Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Жастардың еңбек тәрбиесіне, политехникалық оқуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан - жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан -жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын одан әрі жақсарту шараларын жүзеге асырып, оқу сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының тығыз бірлігіне қол жеткізу қажет болған. Оқу - тәрбие жұмысына мектеп ұжымы, оқушылардың ата - аналары мен жұртшылықты белсенділікпен қатыстырудың, мектептің тығыз байланысын жолға қоюдың да маңызы зор.
Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар көп-ақ. Олар: оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды, оқу құралдарының сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне; оқушылардың оқу іс — әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқу бағдарламалары қаншалықты жетілдірілгенмен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, оқыту процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрену т.с.с. іс - әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт - мұғалім.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Авто ісі» пәнін жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың мазмұны.....................................................................................................6
2. Автомобильдің электр жабдықтарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.............................................................................................18
3. Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары…………………………………………………………...35
Қорытынды...............................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................44.
Қосымша......................................................

Файлы: 1 файл

Сыпатаев Асылбек .doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Шиналарға техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

Шинаны  ластан тазартып, оның жағдайын тексеру.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

1) Шинаның   жағдайын   тексеріп,   протекторлар   мен   қосарланған шиналардың арасындағы тұрып қалған бөгде заттарды алып тастау.

2) Шинадағы ауаның қысымын өлшеп, егер қажет болса, оған ауа жіберу керек.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Протектордағы тұрып қалған заттарды алып, шиналарды қарап шығу.
  2. Ауаның қысымын өлшеп, оны нормаға сәйкес келтіру.

3) Дөңгелектерді  схемаға сәйкес ауыстыру.

8. Басқару  жүйесіне техникалық қызмет көрсету

(0/4 сағат)

Автомобильдің жүру кезіндегі бағытын алдыңғы  дөңгелектерді рульмен басқару арқылы бүрып отырады. Рульмен басаруға мыналар кіреді: Руль дөңгелегі, руль білігі, червяк, руль шүмегінің білігі, шүмек, бойлық тартқыш, бұрылатын цапфаның жоғарғы рычагы, бұрылатын цапфаның рычагы (сол және оң) және көлденең руль тартқыш.

Руль  механизмі руль дөңгелегінен, рульмен  басқару білігінен, руль колонкаларынан, бүйірінде, жоғарыда және астында қақпақтары бар катерден, червяктан, екі немесе үш тарақты ролигі бар шүмекті білігінен, подшипниктерден, шүмекті біліктің реттеуші винтінен тұрады.

Рульдік механизмге техникалық қызмет көрсету. (практикалық жұмыстар)

Күнделікті техникалық қызмет көрсету:

Руль  дөңгелегінің люфтісін тексеру.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Берілістерді тексеріп,  қажет болған жағдайда руль  шүмектерінің гайкаларын тарту қажет.
  2. Бұралатын цапфа рычагының жұмыр саусақтарындағы гайкалардың шплинттелуін тексеру.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

1) Жұмыр саусақ гайкаларының шплинттелуі мен бекітілуін және бұрылатын цапфа рычагтарының бекітілісін тексеру.

2) Тексеріп, егер қажет болған жағдайда  кардан ойсы мен сальниктің шлицті жалғанып бекітілген гайкаларын тартып бекіту.

9. Тежеу  жүйесіне техникалық қызмет көрсету

(2/8 сағат)

Автомобильдің тежеу жүйесі автомобиль қозғалысының жылдамдығын бәсеңдету, тоқтату және қозғалыссыз жағдайда ұстау үшін қызмет етеді. Тежеу жүйесі, тежеу механизмі мен жетектен тұрады.

Гидравликалық жетекті дөңгелектердің қалыпты  тежеу механизмі таяныш дискісіне қос қалыпты орнатылған. Тежеудің пневматикалық жетегі көп жүк көтеретін жүк автомобильдеріне қойылады.

ЗИЛ - 130 және ГАЗ - 53А автомобильдерінде  барабан типті орталық қол тежеуіші орнатылған. Ал ГАЗ - 24 «Волга» автомобилінде қол тежеуіші артқы дөңгелектің тежеу қалыбына әсер етеді.

Тежеуіштерге техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

Тежеуіштер  жетегі жалғастырмаларының жымдасуын  және автомобильдің қозғалысы кезінде тежеуіштердің жұмыс істеуін тексеру.

Бірініші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Тежеу   жүйесінің  құбырларының  жай  -  күйін   және   жымдасуын тексеру.
  2. Тежеулердің  пневматикалық  жетегінің  тежеу  камералары  штогы саусақтарының   шплинттелуін,   тежеуіштерінің   гидравликалық   жетегі   бар автомобильдерде педальдің еркін және жұмыс жүрісінің шамасын тексеру.

3) Қажет болған жағдайда тежеуішті реттеу.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

1) Компрессордың жұмысын, оның қозғалтқышқа бекітілуін және жетек белдігінің   тартылуын   тексеру.   Қажет   болса   компрессорды  бекіту   және белдіктің тартылуын реттеу.

2) Тежеу жүйесінің құбыры мен приборларының жай - күйін және жымдасып жатуын, сақтандырғыш клапанның жұмысын тексеру; қажет болса ауаның немесе тежеуіш сұйықтың ағуын жою.

10. Шанақ  (кузов) пен кабинаның қосымша  жабдықтарына

техникалық  қызмет көрсету

(0/4 сағат)

Жүк автомобильдерінің шанағына жүргізушіге  және бір - екі (кабинаның көлеміне қарай) жолаушыға арналған кабина, капот, қаптау, алдыңғы дөңгелектердің қанаттары, артқы дөңгелектердің бүріккіштері және жүкке арналған платформа жатады, платформаның конструкциясы тасылатын жүктің аумағына қарай әр — түрлі болуы мүмкін.

Кабина  жұқа болат табақтан штампталады және екі есігі мен арқалығы бар жұмсақ орындығы болады.

Лебедка: Жүріп өткіштігі жоғары бірқатар жүк автомобильдеріне раманың алдыңғы жағына лебедка орнатылған, ол жүк көтеру, тұрып қалған автомобильді немесе өздігінен тартып шығаруға арналған.

Шанаққа техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

  1. Автомобильді қарап шығу, кабинаның, шанақтың, әйнектердің, артқы көрініс айнасының, спидометрдің, тіректердің сыр - бояуның және нөмірлік белгілерінің жай - күйін тексеру.
  2. Кабинаны және шанақтың платформасын ашып қою.
  3. Автомобильді жуу.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Автомобильді    қарап    тексеріп    шығу,    шанақтың,    кабинаның, әйнектердің, тіректердің, сыр бояуының, нөмірлік белгілерінің жай – күйін тексеру.
  2. Платформа    болттарының    ілмешектерін,    есіктерді    және    есік әйнектерінің   көтергіш   механизмдерінің   және   ілініс   тетігінің   түзіктілігін тексеру.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Автомобильді қарап шығу және осымен бірге шанақтың, кабинаның, жүргізуші орындығының, әйнектердің, тіректердің, сыр бояуларының, нөмірлік белгілерінің жай - күйін тексеру.
  2. Кабинаның рамаға бекітілуін тексеру.
  3. Жүк платформасының рамаға бекітілуін тексеру.

№2 техникалық қызмет көрсету.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету

(2/4 сағат)

Екінші  техникалық қызмет көрсетудің негізгі  мақсаты - бөлшектердің тозу интенсивтілігін  кеміту, дер кезінде бақылау - болжау, майлау, қатайту, реттеу және басқа да жұмыстар арқылы жарамсыздық пен ақауларды табу, алдын алу.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету.

Жылына екі  рет жүргізілетін маусымдық техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты - жылжымалы составты суық және жылы мезгілдерде пайдалануға даярлау. Жеке жоспарланған маусымдық қызмет көрсету ретінде суық аймақта жұмыс істейтін жылжымалы составқа жүргізу керек. Басқа климаттық жағдайлар үшін маусымдық техникалық қызмет көрсету жалпы екінші техникалық қызмет көрсету мен атқарылатын жұмыстар санын арттырумен сәйкестендіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Автомобильдің электр жабдықтарын  оқытудың әдістемелік

ерекшеліктері

 

Оқушылардың электр техникасынан алған жалпы  мәліметтерін одан әрі дамыта отырып, автомобильдер мен тракторлардың электр жабдықтарының негізгі бөлшектерінің қызметін, құрылысын, әрекет ету принциптерін түсіндіру.

Жоспар  бойынша тақырыпқа 6 сағат беріледі. Төменде әр сабақтың тақырыбы және оларды жүргізудің методикалық ңұсқаулары берілген.

  1. - сабақ. Электр техникасынан жалпы мәліметтер.
  2. - сабақ. Аккумулятор батареялары.
  3. - сабақ. Аккумулятор батареясының ақаулары және оның техникалық күтімі.
  4. - сабақ. Генераторлар.
  5. - сабақ. Контактілі - транзисторлы реле - реттеуіш.

6 - сабақ. Контактысыз реле - реттеуіш. 
                                    Методикалық нұсқаулар.

Бірінші сабақ (әңгіме сабағы).

I. Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)

II. Жаңа материалды баяндау (25 минут).

Мұғалім   тақтаға   (оқушылар   дәптеріне)   жаңа   тақырып   сұрақтарын жазады:

    1. Тракторлар  мен  автомобильдердің  электр  энергиясының  көздері, атқаратын қызметі.
  1. Электр тогы.
  1. Электр магнитті идукция.
  2. Жартылай өткізгіш приборлар.

Мұғалім сабақты мынадай сұрақ беру арқылы бастауы мүмкін: такторлар мен автомобильдерде электр энергиясы не үшін қолданылады?

Оқушылардың жауаптарын қорыта келе, ол тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтарының не үшін қолданылатынын толық түсіндіреді. Электр энергиясы көмегімен тракторлар мен автомобильдердің жарықтандыру мен сигналдау, бақылап -   өлшеу приборларын қоректендіру, қосымша және негізгі двигательді оталдыру, карбюраторлы двигательдердің цилиндріндегі отын қоспасына тұтандыру үшін пайдаланылатынын ескертеді.

Содан соң мұғалім оқушыларға электр ток көздерін атауды талап етеді. «Тракторлар мен автомобильдерде қандай ток көздері орнатылған?» - деп сұрақ береді.

Оқушылардың жауабын толықтыра отырып, мұғалім  автомобильдер мен тракторларда кездесетін ток көздерін - генераторлар, аккумулятор батареялары, реле - ретеуіштерді атап, олардың натуралды түрлерін (плакаттармен салыстыра отырып) көрсетеді.

Мұғалім оқушылардың физикадан алған білімдеріне сүйене отырып, олардан электр тогының анықтамасын сұрайды.

Содан соң, әңгіме барысында, мұғалім оқушылардан тұрақты айнымалы ток анықтамаларын сұрап, олардың жауаптарын толықтырады. Электрді қосу әдістерін сұрай отырып, оның тізбекті және параллель қосылуын мұғалім оқулықтан схема көмегімен түсіндіреді.

Мұғалім тракторлар мен автомобильдердің электр двигательдері мен генераторларының жұмысы электр магнитті индукция құбылысына негізделгенін айта келіп, оқушылардың назарын оқулықтағы қарапайым электр машинасының схемасына аударады.

Оқушылардың физикадан алған білімдеріне  сүйене отырып, мұғалім оларға жартылай өткізгіш приборлардың қызметін түсіндіреді. Тақтаға диодтың, триодтың схемасы мен шартты белгілерін сызады.

Мұғалім сабақты  қорытындылай келіп, оқушыларға бір  фазалы және үш фазалы токтар туралы түсінік беріп, олардың алдын алу әдістеріне тоқталады.

  1. Жаңа тақырыпты пысықтау (15 минут). 1. Электр тогы дегенім не? 2. Электрді   қосу   әдістерін   түсіндіріңіз.   3.   Жартылай   өткізгіштерде   қандай қоспалар  болады?  4.  Диод және триод  схемаларын  сызыңыз.   5.  Диодтың құрылысын түсіндіріңіз. 6. Электр кедергісі дегеніміз не?
  2. Сабақты қорытындылау (3 минут).

Үйге тапсырма. Физикадан Ампер, Ом және Джоул - Ленц заңдарын, трансформаторды, конденсаторды қайталап оқыңыз.

Қарапайым электр машинасының схемасын сызып келіңіз.

Екінші сабақ.

I. Ұйымдастыру бөлімі (2 минут).

II. Өткен тақырыпты қайталау (10 минут).

III. Жаңа материалды баяндау: (20 минут).

  1. Аккумулятор батареясының қызметі.
  2. Қарапайым аккумулятордың құрылысы және әрекет ету принципі.
  3. Аккумулятордың негізгі көрсеткіштері.
  4. Аккумулятор батареяларын жалғау.

IV. Жаңа материалды пысықтау (10 минут).

Оқулықты  пайдалана отырып, оқушылар қарапайым аккумулятордың схемасын сызады, олардың тығыздығы, кернеуі, сиымдылығы туралы мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады. Мұғалімнің сұрақтарына ауызша жауап береді.

V. Сабақты қорытындылау (3 минут).

Үшінші сабақ.

I. Жаңа материалды баяндау сұрақтары:

  1. Аккумулятор батареясының ақаулары.
  2. Аккумуляиордың болу себептері және оларды анықтау әдістері.
  3. Аккумулятор батареясының техникалық күтімі.
    1. Аккумулятор батареясының кернеуін, электролит   тығыздығын, деңгейін тексеру.
  1. Электролитті дайындау және аккумуляторды зарядтау.

II. Өткен тақырыпты қайталау және жаңа материалды пысықтау сұрақтары:

1. Аккумулятор  батареясынан БТСТ - 50 ЭМС маркасын  қалай түсінуге болады? 2. Орталық аудандарда зарядталған аккумулятор батареясының тығыздығы қандай? 3. Аккумулятор кернеуін қандай құралмен тексереді? 4. Аккумулятор пластинкаларынның сульфаттануы қандай себептерден туады? 5. Электролитті құрастырған кезде қандай сақтық шарасын қорғау қажет? 6. Аккумулятор ішіндегі қысқа тұйықталу неден болады? 7. Электролит деңгейін қалай тексереді?

Информация о работе Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары