Оқыту теориясы. Дидактика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:23, лекция

Описание работы

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Содержание работы

1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.
2. Дидактика және жеке әдістемелер.
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
4. Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтері.
5. Оқыту процесінің негізгі қүрамдық бөліктері.
6. Оқушылардың білімді үғыну сатылары.
7. Оқытудық түрлері.

Файлы: 1 файл

сабак жоспары.docx

— 58.99 Кб (Скачать файл)

Оқыту теориясы. Дидактика.

 

 

 

 

Оқыту теориясы. Дидактика.

Жоспары:

1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.

2. Дидактика және жеке  әдістемелер.

3. Оқыту процесінің қозғаушы  күштері.

4. Білім, іскерлік, тәрбиелік,  дамытушылық қызметтері.

5. Оқыту процесінің негізгі  қүрамдық бөліктері.

6. Оқушылардың білімді  үғыну сатылары.

7. Оқытудық түрлері.

1. "Дидактика" - бұл ежелгі  грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру,  дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді.  Дидактика білім беру мен оқытудың  теориялық және әдістемелік негіздерін  зерттейтін педагогика ғылымының  саласы.

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру  дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың  белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың  танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Көбіне оқыту деп мұғалім  мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім  алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша  оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту  және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім  алуға қарағанда оқыту басым  болғандықтан оқу материалын оқытуға  баса назар аударылып, оқушылардың  іс-әрекетіне назар аударылмайды.

"Оқыту - үйрету және  білім алу" деген парадигманың  ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда.  Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға  ақпарат беретін негізгі тұлға  болып келді. Осы кезге дейін  "білім беру", "оқыту" терминдері  жиі қолданылады.

Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық  көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру  іс-әрекеті.

Оқыту процесі - екі жақты  процесс болғандықтан, мұғалім мен  оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне  басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудық маңызды міндеттері:   

•  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын  қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат  және қоғам жайында ғылымда жинақталған  білім жүйесін жеке адамның меңгеруін  және оны омірде тиімді етіп қолдана  білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін  және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Дидактика "Нені оқыту  керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап  береді. Осы сұрақтардан басқа  сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай  жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту  керек?".

Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық  тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің  тәжірибесіне енгізумен айналысады.

Әрбір мұғалім дидактиканы  білу керек, өйткені мектептін, алдында  тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді  теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.

2. Дидактиканың пайда  больш дамуы. Оқыту теориясының  негізін қалаушылар:Я.А.Коменский,  Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б.  қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін  салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту  деп санады. "Көп емес, өмірге керекті  білімдерді" беруге шаңырып, оны  түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік  әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны  жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский  саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу  және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін  терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған  мектеп заңдары" деген еңбегінде  сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

•  оқушыларды мектепке белгілі  бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

•  оқушыларды сыныптарға бөлу;

•  әр сыныпқа бір бөлме  беру;

•  күніне 4 сабақ өткізу;

•  әрбір сағатта істелетін  жұмыстарды жоспарлау;

•  қоңыраудық соғылуы;

•  тәртіп;

•  бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;

•  сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл  қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке  бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында  оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.

Коменский экскурсияны кең  қолданып, оны білім берудің маңызды  құралы деп санаған.

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын  қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде  дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің  негізін қалады. Қоршаған дүниені  сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді  қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.

Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз  көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы  көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет  салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау  әдісін, баланың бақылаудан алған  әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".

Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін  оқыту арқылы жиналатын білім  қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын  туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру  керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері  қолданылған.

Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге  қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.

 

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль  немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген  еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін  көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен  көп сөйлегені үшін сынады, Руссо  баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын  оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға  сейкес баланы өмірге бейімдеу керек  деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.

Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын  зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының  педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа  тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан  оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.

Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік  білім алуын қамтамасыз етеді2.

Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім  керектігін, әр пәнді басқа пәндермен  және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің  бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.

Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы  техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде  қолданылған дальтон-жоспары, жобалау  әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы  шықты.

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің  маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің  рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен  қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.

Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.

Оның негізгі идеялары:

• Сабақ үстінде оқушылармен  жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды  міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.

•  Қысым жасамай оқыту. Ынтымаңтастық педагогикасының  бір принципі - оқушыларды қорңытпау, еркін ұстау, өз күшіне

еендіру.

•  Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден  айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.

•  Тірек идеясы. Жаңашыл  мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.

•  Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған  есебін шығарады.

•  Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға уақыт беріледі.

•  Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы бір сабақта оқылады.

•  Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін  бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.

•  Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге  деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.

•  Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл  мұғалімдердің сабағында әр оқушы  өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.

 

 

Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының  авторы.

Ол орыс тілі мен қазақ  тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең  қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде  аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.

1879 жылы оқу құралы "Қырғыз  хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші,  қазақ тіліндегі оқу құралы, оған  ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік,  техника атаулары енгізілді.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің  негізін салушы. "Оқу ана тілінде  жүргізілсін" — деген талапты  бастаушы.

1912 жылы тұңғыш рет  "Әліппе" жазды, ол халықты  сауаттандырудың басты құралы  болды. Бұл оқу құралы әрі  сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды  іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете  өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің  басты құралы болды. Әдіскер  оқушыларға ереже жаттатудық  тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру,  талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды  ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын  оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану  қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын  баяндайды. Халыққа білім беру  ісі үшін халықтың (ұлттың) ана  тіліндегі жазуы, оқу құралдары  болуы керек. Міне, осындай өзекті  мәселелерге Ахмет Байтұрсынов  ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде  жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға  басшы болды. Халықты надандық  түнегінен шығару үшін оған  білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан"  деген мақаласында "бала оқытатын  адам оған үйрететінін, оның  көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды  жақсы білу керек", - дейді.

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген  еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс  жүйесін тауып, білім берудің  шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ  тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу  керектігін атап көрсетті. Балаға туған  елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді  ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға  ерекше көңіл бөлді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

•  мұғалімнің қатты сөйлеуі;

•  суреттердің бояуының ашықтығы;

•  әсердің күштілігі;

Информация о работе Оқыту теориясы. Дидактика