Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 13:56, курсовая работа
Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3.
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ.
1. ОҚУ ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК........................................................4-6.
1.2. ОҚУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖЕТІЛУІ. ..............6-12.
1.3. ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ .........................12-21.
1.4.САБАК – ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫН ЖЕТЕКШІ ТҮРІ........................21-23.
2.ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЗАНДЫЛЫҚТАРЫ, ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕРІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ.
2.1.ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ.................................24-33.
2.2 ОҚУ ТҮРЛЕРІ...........................................................................................33-35.
2.3.ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК.. 35-40.
ҚОРТЫНДЫ..........................................................................................................41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................42
Əмбебап оқу жүйесі ретінде
қабылданған бригадалы-зертхана оқуына
тəн сипаттар: мұғалімнің жетекші
ролі мойындалмады, оның қызметі оқушыларға
ретті кеңес берумен шегерілді.
Шəкірттердің оқу
1920 жылдар кеңестік мектеп тəжірибесінде жобалап оқыту жүйесі (жобалау əдісі) қолданыла бастады. Орта Азия жəне Қазақстан аймағында бұл жүйе төте оқу атамасымен қабылданды.
Жүйе авторы американдық мектеп мұғалімі - У.Килпатрик. Бұл педагогтың ойынша, мектеп бағдарламасының негізіне баланың өмір барысында топтаған, нақты дүниемен байланысты тəжірибелік іс-əрекеттері жəне оның ұмтылыс, қызығулары арқау болуы шарт. Мемлекет не мұғалім оқу бағдарламасын жасауға құқылы емес, ол оқу процесінде балалардың мұғаліммен бірлікті ісі нəтижесінде түзілуі əрі оның мазмұны баланы тікелей қоршаған болмыстан алынуы тиіс. Жоба түзуге қажет тақырыптарды оқушылар өздері таңдайды. Оқу тобының мамандануына (бағытына) орай жоба шынайы болмыстың қоғамдық-саяси, шаруашылық-өндіріс, мəдени-тұрмыстық салаларына сəйкес болуы міндетті, яғни оқу-жобаларын құрастырудағы мақсат- баланы өз өмір желісінде туындайтын проблемаларды зерттеп, тануға үйретіп, оларды шешу жолдары жəне құралдарымен қамсыздандыру. Алайда, бұл əдіске əсіре əмбебап сипат беру жəне оқу пəндерін жүйелестіріп меңгеруден бас тарту балалардың жалпы білімдік дайындығына орасан нұқсан келтіріп, үлгерімді өте төмендетіп жіберді. Жүйе сонымен түгелдей дағдарысқа ұшырап, келмеске кетті.
1960 жылдары американдық
педагогика профессоры Л.Трамп
ізденісіне байланысты жарық
көрген Трамп жоспарымен оқу
жүйесі үлкен маңызға ие болды.
Қазіргі уақытта Трамп жоспары бойынша аз санды жеке меншікті мектептер ғана жұмыс істейді, ал көпшілік оқу орындарында бұл жүйенің кейбір элементтері сақталған, атап айтсақ, олар – бір пəнді оқытушылар бригадасы алып барады (біреулері дəрісбаяндар жүргізсе, басқалары семинарлар ұйымдастырады); үлкен топ оқушыларымен дəріс жүргізу үшін арнайы білімі болмаған жəрдемшілер тартылады; кіші топтарда өзіндік жұмыстар ұймдастырылады. Жалпы білім беретін мектепке жоғары оқу орындарындағы білім жүйесін қарадүрсін енгізумен бірге Трамп жоспары даралықты оқу принципін ұстана отырып, оқушыға білім мазмұны мен оны игеру əдістерін таңдауда толық еркіндік береді. Бұл жоғарыда аталған кей жүйелердегі мұғалімнің жетекшілігін мойындамай, білім стандартынан бас тартудың əлі де сақталуына жол қойып отыр.
Осы заманғы кей мектептер
тəжірибесінде оқуды
Жер-жерде ашық мектептер ұйымдастыру эксперименттеріде жүріп жатыр. Оқу мұндай мектеп жағдайында қоры бай кітапханалар, шеберханалар орталықтарында өткізіледі, яғни бұл болашақта “мектеп” деген жүйенің жалпы керек болмасына мегзеп тұр.
Оқу ұжымдастырудың ерекше формасы шомдыру (погружение): оқушы белгілі уақыт (бір не екі апта) аралығында бір немесе екі пəнді игерумен ғана айналысады. Осыған сəйкес Вальдорф мектептерінде дəуірлер бойынша оқу ұйымдастырылған.
Оқуды ұйымдастыру формалары дамуының қысқаша тарихы осылайша.
Жоғарыда аталған барша жаппай оқыту формаларының арасында үлкен тұрақтылығымен сақталғаны сынып-сабақтық оқу жүйесі. Шынымен де, осы оқу формасы педагогикалық ой мен жаппай мектеп озық тəжірибесінің аса құндылықты жемісі.
1.3. ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ .
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің
мақсаттары мен жұмыс түрлері
не олардың элементтері бір
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян – оқу процесінің
өзіндік анайы құрылымымен
Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне
орай дəрісбаян түрлері
- ақпараттық дəрісбаян
– түсіндірме-көрнекілік
- проблемді дəрісбаян-
оқу материалының ұсынылуы
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты
дəрісбаян) – оқу материалын
екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі
– практик немесе екі ғылыми
бағыт өкілдерінің сұхбаты
- шатастыру дəрісбаяны (лекция
провокация) –мұндай дəрістер алдын
ала жоспарланған
- дəрісбаян –конференция
– ғылыми-практикалық сабақ
- кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты
оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық,
тəрбиелік, дамытушылық
- мазмұны бойынша; академиялық
жəне ғылыми көпшілік
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй,
түсінім, иландыру
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды – бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.
Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады əрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне талқыланады.
Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты – дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.