Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 14:31, курсовая работа
Жастардың еңбек тәрбиесіне, политехникалық оқуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан - жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан -жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын одан әрі жақсарту шараларын жүзеге асырып, оқу сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының тығыз бірлігіне қол жеткізу қажет болған. Оқу - тәрбие жұмысына мектеп ұжымы, оқушылардың ата - аналары мен жұртшылықты белсенділікпен қатыстырудың, мектептің тығыз байланысын жолға қоюдың да маңызы зор.
Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар көп-ақ. Олар: оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды, оқу құралдарының сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне; оқушылардың оқу іс — әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқу бағдарламалары қаншалықты жетілдірілгенмен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, оқыту процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрену т.с.с. іс - әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт - мұғалім.
Кіріспе........................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Авто ісі» пәнін жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың мазмұны.....................................................................................................6
2. Автомобильдің электр жабдықтарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.............................................................................................18
3. Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары…………………………………………………………...35
Қорытынды...............................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................44.
Қосымша......................................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
1. Авто ісі»
пәнін жоғарғы сынып
оқушыларына оқытудың мазмұны..
2. Автомобильдің электр
жабдықтарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.................
3. Оқу лабораториясын
дидактикалық және
техникалық құралдармен жабдықтау жолдары………………………………………………………….
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Кіріспе
Зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесі және оның болашағы, ғылым мен техникада жасалған жаңалықтар ауқымы, алдағы бағыты жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп ұшін жаңа заңдар мен тұжырымдамаларды қабылдау қажеттілігіне әкелді. Жаңа бекітулер, қабылдаулар рухани өміріміздің жанды саласы — мектеп, оның оқу — тәрбие жұмысын жан -жақты қамтуға негізделеді.
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр. Осы орайда мектептегі оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру дұрыс жолға қойылуы тиіс. Оны ұйымдастырушы педагогтар екендігі белгілі. Мұғалім кадрлардың жетіспеушілігі, оқулықтар мен бағдарламалардың, көмекші құралдар мен көрнекіліктердің тапшылығы оқу - тәрбие процесіне кері ықпал ететіні белгілі.
Жалпы
білім беретін мектептерде
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі екендігі баршаға белгілі. Осы процесті қамтамасыз етуде жалпы орта білім беру.
Жалпы орта білім беретін мектептердің негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасы сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан - жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде бірқатар міндеттерді шешу керек екендігі айқын. Жалпы білім беретін мектептердің мақсат, міндеттерін шешуде мектеп көлемінде оқытылып отырған оқу пәндерінің өзіндік орны, ерекшеліктері бар.
Жастардың еңбек тәрбиесіне, политехникалық оқуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан - жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан -жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын одан әрі жақсарту шараларын жүзеге асырып, оқу сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының тығыз бірлігіне қол жеткізу қажет болған. Оқу - тәрбие жұмысына мектеп ұжымы, оқушылардың ата - аналары мен жұртшылықты белсенділікпен қатыстырудың, мектептің тығыз байланысын жолға қоюдың да маңызы зор.
Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар көп-ақ. Олар: оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды, оқу құралдарының сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне; оқушылардың оқу іс — әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқу бағдарламалары қаншалықты жетілдірілгенмен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, оқыту процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрену т.с.с. іс - әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт - мұғалім.
Таным процесінің жан - жақты мәселелері, нәтижелерді оқушыларды дамытуда қолдану жүйелілігі психологтардың еңбектерінде қарастырылған, олардың ішінде қазақ тілінде жарық көрген Қ. Жарықбаев, Н.Б. Қоянбаевтың «Педагогика» атты еңбегінде де баланы оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық процестерді қарастырады. [46,47]
Оқушылардың сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негізін мазмұндайтын, педагогикалық оқулықтарды жазған: Ю.Н. Бабанский, Г.А. Ильина, Ж.Б. Қоянбаевтың, В.И. Харламовтың т.б. еңбектері мұғалімдер үшін педагогикалық қызмет үшін қажетті әдебиеттер болып табылады. Еңбекке баулу сабағын ұйымдастыру жақтары мен мазмұны П.Р. Атутов, В.А. Поляков, Д.А. Тхоржевский және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. [12,21,43,44,45]
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында, оқушыларды білімділікке дайындау жүйесінде еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің ролі мен орны бөлімінде: «Еңбекке дайындаудың жаңаланған түрі төмендегі шарттарды орындауға тиіс — дей келе, оның мазмұнын жетілдіру» - деп еңбекке баулу мазмұнын, оқыту процесін жетілдіру жағын көрсетеді.
Оқу процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру тек қажетті бағдарламалардың, маманның болуымен ғана шектелмейді. Оқушының білім сапасын арттыру оқушылардың белсенді жұмысын қамтамасыз етумен байланысты. Әрбір пән бойынша сабақтарда оқушылардың ойлауын қамтамасыз етумен алған білімін практикада қолдануды қарастыру керек. Зерттеу жұмысымыз осы бағытқа негізделеді.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:
Жоғарғы сынып оқушыларына «Авто ісі» профилін оқыту үрдісіне оқушылардың белсенділігін арттыруды қамтамасыз етудегі, оқу материалдарының тиімділігін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысымыздың міндеттері:
- дидактикалық және техникалық материалдардың мәнін анықтау;
- оқыту процесінде дидактикалық тапсырмаларды пайдалану мен оларды жетілдіруді анықтау;
- генератор механизмін оқытуға арналған нұсқау технологиялық үлгісін дайындау.
1. «Авто ісі» пәнін жоғарғы сынып оқушыларына
оқытудың мазмұны
Бағдарламадағы негізгі материалдар 8-11 сыныптарда «Өндіріс негіздері. Мамандыққа кіріспе» курсымен бірге оқыту қарастырылған. Кәсіби оқыту пәні бойынша сағаттар, 10-11 сыныптарда аптасына 6 сағаттан бөлу көрсетілген.
Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге қысқаша мәлімет:
11 сынып
оқушыларына автомобильге
Автомобильге техникалық қызмет көрсету
74 сағат (18/56 сағат)
1. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету
(2/6сағат)
Автомобильдің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардың бірі болып табылады. Жанар қоспа олардың цилиндірлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.
Кривошипті - шатунды механизм және газ тарату механизмі. Кривошипті - шатунды механизмі жану ырғағында газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да поршеньнің түзу сызықты ілгерлемелі қозғалыстарын иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналдырады.
Газ тарату механизмі - қозғалтқыштың цилиндріне дәл уақытында жаңа жанар қоспасының қажетті зарядын енгізіп және пайдаланған газдарды шығаруға арналған.
Кривошипті - шатунды механизм және газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету.
Күнделікті техникалық қызмет көрсету:
Қозғалтқышты ластан тазартып, оның жалпы жағдайы тексеріледі. Қозғалтқыштың ласын қырғышпен тазартып, керосинге салынған щёткамен жуып, артынан құрғатып сүртеді. Қозғалтқышты бензинмен жууға болмайды, өйткені, одан өрт шығып кетуі мүмкін. Қозғалтқыштың жалпы жағдайын жай көзбен байқап және әр - түрлі режимдерге жұмыс істетіп тыңдап қарайды .
Бірінші техникалық қызмет көрсету:
1) Қозғалтқыштың тіректерінің бекітілуін тексереді.
2) Цилиндрлердің қалпақшасының, картер табанының, иінді білік сальнигінің жалғасқан жерлерінің жымдасуы тексеріледі. Қалпақшаларының тығыз жатпауы цилиндр блогы қабырғаларынан май ағатынын білдіреді. Картер табаны мен иінді білік сальнигінің тығыз жатпауынан майдың ағатыны арқылы айырылады. Қозғалтқыштың тірегінің бекітілуін тексергенде гайкаларының шплинттерін босатып алып, мықтап тартқаннан кейін қайтадан шплинттейді.
Екінші техникалық қызмет көрсету:
1) Цилиндрлер
қалпақшасының бекіту гайкаларын
тартып бекітеді. Алллюминий қорытпасынан
жасалған цилиндрлер қалпақшасының болттарын
қозғалтқыш салқын уақытта динамометр
немесе жүргізуші құралдарындағы қарапайым
кілтпен қосымша сұғындырманы қолданбай
— ақ тартып бекітеді. ЗМЗ - 53
қозғалтқышының цилиндрінің қалпақшасының
болттарын тарту керек. Тарту
күші 7,3 - 7,8 кгс.м
шамасында болуы керек.
Бұрандалы
қосылыстарды бір қалыпты
тәртіппен бекітеді. Блоктың
қалпақшасының гайкаларын ортадан бастап
шетіне қарай белгіленген тәртіппен тартып
бекітеді.
2) Клапанның стержені мен күйентенің қысқа тұмсығының арасындағы саңылауды тексеріп, қажет болған жағдайда реттеп түзейді.
Маусымдық техникалық қызмет көрсету - қозғалтқыштың цилиндрлі - поршень тобының жағдайы жылына екі рет тексеріледі.
2. Суыту және майлау жүйелері.
(2/4 сағат)
Суыту жүйесі - қорғалтқыштың жылуын оның бөлшектерін бөліп, оны қалыпты жылу режимде ұстап тұруға арналған. Майлау жүйесі -қозғалтқыштың үйкелетін бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкелу күші азаяды, оларды салқындатады, әрі майды тазартып отыруды қамтамасыз етеді.
Суыту және майлау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету(практикалық жұмыстар) Суыту жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
Күнделікті техникалық қызмет көрсету:
1) Радиатордағы сұйықтық шамасын бақылап отыру. Судың деңгейі радиатордың су құятын аузынан 15 - 20 мм төмен болуы керек. Суыту жүйесіне антифриз құйғанда оны судың көлемінен 6-7 процент кем құю керек, себебі ысығанда ол суға қарағанда көлемі көп ұлғаяды. Антифриз буланып азайғанда оның орнын сумен толтырып, ағып азайса антифриз құю керек.
2) Суыту жүйесінен сұйықтың ағу - ақпауын тексеру керек.
Бірінші техникалық қызмет көрсету:
1) Суыту жүйесінің сұйық ағатын жерлерінің бәрін қарап, қажет болған жағдайда қатайтып бекіту керек.
2) Су насосының подшипниктерін майлау керек (майлау графигі бойынша). Жағар майды шприцпен май сауыт арқылы бақылау тесігінен май көпіргенше айдау керек. Тесіктен май көрінгенге қарамай, одан әрі айдау сальнигін орнынан қозғап жіберуі мүмкін.
Екіші техникалық қызмет көрсету:
1) Суыту жүйесінің герметиктігін тексеріп, қажет болған жағдайда сұйықтың ағуын тоқтату керек.
2) Тексеру, егер қажет болса радиаторды оның қаптауын және жалюзді бекіту керек.
Маусымдық техникалық қызмет көрсету:
1) Жылына екі рет суыту жүйесін жуу.
2) Жылытқыш чехолдың жай - күйін (қыс кезінде) және оның бекіту сенімділігін тексеру.
3. Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
(2/4 сағат)
Күнделікті техникалық қызмет көрсету:
1) Қозғалтқышты қосу алдында май деңгейін өлшейтін сызғышпен май өлшеніп, ұзақ жол үстінде де тексеріп, қажет болған жағдайда май құйып отырады.
2) Автомобильді қыс айларында пайдаланғанда және ол гаражға қойылмай ашық ауада тұратын болса, жұмыс аяқталған соң, қозғалтқыштың жылы кезінде картеріндегі майын құйып алып, таңертең іске қосатын жылытқышы болса, майын құйып алмай қалдыруға да болады.
3) Майдың ағу - ақпайтынын тексеру керек.
Бірінші техникалық қызмет көрсету:
1) Майлау жүйесінің приборлары мен трубопроводттарының герметиктігін сырттай қарап көріп, қажет болған жағдайда ақауды жояды.
2) Май сүзгілерінің тұнбасын құйып алады. Тұнбаны құйып алардың алдында қозғалтқышты жылытып, сүзгі корпусын шаң тағы басқалардан тазартады. Тұнбаны ыдысқа құйып, қозғалтқышты ластап алмайтындай етіп бұранданы бұрау керек.
3) Картердегі майдың деңгейін тексеріп, ортайған болса құйып толтырады.
Екінші техникалық қызмет көрсету:
1) Майлау жүйелерінің жалғасқан жерлерінің герметиктігі және приборлардың бекітулерін тексереді, қажет болса ақауларды жөндейді.
Маусымдық техникалық қызмет көрсету:
4. Қоректендіру
жүйесіне техникалық қызмет
(2/6 сағат)
Қоректендіру жүйесі отын жеткізіп беруге, карбюраторға ауа жіберіп, оны тазартуға және жанар қоспаны дайындап, цилиндрге беруге, бұдан пайдаланған газды шығарып отыруға арналған.
Информация о работе Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары