Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 11:40, реферат
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен
сыбайлас пəндер бойынша
Əдебиеттермен танысудың
арқасында қай проблеманың
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі
формулалар, анықтама таблицалар қабылданған.
Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің
сандық тəуелділіктері графиктер, диаграммалар,
таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің
араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай
елеусіз болған құбылыстар байланысы
мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде.
Педагогиканың жемісті дами түсуінің
басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің
бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық
жəне тəжірибелік ізденістер аталған
педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен
жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз
тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық
ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп,
талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие
ұйымдастыру жолындағы табыстары мен
жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Педагогикада
эксперименталды-эмпирикалық денгей әдістері.
Педагогикада зерттеудің үш
деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің
тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа – тәжірибе).
Бақылау – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары -видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
Бақылаушының бастапқы ұстанымы нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен көреді, басымен түсіндіреді. Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
- тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім
оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы;
сонымен қатар ол тікелей куәгер бола
тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі
ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде
тікелей бақьшау жүзеге асырылады. Мұғалімнің
рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді
жинақтаудың техникасы мен әдісі тандалып
алынады;
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды
толықтырады және зерттеушімен бірге,
оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін
өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші
біреу туралы немесе бір нәрсе туралы
жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық
теледидар желісі және сынып бөлмелерінде
телекамералары бар мектептерде жүргізіледі.
Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардьщ
танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен
ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға
мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу
зерттеушіге құнды мәліметтер береді,
оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе
өздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш
оқушынын сабақтағы, ойындағы, сыныптан
тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге
қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні
ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.
Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы
мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу
белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан
жалғастырылады;
- монографиялық бақылау біреуді немесе
бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады;
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы
тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына
сай бір құбылысты немесе деректі бақылау
кезінде қолданылады;
– ізденіс бақылау көп деректер арасынан
зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды
іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау
көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау
жұмысын талап етеді.
Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық сипаты мен өлшемінің тәртібі бақылаудың негізін құрайды. Өлшем – зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза күйінде» зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперимент пен
практикалық іс-әрекеттің
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: табиғи, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу объектісінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы – зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған. Эксперимент жаңа зерттеу материалын танып білуді болжайды. Ол теориялық болжамдарды тәжірибелі тексеру, бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді сондықтан оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына құқығы жоқ, өйткені зерттеупгінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапа шегуі мүмкін.
Эксперименталды жұмыстың жоспары, мақсаты болуы, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс объектілерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу саймандарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болулары қажет.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтыньша сүйену керек. Бұл ретте «түсінік» терминінің мағынасы «білім» терминіне қарағанда кеңірек. «Түсінік» ұтымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты субъект-субъект жүйесінің- жекелігі және тұлғалығы жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.
Сұрақ-жауап
әдісінің мынандай түрлері бар:
а) Әңгіме. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны
жағынан еркін диалог, онда әңгімелесушілер
арасында бейресми және еркін қатынастар
орын алады. Әңгіме алдын-ала дайындалуы
мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып,
өзіне қажет мәселелерді бөліп алады,
әңгімені тіркейтін құралдарды дайындайды
(бейне таспа, аудио таспа, стенография).
Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен
әдепті сезімі болуы қажет, сол арқылы
ғана ол әңгімелесушіні ашық сөзге тарта
алады.
Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде
жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары,
ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр
түрлі деңгейдегі басшылары). Білім беру
саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге
олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер
арқылы алынған ақпараттарға маңызды
қосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған
әңгімелерден басқа экспромт әңгіме-сұқбаттарды
жүргізуге болады.
ә) Сұқбат – әңгіменің бір түрі. Әңгіменің
бұл түрі зерттеушінің объектісінің өзінің
іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын
белгілеуге көмектеседі. Сұрақ-жауаптың
бұндай түріңде зерттеушінің сұрақ-жауап
мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы
жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына
аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті
зерттеушінің әңгімесін қолдауда. Сұқбат
зерттеушінің жоғары кәсібилігін және
жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың
мақсаты – зерттеушінің педагогикалық
жағдаяттарға деген көзқарасын қайта
құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері
мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы
байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің
түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну
сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас
жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік
және операционалды компоненттерін түсіну
жағдайында ғана мүмкін екенін ескеруі
қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап
жүргізу барысында тенденциялар мен қүбылыстар
дамуының заңдылықтарын қортындылап түсіну
мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда
тіркелген мәліметтерге сапалық
және сандық тұрғыдан талдау жасау
қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы
мен олардың түсіндірмесі зерттеудің
нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі
жүргізілуі мүмкін.
б) Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген
танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін
деген жауаптарының варианттарының қатал
логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы
ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше
мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан
тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары
болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады.
Жабық сұрақтарга қарағанда ашық сұрақтарға
статистикалық өңдеу жасау қиынырақ.
Сауалнама жүргізу әдісі көбінесе адамдардың
бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет түрлеріне,
пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын
айқындау үшін қолданылады.
Мұғалімдердің,
жаңашыл-педагогтардың
Эмпирикалық
әдіс ретіндегі дәрігерлік-пелагогикалық
тексеру медикалық- педагогикалық кестені
кешенді жаппай дайындаумен жиі байланысты.
Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара
қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми
мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында
оқушылардың өмір-баяны, психологиялық-педагогикалық
мінездемелері, олардың үлгерімі, жеке
тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының
сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері,
балалардың, олардың ата-аналарының денсаулығы,
таным процесі барысының ерекшеліктері
(ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
Зерттеушінің кесте мәліметтері мен балаларды
тексеруінің мазмұндық-мағыналық талдауы
негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін
орындауының және оқу-тәрбие процесіне
бейімделуінің даралық ерекше әдіс-тәсілдері
айқындалады. Медикалық-педагогикалық
тексеру кестелеріне талдау оқушылардың
ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын
айқындауын ескере отырып жүргізуі қажет.
Оларға қорытынды жасай отырып, нақты
бір оқушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен
дамытудың жолдары мен тәсілдерін ойластыруға
көшуге болады. Медициналық-педагогикалык
кестедегі белгілі бір» концептуалды-әдістемелік
үлгі бойынша педагогика мен психология
жетістіктеріне сүйеніп, жеке тұлғаның
әлеуметтену мәселесінің жеке дара және
ұжымдық шешімін табуға болады. Бұл оқушылардың
ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі
конструктивті және іс жүзінде пайдалы
іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды-танымдық
және коммуникативті-жекелік аспектілерін
тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық
және сапалық талдау әдістемелерін құрастыру.