Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 18:59, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.АГРЕССИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық көзқарастары.............................................................................................................6
1.2 Агрессияның түрлері........................................................................................12
1.3Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы.........................................................................................................................14
1.4 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты.....................................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................23

Файлы: 1 файл

Балалар бойында кездесетін агрессивтілік мәселесі.docx

— 175.53 Кб (Скачать файл)

Бала жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекет пен мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысал. «Мен қандай ақылдымын» деп ойласа қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болады. Адекватты емес күмәндануларда бала өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары  өзіндік бағалау болған кезде  балалардың мынадай мінездік қырын  көруге болады, шеттен тыс регокігіштік. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде, бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік  бағалауы төмен балалар қарым-қатынаста  қандай қиыншылықтармен қақтығысады? - Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларға көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады. «Толық сезінбеу комплексін» бекітеді.

Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықттық, ұлшақтық, жасқаншақтылық сияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді: ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасында алатын орны, педагогтардың қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.

 

 

1.4 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты

Отбасы  тәрбиесінің ерекшеліктері мынада: ата-ана тарапынан жылылық пен  мейірімнің жетіспеушілігі, агрессияға көбірек жүгінуі, баламен немқұрайлы қарым-қатынас жасауы.

А.Бондура  мен Р.У.Уолтерсомның жасаған зерттеуінде: ата-ана тәрбиесінің тәжірибедегі ерекшелігіне айрықша назар аударсақ, олар әрдайым өздерінің дегенін талап ету нәтижесінде, агриссивті балалар өсіреді; агрессиялы әрекетті көтермелеуі, қатал жазаға қарсы көрсетілген агрессияны басып, іште ұстауға мәжбүр етуі. Осы зеррттеуде көрсетілген фрустрация қажеттілігі, ата-анаға тәуелді қарым-қатынас, балалардың қастандық ызасы мен сенімсіздігін өзге үлкендер мен құрдастарына таратылуы, онан әрі әлеуметтік процесс тереңдетіле түседі.

Қорытындылай  келе айтсақ баланы ата-ана тарапынан  өз бетінше жіберіп, қадағалаудың жоқтығы, болмаса қатал жазалау тәсілдері  баладағы агрессия деңгейінің артуына  мүмкіндік жасайды.

Агрессивтілік әрекет, тұлғаның ерекшелік сипаты болып қалыптасуы мүмкін. Агрессия қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру, өкпелеу, қорқыныш, ыза, қапалық сезімдерімен тығыз байланысты, әсіресе бұл көріністер 5-6 жас кезінде эмоциялық күй-жағдайы бір қалыпты болмағандықтан жиі кездеседі. Баланың алғаш алған эмоциялық тәжірибесі ұзақ жылдарған берілуі мүмкіндігін атап айта кетуіміз аса қажет. Бұл фактіні көрсеткен А.В.Запорожец агрессивті әрекет формасы өзінен-өзі ұлғайуы мүмкін, міне сондықтан да жасөспірімдердің кейбір әрекеттері, ұрлыққа баруы кері әсерден жеңілдегендей болады. 5-7 жастағы балалардың психикалық дамуының нормада болуы оның эмоциялық күй-жағдайына байланысты, оның құлшынысы мен күйзелуіне бағыштылығы. Л.С.Славин атап көрсеткендей, жағымсыз күйзеліс бұл балаға қандай да бір қажеттілігі болмаса дау-дамайдың салдарынан өзіне қанағат алмауы.

Агрессиялы балалардың ата-анасы  және педагогтермен жасалатын жұмыстар бағыты.

 

 

Ал, агрессиялы балалармен түзету-дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізілуі қажет.

1. Агрессялы балаға ызасын көрсетуін ыңғайлы түрде, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдары.

2. Әр түрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

3. Дау-дамай жағдайында қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

4. Эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту. Агрессиялы балалармен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтар құрылымы мынандай:

1. Өзара жылы қарым-қатынас түзу;

2. Агрессия түрлерін (физиологиялық, вербальды) шығару шаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі таңдағы ауқымды және өзекті мәселенің  бірі – ерте жаста бала бойындағы мінез көрінісінде агрессияның қалыптаса бастауы. Балаға әртүлі жағдайларда ушыққан агрессия көрінісін ыңғайлы түрде дұрыс сыртқа шығару жолдарын үйрету қажеттігі ересектер үшін күрделі мәселе. Сондықтан зерттеу жұмысында көрсетілген адам бойындағы агрессияның шығу түрлері , оның бала мінез-құлқына тигізер әсерін зерттеу арқылы онан арылу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетін бақылау барысында агрессия түрлері анықталды. Осының негізінде балаға психологиялық көмек көрсету шаралары іске асырылды. Баланы ішкі кері әсерінен жеңілдету арқылы, оның өзіне деген сенімділігі артып, "Мен" тұжырымы орнығып қалыптасады.

Біз бұл  жұмысымызда 5-6 жасар агрессивті балаларға  арналған психокоррекциялық жұмыстың әдістемесін өңдедік. Жұмыстың басында  қойылған мақсатымыз орындалды.

Біз қазіргі  заманғы психологияның көзқарасымен агрессивтіліктің сыртқы әрекеті феномендерін қарастыра отырып, бүгінгі күні агрессивті балалармен қалай жұмыс жасайтынымызды тәжірибелік психология рамкасында қарастырдық. Тәжірибе бөлімінде балада агрессиялы әрекетті жеңілдетуге бағытталған  психокоррекциялық жұмыстардың  бағдарлама әдістемесін жасадық.

Жасалған  жұмыстың жалпы нәтижесін сараптай отырып, оның 80 пайызға нәтиже беретініне көзіміз жетті.

Біздің  жасаған әдістемеміз іс-тәжірибеде өңделіп, қолдануға өте тиімді. Бұл  зерттеу жұмысымыздағы құнды материалдарды бала-бақша және мектеп педагог-психологтары, сондай-ақ бастауыш сынып педагогтері мен тәрбиешілер өз іс-тәжірибесінде қолдануға өте тиімді.

Жоғарыда  көрсетілген психологиялық ойындар  бала бойындағы тек агрессиядан  жеңілдетіп қана қоймай, бала белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, таным процестерінің де дамуына мүмкіндік жасайды. Тұлғалық құнды қасиеттерінің де жетілуіне себеп бола алады.

Агрессиялы  балаға психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында оны  қоршаған ересек адамдармен де тығыз  байланыстағы іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігінің мәні зор. Осындай кешенді жұмыстар жүргізу арқылы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

Баладағы  агрессивтілікті жеңілдету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мынандай нұсқаулар тізімі көрсетіледі:

1. Агрессивтіліктің алдын алу;

- әртүрлі  жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

- дау-дамай  жағдайында қатынастық мүмкіндік  болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

- адамға  деген сенімділік, күйзелуін бөлісе  білу қасиеттерін дамыту.

2. Баланы қоршаған, оның тәрбиесімен айналысатын ересектермен көбірек жұмыс жасалынуы қажет, сонда психокоррекцияның нәтижесі тиімдірек. Балаға, агрессияны (кері әсерді) затқа ауыстыру жолдарын әрдайым үйретіп отыру қажет.

Аптасына  бір рет "Ата-аналар мектебін" ұйымдастыру барысында ата-аналарды балалармен психокоррекциялық сабақтарға енгізу арқылы балаға сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау негізінде психологиялық ақпараттарды жиілету.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Хюстман Р., Хетфильд Дж. Фактор справедливости или... - М., 1992.

2. Цапкин В.Н. Единство и многообразие психотерапевтического опыта // Психологическое консультирование и психотерапия. Хрестоматия - т. 1. Теория и методология. - М., 1999. 29 с.

3. Н.Л.Кряжева. Развитие эмоционального мира детей., - М. 1996.

4. М.И.Чистякова Психогимнастика - М., Просвещение, 1990. - 128 с.

5. Эмоциональные нарушения в детском возрасте и их коррекция / В.В.Лебединский, О.С.Никольский, Е.Р.Баенская, М.М.Адлер. Практика и теория индивидуальной психологии. - М., 1995. 36 с.

6. Бекмуратова.Г.Т. Мінез-қүлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктері психологиялық тұрғыда зерттеу. Этнопсихология және этнопедагогика,конференциядағы материалдар тезисі. -А.2005 ж.

7. Берон Р., Ричардсон Д. Агрессия - Спб., 1997.

8. Божович Л.И. Личность и её формирование в детском возрасте - М., 1868.- 112 с.

9. Божович Л.И. О вреде физических наказаний (беседа). // Божович Л.И. Проблемы формирования личности. Избранные психологические труды. -М-Воронеж, 1995.

10. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности. - М., - 1875.

11. Булянов М.И. «Ребёнок из неблагополучной семьи.» - М., 1988.

12. Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. «Возрастно-психологическое консультирование.» - М., 1990. - 136 с.

13. Буянов М.И. «Беседы о детской психиатрии.» - М., 1992. - 255 с.

14 Дубацкая О.Б. (Павлодар) «Коррекция как метод психического развития детей», Шоқан тағылымы-9 конференциядағы материалдар тезисі. 2004ж. Көкшетау.

15. С.Колосова «Агрессия и агрессивность» газета «Школьный психолог». 2000г. №26,27,28.

16. Бютнер К. «Жить с агрессивными детьми.» - М., 1991. - 88 с.

17. «Возрастная и педагогическая психология». / Под ред. А.В. Перовского. - М., 1979.-288 с.

18. «Вопросы изучения и воспитания личности» — т. 1 - Л., 1926. - 111с.

19. Выгодский Л.С. «Педагогическая психология». - М., 1997.

20. Гарбузов В. И. «Практическая психотерапия.»- СПб., 1994. - 196 с.

 




Информация о работе Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар бағыты