Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 20:58, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................5
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту технологиясының мәні және оқыту процесіндегі алатын орны....................................................................................................................10
1.2. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты................24
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу процесіне, инновациялық технологияларды және интерактивті технологияларды енгізу............................................................29
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны...........................................................................................45
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы ерекшеліктері мен тиімділіктері…………………………………….…………..............................55
2.4. Дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент………………………………………………………...…………….....61
Қорытынды……………..……………………………………………………..70
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....………….75
Қосымша…………………………………….…

Файлы: 1 файл

Бисенгалиев диплом.doc

— 2.81 Мб (Скачать файл)

Сабақтағы интерактивтік  әрекет өзара түсіністікке, өзара  әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыруды және сұхбаттасып  қарым – қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың  немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барсында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайда талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқкарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым – қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстары пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту  технологиясы мен концепциясы интреакция құбылысына негізделген. Оқыту барысында  жеке тұлғалар арасында танымдық ара  – қатынас орнап, оның субъектілерінің  бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардыңбір – бірімен сөйлесу және әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Интерактивтік оқу технологиясы - деп нәтижесінде оқу әрекеті  ИОТ барысында олардың өзара  мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетудісезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс -әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

 

 

 

 

 

 

1.2. Интерактивті  оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты

 

Танымдық әрекетті белсендіру арқылы оқушының оқу, іскерлік, дағды  әрекеттерін менгеруге қажетті  шығармашылық ойлау қабілеттілігін қалыптастыру – оқытудың психологиялық  негізі. Оқушының дербестігі мен шығармашылығын дамыту, танымдық әрекетін белсендіру мәселесі педагогика ғылымының өзекті міндеттерінің бірі.

Білім берудің бүгінгі  бағдары – шығармашылық қабілеті бар адамдардың жаңа генерациясының, дамыған дүниетанымдық мәдениеті  бар, дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын ұшқыр ойлы, қиындықтарға төтеп бере алатын ұрпақты қалыптастыру. Аталған қасиеттер оқушылардың танымдық мотивациялары мен белсенділіктеріне ықпал ететін оқытудың интерактивті әдістерін тиімді, әрі шеберлікпен қолдану арқылы қалыптасады.

Оқушы оқу әрекетіне  белсенділік дәрежесімен келеді. Г.И.Щукина оқыту әдістерін оқушылардын белсенділік деңгейіне сай топтастырады:

  • репродуктивті – еліктеу
  • ізденісті атқару
  • шығармашылық
  • Ал Т.И.Шамова іс-әрекет негізіне сүйене отырып, танымдық белсенділікті үш деңгейге бөлді:
  • өндіру
  • жаңалау, өзгерту
  • шығармашылық

Өндіру денгейі: қабылданған  білімді жаңалау, түсіну, жаңа жолдарын меңгеру.

Жаңалау, өзгерту –  жаңаны түсіну, білімді оқу әрекетінің саласынында қолдануға ұмтылу.

Шығармашылық – оқушының теориялық білімді түсінуге, ұғынуға  даярлығы, заттар мен құбылыстардың өзара байланысын түсіну және өзбетінше шешіиін іздеу.

Оқу процесіндегі оушылардың танымдық белсенділігі денгейлеріне қатысты  оқыту пассивті және активті болып  бөлінеді.

  Пассивті оқыту – оқытушы немесе басқа да білім көздерінен алған материалдық менгеру және өндіру. Көбінесе монолог-дәріс, әдебиеттерді оқу, демонстарациялау түрінде жүзеге асады. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болмайды, проблемалық және ізденістік – зерттеу тапсырмаларын орындамайды, оқушылар оқу әрекетінің объектісі ғана болады.

Активті (белсенді) оқыту  – оқушы оқу әрекетінің субъектісіне айналады. Оқушы оқытушымен диалогка түсе алады. Танымдық процеске белсенді қатысады, творчестволық, ізденушілік, проблемалық тапсырмаларды орындайды. Топта, ұжымда бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, оқу тапсырмаларын орындайды. 

Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің сипатына қарай И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткен  оқушылардың дербестігімен белсенділігі деңгейіне ықпал ететін оқыту  әдістерін былайша топтастырады:

  • түсіндірмелі-иллюстративті (көрнекті)
  • репродуктивті (өнімді)
  • проблемалық, мазмұндау
  • жартылай ізденушілік және эвристикалық
  • зерттеуші

Ғалымдар, көптеген теоретиктер мен практиктер белсенділігінің негізін адамның өзінен, оның мотивтері мен қажеттіліктерінен, танымдық белсенділігінен, дербес және жас ерекшеліктерінен іздеу керектігін қолдайды.

Ал зерттеушілердің екінші тобы адам белсенділігің қайнар көзі белсенділікті ынталандырушы-адамды қоршаған табиғи орта факторларында деген пікірде. Ол факторларға:

  • танымдық және кәсіптік қызығушылық
  • оқу-танымдық әрекетінің шығармашылық сипаты
  • бәсекелестігі
  • сабақ өткізудің ойын сипаты
  • жоғарыда аталған факторлардың эмоционалды әсері жатады.

Үшінші топтағы зерттеушілер оқытушының жеке басы мен әрекетінің тәсілдерімен байланыстырып, оқытуды белсендірудің жолдарын былайша ұсынады:

  • проблемалық
  • оқытудағы өзара ынтымактастық
  • зерттеу
  • дербестену және өз бетінше оқу
  • өзін-өзі бақылау мен оқу мотивациясына жағдай жасау.

Б.Ц.Бадмаиев, М.Новик, С.Д.Смернов, А.М.Смалкин, Н.Г.Ярошенко, Л.Г.Семушина, В.Я.Ляудис және т.б. оқушының оқу процесіндегі жоғарғы белсенділігін жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңыздылығын атайды.

Оқытудың белсенді әдістеріне:

  • бағдарлап оқыту
  • проблемалық оқыту
  • интерактивті (коммуникативті) оқыту.

Зерттеушілердің төртінші тобы (В.Б.Гаргай, Е.В.Коротаева, М.В.Кларин және т.б) белсенділіктің көзі оқушы  мен, оқушының өзара әрекеті мен  қарым-қатынас формаларында және оқушылардың  қабілеттері мен белсенділіктерін қалыптастыратын интерактивті оқыту  әдістерінде деп көрсеткен. Әдіс – нақтылы міндеттерді мақсатты шешуге бағытталған амал. Интерактивті оқыту – әлеуметтік-психологиялық оқытудың қазіргі бағыты. Интерактивті оқыту – ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекет, шара» дегенді білдіреді, ең алғаш әлеуметтану мен әлеуметтік психологиядан пайда болды.

Интерактивті оқыту  – информациялық (ақпараттық) технологиялармен, дистанттық білім берумен, интернет ресурстарын қолданумен, электронды оқулықтармен анықтамаларды, онлайн режиміндегі  еңбектерді пайдаланумен байланысты. Интерактивті оқыту – ойындар пікірталас, кіші топтармен жұмыс істеу, кіші творчестволық блоктарды (мини-дәрісті) алмастыру әрекеттерімен тығыз байланыста[25].

Оқытудың интерактивті үлгісі (моделі) – кәсіптік білім  беруде ең тиімдісі және басқа оқыту әдістерінен айырмашылығы:

  1. демократиялылығы: оқушы мен оқытушының серіктестігі.
  2. оқушының белсенділік мотивациясы: педагогикалық қарым-қатынастың тиімді формаларын, жағымды ынталандыратын атмосфераны орнату.
  3. білімнің сапасы: оқушының жеке басын, оның та<span class

Информация о работе Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану