Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 20:58, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.
Кіріспе...................................................................................................................5
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту технологиясының мәні және оқыту процесіндегі алатын орны....................................................................................................................10
1.2. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты................24
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу процесіне, инновациялық технологияларды және интерактивті технологияларды енгізу............................................................29
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны...........................................................................................45
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы ерекшеліктері мен тиімділіктері…………………………………….…………..............................55
2.4. Дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент………………………………………………………...…………….....61
Қорытынды……………..……………………………………………………..70
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....………….75
Қосымша…………………………………….…
Қaзaқстaн Республикaсы Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хaн aтындaғы Бaтыс
Қaзaқстaн aгрaрлық-техникaлық
ЖТП ж/е КБ кaфедрaсының меңгер
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тaқырыбы: Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану.
5В012000-мaмaндығы бойыншa - «Кәсіптік білім»
Орындaғaн: ПО-49 топ студенті
Ғылыми жетекші: аға
оқытушы
Орaл 2013
Жәңгір хaн aтындaғы Бaтыс
Қaзaқстaн aгрaрлық-техникaлық
Фaкультет: Политехникaлық
Кaфедрa: Жaлпы техникaлық пәндер және кәсіптік білім
Мaмaндық: 5В012000 - «Кәсіптік білім»
Дипломдық жұмысты орындaуғa
ТAПСЫРМA
Студент Бисенгалиев Бакытжан Самарханович
Дипломдық жұмыстың тaқырыбы: Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану.
201__ жылдың «___» ________
№ __ университет бұйрығымен
Студенттің дипломдық жұмысты aяқтaу мерзімі: 15.05.2013 ж.
Дипломдық жұмыстың бaстaпқы мәліметтері: Педaгогикaлық және диплом aлды прaктикaлaр кезінде жинaқтaлғaн әдістемелік, теориялық және прaктикaлық мaтериaлдaр, зерттеу нәтижелері. Психологиялық-педaгогикaлық және aрнaйы әдістемелік әдебиеттерден aлынғaн мәліметтер жинaғы
Дипломдық жұмыстa орындaлaтын мәселелер мен оның қысқaшa мaзмұны:
- Махамбет ЖОББМ «Сызу және сызба геометриясы» пәнін оқыту мaзмұнын тaлдaу;
- оқытудa интерактивті оқыту технологиясын қолдaнудың мaңызы;
- «Сызу және сызба геометриясы» пәнінде интерактивті оқыту технологиясын қолдaнуды педaгогикaлық тәжірибеде тексеру және тaлдaу.
Қолдaнaтын бейнелі және сызбa мaтериaлдaрдың тізімі:
Компьютер, принтер, проектор, слaйдтaр
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
«КЕЛІСІЛДІ»
Ғылыми жетекші
Турегалиева А.С.
«___»_____________2013ж.
Тaпсырмaны беру мерзімі «23» қаңтар 2013ж.
Кaфедрa меңгерушісі _______________________ Джaнaлиев Е.М.
Ғылыми жетекші __________________________ Турегалиева А.С.
Тaпсырмaны орындaуғa қaбылдaдым
Студент_______________________
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту
1.2. Интерактивті оқыту – таным
белсенділігінің қазіргі
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының
қазіргі заманғы ерекшеліктері
мен тиімділіктері…………………………………….……
2.4. Дипломалды педагогикалық
сараман кезіндегі өткізілген
эксперимент…………………………………………………
Қорытынды……………..……………………………………
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....
Қосымша…………………………………….……………………
Кіріспе
Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен білім беру үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізілуде. Республиканың жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына енгізіліп жатқан түрлі өзгерістер мен эксперименттер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді. Осы еніп жатқан жаңа оқыту жүйелер мен үрдістер «инновация», «реформа», «интерактивті оқыту», «ақпараттандыру» тағыда басқа терминдарды қоғамымызға жаппай еңгізуде. Көптеген сөздердің ұғымын, мақсатын толық біле бермейміз. Педагогикалық тілге «инновация» ұғымы бүгінгі күні кеңінен енді, ол кейде «жаңалық енгізу», «жаңалық», «реформалау» ұғымдарымен теңестіріледі – ал барынша кең мағынасында – жүйедегі барлық өзгеріс деген мағынаны береді. «Педагогикалық инновация» және «реформа» ұғымдарының айырмашылықтарын ұғыну қажет. Бұл ұғымдарды салыстыру үшін олдардың әрқайсысының мәнін талдап ашу қажет. Педагогикалық инновация Ғылым және білім беру жүйесінің ұйымдастырушылары мен қызметкерлерімен өңделіп, енгізілген жаңалықтар Реформа Мемлекет бұйрығымен ұйымдастырылып, жүргізілетін жаңалықтар [1].
Осы еніп жатқан инновациялық оқыту технологиялары құрылысшыларды даярлап оқыту саласын айналып отпейтіні сөзсіз екені анық. Осы орайда біздің алдымызда ең қүрделі жұмыс ол жас құрылысшыларды даярлайтын, оқу үрдісінде жаңадан шығып жатқан инновациялық технологияларды енгізу, сонымен қатар өзі игеріп оқушыларға жеткізе алатын оқытушылар даярлау. Оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды құрылысшыны даярлау оқу процесіне енгізсек ол бізге оқытудағы теорияны практикамен ұштастыруға мүмкіндік беретіндігіне сөз жоқ. Яғни өткен тақырыпты оқушылардың тез қабылдауына, игеруіне жол ашады[11].
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Инноватика – бұл
ғылымның, техниканың және қоғамдық практиканың
әртүрлі саласындағы
Интерактивті оқыту
әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен
оқу үрдісінде оқушылардың өзін
Психологиялық тұрғыдан
алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде
Сапалы заманға сай оқыту технологиясымен құрылыс мамандықтарын дайындау үшін колледждің бүгінгі миссиясы мынадай болу керек – « Мамандардың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту және кәсіптік құзыреттерін қалыптастыру үшін жағдай туғызу».
Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде “интерактивті әдістер”, “интерактивті оқыту” деген терминдерді жиі кездестіреміз. Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғандығынан көрінеді. Интерактивті оқыту, ең адымен, студент пен оқытушының қарым-қатынасын тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Құрылысшыны даярлауда интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі маселелерді шешуді, балама көзкарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-катынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары мен рөлдік ойындар қолданылып, құжаттармен және түрліақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Құрлысшыларды даярлау сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы – оқушылардың оқу әрекетімен табысты жағдайларымен, олардың мотивациясы, интеллектуалы, эмоциональдық және басқа қасиеттерінің өзара байыта өзгеріске ұшырауына жағдай жасалған тиімді педагогикалық пікір алысуға кепіл болатын, оқу ойыны түріндегі формада мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет етуді ұйымдастыру жүйесін айтады.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты инновациялық және интерактивті оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек[2]. Инновациялық ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа инновациялық ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес[4].