Оқыту кеңістігін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 08:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Осыған орай, әрбір оқытушының алдына қоятын мақсаты бұл ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ .Оқыту
Оқыту кеңістігі туралы жалпы мағлұмат...................................................
Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені – қазіргі мектептегі оқыту құралы ..................................................................................................................
2 ТАРАУ.
2.1 Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер.............................................................................................................
2.2 Оқыту кеңістігінде оқу әдістемелік құралдарды қолдану.................................................................................................................
2.3 Оқыту кеңістігінде жаңа технологияны қолдану жолдары...................... .........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс әдістеме.docx

— 58.68 Кб (Скачать файл)

      Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

        Иллюстрация  әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық  құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

         Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі  ретіндегі ерекшеліктері

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

        Оқу  процесіне жаңа техникалық құралдарды  енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің  мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі  уақытта көрнекі құралдың жаңа  түрі – жеке тұлғалар қолданатын  компьютерлерге ерекше көңіл  бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш  техникасы кабинеттерін құру  міндеті шешілуде, оқу процесіне  белгілі бір жағдаяттарды және  процестерді үлгілеуге мүмкіндік  беретін компьютерлерді енгізу  міндеті де қолға алынуда. Олар  оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен  меңгерілген көптеген процестерді  қозғалыста, көрнекі түрде көруге  мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік  әдістерінің оқыту процесіндегі  мүмкіндіктерін елеулі түрде  кеңейтеді.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:

•    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

•    көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;

•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

•    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

   

 

1.Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.

       Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады.

Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары, жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады.Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.

Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.

2. Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады.

    Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушыл ар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.

       Оқушыларға берілетін нұсқаулар жетілдіріліп, жауаптары бар бағдарламаланған оқулықтар жасалуда. Оларға ауызша түсіндіру, қалай жұмыс істеуді айтумен қатар, жұмыс істеуге керек сызбалар, кинодан үзінділер көрсетіледі.

       Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.       

3. Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.

      Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.

Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға тәрбиелейді.Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға өзгермейді.

         Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.

       Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.

Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. " Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. 

        Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.

Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.

       Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

       Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

      Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін оның  мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас  және таным әрекетінің ерекшеліктеріне  сай қолдану;

2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару .     Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3  Оқыту кеңістігінде техникалық оқыту құралдарын қолдану  жолдары.

      Техникалық оқыту құралдары - бұл мұғалімге оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға көмектесетін қондырғылар. Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламалар құруға және сақтауға болады.

      Техникалық  оқыту құралдарының келесі түрлері бар:   ақпараттық, бағдарламаландырылған оқыту, білімді қадағалау, жаттықтырушылар мен аралас құралдар.   Оларға кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар,графопроекторлар, бейнефильмдер, телевизиялық кешендер, дербес компьютерлер және компьютер жүйелері (сыныптар) жатады. Олар әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа техникалық оқыту құралдарын жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: жеке пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады.

       Мектептерде кез келген пәнді оқытуда оқу дербес компьютерлері кеңінен қолданылуда. Олар оқушылардың есептік, арифметикалық, жазу, алгебра, физика есептерін шығару, сызу, дисплей экранында сурет салу, нота үйрену мен музыка шығару, шығарма жазу, жаттау, грамматика мен басқа ережелерді игеруді қалыптастыруды басқару бағдарламаларымен жарақталған. Бұл бағдарламалар оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген. Кейбір дербес компьютерлер сағаттармен жарақталып, емтихан алушы, репетитор жұмыстарын атқарып, қателерді өз бетінше тауып, талдай алады, дағдыны қалыптастыру үшін жаттығулар ұсына алады.

       Дербес компьютерлер сабақта оқыту әдісі мен мақсаттарына қарай жүйелі, және кейде қолданыла алады.Дербес электрондық-есептеу машиналар өздерінің техникалық сипаттамасына байланысты қазіргі заманғы және моралдық ескірген болып екіге бөлінеді. Қазіргі заманғы дербес компыотерлер сұйық және қатты кристалды экрандармен қамтамасыздандырылып, электр батареялардан, аккумулятордан қуат алып, ең аз мөлшердегі қуатты тұтынып, кез келген желденетін шаң-тозаңсыз орындарда қондырылады.

        Ескі дербес компьютерлердің көзге зиянды электронды-сәулелі түтікшесі болады, тізбектегі ауыспалы тоқтан қуат алады және тоқтың жиілігі мен күшінің өзгеруіне сезімтал, сонымен қатар аз қуат тұтынып, көп жылу шығарады. Сондықтан арнайы желдеткіші мен жасанды желдеткіші бар дәрісханаларда қондырылады.

        Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылармен жарақталып, мәтінді сызба, мультипликация, дыбыспен (сөз және музыка) үйлестіріп, жабдықтауды мультимедиа деп атайды. Барлық қосымша қондырғылар ЭЕМ корпусының ішінде (микропроцессорлар) бекітіледі. Сондықтан да мультимедиалық дербес компыотерлерден ерекшеленбейді.

        Дербес компьютерлер оқытудың басқа құралы мен әдісі жүйесінде қолданылады; сондықтан оларды қолдануға сабақтың жартысы (5-15 минуттық) жіберіледі; бұл үшін үлкен емес, көбінесе стандартты бағдарламалар қажет. Компьютерлерді жүйелі қолдануда оқудың негізгі бөлігін қамтылып, ол ұзақ сабақтар бойы жұмыс істейді; осы сабақтар үшін сақтау әдістері ( көбінесе дискеттерде), ақпарат беру (теледидар немесе дисплей экрандарында), оқушылардың танымдық қызметін басқару, бүкіл сыныптың және әрбір жеке оқушының оқу үлгерімін бағалау мен қателерді талдау қарастырылған арнайы үлкен бағдарламалар жасалынады.

        ТОҚ пайдаланбас бұрын оқушыларды оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады. Оқыту техникасымен оқушылар алғаш танысқанда қызығушылығы мен құмарлығы басым болып, қосымша сәттерге көбірек көңіл бөледі және оқу мағұлматын тез игере қоймайды. Сонымен, бірінші рет кинофильмді тамашалағанда олар жүргізушінің мәнерін және киімін еске сақтап, фильмнің мағынасын түсіне қоймайды. Сол сияқты көңілдің сейілуі немесе ұмытшақтық дисплей, басқа да техниканы алғаш оқығанда да кездеседі. Бірінші сабақтың деңгейін көтеру үшін, оқушыларды жаңа құралмен жұмыс істеуге арнайы оқыту қажет, оларды ақпаратты тез қабылдап, еске сақтауға дайындау керек, танымдык тапсырмалар беріп, жұмысқа дайындығын тексеріп, жұмыс мақсатын дұрыс анықтауға, объектіні бағалап, бақылауға үйрету қажет.

       ТОҚ жиі қолдану оқу үрдісіне тиімді әсер етеді. Егер ТОҚ сирек қолданылса, оның әрбір қолданылуы оқу материалын қабылдауға кедергі келтіретін болады төтенше жағдай мен эмоция тудырады. Керісінше, оны өте жиі қолдану оқушылардың оган қызығушылығын төмендетеді. ТОҚ сабақта тиімді қолдану үшін окушылардың жасы, оқу пәнінің және оларды қолдану қажеттігіне көңіл бөлу керек. Физика-математикалық пәндерге ТОҚ қолдану жиілігі - 1:8 (15-16 жас аралығындағы оқушыларды оқыту барысында).

ТОҚ қолдану тиімділігі сабақ кезеңіне де байланысты. ТОҚ қолдану сабақта 20 минутқа созылмауы керек: оқушылар шаршап, түсіне алмайды және жана ақпаратты игере алмайды. ТРК басында (5 минутқа) қолдану дайындық кезеңін 0,5 минутқа кемітеді, ал шаршау мен көңілдің сейілуі 5-10 минутқа кешігеді. Ақыл-ой еңбегін эмоциялық толқулармен, көру, есту қабілеттерін демалдыруды кезек ауыстырып тұру керек. Бір құралды бірыңғай қолдана беру 30-минутта оқушыларды үлкен тежеу тудырып ақпаратты қабылдауды нашарлатады. Әр түрлі құралдарды дұрыс алмастырып отыру аталған құбылыстар болдырмайды. Қиын ақыл-ой еңбегінің минуттарын сезімдік, көру және есту, қабылдау жүктемелерімен ауыстырып отырған жөн.

 

 

 

 

 

Қорытынды

      Қорытындылай келе, оқыту кеңістігінде әр түрлі  оқу құралдары: материалдық, техникалық, оқу-әдістемелік құралдарды қолдану  белгілі бір қызметті атқарып, оқушының ақыл-ойын дамытып, сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Жаңа оқыту құралдарын өңдеу, қолдану арқылы іс-әрекеттің құрамы өзгереді, оқушылардың ақыл-ойының дамуын және білім сапасын күшейтеді.

     Белсенді мұғалімдер  оқытудың жаңа құралдарын жиі  дайындайды, осыған сәйкес оқушылардың  білім сапасы жақсарады. Бұл тұжырым  белгілі дидактика заңдылығында  көрсетілген, яғни оқушының білім  сапасы оқу жұмысында қолданылған  оқу құралына бағынышты. Оқудың  жаңа құралдары мен осыған  орай ұйымдастырудағы өзгерістер, танымдық қызмет мазмұны оқушылардың  танымдық қызығушылығын тудырады, оқу материалын түсінуде еске  сақтауды жақсартады. Жаңа оқу  құралдарын дайындау мен қолдану  үдерісі оқушылардың ақыл-ойының  дамуына көмектеседі, шығармашылық  қабілетін оятады.

Информация о работе Оқыту кеңістігін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету