Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.

Содержание работы

Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

kursovoyJ.docx

— 80.08 Кб (Скачать файл)

1 Өндірістік оқытудың тарихы

 

1.1 Өндірістік оқыту үрдісі

 

Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын. Дегенмен, тапсырманы бірдей алған студенттер сол затты қалайда жасап бітіретін болған. Мұндағы аңғаратын нәрсе жұмыстың ретсіздігі еді. Сонымен, бұл тәртіппен оқушыларды қолөнерге үйрету ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасын тапты.

Өндірістік оқыту жүйесінің ішінде, операциялық оқыту жүйесі ғылыми негізде тұңғыш рет қолданыла бастаған түріне жатқызылады. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда мануфактура өндірісі жеке өндіріс үдерістеріне бөлшектене бастады. Жұмысшы еңбегінің мазмұны мен құрылымы өзгеруіне байланысты жаңа жұмысшыларды даярлауға да талаптар өзгертілді.

1862 жылы Мәскеу техникалық  училищесінің инженер-педагогтары  Д.К.Советкин, В.П.Марков және т.б. токарь, столяр, слесарь мамандарын  даярлаудың оқу мазмұнын және  құрылымын ғылыми негізде талдап, операциялық оқыту жүйесін негіздеді [2].

Д.К.Советкиннің және оның әріптестерінің өндірістік оқытудың операциялық жүйесінің Ресейде және шетелдерде қолдау тауып, кеңінен қолданысқа ендірілуі, ал 1872 жылы Мәскеу политехникалық көрмесінде алтын медаль иегері болуы, авторлар еңбегіне берілген жоғары баға болатын. 1873-1878 жж. осылайша оқытудың бағдарламасы мен қолдан жасалған бұйымдары Вена, Париж, Филадельфия, Лондон, Чикаго қалаларында «орыс жүйесі» деген атаумен көрмелерге қойылып, жоғары бағаланды.

Операциялық-кешенді (комплексті) жүйе 1935-1936жж. пайда болды да 1940ж. КСРО еңбек резервтері комитетінің жоспарына ендіріліп, осы жүйемен жұмысшылар даярлау жалғаса берді.

Оқу үрдісі (оқыту үрдісі) – бұл оқытушы (мұғалім, шебер, нұсқаушы) мен оқушының білім беру мәселелерін шешу, тәрбиелеу және қалыптастыру жолындағы мақсатқа бағытталған, бірлескен әрекеті.

Оқу үрдісінің негізгі бөліктері – мақсат, мазмұн, оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті және әдіс – тәсілдер мен құралдар. Бұл компоненттердің көмегінсіз ұйымдастырылған сабақ өтуі мүмкін емес.

Оқыту үрдісі тек қана оқытушы мен оқушының тығыз байланысында ғана іске асады. Бұл үрдісті басқаратын, бағыттайтын бұл – педагог. Сонымен бірге, оқушылар енжар (пассив) болатын болса оқу үрдісі жүре алмайды. Оқыту үрдісінің негізгі шарттарының бірі – оқушының танымдық және практикалық белсенділігі.

Оқушылардың оқу әрекеттерінң әдістері – оқыту педагог-оқытушының іс-әрекет тәсіліне байланысты болады. Оқытушы мен оқушы әр қашан кері байланыста болуы керек. Оқыту үрдісінде тек қана оқытушы оқушыға әсер етпейді, олардың арасында тығыз байланыс болуы керек.

Оқыту үрдісінің негізгімақсаты – білім мазмұнын меңгеру. Бұл оқыту бағдарламасындағы нені оқыту керек және неге үйрету керек деген сөз. Білім беру мазмұнында кәсіби техникалық білім беру негізінде білкті жұмысшыларды дайындау мақсатында әлеуметтік мақсаттар көрсетіледі. Сабақтың мақсаты оның келесі құралдарын анықтайды: формасы, әдіс, тәсілдері, ұйымдастыру түрі, материалды-техникалық құралдары.

Оқыту үрдісі үшін негізгі үш байланысты қызмет қарастырылады: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Оқыту үрдісінің барлық негізгі компоненттері тығыз байланысты. Оқыту мақсаты білім мазмұнында анықталады. Білім мазмұны оқытушының оқыту формасы мен әдісін (педагог әрекеті) және оқытуды (оқушының әрекеті) анаықтайды. Оқыту мен оқу тығыз байланыстағы бірлескен әрекет.

Кәсіби мектептегі оқу үрдісінің арнайы ерекшеліктері:

Өндірістік оқыту мақсаты – анықталған мамандық арнасында оқушының бойында негізгі кәсіби шеберлікті қалыптастыру;

Өндірістік оқытудың негізі – бұл оқу-тәрбиелік мәселерді шешу жолындағы оқушылардың өндірістік еңбегі.

Өндірістік оқыту үрдісі – теория мен практиканың тығыз байланысы. Практикалық білік пен дағды даму, тереңдетілу және кеңею барысында қалыптасады. Өндірістік оқыту теориялық оқытуға қарағанда небәрі күрделі және кең ауқымды. Соған байланысты, өндірістік оқыту шеберінің ақпараттық қызметі, басқаруы, бағыт беруі және нұсқаулық қызметі оқытушымен салыстырғанда ауқымды.

Өндірістік оқытудың өз дәрежесінде өтуі оқыту құралдарына, материалды-техникалық базаға және оқушының оқу өндірістік әрекетіне байланысты.

Өндірістік оқыту негізінде жатқан негізгі түсініктер:

Білім негізінде  оқушылардың пән туралы түсінігін, табиғат және қоғам заңдылықтарын, педагогикалық үрдіске бағытталған өзіндік білім және өмірлік тәжірибе түсініктерін қарастыруға болады.

Білік – бұл  оқушылардың ақылды түрде әңбек  әрекеттерін орындауға, мәселеге байланысты орнықты нәтижеге қол жеткізуге  дайындау.

Дағды – бұл  кейбір компоненттерді көп орындау, қайталау нәтижесінде автоматты түрде жоғары дәрежеде орындайтын біліктіліктің бір түрі. Басқаша айтқанда, дағды – бұл білімдерді автоматты түрге жеткізу.

Өндірістік  оқытудың формасы – бұл оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру әдісі, оқушылардың оқу өндірістік әрекеттерін анықтау, осы әрекеттерге басшылық жасау және сабақ құрылымы.

Оқу ұрдісін  ұйымдастырудың негізгі формасы  бұл тоқтаусыз сабақтың уақыты, оның мазмұны және оқытушы жағынан  оқушылар әрекетін бақылау.

Өндірістік  оқытудың негізгі талаптары:

  • Мақсаттың анықтылығы және мазмұнның анықтылығы;

  • Сабақ өтілетін оқушылардың тұрақтылығы және біртұтастығы;

  • Уақыты анық және белгіленген;

  • Өткізілудің жиілігі;

  • Ұйымдастыру анықтылығы;

  • Өндірістік оқытуда шебердің басқарушылық ролі;

Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әртүрлі типтері қолданылады [3] Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады. Жалпы сабақтың 5 типі бар:

1) Жаңа сабақ

2) Білімін жетілдіру

3)Қайталау сабағы

4)Аралас сабақ

Сабақтан тыс өндірістік оқыту формасына сипаттама бере отырып, осы аталған критерия-сипаттамаларды басқару керек.

Сөйлеу әдісі – бұл әдіс туралы психология пәнінде айтылады. Өндірістік оқытудың әсіресе түрлі нұсқау беру беру кезінде бұл тәсіл көбірек қолданылып, машықтану арқылы игертілуді қажет етеді.

Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады. Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады.

 

1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары

 

Кәсіби дайындықты немесе адамды жұмыс жасауға үйрету екі жолмен қарастыруға болады: табиғи, яғни оқушының өндірістік сабақта арнайы маманмен, біліктілігі жоғары жұмысшылармен және арнайы ұйымдастарылған өндірістік сабақта қарастырылады. Бірінші жолы қазіргі күнде аз қолданылады, себебі ол ұзақ уақытты алатын және аз әсерлі болады.

Білікті жұмысшыларды кәсіби мектептерде кәсіби техникалық білім беру негізінде арнайы мамандардың, оқытушылардың және өндірістік оқыту  шеберлерінің көмегімен дайындалады. Өндірістік оқытуы шебері - кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы педагогика мамандығы, КТУ-дағы педагогика-инженерлік жұмыскерлердің лауазымы. Өндірістік оқытуы шебері - мамандыққа оқытатын негізгі мұғалім және болашақ мамандардың тәрбиешісі. Оның негізгі міндеті - мамандыққа сай терең білім алған, сол білімін жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, халық шаруашылығына қажет жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ету.

Оқыту жүйесін жалпы сипаттау мен таптастыруға техника мен өндірістің дамуы, соған сәйкес кәсіптік-техникалық білімнің қажеттілігі мен сұраныстың болуы негіздеме болады.

1. Біріншіден техника  мен технологияның заманауи дамуына  байланысты, білікті мамандар даярлау  қажеттілігінен, осы кезге дейін  оқыту оқушының есте сақтау  қабілетін дамытуға бағытталса, қазіргі кезде оның ойлау қызметін  дамытуға бағытталады. Халқымыздың  «бұлақ көрсең көзін аш» деген  даналық сөзі осы кездегі «не  үшін оқыту керек» деген сұрақпен  үндеседі.

2. Екіншіден не үйретіледі? Оқу үдерісін ұйымдастырудың  ең маңызды мәселелерінің бірі  жеке оқу пәндерінің мазмұнын  жетілдіру арқылы, әдіснамалық негізделген, оқыту-практикалық жұмыстардың нәтижелі  өтуін мұқият қадағалау керек. Маманға қойылатын құзыреттілік  талаптарға сай оқыту мен практикалық-жұмыстар  толықтай игерілгені жөн.

3. Үшіншіден қалай оқыту  керек екендігі қарастырылады. Оқу  үдерісінің нәтижесі оқытушының  білім беру іскерлігі, құзыреттілігі, ғылыми негізде оқытуы мен  түсіндіру, оқушылар білімін бағалауда  нақты талап қоя білуі, сұрақ  қоя білу арқылы олардың ынтасын, қызығушылығын оята білу. Педагогика  ғылымында қалыптасқан көптеген  құнды ережелер мен заңдылықтарды  негізге ала отырып оқыту. Я.А.Коменский  «кім аз білсе, сол аз үйретуі  мүмкін» дегені оқытушылар қауымына  айтылған сын деп түсініледі.

4. Оқыту не береді деген  төртінші сұрақ студенттер қауымына  көбірек қатысты. Өйткені оқытушы  оқытады, ал студент оны қабылдауға  тиісті. Әрине ол көп факторларға  байланысты: түйсіну, қабылдау, ойлау, түсіну, т.б. Сондай-ақ оқу материалдық  базаға, оқу-әдістемелік кешендермен  қамтамасыз етілуге, студенттердің  оқу үлгерімдері мен ортасына, т.б.

 

1.3 Арнайы технология мамандарын  даярлауда қарастырылатын өндірістік  оқыту жүйелері

 

Болашақ  арнайы технология пәні мұғалімдерін жоғары оқу орындарында еңбекке дайындық бағыты бойынша даярлау өндірістік жағдайда жүзеге асырылады. Өндірістік оқыту деп, еңбек өнімділігі тән белгілі біліктілік деңгейінде нақты жұмысшы кәсібі бойынша жұмысқа қажетті білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен оқушыларды қаруландырудағы педагогикалық үдеріс түсініледі.

Жүйе өзара байланыста тұтастық түзетін элементтердің бірлігі ретінде қарастырылады. Ал, өндірістік оқытудың жүйесі деп, іріктелген оқу материалдарын құрылымдық өңдеу – оны дидактикалық талдау, бөлу, оңайлату, қайта топтау, қажет жағдайда тұтас бірлікті бұзбайтын көмекші материалдарды енгізу түсініледі. Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін оқытудың өндірістік жүйелеріне негіздей отырып жүргізеді. Оларды көбіне өндірістік оқыту жүйесі дейді. Өндірістік оқыту жүйесі деп, тиісті білімі мен іскерлігі бар, жұмысшы мамандарын құзыретті деңгейде даярлауға қажетті технологиялық және техникалық білім беруге бағытталған дидактикалық және өндірістік үдерістерді мақсатты түрде біріктіру арқылы оқыту айтылады [4].

Кәсіптік-техникалық білім беру тарихында қалыптасып, бірнеше рет өндірістік оқу жүйелері алмастырылған. Олардың негізгілері – заттық, операциялық, операциялық-заттық, моторлы-дайындық, операциялық-кешенді жүйелер.

Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар.Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын. Дегенмен, тапсырманы бірдей алған студенттер сол затты қалайда жасап бітіретін болған. Мұндағы аңғаратын нәрсе жұмыстың ретсіздігі еді. Сонымен, бұл тәртіппен оқушыларды қолөнерге үйрету ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасын тапты.

Осы жүйе жұмысын талдай келе педагог-инженерлер мен педагог-ғалымдар оның төрт кезеңнен тұратынын анықтады.

Кіріспе кезеңі кәсіптік білім сипатымен, жұмыс орнын ұйымдастыру, оқу шеберханасының ішкі ережелері, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы шаралар, өндірістік гигиена (тазалық) мәселелерімен айналысуды қамтиды.

Игеру кезеңі – негізгі еңбек операцияларын орындау тәсілдерінің реті, әрекеттер мен операцияларды орындау жаттығулары, әртүрлі операцияларды біріктіріп оларды кешенді (комплексті) орындау жұмыстарына машықтануды көздейді.

Жетілдіру кезеңінде мамандық бойынша тиісті құзыреттілікке сәйкес кәсіптік білім мен іскерлік қалыптастыруға бағытталған өндірістік тапсырмаларды өзбетінше жасау қарастырылады. Студенттер жаңа техника мен технологияны, жаңашыл (новатор) жұмысшылар тәжірибесін үйренеді. Осы кезеңде өндірістік тәжірибе жинақталып, жетілдіріле түседі.

Аяқтаушы кезең үйренуші-жұмысшының базалық кәсіпорнында мамандығы бойынша штатты жұмысшы болып қызмет етуімен шектеледі. Уақыт өткен сайын ондай мамандар тәжірибесі арта түсіп, қоғамның қажетті, толық мүшесі болады.

Өндірістік оқыту жүйесі өндіріс пен кәсіптік білімнің дамуына байланысты қалыптасады. Өндіріс онша дамымай тұрған кездері жұмысшы маман даярлау салалар бойынша (ағаш өңдеу, металл өңдеу, слесарлық өңдеу, тері өңдеу, мата өңдеу, т.с.с.) жеке (дара) оқу бойынша мамандар аз даярланып келді. Технологиялық үдеріс жүзеге асқанда, оның мазмұнын, операцияларға бөлу жүйесі еңбек элементтерінің белгілі оқу компоненттерін ескереді. Осындай оқу жүйесін құраушылар оны шеберлік тәсіл элементі деп атады. Ф.Л.Блинчевскийдің айтуынша [5] өндіріс типтерінің сериялы және жаппай түрлері сипат ала бастағанда (ол ХІХ ғасырдың ортасы болатын) операциялық өңдеу ұғымы оқу үдерісіне ене бастады. Былайша айтқанда, бір затты даярлау n – операциядан тұратын болса, енді ол n+х – операциялардан тұратын болды. Мұндай жолмен негізгі операцияларды, жеке операцияларға бөлшектеу, операция санының артуымен қоса, жұмыс орнындағы операцияларды орындаушы жұмысшылар саны арта түсті. Ол өз кезегінде жұмыссыздықтың алдын алып, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің түйінін шешуге бағытталды.

Информация о работе Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау