Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.

Содержание работы

Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

kursovoyJ.docx

— 80.08 Кб (Скачать файл)

Жетілдіру кезеңінде мамандық бойынша тиісті құзыреттілікке сәйкес кәсіптік білім мен іскерлік қалыптастыруға бағытталған өндірістік тапсырмаларды өзбетінше жасау қарастырылады. Студенттер жаңа техника мен технологияны, жаңашыл (новатор) жұмысшылар тәжірибесін үйренеді. Осы кезеңде өндірістік тәжірибе жинақталып, жетілдіріле түседі.

Аяқтаушы кезең үйренуші-жұмысшының базалық кәсіпорнында мамандығы бойынша штатты жұмысшы болып қызмет етуімен шектеледі. Уақыт өткен сайын ондай мамандар тәжірибесі арта түсіп, қоғамның қажетті, толық мүшесі болады.

Өндірістік оқыту жүйесі өндіріс пен кәсіптік білімнің дамуына байланысты қалыптасады. Өндіріс онша дамымай тұрған кездері жұмысшы маман даярлау салалар бойынша (ағаш өңдеу, металл өңдеу, слесарлық өңдеу, тері өңдеу, мата өңдеу, т.с.с.) жеке (дара) оқу бойынша мамандар аз даярланып келді. Технологиялық үдеріс жүзеге асқанда, оның мазмұнын, операцияларға бөлу жүйесі еңбек элементтерінің белгілі оқу компоненттерін ескереді. Осындай оқу жүйесін құраушылар оны шеберлік тәсіл элементі деп атады. Ф.Л.Блинчевскийдің айтуынша [8] өндіріс типтерінің сериялы және жаппай түрлері сипат ала бастағанда (ол ХІХ ғасырдың ортасы болатын) операциялық өңдеу ұғымы оқу үдерісіне ене бастады. Былайша айтқанда, бір затты даярлау n – операциядан тұратын болса, енді ол n+х – операциялардан тұратын болды. Мұндай жолмен негізгі операцияларды, жеке операцияларға бөлшектеу, операция санының артуымен қоса, жұмыс орнындағы операцияларды орындаушы жұмысшылар саны арта түсті. Ол өз кезегінде жұмыссыздықтың алдын алып, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің түйінін шешуге бағытталды.

Бұл жерде сериялы және жаппай өндіріс типтерінің дара (жеке) өндіріспен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екенін атап өтпекпіз. Сериялы және жаппай өндіріс типтері үшін, қолданылатын жабдықтар – арнайы және арнайыландырылған болып жіктеледі. Мұндай жабдықтарда тек бір ғана операция жасалып, онда өнім көптеп шығарылады, сондықтан аталған өндіріс серияларында жұмысты ұйымдастыру көптеген артықшылықтарға ие, олар:

- өндіріс өнімділігі жоғары, жеке тетіктер көптеп жасалады;

- әрбір операцияда жасалатын жұмыстар сапасы өте жоғары;

- жұмысшы-операторлар тек  қана бір операцияны меңгерген, әрі соны ғана орындайды;

- қажетті кескіш аспаптары  орталықтандырылған қайрау бөлімінде  даярланып, алмастырылып тұрады;

- әрбір өңдеу операциясының  аяқталуы, келесі операция үшін  дайындама болып, есептелетіні, тек  соңғы операцияда ғана тетік  түгелдей өңделіп, құрастыруға жіберіледі.Оқытудың моторлы-дайындық жүйесі операциялық жүйенің жеке нұсқасы және ол жұмысшы қозғалысы мен элементтерін дамытуға бағытталады.

Бірінші кезеңде оқушылар еңбек қозғалыстарына дағдыланған, оған токарь мамандарын даярлауға бөлінетін 400 сағаттың 5% ғана қарастырылған. Оқытудың негізгі тәсілдері моторлы-дайындық жаттығуларын орындаумен шектелген [12].

Екінші, үшінші және төртінші кезеңдерге тәсілдер (амалдар) мен операциялар, кешенді операциялар, өздігінше жасайтын жұмыстар болып табылады.

Тәсілдер мен қозғалыстардың құрылымын үйрету еңбек үдерістерін тиімді ету мен еңбек өнімділігін көтеру жағдайларында қалыптасады, оның маңыздылығы осы кезге дейін өз орнын жоғалтқан емес. Тұтас кешенді пайдалы жұмыстарды орындау өндірістік оқыту тәсілдерін ұйымдастырудың негізгі тармағы.

Оқыту жүйесін жалпы сипаттау мен таптастыруға техника мен өндірістің дамуы, соған сәйкес кәсіптік-техникалық білімнің қажеттілігі мен сұраныстың болуы негіздеме болады.

Білім беру жүйесін қайта құру талаптары және бәрінен бұрын шығармашыл жеке тұлғаны дайындауға, үйлесімді дамытуға шығармармашылық заттық-операциялық жүйе жауап береді. Оның негізіне жеке тұлғаның шығармашылық және заттық-пайдалы іс-әрекеті алынды. Бұл іс-әрекет үрдісінде материалдық құндылықтарға ысырапшыл қатынас төмендейді. Сонымен қатар, шығармашылық элементтері (шығармашылық іс-әрекет объектілерін іріктеу, оның конструкциясын сызу және дайындау технологиясын әзірлеу), белсенділік және іскерлік (пайдалы бұйымдарды дайындау), еңбектік мақтаныш, абырой (тұтынушылар қолданатын, сапасы жоғары бұйым дайындау) артады. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындау практикасына шығармашылық заттық-операциялық жүйенің енуі шығармашыл ойлайтын және әрекет ететін мұғалімді талап етеді. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлауда, сәндік қолданбалы өнер, техникалық (көркем) шығармашылық негіздері курстарын оқытуда кеңінен қолданыс табуда.

Өндірістік оқыту  (немесе арнайы технология) сабақтарында әрбір бағдарламалық тақырыпта бірқатар дидактикалық  міндеттерді орындайды; алдағы жұмыстан қызығушылық пен дайындықты ояту, оқушыларды тың білім және шеберлікпен байыту, қайталау және жаттығу жолымен алған білім мен  шеберлікті тиянақтау, оқу жұмысының  сапасын есепке алу мен бағалау және оқушылардың үйден өз бетінше білім алу, сондай-ақ шығармашылық еңбек қызметін ұйымдастыру.

Өндірістік оқыту  (немесе арнайы технология) сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі,  мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы,  мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.

Еңбекке баулудың формалары мен әдістерін, мазмұнын, принциптерін, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда тәрбиелеу  мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарын көптеген ғалымдар (О.Сыздықов, К.Өстеміров, Н.Адамқұлов, Д.Қ.Пошаев, Б.Т.Ортаев, Ж. Күнпейіс т.б) зерттеген.

Қазіргі кездегі технологиялық білім беруге, жастардың технологиялық мәдениетіне сәйкес еңбек іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдысының қалыптасуы, еңбек үдерісін және оның құраушы бөліктерін орындауға баулу, әр түрлі оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формалары көмегемен жүзеге асырылады.

Жалпы адамзат мәдениетін, ой – пікірдің дамуын жас ұрпаққа жеткізуші тұлға ретінде  мұғалім өте маңызды рол атқарады. Бүгінгі мұғалім – ой – өрісі кең, мәдениеті жоғары, жаңаша ойлауға қабілеті бар, халқымыздың педагогикалық мұрасын және дүние жүзілік озық педагогикалық ой – пікірді меңгерген ізденімпаз маман [ ].

Оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық  тәжірибе негізі арқылы мұғалімдер оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс - әрекет орынды тәсілдерді таңдай – білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Теория мен практика  бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Мұғалімдер мен мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл - әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі барысында қалыптасады.

Бұйым дайындау жолдарын қарастыруда  жас жеткіншектерге оқытудың психологиялық негізінің арнайы ерекшеліктерін білу керек. Олар:

-  бірінші кезең еңбектік  ерекшелігі, оның сипаты мен психофизиологиялық ерекшеліктері жөніндегі қажетті ақпараттарды қабылдаумен аяқталады. Мәселен, ақ киізді соны тәсілмен өңдеуде оқушылар еңбек міндеттерін обьектіні бақылау немесе еңбек үрдісімен алдын – ала танысу негізінде айқындайды;

-  екінші кезеңде еңбек іс - әрекетінің негізінде жатқан негізгі ережелерді ұғыну іске асады. Оқушылар ақ киізден бұйым жасауда еңбек үрдісін түсінеді, еңбек жөніндегі жаңа білімдер алады;

-  үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өзіндік жұмыс жасау, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту  жүреді;

-  төртінші кезеңде алынған білім біртіндеп практикалық іс - әрекетке ұштасады. Еңбектік білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастырудың барлық кезеңдерінде, олар бақылануы және тексерілуі қажет, бұлар түзетуді енгізуге мүмкіндік береді.

Іскер мұғалімдердің оқушыларға кішкентайынан бастап жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын үйретуі олардың іскер, бар іске жауапкершілікпен қарауына көмектесетінін көрсетіп отыр. Оқушыларға жұмыс істеу үшін міндетті түрде дұрыс ұйымдастырушылық  қажет екенін саналы түрде түйсінгенше ыждағатпен үйрете беру керек.

Осы арқылы мұғалім тағы бір мақсатты орындайды – оқушылар құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуге, орнымен пайдалануға үйренеді. Оқушылар іс - әрекет барысында технологиялық өңдеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып жұмысты қаншалықты жеңілдетуге болатынына және жасалар заттың сапасын қалай жақсартуға болатынына көз жеткізеді. Ал құрал –жабдықты дұрыс әрі орнымен пайдалану оларға еңбекті неғұрлым ұнамды етіп көрсетеді.  Құрал-жабдықтарды, мәселен ақ киізді қазіргі жаңа технологиямен жасауда  құралдарды мейлінше еркін пайдалану барысында жұмыс орнын ұтымды ұйымдастырғанда ғана еңбек дағдыларын қалыптастыру жүзеге асады. Бұйым жасауда өз ісіңді жоспарлай білуді жетілдіре түсудің де мәні аз емес. Мұндай іскерлік әр тапсырманы орындау барысында қалыптасады [13].

Бүгінгі мектеп оқушыларының ой - қиялы, ғылыми техникалық прогрестің дамуымен бірге күн санап даму үстінде. Олардың ой-қиялының дамуымен білім мен біліктілік, дағдыларын қалыптастыруда қазіргі кездегі күнделікті өмірдегі техникалық ағымдық ақпараттық құралдар-телевизор, радио, компьютермен газет журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту мақсатындағы реформаның негізгі бағыттарында оқу мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің жоғары болуын және ғылым негіздерінің  берік игерілуін талап етіп, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай оқытудың озық әдіс- тәсілдері мен оқытудың жаңаша жолдарын қолға алуды атап көрсеткен. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнын түбегейлі өзгетіп жаңа оқулықтармен жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі.

Оның үстіне шеберлік пен оның  элементтері дағдыға айналады. Осыған жетуде оқушының жеке басының тәрбиесіне де байланысты. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрие үдерісінің түбірі деп қарастырылады.

Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады.

Сондықтан да оқыту формалары мынандай құбылыстарды қамтиды:

- сабақтың дидактикалық  мақсатын;

- сабақтың өтетін жерін, оның режимін және оқушылардың  құрамын;

- сабақтың құрылымын былайша  айтқанда оның өту кезеңдерін;

- оқушылардың өзіндік  жұмысы деңгейін.

Кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:

- шеберханасында өткізілетін  сабақтар;

- оқу шаруашылығында немесе  өндірісте өткізілетін сабақ;

- өндірістік практика (өндірістегі  жұмыс орнында ұйымдастырылған);

- диплом алдындағы практикасы.

Өндірістік оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:

- белгілі бір операцияның  немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын  үйрететін сабақ;

- сол алғашқы дағдыларды  жетілдіруге арналған сабақ;

- кешенді жұмыстарды үйретуге  арналған сабақ.

Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстары ерекше орын алады. Оның мынадай түрлері бар: кіріспе нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Оқу шеберханаларында  кәсіби практика ең алдымен кәсіби дағды мен машыққа ие болу үшін жүргізіледі. Кәсіби шеберліке жету үшін, өндірістік оқыту шеберлері сабағын жүргізгенде әр түрлі әдістерін қолданады. Көптеген өндірістік оқыту шеберлері мультимедиялық жабдықтарды қолдана отырып, «шебер-класс», семинар, қосымша сабақтар өткізеді, электрондық оқулықтарды оқыту үрдісіне ендіреді. Өндірістік практика кезінде оқушылар өндірістік оқыту сабақтарында игерген  машықтарын жұмыста қолданады. Нақты өндірістік қызмет дағдыларын алу мақсатында мамандық профилі бойынша технологиялық практикасы жүргізіледі. Өндірісте оқыту кезінде әр оқушыға жұмыс орны беріледі, тәлімгер бекітіледі, қауіпсіз еңбек жағдайы кепілдендіріледі.Тәжірибе қорытындысы бойынша лицейде оқушыларға өндірістік жиналыстар өткізіледі, оған әлеуметтік серіктестіктер мен оқушылардың ата-аналары шақырылады. Бұндай жиналыстар іскерлік стилде өткізіледі, жәнеде шеберлермен жалпы талдаулар жүргізіледі, сонымен қатар цех өкілдері практиканттардың жұмыс бағасын көрсетеді. «ССКӨБ» АҚ лицейдегі педагогикалық  персоналы мен оқушыларға құрмет грамотасын және алғыс хатын береді, жәнеде қаладағы басқа кәсіпорындарыда өндірістік тәжірибесін ұқыпты өткізгені үшін, кәсіптілігін куәландырады, себебі лицей өз жауапкершілігіне алады, сауатты мамандар мен өндірістегі талаптарға және талап етілген уақытына жауап беру.

 

    Өндірістік саяхат  тек қана кәсіпорындарында өткізіледі, оқушылардың келешектегі мамандығына қатысты. Алдын ала кәсіпорынмен танысып алып, мамандығын, оның ішіндегі тәртібін, еңбек қауіпсіздік ержесін, оқыту процессі үшін қазіргі өндірістік технологиясын және жаңа тиіпті жабдықтарынмен танысу, ұйымның еңбек әдісі мен жұмысын қабылдауын, өндірістің озаттылығын қабылдағанан кейін өндірістік саяхатын кәсіби оқыту үшін ұйымдастыру. Өндірісті оқытудағы алғашқы кезеңін ұйымдастыруы, ол саяхат үшін үлкен бір маңызын білдіреді: олар оқушылар үшін өте жарық әсер қалдырады, шеберлер мен оқытушылардың негізі олармен өткізген тәрбие жұмысы.

Информация о работе Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау