Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 20:58, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектерден және тәжірибелерден оқытудың итерактивті технологиялары түсінігін талдау жасай, мақсаты мен қызметіне сәйкес топтау.
2. Іріктелген оқытудың интерактивті технологияларының әдістемелік негізін анықтай, оларды «Сызу және сызба геометриясы» пәнінің оқыту мазмұнына қолдана оқыту мазмұнын құрау.
3. Интерактивті оқыту технологияларына негізделе жасалған пән сабағының оқыту мазмұнын тексеруге педагогикалық тәжірибе ұйымдастыру және нәтижесін талдау.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................5
Негізгі бөлім
І тарау. Интерактивті оқыту технологиясы
1.1. Интерактивті оқыту технологиясының мәні және оқыту процесіндегі алатын орны....................................................................................................................10
1.2. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты................24
1.3 Құрылысшыны даярлау оқу процесіне, инновациялық технологияларды және интерактивті технологияларды енгізу............................................................29
ІІ тарау. Оқыту үрдісіндегі интерактивті оқыту технологиясының жалпы мүмкіндіктері.
2.1 Интерактивті оқыту технологиясының оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы орны...........................................................................................45
2.2. Болашақ құрлысшыны даярлауда интерактивті тақтаны қолдану........49
2.3. Интерактивті оқыту технологиясының қазіргі заманғы ерекшеліктері мен тиімділіктері…………………………………….…………..............................55
2.4. Дипломалды педагогикалық сараман кезіндегі өткізілген эксперимент………………………………………………………...…………….....61
Қорытынды……………..……………………………………………………..70
Әдебиеттер тізімі……..…………………………………………....………….75
Қосымша…………………………………….…

Файлы: 1 файл

Бисенгалиев диплом.doc

— 2.81 Мб (Скачать файл)

Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне:

 І.  Ақпараттық блок  немесе теориялық білімді         

 ұсынуды;  

 ІІ. Тәжірибелік машықты  шыңдандыруды  

 қосады.

І. Ақпараттық блок

Бұл кезеңді толып  жатқан қиындықтар туындаған сұрақ  берушілердің сұрақтарына жауап  беруден бастауға болады. Негізгі  материал лекция, мультимедиялық  таныстыру  түрінде ұсынылады. Содан кейін оқытушының (тренердің) таңдауына интерактивті оқытудың келесідей: рөлдік ойындар, сөзсайыстар, сапаршыны шақыру, кіші топтардағы жұмыс және т.б. әртүрлі әдістерін пайдалануға болады.

ІІ. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру

Ақпараттық, теориялық тұрғыдағы кез-келген білімді ескере отырып, тәжірибелік іскерлікпен және машықпен міндетті түрде үйлесуі тиіс, осы машықтарды шыңдандыру қажет. Тренингтің аталған кезеңі өзінің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатысушылардың іс жүзінде меңгеру бейімділігіне шақырады. Осы мақсатпен рөлдік ойындарды, инсценировкаларды, сөз сайыстарды, «ми шабуылын» және жағдайға байланысты жұмыстың басқа да интерактивті нысандарын пайдалануға болады.

Қорытындысын шығару

Қорытынды тренингтің кез-келген сабағының аяғында шығарылады. Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.

Тренер семинарға қатысушылардан олар жаңалардың қандайын біледі, оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне түсіруді өтінуі, сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды нығайтады. Егер тренер тренингке қатысушыларды  олардың істеуіне мүмкіндігі бар тәсілдермен: ауызша және жазбаша алғыс жариялап, әлдеқандай бір кітапшалар, буклеттер, кәдесыйлар және тағы басқалармен  үнемі көтермелеп отырса, ол  жақсы. Не болмаса әлдеқайда жауапты тапсырмаларды сеніп тапсырады.

Интерактивті әдістер  әмбебап болып табыла ма?

Жоқ, интерактивті әдістер  ешқандай жағдайда да сабақ өткізудің лекциялық нысанын алмастыра алмайды, бірақ лекциялық материалдарды жақсылап меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікірлерді, қатынастарды, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды  сәттері немен тұжырымдалады?

Интерактивті әдістерін  пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді  реттеп отырады және оны жалпы  ұйымдастырумен айналысады, қажетті  тапсырмаларды алдын ала дайындайды  және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.

Қатысушылар әлеуметтік тәжірибеге - өзінің немесе басқа адамдардың тәжірибесіне жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, берілген тапсырмаларды бірігіп шешуге, кикілжіңдерді болдырмауға, жақындасудың ортақ нүктелерін табуға, ымырашықлыдққа баруға тура келеді.

Психологтар  оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың жоғарылайтынын қадағалаған, жаднама жұмыстарының нәтижелері артады, жеке тұлғаның – назар аудару тұрақтылығы, оны тарата білу сияқты интеллектуалдық және эмоционалдық өзіндік ерекшелігі дамиды; қабылдау кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері мен мақсаттарын талдау қабілеті артады.

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:

  • оқушылардың қызығушылығын туғызады;
  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
  • әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
  • оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
  • кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
  • оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
  • өмірлік машықтарды қалыптастырады;
  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Бұл үшін ең маңызды шарттар  – интерактив бойынша тренингтік оқытушылардың жеке қатысу тәжірибесі. Оны ойынға жеке өзі қатысу «ми  штурмы» немесе сөзсайыс жолымен  ғана үйренуге болады.

В.А.Сухомлинский, «кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы  оқытушы» деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса, сол жақсы ұстаз.

Интерактивті оқытуды  ұйымдастырудың негізгі ережесі қандай?

Бірінші ереже. Жұмысқа  сол немесе басқа межедегі қатысушылардың толық тартылуы тиіс. Осы мақсатта талқылау процесінде семинардың барлық қатысушыларын енгізуге мүмкіндік  беретін технологияны пайдалану  пайдалы.

Екінші ереже. Қатысушылардың психологиялық дайындығына қамқорлық жасау. Бұл жерде сөз, барлық өткен сабақтар жұмыстың сол не басқа мысалын тікелей  енгізуге психологиялық дайын екендігі туралы болып отыр. Осыған байланысты шарықтап, шыңдау пайдалы, оқушыға өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жұмысқа белсенді ат салысқан қатысушыларды үнемі көтермелеп отыру керек.

Үшінші ереже. Интерактивті технологияда оқушылар көп болмауы  тиіс. Қатысушылардың саны мен оқу  сапасы тікелей байланыста болуы  мүмкін. Қатысушылардың қолайлы саны – 25 адам. Тек осындай жағдайда ғана шағын топтардың жұмысы жемісті болады.

Төртінші ереже. Жұмыс  істеу үшін ғимаратты дайындауға көңіл бөліңіздер. Ғимарат үлкен  және шағын топтарда жұмыс істеу  үшін қатысушылар оған жеңіл жайғасатындай  есеппен дайындалуы тиіс. Оқушылар үшін физикалық қолайлылық құрылуы тиіс.

Бесінші ереже. Процедура  және регламент мәселесіне назар  аударып отырыңыздар. Мысалы: кез-келген көзқараста барлық қатысушылар, әркімнің сөз бостандығы құқығын сыйлауға, оның намысын сыйлауға төзімділік  көрсетіңіз.

Алтыншы ереже. Семинарға  қатысушыларды топқа бөлуге ерекше көңіл бөліңіз. Ең алдымен оны  еріктілік негізінде жасаған  дұрыс. Содан кейін кездейсоқ  таңдау қағидатын пайдаланған жөн.

Интерактивті оқыту  – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны.  Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады[33].

Интерактивті оқуды  ұйымдастырудың міндетті шарттары:

      • оқушылар мен оқытушылардың арасында сенімділік, жоқ дегенде позитивті қатынастардың болуы;
      • демократиялық стиль;
      • оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау процесінде өзара ынтымақтастық болуы;
      • оқытушылардың жеке («педагогикалық») тәжірибесі, оқу процесіне ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды енгізу;
      • ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі, оқитындардың іс-әрекет нысандары, олардың ұтқырлығы;
      • іс-әрекеттің сыртқы және ішкі уәждерін қосу, сондай-ақ оқитындардың өзара уәждері.

Біз неліктен интерактивті әдістерге «иә» дейміз? Олар мыналарды:

      • Жоғары уәжділікті.
      • Тиянақты білімді.
      • Қиялдау мен шығармашылықты.
      • Тез тіл табысуды.
      • Белсенді өмірлік көзқарасты.
      • Командалық рухты.
      • Жеке,  дербестіктің құндылығын.
      • Өз пікірін білдіру еркіндігін.
      • Іс-әрекетке ерекше назар аударуды.
      • Өзара сыйластықты.
      • Демократиялықты қамтамасыз етеді.

            Бiздiң ел дамудың демократиялық  жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   и  н  т  е  р - а к т и в т i  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа  негізделе отырып, "жеке тұлғаны  дамытуға бағытталатын” қазіргі  білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту  әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен  оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады[33].

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері

Интерактивті оқыту  әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің  сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың  бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің  сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың  топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың  айтуынша, бала білімді төрт түрлі  жағдайда алады екен: дайын білімді  қабылдап алу, зерттеу барысында  жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Топтың сандық құрамы оқыту  немесе өзара әрекеттестiктiң  сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын  өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.  

Қазіргі таңда шетел  тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас  құралы ретінде оқу үрдісін нақты  қатынас процесс үлгісіне жақындатуға, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге  болады:

1) пассивті оқушы оқытудың  «объектісі» ролін атқарады (тыңдау  және көру)

2) активті /белсенді / оқушы оқытудың «субъектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық – практикалық жұмыс)

3) интерактивті – inter (өзара), act (әрекеттесу). Оқыту процесі  барлық оқушылардың тұрақты белсенді  түрде өзара қарым – қатынасы  арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту  технологиясы – бұл ұжымдық, өзін – өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу  процесіне оқушының қатыспай қалуы  мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту  – бұл танымдық әрекеттің арнаулы  ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған  және мақсатын алдын – ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық  белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі кластағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтастыру дәрежесіне көтереді.

Информация о работе Құрылысшы мамандығында оқитын оқушыларды интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану