Ойын технологияларына эксперимент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог Сухомлинский “ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды” деп санаған.

Содержание работы

Кіріспе ....................................................................................................... .5
1. Оқытудағы ойындар маңызы ................................................................7
1.1 Ойынның теориялық мәселелерін талдау......................................8
1.2Ойынның түрлері .............................................................................10
2.Ойынның атқаратын функциялары.......................................................13
3. Ойынның оқытудағы тиімді жақтары..................................................14
4. Ғалымдардың ой-түйіндері..............................................................18-20
5. Ойын технологияларына эксперимент............................................21-25
Қорытынды ................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................27

Файлы: 1 файл

ойын. курсавой.docx

— 103.63 Кб (Скачать файл)

                                    МАЗМҰНЫ

Кіріспе ....................................................................................................... .5

1. Оқытудағы ойындар маңызы ................................................................7

    1.1 Ойынның теориялық  мәселелерін  талдау......................................8

    1.2Ойынның түрлері .............................................................................10

2.Ойынның атқаратын функциялары.......................................................13

3. Ойынның оқытудағы тиімді жақтары..................................................14

4. Ғалымдардың ой-түйіндері..............................................................18-20

5. Ойын технологияларына эксперимент............................................21-25

Қорытынды ................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Оқытудағы ойындар маңызы және оларды қолдану әдістемесі

Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне  тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны  жан - жақты дамытып, білімді толық  игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог  Сухомлинский “ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой  тәрбиесі болмайды” деп санаған.

Ойын арқылы ұйымдастырылған  сабақ қызықты әрі жеңіл игеріледі. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен  жұмыс істеуге, ойлау қабілетін  кеңейтеді. Ойын кезінде оқушылар бір  бірімен тығыз қатынаста болып, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен  тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға  болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл - ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы  әрекет үстінде өзін - өзін еркін  ұстауға, қысылып - қымтырынбауға, басқалармен  тіл табысуға, жолдастық, достық сезімнің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі  мақсаты – оқушыны қызықтыра  отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті  сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсендігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектірін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

  • Ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
  • Жеке оқыту маңызының артуы;

 

 

 

1.1 Ойынның теориялық мәселелерін талдау

Ойынның теориялық мәселелерін  талдауда кеңес педагогикасы данышпан ойшылдардың бұл саладағы еңбектерін пайдаланып, зерттеп және буржуазиялық прогресссивті педагогтардың ойын жөніндегі ғылыми жұмыстарына үнемі  көңіл аударып отырады. Я. Коменский, Ж. Руссо, Р Оуэн т. б. Педагогикалық  ойдың классиктері ойын- баланы жан-жақты, үйлесімді дамытудың құралы, бақытты  балалық шақтың міндетті шарты деп  қарастырды. Орыс халқының ұлы педагогтары  К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт ойынның  мәні және оның атқаратын міндеті  туралы тамаша пікірлер ұсынды.

Буржуазиялық ғылымда неміс психологы К. Гростың ойын туралы айтқан теориялық пікірлері ерекше беделге ие болып келді. Оның адамдар мен жануардың ойыны  туралы көлемді зерттеу еңбегі бар. Бірақ ол ойын туралы идеалистік пікір ұсынады. Ойынды «инстинкт» деп түсіндіріп, ойын тумыстан пайда болады деп қарайды. Осыған орай ойын қоғамдық жағдайға байланысты емес деген теріс қорытынды жасайды.

Ойын туралы австриялық психолог З. Фрейдтің пікіріне байланысты дамыған  екінші бір ағым «ойын санасыз  түрдегі жыныстық сезімге байланысты»  деген теория ұсынады. Мысалы, ұл бала толық түсінбесе де әкелік сезімде  болады, ойын үстінде сол сезім  байқалып тұрады дейді. Кеңес педагогикасы бұған қарсы.  Тіпті өткен ғасырдың өзінде-ақ К.Д. Ушинский ойын шындықтың  сәулесі екенін дұрыс ашып, оның мәні мен мазмұны туралы материалистік  пікір ұсынды. Ойынның өзі де тұрмыстық-әлеуметтік жағдайға байланысты екенін сөз етті. Сондай-ақ К. Д. Ушинский «Адам тәрбие тірегі» деген еңбегінде  Ойын – баланың жеке басын қалыптастырып, сезімін тәрбиелейтіндігін жан-жақты  сипаттады. Ойын баланың сезімін  тәрбиелеп, қиялын өрістетіп, танымын  кеңейтетіндігін К. Д. Ушинский   шебер түрде көрсете отырып, ойынды бала өздігінше ойнауы, ойындағы ойыншықтың мәні және оның орны туралы, өте терең  де тұжырымды пікір ұсынды.

Оның пікірін ілгері дамытқан орыстың көрнекті педагогы А. Ф.  Лесгафт болды. Ол ойын өмірдің сәулесі, баланың қалыптасуында әсерлі, сол  негізде оның бақылағыштығын дамыту керек деп қарады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортаны танып, өзінің шамасын, қауқарын байқап, өзінің іс-әрекетіне  мән беріп, түрлі кедергілер мен  бөгеттерді жеңуге ұмтылады. Сондықтан  А. Ф. Лесгафт баланың денесінің  өсуі мен психикалық дамуы бірлікте болуы үшін ойынның мәні зор екенін ерекше жоғары бағалады. Ойын деп көрсетті ол «рақат таптыратын асқақ сезім», олай болса мұның өзі баланың  ақыл-ойына әсер етеді деген тұжырымға келіп, бұл пікірін мейілінше дәлелдеді. Ойынның шығуы және оның мәні туралы талдау берген Г. В. Плеханов болды.

Ол ойынның мәні мен  мазмұнын белгілейтін еңбек деп  көрсетті. Плеханов ойын адамның еңбектік қажетінен туып өрістейді деген  пікірді қолдады. Баланың ойыны  ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі  еңбекке айналады, сондықтан ол ойын-еңбекке  тәрбиелеудің тиімді жолы, тәрбие құралы екенін дәлелдеді. Гроостың ойын туралы биологиялық теориясын Плеханов сынап, ұл бала мен қыздардың арасындағы айырма ол биологиялық өзгешелігіне деп қарауға болмайды, еңбек бөлінісіне байланысты қыз-шешесіне, ұл-әкесіне  еліктейді. Демек, ойынның мазмұны  инстинктке байланысты емес, қоғамның жағдайына байланысты. Ойын да қоғам өміріндегі еңбек пен тұрмысқа байланысты бейнеленеді деген түйін жасады.

Ойын туралы теорияны ілгері дамытќан Крупская мен Макаренко болды.

Н. К. Крупская ойын туралы және оның мазмұны мен мәні туралы жаңа пікірлер ұсынды. Ойын өсіп келе жаткан организмге, сондай-ақ баланың саналы, жүйелі, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін де қажет екенін толық дәлелдеді және оның  баланың жасына байланысты екендігіне де толық тоқталды.

А.С. Макаренко ойын-баланы еңбекке тәрбиелеу деп қарады. Ойын мен еңбектің арасындағы бірлікті көрсетумен қатар, ойын еңбекке бағытталуы тиіс екені туралы пікірлер ұсынды.Ойын қуанышы еңбек қуанышы екеніне тоқталып, оған “шығармашылық қуаныш”,”жеңіс қуанышы” деп қарады. Сонымен ойын-әлеуметтік іс, еңбектің дамуына байланысты тарихи құбылыс, өмір сәулесі, қоғамдық жағдайға байланысты оның мазмұны өзгеріп отырады. Ойын дамуының негізі жөніндегі пікірлерді саралай келгенде, айтар тұжырым: ойын-өмір шындығының көрінісі, әрі бейнесі, еңбектен кейін пайда болып, еңбектің дамуы барысында олда өркен жая кең дамып, кейіннен балаларды болашақтағы еңбекке әзірлеу бағдарында тиімді тәсіліне айналды. Ойын әлеуметтік іс-әрекет болғандықтан қоғам құрылысына ќарай оның да мән-мазмұны өзгеріп, түрленіп отырады, балаларды еңбекке әзірлеу бағдарында тиісті жүйе бойынша жүзеге асырылады. Кеңес педагогикасы ойынға ерекше мән береді, өйткені балалық шақтың әсері мен ықпалы адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады.

Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»

Мұғалімнің ең басты мақсаты  — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда құрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.

Ойынды жүргізудегі  мүғалімнің маңызды орынын атап өтсек. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.

Қазіргі мұғалім әрбір  сабаққа, тақырыпқа және әр кластың  өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар  оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру  және кейбір материалдарды кең көлемде  беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын таңдай білу керек.

Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе  білуді де ескерген жөн.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен  ғылымды инновациялық технология бағытымен  дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен  үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. 
              

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің  халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастардың  аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының  сапалық өзгерістері адамның  практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. 
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару.  Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектетептерде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Ойындар 5 негізгі  түрге бөлінеді:  
1)стол үсті ойындары

2)дидактикалық ойындар

3)қозғалыс ойындары

4)іскерлік ойындар

5)интеллектуалдық ойындар

 

І. Стол үсті ойындары. 
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді. 

 ІІ. Дидактикалық ойындар. 
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.  
 
ІІІ. Қозғалыс ойындары. 
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық алаңда да өткізе аламыз. 
 
IV. Іскерлік ойындар. 
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді. 
 
V. Интеллектуалдық ойындар. 
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шаралар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. 

Информация о работе Ойын технологияларына эксперимент