Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Жастардың еңбек тәрбиесіне, политехникалық оқуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан - жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан -жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын одан әрі жақсарту шараларын жүзеге асырып, оқу сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының тығыз бірлігіне қол жеткізу қажет болған. Оқу - тәрбие жұмысына мектеп ұжымы, оқушылардың ата - аналары мен жұртшылықты белсенділікпен қатыстырудың, мектептің тығыз байланысын жолға қоюдың да маңызы зор.
Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар көп-ақ. Олар: оқыту бағдарламалары мен оқулықтарды, оқу құралдарының сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне; оқушылардың оқу іс — әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқу бағдарламалары қаншалықты жетілдірілгенмен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, оқыту процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрену т.с.с. іс - әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт - мұғалім.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Авто ісі» пәнін жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың мазмұны.....................................................................................................6
2. Автомобильдің электр жабдықтарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері.............................................................................................18
3. Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары…………………………………………………………...35
Қорытынды...............................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................44.
Қосымша......................................................

Файлы: 1 файл

Сыпатаев Асылбек .doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Карбюратор.

Карбюратор - бензин мен ауадан жанғыш қоспаны  дайындау үшін керек. Ол қозғалтқыштың енгізу құбырына орналастырылған.

Карбюраторға  және қоректендіру жүйесінің құралдарына техникалық қызмет көрсету (практикалық жұмыстар).

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

1) Бактағы  майдың деңгейін бақылау және  автомобильге май құю.

2)    Карбюратор,    май    насосы,    май    түтікшелері    және    май    багы бөлшектерінің өзара жымдаса бекітілуін қарап тексеру.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Қоректендіру жүйесі бөлшектерінің өзара жалғасуын сырттай тексеру, қажет болған жағдайда ақауын жою.
  2. Педаль рычагының дроссель осіне және тростың ауа жапқышының рычагына қосылуын тексеру.
  3. Жетекші қызмет атқаруын және дроссель мен ауа жапқышының толық ашылып   —   жабылуын   тексеру.   Жетектің   педалі   екі   жағына   да   жайлап бұрылатын болуы шарт.

4) Шаңды жолда жүріп келгеннен кейін карбюратордың ауа сүзгішін тазартып, майын алмастыру қажет.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

1) Май   багының,   қоректендіру   жүйесіндегі   құбыр   қосылыстарын карбюратор мен май насосы бекіткіштерін тексеру, қажет болған реттерде оқауын түзету.

  1. Тартқыштың дроссель рычагына және тростың ауа жапқышының рычагына қосылуын тексеру.
  2. Жетектің   қызметін   және  дроссель  мен   ауа  жапқышының  толық ашылып - жабылуын тексеру.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету:

1) Жылына екі рет карбюраторды қозғалтқыштан ажыратып алып, оны бөлшектеу және тазалау.

2) Қысқа   пайдалануға   дайындаған   кезде,   арнаулы   приборлармен карбюраторды, оның тораптары мен бөлшектерін, жиклерді тексеру.

3) Май насосын   босатып алып, көру, бөлшектің жай - күйін тексеру. Жинастырғаннан кейін арнаулы приборлармен май насосын тексеру.

  1. Жыл мезгілдеріне сәйкес жапқыштың реттелуін жылыту қоспасы күйінде орнату және түзулікті тексеру.
  2. Жылына екі  рет май  блогындағы  тұнбаны  ағызып  жіберу және жылына бір рет қысқы маусым алдында бакты жуып тазалау.

5. Автомобильдің  электр жабдықтарына техникалық  қызмет

көрсету (2/4 сағат)

Электр  тогы автомобильде карбюратордағы қозғалтқыштағы жұмыс қоспасын жондыру; стартердің көмегімен қозғалтқышқа от алдыру, жолға, кабина мен қорапқа жарық түсіру, дыбыс беріп және жарық түсіріп сигнал беру, бақылау - өлшеу приборлары мен қосымша жабдықтарды қоректендіру қолданылады.

Аккумулятор дегеніміз - химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын тұрақты электр тогының көзін атаймыз. Аккумулятордың мынадай бір қасиеті бар: Заряды біткен аккумулятор бойымен кері бағытта электр тогы жіберілсе, ол сыртқы тізбекке қайтадан ток бере бастайтын болады. Автомобильдерде цилиндрді қорғасын аккумулятор батареялары қолданылады.

Автомобильде  орнатылатын ауыспалы ток генераторы электр энергиясының көзі болып табылады және қозғалтқыш жұмыс істеген кезде осы энергиямен тұтынғыштарды қамтып, аккумулятор батареясын зарядтайды. Генератор электр тогын электромагниттік индукция принципі негізінде жасайды.

Қозғалтқыштың цилиндрдегі тығыздалған жұмыс  қоспасын сығу тактісінің аяқ кезінде  тұтандыру керек. Қоспа тұтандыру свечасының электродтары арасында пайда болатын электр заряды ұшқыны көмегімен тұтандырылады. Электр тогы электрод свечалары арасындағы саңылаудан өткенінде тығыз жұмыс қоспасы оған едәуір кедергі келтіреді, сондықтан осы қарсылықты   қайтару   және   қозғалтқыштың   жұмыс   істеуі   кезінде   жұмыс қоспасының жақсы тұтануына жету үшін 20 - 24 мың вольт шамасындағы жоғары кернеулі ток қажет болады. Қозғалтқышты от алдыру үшін иінді білікті минутына кемінде 60 - 80 рет айналдыру керек. Автомашинаны жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында қозғалтқышқа от алдыру үшін тұрақты ток қозғалтқышы стартер қолдынылады.

Автомобильдерде вибрациялық типтегі электр дыбыс  сигналы қолданылады. Бұл сигнал корпустан, орамы бар кіндік темірден, кіндік темірдің ішінен өтетін стерженнен, болат мембранадан, якорьден, резонатор дискісінен, үзгіштен және реттеуіш винттен кұралады.

Автомобильдерде жарық беру жүйесі мен жарық түсіру арқылы сигнал беру автомобильдің қауіпсіз жүргізілуі және шофер мен жолаушылардың ыңғайлы отыруы үшін үлкен роль атқарады.

 

Аккумуляторға және генераторға, от алдыру жүйесінің құралдарына, стартерге, дыбыс беру сигналына, жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету.(Практикалық жұмыстар) Аккумуляторға техникалық қызмет көрсету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Аккумулятор батареясын құрғақ етіп сүртіп, оны сырттай қарап көру.
  2. Қақпақтағы немесе тығындағы желдеткіш тесіктерін тазарту.
  3. Аккумулятор батареясын тексеру, қажет болған реттерде қатайтып ұяға бекіту.
  4. Барлық аккумуляторда электролит деңгейін байқау, қажеті болып жатса, дистильденген суды үстеп қою.
  5. Бактан электролит ағып тұрмайма екен, соны байқау.

Екінші техникалық қызмет көрсету:

            1) Электролиттің тығыздығын байқау.

2) Батареяның  жұмыс істеуін және оның зарядтану жәрежесін байқау.

Маусымды  техникалық қызмет көрсету:

  1. Климаты шұғыл континентальді, қыста суықтың 40 градустан асатын солтүстік аудандарда көктемде және күзде электролит тығыздығын нормаға жеткізу керек.
  2. Қысқы пайдалануға көшкенде аккумулятор батареясын жылылау қажет. Аккумулятор  батареясының үсті  мүсәтір  спиртінің   10  процентті  ерітіндісі немесе кальцийлендірілген содаға малынған шүберекпен сүртіледі.

Генераторға техникалық қызмет көрсету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

Генератордың  бекітілуін, жетекші белдіктің тартылуын байқау. Екінші техникальщ цызмет көрсету:

  1. Генератор мен реле - реттеуіштің үстін шаң - тозаңнан тазарту.
  2. Генератордың бекітілуін және жетекші белдіктің тартылуын байқау.
  3. Шаң - тозаңнан тазарту үшін генераторды тығыз ауамен үрлеу.
  4. Реле - реттеуіштің жұмысын байқау.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету:

Қысқы пайдалануға дайындаған кезде қозғалтқыштан  генератор, щетка ұстағыш шығарылып, контактілі сақинаның, щетканың және подшипниктердің күйі тексеріледі.

От алдыру жүйесінің құралдарына техникалық қызмет көрсету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

Қалпақты  май сауыт арқылы консистентті маймен үзгіш - бөлгіштің білігін майлау.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Батареямен от алдыру приборларының бетін шаң - тозаңнан, майдан тазарту.
  2. От алдыру свечаларын байқау, қажеті болса, оларды қара күйеден тазарту.

3) Үзгіш - бөлгішті  бөлектеп  алып,  контактілерінің  күйін тексеріп, тазарту және саңылауын байқау. Қажеті болып жатса, саңылауды ретке келтіру.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету:

Қысқы пайдануға дайындаған кезде қозғалтқыштан  үзгіш - бөлгішті шығарып алып, жылжымалы дискінің подшипнигін, үзгішінің рычагын, білікше және жұдырықшаны бөлшектеп қарайды.

Стартерге, дыбыс сигналына техникалық қызмет көрсету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

Бақылау - өлшеу приборларының дыбыс сигналының және жылытқыштың электр қозғалтқышының жұмысын байқаудан өткізу, қажет болған жағдайда дыбыстың күшін ретке келтіру.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Дыбыс сигналы мен стартерді бекітіп тастау.
  2. Сигналмен стартерді шаң - тозаңнан тазарту.

Жарықтану жүйесіне техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті қызмет көрсету:

Фарды,  подфарникті,  бұрылыс  көрсеткіштерін,  стоп - сигналдарды және артқы фонарьларды шаң - тозаңнан тазарту.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

1) Фарлардың орнатылуын және бекітілуін байқау.

2) Приборлар    қалқыны    лампасының,    подфарниктердің,    бұрылыс көрсеткіштерін, артқы фонарьдың, стоп - сигналдың жағдайын тексеру.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

  1. Фардың орнатылуын, бекітілуін және жұмысын тексеру, қажет болса сәуленің бағытын ретіне келтіру.
  2. Жарық түсіретін приборлардың, подфарниктердің, артқы фонарьдың, бұрылыс көрсеткіштерінің, стоп - сигналдың, приборлар қалқаны лампасының жұмысын тексеру.

6. Күштік  беріліске техникалық қызмет  көрсету

(2/6 сағат)

Ілініс - беріліс ауыстырғанда автомобильдің  жүрісін тежегенде, тоқтатқанда, қозғалтқышта трасмиссиядан уақытша айыру үшін және автомобильді орнынан қозғалтқанда, берілісті ауыстырғанда қозғалтқышты трасмиссияға бірқалыпты еппен қосу қызметін атқарады.

Беріліс қорабы қозғалтқыштың иінді білігінен  кардан білігіне беріліп отыратын айналдыру моментін өзгерту, автомобильді шегіндіру және автомобильдің қозғалмай тұрған кезінде немесе инерция күші әсерінен жылжып келе жатқан жағында қозғалтқышты трасмиссиядан ұзақ мерзім айыру үшін қолданылады.

Айналдыру моментін беріліс қорабына үлестіргіш қорап жетекші көпірге бұрыштай беріп отыру үшін карданды беріліс қолданылады.

Айналдыру моментін өсіруді және оны кардан берілістен дифференциал мен шолақ осьтер арқылы тік бұрышпен автомобильдің жетекші дөңгелегіне беруді басты беріліс атқарады.

Жетекші дөңгелектердің тербелісі сырғанамай өтуі үшін әр - түрлі жылдамдықпен айналдыруға мүмкіндік беретін механизм қажет. Мұндай механизм дифференциал деп аталады.

Ілініске техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

Автомобильді  орнынан қозғалту үшін, автомобиль жүріп келе жатқанда берілістерді айырып қосу арқылы ілініс механизмінің жұмысын байқау.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Педальдің бос жүрісін байқау, қажеті болса оны ретке келтіру.
  2. Кергіш серіппенің жағдайын байқау және бекітпелерін қатайту.
  3. Ілініс жұмысын байқау.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

1) Ілініс педалінің толық және бос жүрістерін, сондай - ақ серіппенің керілуін байқау.

2) Ілініс жетегінің жұмысын байқау, қажеті болса, ілініс пен жетектегіні ретке келтіру.

Берілістер қорабына техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті қызмет көрсету:

Автомобиль  жүріп келе жатқанда беріліс қорабының  жұмысын байқау.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

  1. Беріліс қорабын байқаудан өткізу, қажеті болса, оның бөлшектерін тартып бекіту.
  2. Май деңгейін байқау, қажет болса, майды үстеп қою керек.

Екінші  техникальық қызмет көрсету:

  1. Беріліс қорабының әрбір бөлшегін байқаудан өткізу.
  2. Беріліс қорабын байқаудан өткізу және қажеті болып жатса, қорапты ілініс картеріне және картердің қақпағына қарай тартып бекіту.

Кардандық беріліс пен бас берілістерге және дифференциалға техникалық қызмет көрсету.

Күнделікті  техникалық қызмет көрсету:

Автомобильдің жүрісі  кезінде  кардандық  беріліс  пен  бас берілістің жұмысын тексеру.

Бірінші техникалық қызмет көрсету:

1) Кардан мен жарты осьтің фланецтерін тексеріп, егер қажет болса бекіту керек.

2) Картердің қақпағын бекіту.

3) Жетекші көпірдің картеріндегі майдың мөлшерін тексеріп, қажет болса, үстеп құю керек.

Екінші  техникалық қызмет көрсету:

1) Карданда люфтінің бар - жоқтығын тексеру.

2) Жарты   осьтер   мен   кардандардың   фланецтерін   және   тіректік подшипникті рамада бекіту.

7. Жүріс  бөлігіне техникалық қызмет көрсету

(2/6 сағат)

Автомобильдің жүріс бөлігіне рама, осьтер, асқыштар және шиналы дөңгелектер жатады.

Автомобиль  дөңгелегі дискі мен құрсаудан  тұрады. Дөңгелек бір кедергіден өткеннен кейін де біраз уақыт басылмайтын рессорлар қабылдаған автомобильдің сілікінісі мен тербелісін амортизаторлар басады.

           Автомобильдерде пневматикалық  шиналар қолданылады. Шинаның ішіне толтырылған ауа автомобиль дөңгелектерінің жол кедергілеріне шығып кеткендігі аздаған сілкіністер мен соққыны бәсеңдетеді.

Дөңгелекке техникалық қызмет көрсету.

Дөңгелектердің  аралық алшақтығын сызғыш көмегімен  немесе стендіде анықтайды. Дөңгелектердің аралық алшақтығын сызғышпен анықтау үшін автомобильді байқайтын жыраға, дөңгелектер тура жүретіндей жағдайда қойылады. Сызғышпен шиналардың арасын немесе алдыңғы осьтегі дөңгелектердің құрсауларын арт жағынан өлшейді. Жеңіл автомобильдерде дөңгелектердің аралық алшақтығынан басқа алдыңғы дөңгелектердің еңістік алшақтығы реттеледі.

Информация о работе Оқу лабораториясын дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтау жолдары