Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.АГРЕССИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары.............................................................................................................6
1.2 Агрессияның түрлері........................................................................................12
1.3Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы.........................................................................................................................14
1.4 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты.....................................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................23

Файлы: 1 файл

Балалар бойында кездесетін агрессивтілік мәселесі.docx

— 175.53 Кб (Скачать файл)

Лоренцтің тұжырымы бойынша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық агрессияның ушығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.

Аңшылық гипотеза: Адри - Голливуд сценарисі «әуесқой архиолог», бірнеше кітаптар жазған. Адридің тұжырымдауы бойынша, іріктеп алу

нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы: «Біз аштықта болмас үшін – шабуылдадық. Біз қауыпке лайықты қарсы тұрмасақ онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа анатомиялық және физиологиялық жағынан икемделгеміз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесін құрайды.

Э.Фроммның агрессияга көзқарасы: Агрессия – бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс. Э.Фромм зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді: ойын арқылы зорлық, біреуден кек алу үшін, сеніміне жай түскендей болған кезде, біреу-біреуді өз билігіне жүгіндіруі, оны қорғансыз объектіге айналдыру, оған ойына келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат-қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға жұмсайды. Яғни адам, дегені болмаған кезде зорлыққа, агрессияға жол береді. Адам бойындағы қайрымдылыққа, махаббатқа, сенімге көңілі қалған жағдайда, талқандауға кіріседі. Көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады. Зорлық-зомбылық бір индивитке және топқа қатысты болуы мүмкін. Зорлық-зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын, мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты құрып – қалыптастыру болып саналады.

Сөйтіп  Э.Фроммның белгілеуінше фрустрациялық  қажеттілік пен құмарлық көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп отырады деп атап көрсетті.

Фромм зорлық пен агрессия проблемасын адамның  әлеуметтік мінез-құлқы сұрағымен байланыстырды. Көпшілік топ өз индивитінің нақты ерекшеліктерін, сондай-ақ зорлыққа қатынасын мақсатты бағыттап қалыптастырады.

К.Ю.Юнгтің агрессияга көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндіреді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы.

Агрессивтілікті эмоцияның көріну әрекеті, яғни сырттан  немесе іштен келген тітіркендіргіштерге  жауап реакциясының әрекет ретінде  көрсетуіне орай бірнеше теориялар  бар. Олай болса, соларға тоқталып кетейік.

Әрекетке тиесілі бағыт: агрессия және фрустрация. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж.Доллард. Оның көзқарасы бойынша агрессия – бұл адам бойындағы автоматталынған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытта агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.

Агрессия – бұл өзінің іс-әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.

Фрустрация - көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны және осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатты бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.

Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орайтын әрекет.

Агрессиядағы  қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей  тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесуінің қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы, агрессияны адамға қарсы  қояды.

Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған, агрессивті әрекетке қатысу құлшынысы, бұл фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес.

Фрустрация  теориясының негізін қалаушылардың  бірі Л.Берковец. Ол «агрессия – фрустрация» схемасына үш маңызды түзету енгізді.

а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.

ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ушықпайды.

б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттері, дағдыға айналып отырады.

Ал С.Розенцвейг – фрустрацияны шақыратын үш себебін бөліп көрсетті:

1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айрылу «ішкі айрылу» және «сыртқы айрылу» болып бөлінеді. «Сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес; «ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты.

2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі.

3. Дау-дамай бір уақыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.

Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады.

Әлеуметтік оқыту теориясы: жағымсыз әсер. Басқа теорияларға қарағанда, мұнда агрессия әлеуметтік ортада қалыптасады, туындайды. Д.Уотсонның қарастыруы бойынша агрессия, зорлық – бұл индивидтің өткен тәжірибесінің қорытындысы, оның іс-әрекетіне қоршаған ортаның әсері.

Әлеуметтік  оқыту теориясы – бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғааралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрлымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтанда бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі – бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессиялы қатынасы. Дәлел бойынша ата-ана әрекеті агрессияны ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура. Ол агрессивтілік әрекетке үш жағдай енгізді:

- осы іспеттес әрекеттердің дағдылануы;

- олардың әрекетін итермелейтін факторлар;

- оларды нақтылайтын жағдай.

Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әрекетті көп қолданған  жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – тенденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғаныс түсінігі – бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:

- жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандайда бір стимул оны ушықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады.

- Жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реакцияны ушықтыратын стимул.

Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау  және көтермелеу. Қорғаныстың төрт түрін қолданады:

1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы.

2. Егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қорытындысы;

3. Егер реакцияның соңынан – жағымсыз қорғаныс ілессе – онда жағымды жазалаудың қорытындысы;

4. Егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы.

Бала  агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жағдайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп  дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.

С.Н. Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясы бар:

1. Агрессия өзінің «мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанды-ақ өзін нақтылау үшін агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;

2. Агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену, яғни «Текені босату»;

3. Өз мақсатына жету: «жолымдағының бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».

Агрессияны  жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне  де бағышталуы мүмкін.

Аутоагрессия  – бұл өзіне әртүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда.

Л.Берковицтің  пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға  болады. Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған жағдайда, оны бақылауға алу мүмкін емес.

Гуманистік бағыт. К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Берлз және т.б. еңбектері агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп, түсіндіреді.

К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен  зорлық индивидтің бостандығын таңдау мүмкіндігін, шектеуге мәжбүр еткенге, қарсы әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір  түрі. Агрессия бұл организмның тәжрибеге жауабы, яғни қауіп төнетін жағдайда индивидтің өз жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністермен қаупі күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады, сондықтанда ол еркіндікте емес, әрекетті таңдауы шектелген. К.Роджерстің айтқанындай «агрессия – бұл шектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы». Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттік қайнар көздер бойынша теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Бүгінгі таңдағы психологиядағы агрессия проблемасында  нақты жинақталған бағыттарының (фрейдизм, бихевиоризм және т.б.) «агрессия» терминіне ортақ түсініктің жоқтығы. Мысалы: К.Бютнер түсінігі бойынша «агрессия  сезімінің астында өз серіктестігін  балағаттап, жаралап оны құртуға бағытталған».

А. Басс агрессия мен қастандықты бөліп  қарастырады, олар барлық уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды. А. Басс және А. Дарни агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальды  және жанама агрессияның көріністеріне  сүйенеді. Авторлардың көзқарасы  бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік деп түсіндіреді.

Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін  қоюға лайықты: «агрессия жан-жақты  құбылыс көрінісі болғандықтан, оны  айырып, анықтап алу өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет». Агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қарамастан, қазіргі кезде көп жағдайда мынандай түсінік қолданады: агрессия – бұл балағаттауға болмаса біреуге, тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.

Н.Д.Левитов  біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігі  деп көрсетті.

Екіншіден «агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы. Г.М.Бреслевтің айтуы бойынша «баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір әрекеттерін, яғни этика критериясының рамкасына жатпайтын әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық қателік».

Н.Д.Левитов  агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық  және жігерлілік компоненттерін анықтады:

- танымдық жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу.

- эмоциялық компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы.

- жігерлілік компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі. Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда. Л.С.Выгодскиидің «Педагогикалық психология» атақты еңбегінде баланың проблемадағы моральдық әрекетінің нәтижесін өзіміздің қөзқарасымызбен қарағанда өте қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне (Л.Выготскии) көбірек көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту.

Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау. Яғни «айналадағы стрессорлар» сыртқы себептілік агрессия үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік. Себептілік агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ушығуын көтеретін мүмкіндіктер. Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі жағдайлардағы тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы реакцияға итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді. Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны болмаса дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз санасын публикалық түрде айтады: адам өз ойы мен қайғысына басым көп көңіл бөлген жағдайды – онда өзіне деген өз санасы жайында айтылады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық саналығы агрессиялық реакцияның төмендеуіне мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы тақырыпқа байланысты Т.Г.Румянцева былай дейді: «әдістемелік және тұжырымдамалық теорияның негізгі, адамзат агрессиясы қазіргі заман философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды бөлімі бекіту негізін құрайды. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың актуалдылығына көңіл бөлсек.

Информация о работе Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты