Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 21:38, курсовая работа
Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог Сухомлинский “ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды” деп санаған.
Кіріспе ....................................................................................................... .5
1. Оқытудағы ойындар маңызы ................................................................7
1.1 Ойынның теориялық мәселелерін талдау......................................8
1.2Ойынның түрлері .............................................................................10
2.Ойынның атқаратын функциялары.......................................................13
3. Ойынның оқытудағы тиімді жақтары..................................................14
4. Ғалымдардың ой-түйіндері..............................................................18-20
5. Ойын технологияларына эксперимент............................................21-25
Қорытынды ................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................27
2.Ойынның атқаратын функциялары
3. Ойынның оқытудағы тиімді жақтары
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ
проблемалық міндеттерді
Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я.А.Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процесін жеңілдетеді – деді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухомлинский В.А. терең және жан-жақты қарастырған.
Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:
1. Танымдық дидактикалық ойындар.
2. Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.
3. Пәндік олимпиада апталығы.
4. Көрнекіліктер.
5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
7. Педагогикалық технологиялар.
Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.
1. Дидактикалық міндет.
2. Танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқудың тиімділігін арттыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Сондай-ақ оқушының танымы тек таным қызметінде ғана емес, сонымен бірге еңбек ойын әрекетінде, әдеби және қоғамдық қызметтерде орын алады. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.
- Сабақтың шығармашылық бастамасы.
- Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.
- Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.
Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.
- Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.
- Білім мазмұнының көлемі, маңызы.
- Білімді меңгеру деңгейі.
- Білімді қабылдауы.
- Білімді қолдана білуі.
Ойын үстінде
оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап,
оқумен жаттығады және ойын үстінде
салыстыру арқасында
Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарылай түседі.
Я. А. Каменский: «ойында рухани және дененің даму қозғалысын көреміз, оларды саналы түрде пайда келтіретіндей жүргізуіміз керек. Ойын- жасына және халықтық ғұрпына сәйкес болуы керек» - деп аттап көрсетеді.
Ойынды таңдау кезінде
оқушылардың техникалық
Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Зерттеу барысында бастауыш
сынып оқушылырының ойын технологиялары
негізінде оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіру бойынша тәжірибелік-
Алға қойылған мақсатқа жету үшін біз оқу материалының мәнділігі мен құндылығын көрсетуге, пәнаралық және пән ішіндегі байланысты орнатуға, қоршаған орта болмысын материалдарымен оқуды байланыстыруға, оқушылардың өз бақылаулары мен тәжірибесіне сүйенуге тырыстық.
Инновациялық оқу, оқудың
дәстүрлі түріне әрекетшілікдікке ауысу
арқылы жүзеге аса отырып, оқушының
оқу әрекетінің белсенді субъектісі
болуына мүмкіндік береді. Оның өзі
сабақты әртүрлі технологиялар
бойынша жобалауды қажет етеді.
Біз тәжірибелік-экспериментік
Ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда
біз оқытудың білімділік, тәрбиелік
және дамытушылық мақсаттарына жетуге
бағытталған мазмұндық
Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын
өту барысында «Сөз қуаласпақ»,
«Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған
сөз», т.б. дидактикалық ойындар
қолдану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбаларда балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес
көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік
кітаптарынан алынған сипаттамаларды,
қызықты деректерді ықылас қойып, зор
ынтамен қабылдайды. Соның арқасында
олардың пәнге деген
«Адам» бөліміндегі
«Өнер, мәдениет-ақыл-ойдың-
Туған өлкенің жер бедері туралы сөз қозғағанда оқушыларға таулар мен табиғаттың әсемдігі жайында білетін өлеңдерін айту өте пайдалы.
Қоғамдық құбылыстар мен
табиғат құбылыстары жайында
белгілі бір тақырып бойынша
қызықты деректер, әңгімелер, өлең-жырлар,
мақал-мәтелдер іздестіруге арналған
тапсырма беру де оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыруға
Сонымен, дүниетану сабақтарында
мынадай жұмыс түрлері
Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар- оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп танбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында
тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту
логикалық ойын есептер. Бұл логикалық
есептерді ұсыну балалардың ойының
ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге
өте үлкен әсер етеді. Қазір математика
сабақтарында «Қазақтың байырғы
қара есептері» деген кітаптан көптеген
логикалық құрылымды ойындарды
пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық
өлшем бірліктері тақырыбына байланысты
«Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы»
туралы есептер берілсе, оқушы өз
тіліміздегі өлшем бірліктерін
де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде
« Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне
байланысты «Дыбысты сағат», есептерін
ұсынуға болады. Есептеуге байланысты
«Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу
саналған!» т.б. ойын-есептерді бере
отырып балаларға «Қиял қыр асырады»,
«Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты
нақыл даналықты меңгеруге