Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:23, лекция
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.
2. Дидактика және жеке әдістемелер.
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
4. Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтері.
5. Оқыту процесінің негізгі қүрамдық бөліктері.
6. Оқушылардың білімді үғыну сатылары.
7. Оқытудық түрлері.
• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
• І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;
• аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;
• білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
• мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;
• мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
• ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
• білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
3. Оқыту процесінің қозғаушы
күштері. Оқыту процесінде
Мысалы, ынтымақтастың педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар:
• оқушылардын, қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4. Үй тапсырмасын орындамау.
5. Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды.
Білім - адамзаттың жинақтаған
тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын
тану нәтижесі. Білімді жеке адамның
игілігіне айналыру үшін оны
ойлау операциясы, талдау, синтездеу,
салыстыру, жіктеу және
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік
тәжірибеде қолданылады, меңгерілген
білім көмегімен адам жаңа білімдер
жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады,
қоғамдық-материалдық
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдық маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдық терендігі оқылған
объектіні терең білуден, оны
өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын,
басқа объектілермен
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық.
Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - аниқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу
үшін педагогикалық жағдайлар
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика
тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте
маңызды оқу іс-әрекеттерін
• арнайы іскерлік;
• оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
• ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру
әр түрлі білімді қолдануға
Бірінші топ — арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік,
сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық
болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары:
әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау,
өткенді тұрақты түрде
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.
4. Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән кызметтері бар. Олар оқытудық білім беру, оқытудық тәрбиелік, оқытудық дамыту қызметтері.
Оқытудық білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үіиін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
• білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
• білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудық тәрбиелік қызметі - оқытудық тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшың ет сезімдері арқылыәдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми
теориялар мен ережелердің
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудық дамыту қызметі.
Оқыту процесі, білімді меңгеру
оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы,
сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі,
ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері
дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту
құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған
психологияның маңызды
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудық барлық бөліктерінде жүзеге асады.
5. Оқыту процесінің негізгі
құрамдық бөліктері. Дидактика
тарихында оқыту мақсаты
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
• оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
• білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
• білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Бкінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеиде мұғалім
оқушылардың тәжірибелік
• оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
• білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудық бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудық нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудық өзара байланысы аркылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.