Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.АГРЕССИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары.............................................................................................................6
1.2 Агрессияның түрлері........................................................................................12
1.3Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы.........................................................................................................................14
1.4 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты.....................................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................23
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.АГРЕССИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Табиғи агрессия
және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары..................
1.2 Агрессияның
түрлері.......................
1.3Балалар бойында
кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда
болуы.........................
1.4 Педагогтармен және агрессиялы балалардың
ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар
бағыты........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді.
Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.
Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған.
Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия – бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру – бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.
Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық – яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы
11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға
дейінгі Стратегиялы даму жоспарында
— бала тәрбиесі мен білім беру
жүйесін нығайтуда баланың
Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).
Осы проблеманы көпжоспарлы зерттеуде, осы бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі (Г.А.Андеева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б.) кездесті.
Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде агрессия анықтамалары мен сипаты, агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін агрессияның айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.
Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір агрессиялы күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.
Агрессиялы
баланың ызалы кезінде олармен
мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-
Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.
Агрессиялық
қалып мәселесінің қазіргі
Біздін зерттеу жұмысымыз, аталған мәселені шешуге арналады.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның
табиғи шығу жолдарын және
мектеп жасына дейінгі
2. Мектеп
жасына дейінгі балалардың
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама құру арқылы психокоррекциялық жұмыстарын жүргізу.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер көрсету.
Зерттеу объектісі: төрт-алты жас аралығындағы агрессивті балалар.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігін түзету процесін жеңілдету жолдары.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялык негізі: біздің зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. ілімдері; агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг ілімдері; К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсететін С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильманның агрессиялылық үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі ретінде қарастырған тұжырымы.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар, агрессиялық күйді сипаттауға бағыттылған теориялық материалдар психология ғылымындағы адамның психологиялық күйін сипаттайтын теориялық ілімді толықтырады. Агрессия мен агрессивтілік күйдің өзгешеліктерін салыстырмалы тұрғыда ашып көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда көрінетін агрессиялы әрекеттердің түрлерін айқындауға көмектеседі. Зерттеу жұмысымыздағы агрессия туралы ілімдер ересек адамдардағы кейбір санадан тыс болатын, оның жемісті әрекетіне кедергі жасайтын психологиялық сипатынының астарын түсіндіреді.
Зерттеу әдістері: теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, «табиғатта кездеспейтін жануар» әдістемесі, ойын әдісі, пиктограмма әдісі, эксперимент әдісі, интерпретациялау әдісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы:курыстық жұмыс төрт бөлімнен, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АГРЕССИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫК ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі – агрессивтілік адамның жеке тұлғалық касиет ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды. Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып – мықтылануына бағытталған энергия көзі. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыла алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоаналитикалық анықтамада - «Танатос» деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандалуға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өлімге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған.
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады.
Агрессия, өзгеге бағытталу: Инстинк пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелуінен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған сыртқы ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылуы, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылу зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті (сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдәйым шығарылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалылықты, кекшілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңдіруі мүмкін.
Этиологиялык көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. Лоренцтың ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет. Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет. Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қала алады. Күшті жануарлар өз ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді. Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқы шығуына әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне карағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылығы көбірек. К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиесілі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қарастырады. Сондай ақ оның айтуы бойынша агрессияны жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады. Оның жорамалы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді.