Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.

Содержание работы

Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

kursovoyJ.docx

— 80.08 Кб (Скачать файл)

 

Кесте 1 - Кәсіби біліктілік элементтерінің қалыптасу параметрлері мен өзара байланысының практикалық жұмыс нәтижесінде анықталуы

 

Еңбек үдерісте-рінің тобы

Өндіріс жағдайында жеке мамандарды оқыту

Оқу-өндірістік немесе өндіріс жағдайында топпен оқыту

Оқу орындарында топпен оқыту

1-топ

Оқу мазмұны кәсіпорында жасалатын бұйымдар тізіміне сәйкес бөлшектенеді.

Оқу бағдарламасына сәйкес технологиялық үдеріс элементтері топтастырылады. Мамандық даярлау мысалы: токарь, фрезерші, слесарлар

Топпен оқыту щығарылатын өнімдер мысалында жүргізіледі. Тетіктерді өңдеу реті тұрақты. Соған сәйкес операцияларға бөлшектенеді.

Оқыту мысалы ретінде токарлар мен слесарлар даярлайтын операциялы-кешенді жүйе қолданылады

Оқу мазмұнын бағдарламаға сәйкес бөлшектеу. Оқыту ЦИТ жүйесіндегі моторлы-даярлық бөліміндегідей.

Мысалы, слесарлық, столярлық, ұсталық жұмыстарды операциялық жүйе бойынша оқыту

2-топ

Үдерісті түгел қадағалап, оның жеке бөліктерін игеру. Мысалы, химия өндірісінің аппаратшылары мен операторларын, энергетикалық құрылғы машинистерін даярлаудағы оқыту жүйесі.

Еңбек үдерісінің жеке бөліктерін игеруге бағытталған оқыту. Қордағы немесе бос аппараттар мен агрегаттарда жұмыс істеу

Қосалқы жүйелерде оқу, үйрену, жаттығу. Агрегаттар мен аппараттардың макеттерін, схемаларын жасау мен оқып үйрену. Автоматты жабдықтардың реттеушісі, энергетикалық құрылғылардың машинистерін даярлау үдерісінде жаттығу

3-топ

Операцияларды игеру реті жергілікті жағдайға байланысты болып, мыналар анықталады:

1) операциялардың жиілігі  мен қиындықтары (тоқымашыларда);

2) технологиялық реттілігі (құрылысшыларда). Мысалы, тоқымашыларды, тігіншілерді, құрылысшыларды оқыту  жүйесінде

Кейбір әрекеттер, операциялар бойынша алдын ала және қосымша жаттығу (дайындық).

Оқыту үдерісін нақты бөлшектеу жеке операцияларды бөлшектеу немесе ерекше игеруде орын алады.

Мысалы, тігіншілерді, жіп иірушілерді, информаторды, құрылысшыларды оқыту жүйесінде

Қосымша жүйелер. Лабораторияларда, оқу шеберханаларында, полигондарда, тренажерлерде операциялар мен әрекеттерді ажыратып оқыту.

Мысалы, құрылысшыларды, жіп иірушілерді, шоферларды оқыту жүйесінде


 

 

 

Дегенмен кәсіптік оқыту (еңбекке баулудың) жүйелерінің нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты болды.

Білім беру жүйесін қайта құру талаптары және бәрінен бұрын шығармашыл жеке тұлғаны дайындауға, үйлесімді дамытуға шығармармашылық заттық-операциялық жүйе жауап береді. Оның негізіне жеке тұлғаның шығармашылық және заттық-пайдалы іс-әрекеті алынды. Бұл іс-әрекет үрдісінде материалдық құндылықтарға ысырапшыл қатынас төмендейді. Сонымен қатар, шығармашылық элементтері (шығармашылық іс-әрекет объектілерін іріктеу, оның конструкциясын сызу және дайындау технологиясын әзірлеу), белсенділік және іскерлік (пайдалы бұйымдарды дайындау), еңбектік мақтаныш, абырой (тұтынушылар қолданатын, сапасы жоғары бұйым дайындау) артады. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындау практикасына шығармашылық заттық-операциялық жүйенің енуі шығармашыл ойлайтын және әрекет ететін мұғалімді талап етеді. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлауда, сәндік қолданбалы өнер, техникалық (көркем) шығармашылық негіздері курстарын оқытуда кеңінен қолданыс табуда.

 

 

 

 

2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды

 

2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік,іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары

 

Білікті жұмысшыларды оқу үрдісінде дайындау екі негізгі  бөліктен тұрады: теориялық оқыту  және өндірістік оқыту. Теориялық оқыту  жалпы оқытудың 40% – 60% алады және жалпы пәндік, жалпы техникалық және арнайы пәндерді қамтиды.

Өндірістік оқыту шебері оқушылар бойында кәсіби білім мен дағдыны қалыптастырады; оларды жұмыстарды оңтайлы орындаудың жолдары мен тәсілдерін орындауға үйретеді;

Ресурстарды ұқыптылықпен жұмсау, жоғары сапалы өнімдерді дайындау, тәртіпті және еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастырады; сабақтар мен т.б. материалдық және әдістемелік дайындықты іске асырады;

Шеберлер әдетте жоғары не орта арнаулы білімді, жұмысына сәйкес кәсіби біліктілігі бар адамдар болады.

 Тиімді ұйымдастыру және  оқыту үрдісінің әдістемесі –  кәсіби мектептің және оның  педагогикалық ұжымының негізгі  мәселесі

Оқушылардың сыртқы әрекетіне, өзін көрсете білуіне, негізделген олардың таным процестерінің барысын сипаттау туралы көптеген байқаулар мен  эксперименталдық зерттеулер жинақталған. Бұл сыртқы көріністер ішкі процестерге барабар келмесе де, олар іс жүзіндегі ұнамды нәтижелерге жеткізіп оқытудьң талай концециясын жасау үшін негіз береді оқумен оқытудың теорясы мен практикасының дамуының, сабақ берудің жаңа әдістерін жасаудың, сондай-ақ мүғалімдердің іс жүзінде тапқан жаңалықтарының оқудың тиімділігін жылдан-жылға арттыра түсетіндігі өзінен-өзі белгілі. Оқыту процесінің теориясы оқыту процесінің екі жақтылығын мойындаудан шығады.

Алайда, практикалық мақсат үшін оқу процесі мен сабақ беру процесінің жеке-жеке алып қараған пайдалы. Мұнда оқыту процесінің тиімділігі мәселелерін қараган кезде, педагогика мен психология оқу процесінің мазмүны мен өту заңдылығы туралы деректерге сүйенеді. Оқу адамның жеке басы танымының ерекше түрі. Оқып жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені таниды, бірақ қоршаған дүниені ғалымдар да таниды[14].

Адамдардың таным қызметінде елеулі айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтардың нені және қалай тануына тәуелді. Зерттеуші-ғалымдар объективті жаңаны таниды, демек, барлық адамдар үшін  жаңаны, әлі де зерттелмегені және танылмағандарды таниды. Шәкірттер болса субъективтіжаңаны таниды десек, тек өздері үшін ғылым зерттеп және танып қойған нәрсені ғана таниды. Ғалымдар өздерінің ғылыми ізденістері мен зерттеулерінде қате жібереді, сәтсіздікке жиі ұшырайды да, торығу сәттерін басынан өткізеді. Олардың жолы даңғыл емес, ирек ирек соқпақты қиын.

Оқушы болса, жаңаны тани отырып, ең тура, қысқа жолмен жүреді. Мүнымен бірге ол жаңаны тікелей өздері емес, ғылымда сол кезде белгілі болған және жасалып шығарылған білімді меңгеру үшін оған тура да қысқа жол көрсететін, бұл білімдерді меңгеруге көмектесетін мұғалімнің басшылығымен таниды.

Оқушы ғылымды ғалымдардың қалай ашып және жасап шығарған қалпында емес, қарапайымдалған түрінде, педагогикалық арнаулы лайықталып жасалынған оқу пәні түрінде ғана таниды. Кез келген адамның танымдық қызметі, оның нені танығанына (объективті танылған ба, немесе танылмаған ба) қарамастан, сол бір ғана таным заңдылықтары бойынша болады [6]. Таным процесінде теориялық түсініктемені Маркстік таным теориясы береді, бүл теорияға лайық объективті дүние тану процесі адамның сана-сезіміндегі сандық құбылыстардың бейнесінің ерекше процесі болып табылады. Оқу процесін үйымдастырушы ретіндегі мүғалімнің күші мен жігерінің елеулі бөлігі оқушылардың оқуға деген ынтамы мен ұлтылығын оятуға, олардың танымдық белсенділігін туғызуға бағытталуға тиіс. Оқу процесі білімді меңгеру және іскерлік пен дағдылар процестерінен құралады, оның үстіне, жоғарыда атап айтқандағыдай, білімді игеру ең жетекші әрекет болып табылады. Адамның материалдық дүниені тану процесі нақты пайымдаудан басталады. Оқушылардың оқудағы пайым қызметі де тап осыдан басталары да сөзсіз. Мұнымен бірге нақты пайымдау кеңінен  түсіндіріледі, сезімдік кору тәрізді, демек адамның сыртқы дүниенің бір затымен, не құбылысымен өзінің барлық (немесе түрлі) сезім органдарының көмегімен жанасуы. Бүл процесте адамның естуі де, көруі де иіскеп білуі де, сипап сезінуі де, дәмді татуы да қатысуы мүмкін. Бұл оқушылардың қазірдің өзінде бар түсінікті оқушының таным процесіндегі нақты пайымдап қарау - бұл жаңа материалды сылбыр қабылдай салу емес. Оқушының қазіргі уақыттағы оқу процесінде танылатын жаңа құбылыстармен кездесуі әрқашан да әсері: оқушы мұғалімнің - оқулықты, географиялық картаны және т.б. аш деген нұсқауын тыңдайды да, орындайды да; ол жазады да, сызады да, сурет те салады және мүғалімнің сұрақтарына жауап береді, оған өзі де сұрақтар қояды және өлшеп есебін де шығарады.

Қазіргі білім беру технологияларының қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі дәстүрлі білім беру әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруға қабілетсіз болып отыр, яғни қарама-қайшылықтар туындауда. Дәстүрлі білім берудің негізгі қарама-қайшылығы педагогикалық әрекет оқу-тәрбие процесін басқарудың жалпы құрылымында субъект-субъектілік қарым-қатынас қисынымен анықтала отырып, субъект-объектілік қарым-қатынас типі бойынша жүзеге асырылуда.

Білім шындығын нақтылау мен тексеру өзінің меңгерген ережесіне, анықтауына, заңына мысалын келтіре білуден басталады. Ол іс жүзінде міндетті шеше білуде де, жаңа құбылыстарды талдап аңғара білуде де, оларды бір топқа немесе бір түрге жатқызып, бір немесе екінші басқа бір ұғынға әкеліп жеткізуде де көрінеді. Бірақ ол жаңа хабарлар алу, жаңа құбылыстарды тану, демек, жаңа білім алу жасында өздігінен жұмыс істеу мақсаты үшін осы білімдерді қайта жақсартумен пайдалану ісінде бәрінен де көбірек көрінеді.

Оқыту міндетіне, оқушыларды біліммен қаруландырудан басқалардың іскерлігі мен дағдысын төселдіру де енеді. Іскерлік пен дағдыға төселдіру процесі, әдетте білімді меңгеру негізінде өтеді. Алайда, жоғарыда атап өтілгендей, білімді меңгерудің барлығы бірдей іскерлік пен дағдының қалыптасуымен қалай байланысты емес. Іскерлік пен дағдының қалыптасу процесі көптеген практикалық әрекеттер жасауды қамтиды. Іскерлікті қалыптастырған кезде санаға сүйенудің мәні мынада, оқушы өзіне нені, қалай, не үшін және неге істейтінің біледі де түсінеді. Басқаша айтқанда,  оған жүмыстың мақсаты белгілі. Ол сол жүмысқа қалай кірісу және оны қалай орындау керектігін біледі. Әдеттегі сияқты бұл білім іскерлік пен дағдыны төселдіруге әкеліп жеткізетін әрекеттің өзін орындау процесінде оңделіп те жөнделіп кетеді. Іскерлікті меңгеру процесі әдетге оқушы өзі меңгеретін белгілі әрекетті өзі аяқтауға тырысып бағудан басталады - ол меңгерген ереже негізде әріпті жазады, есеп мысалын шығарып көреді және т.б. Оқушы мұғалімінің бақылауында бола отырып барлық әрекетті өзі аяқтайды. Сонымен бірге оқушы қалай істеу керектігін үнем ойлап, ереже, үлгімен салыстырым отырады. Алғашқы іскерлікті қалыптастыру кезеңінде ойлану толгану, білімді істе санасы түрде қолдану сәті аса күшті әсер етеді.

Мұнда мұғалімнің сөйлеу қызметінің екі жағы бар: мұғалім жаңа білімді хабарлап жеткізеді де, оқушыларды бірталай танымдық әрекет жасауға қатыстырады. Сонымен оқу танымындағы нақты пайымдап қарау іс жүзіндегі оқу танымы, әрекетіне әрқашан да байланысты. Түйсік пен қабылдау процестері бірнеше қайталанган кезде мидың үлкен ми сыңаларының қыртысында уақытша байланыс пайда болады. Түйсіктермен қабылдап алу арқылы алынған осы бейнелер елес түрінде есте сақталады.

Білімді меңгеру үшін оларды классификациялау мен жүйелеудің, белгілері бойынша топтаудың үлкен маңызы бар. Бүл әдістер  құбылыстардың іріленген  үлкен  топтарын  есте сақтауга және олардың араларындағы берік логикалық байланыстарды орнатуға ықпал жасайды. Нақты пайымдаудан абстракшысы ойлауға көшу процесі, нақты пайындаудың өзі сияқты, жаза ақыл-ойдың пайымдау процесі емес.

Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне кол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті

Іскерлік пен дағдының қалыптасу процесі көптеген практикалық әрекеттер жасауды қамтиды. Іскерлікті қалыптастырған кезде санаға сүйенудің мәні мынада, оқушы өзіне нені, қалай, не үшін және неге істейтінің біледі де түсінеді. Басқаша айтқанда,  оған жүмыстың мақсаты белгілі.

Іскерлікті меңгеру процесі әдетке оқушы өзі меңгеретін белгілі әрекетті өзі аяқтауға тырысып бағудан басталады - ол меңгерген ереже негізде әріпті жазады, есеп мысалын шығарып көреді және т.б [7]

Қандай да болсын іскерлікті меңгеріп алу процесінде бүтіндей барлық әрекет көрсету сияқты, оны біртіндеп жүргізілетін операцияға бөлшектеу үлкен роль атқарады. Білімді меңгеру процесінде оқушылардың ойлау қызметін жандандыруға бағытталған таныс міндеттерінде әдетте нәтиженің өзі белгісіз болып келеді, бірақ оның есесіне оғам жеткізу үшін жасалатын әрекеттің әдіс-тәсілдері белгілі.

Іс жүзінде іскерлік пен дағдыны игеріп алу кезінде оқушылар, әдетте, нендей нәтиже шығатынын біледі (мысалы, әдемі жазылган әріп) және ол күні бұрым белгілі болған нәтижеге әкелетін әрекеттерге үйрену үшін жаттығады. Мұнан бұрын атап өтілгендей, дағды деген жетілген сатысына келтірілген әрекет деп түсініледі, адам ол әрекетті қалай жасағанын тіпті ойлай алмай да қалады, ол оны көзді ашып-жұмғанша, автоматталғандағыдай тез орындайды. Дағдының физиологиялық негізі байланыстың тұрақты қалыптасқан жүйесі, динамикалық стереотип болып табылады. Алайда, мынаны атап көрсету керек, дағдыда да санаға сүйену бар. Егерде оқушыға әрекетті қалай жасау керектігін ойлауға тура келмейтін болса да, бірақ ол әрекетті неге, не үшін және неліктен жасайтынын әрқашан да біледі.

Іс - әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметінің  сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.

Информация о работе Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау