Педагогикалық инновация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 10:52, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Содержание работы

І.Кіріспе бөлім
1.1. «Инновация» терминінің ғылыми сипаттамасы
1.2.Білім берудегі инновациялар
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет
2.2. Білім берудегі инновациялық процестер, педагогикалық технологиялардың тиімділігі
2.3. Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу
2.4.Бастауыш мектепте білім берудегі педагогикалық инновация
2.5.Білім берудегі инновациялық процестерді болжамдау
ІІІ.Тәжірибелік бөлім
ІҮ.Қорытынды
4.1.Инновациялық іс – әрекеттің теориялық негіздері

Файлы: 1 файл

Педагогикалық инновация 2003.doc

— 619.00 Кб (Скачать файл)

Содан кейін, мұғалім  инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты  қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.

Инновациялық  процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–журнал материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.

 

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

Сабақтың  тақырыбы: Біз қалай бақылаймыз?

Сабақтың  мақсаты:  
1.Білімділік мақсаты: Бақылаудың дүние заттары мен құбылыстарын танып білудегі мүмкіндіктерін түсіндіруге жағдай жасау.  
2. Дамытушылық мақсаты: " Сезім мүшелері " арқылы заттарды таныта отырып, ой- өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамытуға орта туғызу. 
3. Тәрбиелік мақсаты: Сезім мүшелерін таныстыру барысында гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың  түрі: Интерактивті сабақ.

Сабақтың  типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:

1.Сезім мүшелерінің  суреттері.

2. Үнтаспаға  жазылған құстардың, жануарлардың  табиғат құбылыстарының дыбыстары  мен дауыстары.

3. Жұмбақтар.

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Қызығушылықтарын ояту.

ә) Сәттілік тілеу.

- Сәлеметсіңдер  ме, балалар? Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін сендермен интерактивті тақтада және ЭО-пен жұмыс жүргіземіз. (Мұқият тыңдайық ! ).

(ЭО-пен таныстыру,  бірінші беті ашылады.). Балалар,  біз "Жаратылыстану" бағытын  таңдадық.

"Жаратылыстану" модулі 5 шағын модульдерден тұрады. (ЭО көрсету).

1) Біз қалай  бақылаймыз?

2) Өлі және  тірі табиғат.

3) Өсімдіктер  әлемі.

4) Жануарлар  әлемі.

5) Табиғат құбылыстары. 

II. Жаңа сабақ.

- Кәне, зейін  қойып тыңдайық. (ЭО- тың 1-мод. 1-ш.м  түсініктемесін тыңдату).

- Әрине, сезім  мүшелері.

- Олай болса,  сезім мүшелерінің қызметімен  танысайық.

Интерактивті  тақтамен жұмыс. (Тақтада сезім мүшелерінің суреттерін жеке-жеке шығара отырып, түсіндіру.) . Бірінші модульдің 1-ші шағын модулін тыңдату, тапсырмасын орындау.

Мынау – көз.

- Көз не үшін  керек? -...

- Көз – көру  мүшесі. Адам затты көзбен көріп  заттың түрін-түсін, көлемін, пішінін,  неден жасалғанын ажырата алады.  Мысалы, Раушан гүлін алайық. 1) Көз  арқылы нені анықтай аласың? Мысал  келтір. (Түрін, түсін, көлемін, неден жасалғанын). 
2) " Көз – адамның айнасы" деп неге айтады? 
(ЭО- тың 1м- 1ш.м-3т тыңдату, орындау)

Мынау – құлақ.

-Құлақпен нелерді  естиміз? (Дыбыс, дауыс).

- Қоршаған орта  сан алуан дыбыстарға толы. Сендер  дыбыстарды есту арқылы ажырата аласыңдар.

1. Құлақ арқылы  нені білесің? Мысал келтір. ?  
3. Көрмей-ақ, дыбысы, даусы арқылы жануарларды ажыратып, анықтауға бола ма?

Мұрын.

Мұрын – иіс  сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті  мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен  қатар мұрын "тыныс алу" қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту). (ЭО-тың 1м-1 шм- 4т плеермен тоқтатып тыңдату).

Тіл.

Тіл туралы не білеміз?

-Тіл арқылы  адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі.

Алманың дәмін  қалай білесің?..

Балалар, сезім  мүшелері күтімді қажет етеді. Оларды мезгілімен тазалап тұру керек. Құлақты  үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау  керек.

Мұндай сезім  мүшелері жануарларда бар ма?  
Бірақ олар мүлдем бір-біріне ұқсамайды. (ЭО- тың 1м-1шм-5т тыңдап, өз бетімен орындату).

Сергіту сәті.

Мен сендерге " сезім мүшелері" туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кәне, шешіп көрейік.

Көреді бәрін  өзгенің, 
Көре алмайды өздерін. (Көз)

Екі шырақтың ортасында  бір өзім. (Мұрын).

Күмбір- күмбір қарағым, 
Қартайғанша жарадың. (Құлақ).

Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл).

Бунақты көсеу, 
Тармағы бесеу. (Қол мен саусақ)

III. Білімді пысықтау.

(ЭО- тың 1м-1ш.м- 4т, 1м-1шм-1т, 1м-1шм-2т тыңдатып орындату)

- Раушан гүлінің  тікенді екенін қалай білдің? 
-Жұпар иісті екенін ше? 
- Ол әдемі ме? Оны қайдан білдің? 
- Затты көріп анықтайтын қай сезім мүшесі? 
- Алманың тәтті екенін қайдан білдің?

IV. Бекіту

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
- Сендерді нелер қызықтырды?

-Олай болса,  үйден ЭО-тың тапсырмаларын қайталап  орындауларыңа және "қызықты тапсырмаларды"  ашып, бейнеқатарды көріп, жануарлардың  сезім мүшелері туралы әңгімелеп  келіңдер.

- Сабақ аяқталды. 
- Сау болыңдар!

Айранның қышқылын ше? (ЭО 1м - 1шм - 4т плеермен жеке тоқтатып тыңдату).  
2. Дыбыстар сендерге қандай әсер етеді - "Қоршаған ортаны" танып, бақылау үшін қандай болу керек? (Байқағыш болу керек). 
- Қоршаған ортадағы заттар қалай аталады? (Табиғат). 
- Бақылау арқылы нені білуге болады? (Ауа райын, өсімдіктерді).  
- Бақылау үшін не көмектеседі? (Сезім мүшелері). Сонымен "Біз қалай бақылаймыз?" тақырыбына ендік. (ЭО көрсету)

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: 6 – ға көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың тақырыбы:

а) білімділік: 6-ға көбейту және бөлу кестесімен таныстыру, 6-ға көбейту

кестесін шығарып  алу және соған сәйкес 6 – ға бөлу кестесінің де мән – мағынасын  ашып көрсету.

ә) дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін, зейіндерін, ауызша

көбейту, бөлу дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелік: Дербестікке, белсенділікке, ұқыптылыққа, ыждағаттылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, шырша, ойыншықтар, қар түйіршіктері,

үлестірмелер.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

 «Әлемді  шарлау», «Ой шақыру», «Жұпта  талқылау», «Топтастыру», өзіндік  жұмыстар, БҮҮ кестесі

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық  дайындық

Асыр салған таласып,   Бәрін көріп келеміз,

Біз-туған ел баласы    Болашаққа сенеміз.

Қандай байтақ Отаным   Жақсы оқумен, еңбекпен

Жан-жағыңа қарашы.    Біздер жауап береміз.

ІІІ. «Қызығушылығын ояту»

“Әлемді шарлау” (топтық жұмыс)

Математикалық жұмбақты шешу.

Екі топ кезектесіп орындайды.

3*7 = ғ  60*3 = а  500:5 = б

2*9 = k  70*4 = ө  80*4 = е

4*5 = й  160:4= т  50*5 = у

16:2 = ж  210:3 = н  240:4 = б

36:4 = ә  40*5 = е  360:4 = ө

12:3 = л  60*5 = у  120:4 = 6

30

 

21

180

 

18

280

100

320

20

40

280

 

8

9

70

200

 

60

90

4

300

6

-

ғ

а

 

к

ө

б

е

й

т

у

 

ж

ә

н

е

 

б

ө

л

у


IV. «Мағынаны тану» /Жаңа сабақ/

№1. «Есіңе сақта» (түсіндіру әрі 6 – ға көбейту  кестесін түсіндіру)

6*6=6+6+6+6+6+6

6*7=6+6+6+6+6+6+6

6*8=6+6+6+6+6+6+6+6

6*9=6+6+6+6+6+6+6+6+6

  • Алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық:
  • Оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды
  • Әрбір өрнектің мәні алтығы артып отыр себебі 6 бірлікке артты
  • Бізге осы тәсіл тиімді ме?
  • Тиімсіз, ұзақ есеп.
  • Ендеше біз «Бірдей қосылғыштарды көбейтіндімен алмастыруға болады» деген ережені пайдаланамыз.

6*6=36

6*7=42

6*8=48

6*9=54

  • Бұл 6 – ға көбейту кестесі.

«Түн мен  күн» ойыны. Мақсаты кестені пысықтау.


 

№2. «Нені байқадың?»

7 * 6 = 6 * 7

8 * 6 = 6 * 8

9 * 6 = 6 * 9

Қорытынды:

Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің  мәні өзгермейді. Бұл көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

№3. Тақтамен жұмыс /кезектесіп жазады/

6 * 6 = 36  7 * 6 = 42

6 * 7  = 42  8 * 6 =48

6 * 8 = 48  9 * 6 =54

6 * 9 = 54

Сергіту сәті: Көбелектер тұрып ертемен

Күлімсіреп  керілді.

Бір – шықпен бетін жуды.

Екі – шыр айналып бұрылды.

Үш – еңкейіп  жерге жетті.

Төрт – дегенде  ұшып кетті.

Бес – дегенде  қонды.

№4. «Неге? Неліктен?»

Неліктен 6 –  ға бөлу кестесін құрауда 6-ға көбейту  кестесін пайдалануға болады?  

: 6


36:6=6 себебі 6 * 6 = 36  36:6=6


42:6=7 6 * 7 = 42  42:6=7

48:6=8 6 * 8 = 48  48:6=8


54:6=9 6 * 9 = 54  54:6=9

* 6

Қорытынды: Бөлу мен көбейту өзара кері амалдар.

Ойын «Тез ойла». Мақсаты бөлу кестесін пысықтау.


 

V. Алған білімді  пысықтау.

№5 «Жұптық талқылау»


 

 

 

 

 


 

 

 

№6. Ойын «Шыршаны безендіру»

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
  • Жаңа жыл.
  • Біз қай жылды қарсы аламыз?
  • Қоян жылын.
  • Жаңа жылдың көркіне?
  • Шырша.
  • Ендеше шыршаны безендірейік

 


№7. «Дәл жауап». Есепті шығару (суреттер арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу)


 

 

 

 


   Моделі:     Шешуі: 6*8+2=50


Жауабы: Мектепке барлығы 


50 компьютер қойыылды.


        


VI. Ойын «Аққала». Топтық жұмыс

№8. І топ бірінші баған, ІІ топ екінші баған, ІІІ, IV баған ұжымдық жұмыс (ауызша)     


 

 

 

 

№9. Тақтамен жұмыс. Теңдеуді шешеу.

Сергіту. «Менің Аяз атам» тапсырмаға жауап беру. «Қызық есеп»

Информация о работе Педагогикалық инновация