану, құмарлыққа ери беру, мансап пен сый- құрметке  еліру.  Бұлардың  бәрі надан қаладағылар  үшін бақыт болып есептелінеді.     Фараби  надан қала тұрғындарын дүниетанымы мен әлеуметтік жағдайына, айналысатын кәсібіне, талғам – тілегіне қарай бірнеше топқа  бөледі. Олар :  қажеттілік, айырбас, опасыздық пен бақытсыздық, атаққұмар, билікқұмар және бетімен кеткендер. Мәселен, ол қажеттілік қаласы  тұрғындарын, ондағы кедей шаруалар мен қала кедейлеріне  жылы лебіз білдіріп, оларды феодалдар мен қала әкімдерінің қанауына түсіп отыр дейді.  Қажеттілік қаласының  тұрғындары ауыл шаруашылығы  жұмыстарының сан саласымен, сондай- ақ  аң аулау, қолөнер сияқты,  тағы басқа еңбек  түрлерімен шұғылданады. Осындай қаланың  тұрғындары  аса еңбеккер  келеді, олар  тек өздеріне  керекті, пайдалы нәрсені ғана өндіруге тырысады ( тамақ, киім т.б.)  және  еңбек үстінде  олар  бір – біріне   көмектесіп, ынтымақтасып отырады. Осы қаланың өкілдері кей кезде  ұрлықпен  де айналысады. Бұған итермелеуші  олардың күнкөріс тауқыметін  тартуы. Сондықтан да Фараби  бұларды  ұрлық жасады деп сөгіп, айыптамайды, өйткені тұрмыс адамның адамгершілік нормаларын, мінез – құлық сапаларын белгілейді.   

Информация о работе Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі