Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 11:40, реферат
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
МӨЖ
Педагогикалық зерттеу әдістері
Орындаған:
Лингвистика мамандығының
2-курс магистранты
Қабылдаған:
пед.ғ.к., аға оқытушысы
Алматы, 2012
Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте,
екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне
іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы
бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді,
проблема нақтыланады, зерттеу нысаны
мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады,
негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу
нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып,
қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде
– зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі,
сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау
мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі
шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің
мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне
практикасын бұдан былай да дамыту үшін
тиісті проблемалардың қажеттігін, дер
кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын
түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі
кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің
жауабын береді, педагогикалық ғылымға
қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын
бейнелейді, практикада орын алған келелі
қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі
өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты
əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған
күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс
(қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету
үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың
мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін
сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз
табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық
маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан
əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың
негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл,
өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым
аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық
практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын
болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша.
Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын
пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды
баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі
зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта
түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты
теориялық маңызға ие болса, соншалықты
практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер
нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар,
алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар,
əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы
айқындау моделі орындалған ғылыми істердің
теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің
практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар
жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық
маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен
ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің
пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының
мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік
болжамдар мен олардың мəнін айқындап
алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды
шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық
деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық)
деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын
жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға
алынған нысан жөніндегі функционалдық
жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы
жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы
қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі. Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері
– білім беру процесін ұйымдастырудың
көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін
зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе,
яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы
тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады.
Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен,
пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық
тəжірибені зерттеу барысында келесідей
əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу,
интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба,
графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден
өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек
материал жинақтау мақсатымен қандай
да педагогикалық құбылыстың назарға
алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті
түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен
жете танысуға орай алдын ала белгіленген
жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы
келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері
мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын
объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын
таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында
ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді
тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды
хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған
ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді: