Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 08:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Осыған орай, әрбір оқытушының алдына қоятын мақсаты бұл ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ .Оқыту
Оқыту кеңістігі туралы жалпы мағлұмат...................................................
Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы ..................................................................................................................
2 ТАРАУ.
2.1 Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.............................................................................................................
2.2 Оқыту кеңістігінде оқу әдістемелік құралдарды қолдану.................................................................................................................
2.3 Оқыту кеңістігінде жаңа технологияны қолдану жолдары...................... .........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.
1.2 Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім беру жүйелерінің практикалық іс-әрекетіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологиялар, дербес жағдайда, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған білім мазмұны моделін енгізу, оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру және жаңғырту, жаңарту жүзеге асырылуда.
Оқу-әдістемелік кешен – оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қайнар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс.
Оқу-әдістемелік кешен – дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиынтығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқаратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:
- білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;
- әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;
- оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;
- оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:
- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;
- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;
- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;
- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.
Оқу-әдістемелік кешен:
- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;
- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- оқушылардың мемлекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.
Барлық оқу-құралдарының оқушылардың білім сапасына әсері алуан түрлі: материалдық құралдар көбінесе оқушыларды қызықтыру және олардың көңілін аудару үшін, жаңа білімді түсіну үшін керек, ал идеалдық құралдар пайымдау логикасымен, есте сақтаумен, сөйлеу мәдениетімен т.б. байланысты. Материалдық және идеалдық құралдар арасында нақты шекаралар болмайды. Олардың екеуінің жиынтығы оқушы тұлғасының осы немесе басқа қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді.
Идеалды құралдар алғашында мұғалім мен оқушыларының пәндерді қысқа таңбалық көрініс мағынасы ретінде қолданылады. Мұғалім материалдық құралдармен оқушылар материалдарды түсіну үшін олардың санасына әсер етеді. Сосын оқушылар материалдық құралдарды бірігіп жұмыс істегенде, сөйлегенде, есептерді бірге шығарған кезде қолданады. Материалдық құралдар сонымен бірге вербальдық болады.Одан әрі сөз қысқартылып, автоматтанатын және өз ойға айналатын міндеттерді шешуге бағытталған танымдық әрекет жасалады. Сыртқы, материалдық құралдар интериориаландыру негізінде оқушылардың ойлау кұралдарына айналады. Құралдарды қолданудың тиімділігі олардың мазмұны мен оқу әдістерінің белгілі үйлесімділігі арқасында мүмкін болады. Құралдар мен оқыту әдістерінің байланысы біркелкі емес: оқу құралдары көбінесе әр түрлі әдістермен қолданылу мүмкін және бір әдіске бірнеше сәйкес құралды таңдау мүмкін. Бұл техникалық құралдардың дамуымен, реттелген (біркелкі, көпмақсатты) демонстрациялық эксперимент пен зертханалық практикумдерге арналған қабырғалық суреттемелер.
Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Солай, техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгертеді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.
Компыотерлермен оқу - бұл оқу үрдісінің жаңа түрі болғандықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің қызметіне түрлері пайдаланылады. Субъект қызметіне байланысты оқу құралдарын оқыту құралдары мен білім алу құралдарына бөлуге болады.Айталық,білім беру құралдарына демонстрациялық тәжірибені жабдықтауды жатқызуға болады, ал білім алу құралдарына- лабораториялық практикумды жатқызуға болады. Білім беру құралдарымен көбінесе мұғалім оқу материалын түсіндіру үшін қолданылады. Ал білім алу құралдарын оқушылар жаңа білімді түсіну үшін қолданады. Сонымен қатар кейбір кұралдар білім берумен қатар білім алуда да қолданылады.
Білім берудің құралдары мен әдістері
мұғалімнің хабарлаушы және
басқарушы қызметін іске асырады да, үлкен
мәнге ие болады.Құралдар оқушылардың
танымдық қызығуын қоздыру және қолдайды,
оқу материалдардың көрнекілігін жақсартады,
оны түсініктірек жасайды, зерттеген құбылыс
туралы толығырақ және дәлірек ақпарат
береді т.б. Оларды жаңа материалды түсіндіру
құралдары, бекіту және қайталау құралдары
және бақылау құралдары, ұстану құралдарына
бөлуге болады. Білім беру құралдары мен
әдістерінің атаулары көбінесе бір сөз
тіркесіиде болады. Әдістер мен құралдарды
қолданудың тиімділігі мұғалімнің сабақ
үстіндегі тәртібі және жоспарлаудың
жүйелігіне байланысты. Мысалы, логикалық
қиын тақырыпты түсіндірген кезде, соңында
теорияны көрсететін тәжірибе жасауға
болады, технологиялық үрдіс туралы әңгімелер
ұйымдастырумен бірге өткізуге болады,
мәселелік оқытуда тәжірибе көрсету түсіндіруден
бұрын болады: ол танымдық құрал қызметін
атқарады да оқушылар тәжірибелерді байқай
отырып болжам жасауға тиіс болады. Демонстрация
кезінде оқушының көріп қабылдауы ерекше
маңызды. Сондықтан не көрсетілш жатыр,
қайсысын бақылау керектігін үнемі нүсқап
отыру керек. Демонстрация кезінде мұғалім
жұмысына жоғары талаптар қояды. Ол класқа
объектінің жанында немесе артында алдымен
тұруы керек. Сонымен қатар ол көрсету,
түсіндіру және әр оқушының жұмысы мен
тәртіпке бір уакытта қарауы керек. Мұғалімнің
бұрыс әрекеттері тәртіптің бұзылуына,
материалды дұрыс емес қабылдауына әкеледі,
оқушылар санасында бұрыс бейнелер мен
түсініктердің қалыптасуына әкеледі.
Әрбір құралдарды қолдану кезінде оқу заңдылығымен белгіленетін тепе-теңдіктер мен шектерді сақтау керек. Көрнекілік құралдарының болмауы немесе тым аз болуы білім саласын төмендетеді. Бірақ өте көп көрсетулер оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрсету жеткілікті. Көрсетілетін заттар және суреттер тақтадан соңғы орындардан көрінуі керек. Сыныпта бес қатар болғанда тақтадан көрсетілетіндердің үзындығы 5 см және ені 1см болуы керек. Егер объектілер кіші көлемді болса, оның көлеңкесін көрсету, немесе оның оптикалық көрінісін үлкейту, немесе үлестірмелі материал беру, немесе оқушыларды бірнеше үстелдерге отырғызу қажет.
Қарым-қатынас құралдары. Қарым-қатынастың оқу құралдары ретіндегі түсінігі мен мәні.
Қарым-қатынас - тұлғаның белсенділігінің бір түрі, оның мәні бұл оқу үрдісіне қатысушыларының бір-бірімен ақпарат ауысуында. Қарым-қатынас үрдісінде ақпарат кодталады, беріледі, қабылданады, еңделеді және анықталады. Қарым-қатынас кезінде адамдар біліммен, рухани құндылықтарымен, ақпаратпен алмасады, қарым-қатынас адамның көңіл-күйін көтереді немесе нашарлатады, тұлғаның сезімдік, еріктік және интеллектуалдық саласына әсер етеді.
Қарым-қатынас - тұлғаның эмоцияналдық интеллектуалдық сфераларға әсер етеді. Қарым-қатынаста - адамның мәдениеті, оның дамуының тәрбиеленуінің және білімділігінің деңгейі ашылады.
қол жеткізе алады.
2.1 Оқыту кеңістігіндегі оқу әдістемелік құралдарды қолдану.
Оқыту құралдары туралы тусінік дидактикада мұғалім әрекетінің бір бөлігін және оқушылардың әрекетін басқа бөліктермен бір қатарда корсету үшін қолданылады (соңғы нәтиже бейнесі, қайта құру құралы, әрекет технологиялары мен құралдары). Оқыту құралы оқушылар мен оқу ақпараттары арасында "орналасқан". Оның қызметі материалдық өндіріс үрдісіндегі еңбек құралдарының қызметіне сәйкес (балға, станок, комбайн және т.б.). Оқыту құрылымы (жеке тұлғаның рухани өндірісі) мен өндірістік еңбек (мәдениеттің материалдық құндылықтар өндірісі) арасында сәйкестік кездеседі.
Оқыту құралдары оқушылардың ақыл-ойына тікелей емес, танымдық іс-әрекеттермен тұтас, осы үрдістің орындалу барысында әсер етеді. Оқыту құралдары игерілген білімге сәйкестендіріледі, оларда қоғамдық тәжірибе, ғылыми және техникалық ақпараттарды қолдану әдістері шыңдалады.
Оқу құралы оқушылардың есептер шығарып, білім игеруінде қолдаиылады. Оларға дидактикалық тарату материалдары, карталар, сызбалар, кестелер, зертхана жұмыстарының жабдықтары, оқу шеберханаларындағы еңбек құралдары жатады. Оқушы есеп пен басқа да пәндерден жауап немесе басқа нәтиже алу мақсатында пәнді түрлендіруде ол оқу құралына айналады. Танымдық тапсырмаларда үрдісінде оқушылардың түйсігінде білім, біліктілік, әдет, сенім пайда болады. Игерілген білім әрі қарай одан да күрделі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады, яғни олар оқу құралының жаңа қызметін атқарады. Мысалы, теориялық тапсырмаларды шешу барысында оқушылар геометрия, физика және т.б. пәндерден формулалар үйренеді (физикалық құбылыс моделін құру теореманың дәлелі). Теориялық әрекет нәтижесінде олар формула үйренеді. Содан кейін осы формула есептік және сызба есептерді шешу үшін қолданбалы әрекет құралы ретінде қолданылады, нәтижесінде формуланы тәжірибеде қолдануды игереді.
Оқу құралы оқу үрдісінде екі әдіспен еңгізіледі. Бірінші жағдайда, мұғалім оларды сабақта "дайын қалыпта" мәдениет пен оқулықта суреттелуі түрінде жан-жақты түсіндіреді. Екінші жағдайда, сабақта теориялық тапсырмаларды шешу барысында мұғалім оқушылармен бірлесіп құрастырады, нақтылау мен қолдану алгоритімін өңдейді.
Қазіргі танда оқыту тәжірибесінде оқыту құралдарын қолдану, өңдеу, құрастыруды қарастыру кеңінен тараған. Біріншіден, құралдар оқушының білім сапасына әсер етпейді, сондықтан оларды қолдану міндетті емес; тақта, бормен анықтап түсіндірудің өзі жеткілікті. Бұл бағытта оқыту құралдарын бақылау, көркемдік құралдарына ұқсайды. Сонымен қатар, білімді игеруде тәжрибелік қызметтің рөлі бағаланбайды, механикалық жаттаудың мазмұны күшейеді. Ақыл-ой еңбегі басты саналады, ал оқушылардың сөзі өз ойын білдіру құралы болып есептеледі. Бұл бағыт қазір ескірген болып есептеледі.
Екінші бағытта оқыту құралдары мақсатқа жетуде басты рөл атқарады, ал қалған бөліктері (әдістер, ұйымдастыру, кескіндер және т.б.) оқыту құралдарының ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет. Оқыту құралдарының рөлінің басым болуын бірінші бағытқа кері реакция ретінде қарастыруға болады. Осы бағытты қолдайтын мұгалімдер оқу кабинетінің жабдықталуына аса көңіл бөледі, әрдайым оқушылармен бірге жаңа оқу құралдарын өңдеп, дайындайды (көрсетілетін тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, көрнекі құралдар және т.б). Олар шын мәнінде үлгі тұтатын және оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, оқыту ісінің шеберлері.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
2.2 Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.